И-10.Horizontal Scroll Bar, Vertical Scroll Bar, Shape базалық элементтері.
Бұл мақала 734 рет оқылды, 1 рет бүгін
Мусина Меруерт Мухтарбековна. Информатика пәні мұғалімі. Павлодар облысы, Май ауданы, Қаратерек жалпы орта білім беретін мектеп
Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушы Horizontal Scrool Bar, Vertical Scrool Bar, Shape базалық элементтерінің қызметімен, қасиеттерімен, оқиғаларымен, әдістерімен танысады.
Тәрбиелік:Оқушы өткен сабақтағы білімін қолдана білуге, мұғаліммен қарым-қатынасқа тәрбиеленеді.
Дамытушылық:Оқушы шығармашылық тапсырмалар арқылы программалау қабілетін дамытады.
Практикалық: Оқушы Horizontal Scrool Bar, Vertical Scrool Bar, Shape базалық элементтерін жобалар құруда қолданады.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интербелсенді тақта, деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушылармен сәлемдесу
- Оқушыларды түгендеу
ІІ. Үй тапсырмасы:
- Visual Basic – те аралас өріс қалай аталады?
- Visual Basic – те тізім қалай аталады?
- СomboBox, ListBox компоненттерінің қандай қасиеттерін білесіңдер?
- Enabled, visible қасиеттері қандай мәндерді қабылдайды?
- Timer компоненті не үшін арналған?
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту
Horizontal Scroll Bar Көлденең Айналдыру жолағы)
Vertical Scroll Bar Тігінен Айналдыру жолағы)
Shape шеңбер және тіктөртбұрыш сияқты графикалық объектілерді бейнелеу үшін қолданылады
Horizontal ScrollBar, Vertical Scroll Bar (көлденең, тігінен) айналдыру жолақтарының негізгі қасиеттері
Қасиеттері | Түсініктеме |
Max | Ең жоғарғы мән |
Min | Ең төменгі мән |
Value | Жылжығыштың ағымдағы мәнін және позициясын анықтайды |
SmallChanqe | Жылжығыштың позициясының өзгерісін және айналдыру жолағындағы стрелкада маусты басқанда оған сәйкес мәнді анықтайды |
LarqeChanqe | Жылжығыштың позициясының өзгерісін және айналдыру жолағының бойында маусты басқанда оған сәйкес мәнді анықтайды |
Shape (фигура) компоненттерінің негізгі қасиеттері
Қасиеттері | Түсініктеме |
BorderColor | Жиек сызығының түсі |
BorderStyle | Жиек сызығының стилі |
BorderWidth | <Жиек сызығының қалыңдылығы |
FillColor | Пішін бояу түсі |
FillStyle | Бояу стилі |
Shape | Фигураның түрін анықтайды: 0-тіктөртбұрыш 1-квадрат 2-эллипс 3-шеңбер |
1-Мысал: Фигуранын орнын ауыстыру
Пішінге келесі компоненттерді енгізіп, код терезесін жазу
Компонент | Қасиеттері | Жазуы |
Form1 | Caption Font | Фигуранын орнын ауыстыру 12 |
Vscroll1 | Maх Min |
1000 100 |
Hscroll1 | Max Min |
1000 100 |
Shape1 | Shape FillStyle FillColor |
2-oval 0-Solid Кез-келген түс тандау |
Код терезесі:/strong>
Private Sub HScroll1_Change()
Shape1.Left = HScroll1.Value / 11
End Sub
Private Sub VScroll1_Change()
Shape1.Top = VScroll1.Value / 10
End Sub<
2-Мысал: Айналдыру жолақтары көмегімен түсті өзгерту
Пішінге келесі компоненттерді енгізіп, код терезесін жазу
Компонент | Қасиеттері | Жазуы |
Form1 | Caption Font | Айналдыру белдеушелері 12 |
Text1 | Text | 0 |
Vscroll1 | Maх LarqeChanqe SmallChanqe |
100 1000 100 |
Label1 | Caption BorderStyle |
FixedSingle |
Hscroll1 HScroll1(0) HScroll1(1) |
Max | 255 |
Label2 | Caption | Қызыл |
Label3 | Caption | Жасыл |
Label4 | Caption | Көк |
Код терезесі:
PrivateSub VScroll1_Chanqe()
Text1.Text=VScroll1.Value
Text1.SetFocus
End Sub
Private Sub HScroll1_Chanqe (Index As Integer)
X=HScroll1(0).Value
Y=HScroll1(1).Value
Z=HScroll1(2).Value
Label1.BackColor = RGB (x,y,z) Text1.SetFocus
End sub
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту:
Деңгейлік тапсырмалар
А деңгейінің тапсырмалары
1. Айналдыру жолағын пайдаланып жылдамдықты анықтайтын бағдарлама құрастыру.
2. RGB функциясын қолдану арқылы фигураларды бояу
В деңгейінің тапсырмалары
1. Айналдыру жолақтарын пайдалана отырып, шенбердін, квадраттын, тіктөртбұрыш т.б шеткі сызықтарының стилін өзгертетін бағдарлама құру.
2. 1 санынан бастап 500-ге дейінгі таңдалған бүтін сандардың жалпы қосындысын беретін программа жасау.
С деңгейінің тапсырмалары
Шығармашылық тапсырма. Бағдаршамнын суретін салыңыз. Үш түрлі батырма, 3 түсті анықтайды. Әрбіреуін басқанда + , - , * , / амалдарын орындап, соған сәйкес бағдаршамнын түсі жанатын бағдарлама құру.
Ү. Сабақты қорытындылау.
ҮI. Оқушыларды бағалау.
ҮІІ. Үй тапсырмасы: Тақырыпты оқу
Ұқсас тақырыптар:
- VB. 2.11-практикалық жұмыс. Сан факториалы.
- Visual Basic-те бағдарламалау негіздері (тамыз-2008-09).)
- VB. Басқару элементтері.
- 10-сынып. Visual Basic программалау тілі бойынша практикалық жұмыстар (ЭО).
- Обьектілі бағдарланған программалау (ОБП) түсінігі. Оның негізгі ұғымдары. DELPHI ОБП тілі. Негізгі ұғымдар, қолданушы интерфейсінің элементтері.
- И-10. Visual Basic бағдарламалауда Double Single - cандық айнымалыларын, MsgBox, Inputbox функциясын қолдану.
- VBasic. Басқару объектілері
- Visual Basic бағдарламалау тілінде тест құру бағдарламасы
- VBA-да массивтермен жұмыс
- VISUAL BASIC-те бағдарламалау негіздері.