10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Информатика

Көңілді тапқыштар мен білгіштер

Опубликовал Уалиева Гулзат в 29 Ноябрь 2011 – 14:08Пікір жоқ
Бұл мақала 1259 рет оқылды, 6 рет бүгін

Көңілді тапқыштар мен білгіштер!

Мақсаты: Оқушылардың сөздік қорын молайтуға баулу. Дұрыс ойын жеткізе білуге, өз ойын еркін айта алуға, өз позициясын ұстануға дағдыландыру. Оқушыларды алғырлыққа, жылдамойлылыққа ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Логикалық ойлауын дамыту.

Көрнекілігі: Тақырып жазылған плакат, дұрыс немесе бұрыс жауаптарға, дайын  болғанда көтеретін фишкалар, сыйлықтар мен номинациялар бойынша грамоталар.
Барысы
Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Көңілді тапқыштар мен білгіштер» сайысына қош келдіңіздер! Бүгінгі сайысымызың шарттары және турларымен таныс болайық.

І тур. Таныстыру.
Шарты:
Әр топ капитаны өз топ мүшелерін сын есімді қатыстыра отырып таныстырады. Сөздік қордың молдығына байланысты 10 балдық  жүйеге дейін бағаланады.

ІІ тур. Қызықты есептер
Шарты:
Әр топ ойыншыларына әр түрлі логикалық есептер беріледі. Әр сұрақ 20 балдық жүйемен бағаланады.

ІІІ тур. Танымды сәт.
Шарты:
Оқушылардың өткен сабақта откендерін  қайта еске түсіру мақсатында дербес компьютер және оның бөліктерімен  таныстыру.

ІҮ тур. Шатаспақ.
Шарты:
Оқушыларды шатастыратындай логикалық есептер беріледі. Бағалау 30 балдық  жүйемен бағаланады.

Ү тур. Батыр болсаң тауып көр.
Шарты:
Берілген тапсырманы әр команда  4 реттен ғана таңдай алады.  1 сұрақ 50  балдық бонусты құрайды.  Бағалау  корсетілген  балдарды құрайды.

ҮІ. Тур . Танымды сәт.
Шарты:
ІІІ турда алған білімдеріміздің қорытындысы болмақ.  Сондықтан келесі сұрақтарға жауап беріп алған білімдерімізді  тексеріп көрелік.

ҮІІ тур. Капитандар сайысы
Шарты:
Берілген әріптерден басталатын информатика терминдерін жаз.

Енді сайстың әділқазы мүшелерімен таныс болсақ: оқу ісі жөніндегі орынбасар Нақыпов Базарбек ағай, Математика пәнінің мұғалімі Әбдіраманов Әскербек ағай және информатика пәнінің мұғалімі Абсаттарова Индира апай. Сайысымыдзы бастайтын болсақ:
Кезекті енді сайысшыға берелік,
Білімдерін жас өреннің көрелік,
Айтқан ой мен тапқан есеп еңбек бұл,
Әділ қазы әділ баға берелік.

І тур. Таныстыру. Әр топ капитаны өз топ мүшелерін сын есім қатыстыра отырып таныстырады.

І топ. Тапқыштар
ІІ топ. Білгіштер

ІІ тур. Қызықты есептер.
Сұрақтар екі топқа кезекпе кезек қойылады.

Оңынан оқы сол сан, солынан оқы сол сан. (Қырық)

  1. 5 түп қайыңнан 22 кг алма жиналған болса, 3 түп қайыңнан 15 кг алма жиналды. Қалған түптерден қанша жинауға болады? (қайыңнан алма жиналмайды)
  2. 3 жүргізушінің 1 інісі бар, алайда оның ағасы жоқ. Сонда қалай?  (апалары)
  3. 4 бұрышты үстелдің бір бұрышын кекенде неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
  4. 100 –ге дейін 9 неше реткездеседі? (11 рет)
  5. Ешқандай амал қолданбай- ақ 666 санын 1,5 есе арттыр? (999)
  6. Ағып жатқан өзеннен 3 л және 5 л ыдыспен 4 литр су алу керек. Сонда қалай? (5 л жартысы және 3 л жартысы)
  7. Сіз Алматыдан Мәскеуге ұшатын ұшықты жүргізесіз дейік. Бұл ұшақтың жылдамдығы сағатына 150 шақырым болса, қарсы соғатын жел жылдамдығы сағатына 30 шақырымды құрайды. Жол ұзақтығы 550 шақырым. Ұшақ салонында барлығы 24 адам бар. Ұшақ жүргізушісі, стюардесса, және жолаушылар. Стюардессаның жасы 22-де. Жолаушылар жастары 7 мен 48-дің арасында. Сонда ұшқыштың жасы нешеде болуы керек?   (жүргізген адамның жасымен жасты болады.)
  8. Егер 2 кірпіштің  салмағы 8 кг болса, 1,5 кірпіштің  салмағы қанша?  (6 кг)

