10 Август 2011 – 18:58 | 28 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИК ҰСТАЗДАР!
бұрынғы сайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып еді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Бастауыш сынып

Айырбас тақырыбына қайталау (5-сынып).

Опубликовал Gulmir в 14 Ноябрь 2011 – 21:17Пікір жоқ
Бұл мақала 283 рет оқылды, 4 рет бүгін

Абдулова Гүлмира Ильясқызы. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Сайқұдық ауылы Ж.Молдағалиев атындағы орта мектеп.

Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларға әртүрлә тапсырмалар беру арқылы білім
деңгейлерін тексеру, өткен сабақтардан алған
білімдерін тиянақтау;
б) Оқушлардың танымдық, ойлау қабілеттерін арттыру;
в) Еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, бірін-бірі сыйлай
білуге үйрету;

Сабақтың түрі: саяхат сабаақ
Көрнекілігі: түрлі суреттер, пәнге байланысты қосымша кітаптар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару,
«Шаттық» шеңбері
-Міне, біздің де кездесуіміздің тамаша сәті келді, біздің шаттық шеңберімізге қараңдаршы, қандай керемет! Оның сиқыры бар ( шеңбер бойымен алдын ала дайындаған түрлі түсті дөңгелектер қойылған )
-Әрқайсыларың өз дөңгелектеріңді алып, артын аударып қарасандар бір құпия табасыңдар. Ал оның сиқыры мынада: артындағы суреттен сендер бір-бірімен қалай салемдесу керек екенін көресіндер. Егер күлкі бейнеленсе, онда бір-бірімізге күлімдей қарайық, алақан бейнеленсе қолымызды қысып, амандасайық, жүрек болса-құшақтасайық, күн болса-жақсы ықыласпен сәлемдесейік.
Бір-бірімізге қол беріп,
Айтамыз жақсы сөз жөн көріп,
Қалмаймыз текке іркіле,
Сыйлаймыз жылы күлкі де.

ІІ. Оқушылардың көңіл-күйлерін бұзбай, сабақтың саяхат сабақ екендігін айтамын.

Мұғалімнің сөзі:
Ерте, ерте, ертеде із кесушілер саяхатқа шығатын болды. Олар өзара келісіп, жолға табиғи тағамдар алып шығатын болды.
Оқушылар, жолаушылар қандай табиғи тағамдар алып шығады деп ойлайсыздар?

- Сүт, май, қаймақ, айран, жұмыртқа

- Табиғи тағамдарын алып, жолаушылар жолға шықты. Бірақ жолда кедергілер өте көп болды. Олардың ішіндегі ең қауіпті кедергілердің берілген тапсырмаларын мүлтіксіз орындаған жағдайда ғана жолаушылар көздеген мақсаттарына жетеді.

- Кедергілер: айдахар, қарға, елес, найзағай

Бірінші тапсырма
-Бірінші айдахардың жолаушыларға мынадай сұрақтар қояды. Қәне, бірлесіп жауап берейік.

1. Экономика дегеніміз не?
2. Экономика қандай сұрақтарға жауап береді?
3. Қандай экономикалық терминдермен таныстық?
4. Табиғи шаруашылық дегеніміз не?
5. Айырбас не үшін қажет?
6. Қарапайым, табиғи айырбас дегеніміз не?
7. айырбас жасау үшін қандай 5 шартты орындау керек?

Екінші тапсырма

Бұтаққа қонып отырған қарға мойнына мынадай экономикалық терминдерді іліп алыпты. Мағынасын ашу керек.

Бартер, тауар, эквивалент, ақша, сауда, айырбас

Үшінші тапсырма
Суреттегі заттарды пайдалана отяряп, айрбас жасау.

1. Шаруа тұзды астыққа айырбастағысы келеді? Қалай айырбас жасайды?
Жауабы: тұзды құмыраға, құмыраны матаға, матаны астыққа айырбастайды.

2. Ұста балтасын қойға айырбастайғысы келеді?
Жауабы: балтаны құмыраға, құмыраны астыққа, астықты қойға айырбастайды.
3. Шаруа қойға мата алғысы келеді?
Жауабы: Қойды астыққа, астықты құмыраға, құмыраны матаға айырбастайды.

-Оқушылар байқағандарыңыздай, ұста балтасын бірден қойға айырбастай алмайды немесе шаруа тұзд бірден астыққа айырбастай алмайды. Олар қандай айырбас жасады деп ойлайсыңдар?
-Күрделі айырбас жасайды.
-Ал адамдар кезіндегі қиындықтан қалай шықты?
- Адамдар ең қажетті өтімді тауарға айырбас жасайды.
-Ал сол кезде қандай заттар өтімді тауарға жатады?
-Астық, мал, тұз, мата т.б.
-Қазір адамдар қажетті заттарды қалалй алады?
- ақша арқылы, қазіргі кезде көптеген адамдар өз ммандықтары бойынша жұмыс істейді.Еңбекақы немесе жалақы үшін біреулер қандайда бір тауар өндірсе, екіншілері қызмет көрсетеді, сонана тапқан ақшаларына басқа адамдар өнідірілген қажетті тауарлармен қызмет көрсетулерді сатып алалды.

-Ал ақша қалалй пайда болды?
-Адамдаар өтімді тауар арқылы тауардың құныны анықтай алды. Сонан кейін өтімді тауар ретінде металл құмаларды пайдаланды. Юұлар алғашқы ақшалар болды. Адамдар бірте-бірте қымбат металдардан тияндар жасауға көшті. Кейін бұлар желініп, жеңіл тартатын болған соң ақша жасаушылар қымбат металдардан қағаз ақшалар ойлап тапты. Ақшаның пайда болуы қымбат металдардан қағаз ақшалар ойлап тапты. Ақшаның пайда болуы сауданы жеңілдетті. Енді адмдар күрделі айырбас жасайтын болды. Мысалы, ұста балтасын сатып, алған ақшассына қой сатып ала алады.

- Оқушылар біз үш тапсырманы орындап шықтық.
«Ешқашан, ешқандай адам бір иттің басқа итпен өз еркімен сүйек айырбастап жатқанын көрген емес, тек қана адам саналы айырбас жасайды.»- деп экономиканың атасы Адам Смит айтқандай тіршілік иесі адам ғана айырьас жасай алады.

Төртінші тапсырма Найзағайдың тапсырмасы

Тест тапсырмасын орындау.

Бесінші тапсырма. Елестің тапсырмасы.

Сөзжұмбақты шешу.

1. Өтімді тауар
2. Қандай да болса бір істі орындау кезінде түскен олжа.
3. Ұзақ уақыт бойы ақша орнына қолданылған қымбат металл
4. Ақшаның негізінде тауарлармен айырбас
5. Еңбек үшін бберілетін ақы
6. Тең деген мағынаны білдіретін сөзі
7. Адамдар жасай отырып, өз қажеттітерін қанағаттандыра алады.

Сабақты қорытындылау.
Біз бүгінгі сабғымызда із кесуші жолаушылардың жолда кездескен кедергілерінің бәрін тапсырмалар орындау арқылы жеңіп шықтық. Сабақтың басында айтылғандай елес өзінің жауап парағы бойынша әрқайсысымыздың берген жауаптарымызды белгілеп отырды. Сол жауап парақтарына байланысты сабақта алғырлық танытып, білімдерін көрсете білген оқушылар бағаланады.

Үйге тапсырма: ата-аналарыңнан үйлеріңдегі теледидер, жиһаз немесе ыдыстардың қайдан шығарылғанын сұраңдар, бұл заттар қайдан келді, қалай келді деген сұрақтарға жауап іздеп келіңдер.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.