И-9. Мәліметтердің типтері. Мәліметтердің стандартты типтері.
№ 9 сабақ. Тақырыбы:
Мақсаты:
Оқушыларға мәліметтің типі мен стандартты типітер мен функциялармен таныстыру, айнымалыларды сипаттау жолдарын үйрету;
Типтердің Паскаль тілінде жазылу түрлері туралы ұғымдарын дамыту;
Қоршаған ортаның ортақ қасиеттері мен жеке қасиеттерін айыра білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Сабақ жоспарын экранда проекциялау, мульт.мед.жабдықтар, компьютер.
Өтілу әдісі: Мультитехникамен жабдықталған дәстүрлі сабақ.
Сабақтың барысы
І. Кіріспе. (2мин)
• Оқушыларды түгелдеу, сынып бөлмесі, тақта тазалығына назар аудару;
• Журнал толтыру;
• Оқушылардың назарын сабаққа бұру,
ІІ. Өткен сабаққа шолу. (7мин)
1. Үй жұмысын тексеру, ұпай беру (үй жұмысы бар-дұрыс – 1ұп, жоқ – 0; дұрыс емес – 0,5ұп)
2. Қысқаша сұрақ-жауап;
• Паскаль тілінде программа қанша бөліктен тұрады?
• Сандардың қандай түрлері бар? мысал.
• Идентификатор деген не? Бірнеше мысал келтір.
• Паскальтілінің қарапайым объектілерін атап шық?
• := ‘ ; таңбалары Паскаль тілінде не үшін қолданылады?
• Айнымалылар деген не? түрлері, мысал.
ІІІ. Жаңа сабақ (25мин)
1. Мәліметтер типі.
Мәліметтердің немесе шамалардың типі дегеніміз олар қабылдайтын мәндердің сипаттамасы. Мысалы: мектеп –деген шама «оқушы», «ұстаз», «Ш. Уәлиханов» дегендей мәндер қабылдауы мүмкін. Мектеп шамасына «мұқит» немесе «трактор» деген мәндер беру адами түйсік тұрғысынан ыңғайсыздақ тудырады. Ал, Паскальды жасағанда, айнымалының типі қандай болса мәндер соған сәйкес болуы үшін типтер қолданылаған. Сондықтан типі бүтін деп көрсетілген айнымалыға ондық бөлшек сан меншіктей алмайсыз. Ондай жағдайда экранға «қате» деген белгі шығады.
Паскаль тіліндегі стандартты типтер былай бөлінеді:
Т И П Т Е Р | |||||||||
Қ А Р А П А Й Ы М | К Ү Р Д Е Л І | ||||||||
Бүтін сан (integer) | Нақты сан (Real) | Символдық шама (Char) | Логикалық шама (Logocal) | Мәтіндік шама (Text) | Жиымдар (Array) | Файлдар (File) | Жазбалар (Record) | жиындар (set) |
Типтер программаның сипаттау бөлімінде атаулармен бірге көрсетіледі.
2. Пайдаланушының типтері. Бұлардан басқа программа жазушы өз типтерін де енгізуі мүмкін. Оны пайдаланушының типтері дейміз. Қосымша типтер программаның сипаттау бөлімінде көрсетіледі. Оны type түйінді сөзінің көмегімен былай жазамыз:
tеype <тип атауы> = <тип мәні>;
мысалы: tеype oryn=(soljak, orta, onjak)
2. Сандардың типтері.
Бүтін сан типтері | Нақты сан типтері | ||
Byte | 0 – 255 | Real | ±1.7E38 |
Shortint | -127 - +127 | Single | ±3.4E38 |
Integer | -32768 - +32768 | Double | ±1.7E308 |
Word | 0 – 65535 | Extendet | ±1.1E4932 |
longint | ±2147483648 | Copm | -2E63-1 … 2E1063+1 |
3. Логикалық типтер (Boolean –деп көрсетіледі) екі мән қабылдайды 1-ақиқат (true), 0 – жалған (false).
Мысал: var x:bolean;
4. Символодық типті char деп белгілейді. Мысалы: ‘a’, ‘x’, ‘п’.
var x:char; х-айнымалысы тек символдарды ғана қабылдайтын типте тұр.
Мәндері сөз немесе сөйлем болатын айнымалының типін string деп көрсетеді.
Мысалы: var x:string; x:=’мектеп’; деп жазуға болады.
5. Саналатын тип стандартты типке жатпайды. Бұл типке жататын айнымалының элементтері өз ара ретпен орналасады. Мысалы:
атау=(1-идентиф, 2-идентиф,…,n-идентиф );
kunder=(‘дүйсенбі’, ‘сейсенбі’, …, ‘жексембі’);
ailar=(‘қаңтар’, ‘ақпан’,…, ‘желтоқсан’);
6. Диапазондық немесе ауқымдық типте шама қабылдай алатын мәндернің алғашқысы мен соңғысы арасына екі нүкте қойып көрсетіледі. Мысал:
apta=1..7; ai=1..31; jyl=1..12; …
7. Жиі қолданылатын стандартты функциялар
Функция | chr(x) | round(x) | truns(x) | odd(x) | ord(x) | sqr(x) |
Түсіндіру | Х-санын символға аударады | Санды дөңгелек-тейді | Нақты санның бүтін бөлігі | X-тың тақ екенін тексереді. | Х-символының рет нөмірін береді | x-тің кв.түбірін шығарады |
Мысал: | Chr(53)=5, chr(73)=I | round(5,7)=6 | truns(5,7)=5 | X=5 (true) X=6 (false) |
ord(?)=63 ord(‘5’)=53 |
sqr(81)=9 |
Функция | sqrt(x) | frac(x) | int(x) | abc(x) | pi | Қалғандарын қажетіне қарай алдағы сабақтарда қолданамыз. |
Түсіндіру | Х-тің квадараты | Х-санының бөлшек бөлігі | Х-санының бүтін бөлігі | Х-тің абсалют шамасы | ПИ саны 3.14159265358979 |
|
Мысал: | sqrt() | frac(15.89)=0.89 | int (15.89)=15 | abc(9)=9 abc(-9)=9 |
write(pi); 3.14159265358979 |
IV. Сабақты бекіту: (8мин)
1. Стандартты типтерді талдау.
2. Пайдаланушының типтеріне мысалдар келтіру.
3. Сандардың типтерін талдау, мысалдар келтіру.
4. Саналатын және диапазондық типтерге сабақта қарастырылғаннан басқамысалдар келтіру.
V. Үйге (3мин) §2-4,6,7
Ұқсас тақырыптар:
- I-тур. Информатикадан 2011-2012 жылғы аудандық олимпиадасы, 2-этап, 5 сағат (2012 облыстық І-тур)..
- Паскаль. «Бақытты билет», Бүтін санды жай көбейтінділерге бөлшектеу, ASCII таблицасын шығару, Фамилияларды сұрыптау, Хоар процедурасы
- ІІ-тур. Информатикадан 2011-2012 жылғы аудандық олимпиадасы, 2-этап.
- Информатика-9. Символдық мәліметтермен жұмыс тәсілдері (2 сағ).
- Информатика. Аудандық олимпиада есептерінің шығарылуы, II этап, 2008-2009
- Pascal-да программалар: 2-лік->10 сан, 10-дық->2 сан, 4 амал, Қазақша жыл.
- Информатикадан 6-сыныпқа арналған аралық тест (жаратылыстану).
- Информатикадан мектеп олимпиадасы 2011-2012
- Информатикадан 8-сыныпқа арналған тест (жаратылыстану-математикалық бағыт).
- Информатика-9. Шартты операторлар.