10. Бұтінді  4-ке бөлгендегі үлесі? (ширек)
11. Қатар тұрған 3 санның қосындысы  да көбейтіндісі де 6 –ға тең болатын қандай сандар? (1,2,3)
12.  Бір қаз ұшып келе жатса, қарсы бір топ қаз кездеседі. 1 қаз сендер нешеусіңдер?-деп сұраса, аналар “Біздің санымызға тағы осынша қосса, сосын тағы жартысын қосса, сосын ширегін қосса, сосын сені қосса жүз болады деп жауап беріпті. Сонда қаздың саны қанша?

ІІІ тур.  Танымды сәт.

Оқушылар экранға назар аударсақ. Әлі де болса біз естімеген, танып білмеген дербес компьютердің бөліктері бар екен. Солармен танысып алсақ.

ІҮ тур. Шатаспақ.

Екі командаға сұрақ кезекпе кезек қойылады.

  1. 1. Камаз ұшып келе жатып талға соғады.  К-сі ұшып кетті. Не қалды? (амаз)
  2. 2. 22 00-де күн жауып тұрса 24 сағаттан кейін күн жарқырап тұруы мүмкін бе? ( жоқ)
  3. 3. Қазанға бірінші не түседі? (көз)
  4. 4. 2+2=2 дұрыс па? (жоқ 3 болады)
  5. 5. Ит мысықты, мысық тышқанды қуалап келеді. Қайсысы бірінші келеді? (тышқан)
  6. 6. Асқазанға 30 л су сия ма? (сияды)
  7. 7. Бөлменің 4 бұрышында 4 мысық отыр. Төрт мысықтын алдында 3 мысықтан отыр. Бөлмедегі мысық саны қанша? (4)
  8. 8. Үстел үстіне 4 шыбын қонды. Біреуін өлтіргенде қаншасы қалды? (1)
  9. 9. Автобустан түсу үшін алдымен не істеу керек? (міну керек)
  10. 10. Қандай шелекке  су құюға болмайды? (су толы шелекке)
  11. 11. Бір үйде әкесі баласымен, атасы немересімен отыр. Үйде неше жан бар? (3)
  12. 12. Әжемнің сандығында бәрі бар, тек не жоқ? (бос орын жоқ)
  13. 13. Жердің ортасында не бар? (е)
  14. 14. Алматыдан Астанаға  дейін  1 сағ. 30 мин  ұшты. Ал Астанадан Алматыға дейін 9 мин ұшты. Неге? (сағатты минға айналдырсақ сонша мин болады.)
  15. 15. Күн мен түн неге бітеді? (н)
  16. 16. «К»  әріпінен басталатын  математикалық терминдерди терип айт. (куб, көлем, конус, косинус, километр, көлем, кесінді)
  17. 17. Ең үлкен уақыттың өлшем бірлігі. (Ғасыр)
  18. 18. 12 қандай сан? (жұп)
  19. 19. Екі сауысқан біреуі оңтүстікке, біреуі солтүстікке қарап отырады. Және бір біріне достым мен сені көріп отырмын дейді. Сонда қалай? (екеуі қарама қарсы отырады)
  20. 20. 1 тонна темір ауыр ма, 1 тонна мақта ауыр ма? (екеуі бірдей)

Ү тур.  Батыл болсаң тауып көр.

Электронды сұрақтар интерактивті тақтадан өз еріктерімен таңдап, жауап береді.

10.1 Дербес компьютер деп аталу себебі неде?
10.2 Терезе элементтерін ата?
10.3 information сөзінің қазақша баламасы?
20.1 Компьютер қөұрылғыларының өте маңыздысы?
20.2 Компьютердің ең басты бөлігі?
20.3 «жою» сөзінің ағылшынша баламасы?
30.1 50 балл бонус.
30.2 Ақпаратты жинап сақтауға арналған құрылғы компьютер деп аталса, осыларды зерттейтін ғылым қалай аталады?
30.3 «Терезе» сөзінің ағылшынша баламасы?

ҮІ тур.  Танымды сәт.

«Дербес компьютердің құрылғылары» туралы алған білімдерін тексеру. Электронды сұраққа назар аударалық.

ҮІІ. Тур. Капитандар сайысы.

Берілген әріптерден информатикаға қатысты терминдерді теріп жаз.

Сайысымыз өз мәресіне жеткен сыңайлы. Қорытынды сөз Оқу ісі жөніндегі орынбасар Нақыпов Базарбек ағайға беріледі.

Сайыс қашан да сайыс. Сайыс болған жерде жеңіс те, жеңіліс те  болады. Жеңген топты құттықтай отырып, жеңілген топқа сәттілік тілейміз.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.