И-9. №8. Программалау тілінің қарапайым объектілері (гуманит.бағыт).
Мақсаты:
Қарапайым объектілерді ажырата және қолдана білу, олардың Паскаль тілінде жазылу ерекшеліктерін меңгеру;
-
Бұл ұғымдардың барлық прораммалық тілдерге ортақ екеніне назар аудару, ортақ қасиеттер мен шамалар туралы білімдерін дамыту;
-
Көпсалалық, жан-жақтылық тұрғысында ойлау өрісін қалыптастыру.
-
Көрнекілігі:
Сабақ жоспарын экранда проекциялау, мульт.мед.жабдықтар, компьютер.
Өтілу әдісі: Мультимедиямен жабдықталған дәстүрлі сабақ.
Сабақтың барысы
І. Кіріспе. (2 мин)
• Оқушыларды түгелдеу, сынып бөлмесі, тақта тазалығына назар аудару;
• Журнал толтыру;
• Оқушылардың назарын сабаққа бұру,
ІІ. Үй тапсырмасымен жұмыс (10 мин)
1. Үй жұмысын тексеру, ұпай беру (үй жұмысы бар-дұрыс – 1ұп, жоқ – 0; дұрыс емес – 0,5ұп)
2. Қысқаша сұрақ-жауап;
• Паскаль тілінде программа қанша бөліктен тұрады?
• Түйінді сөз деген не? Бірнеше мысал келтір.
• Идентификатор деген не? Бірнеше мысал келтір.
• Математикадағыдан басқа Паскаль тілінде тағы қандай амалдар қолданылады? Мысал.
• := ‘ ; таңбалары Паскаль тілінде не үшін қолданылады?
ІІІ. Жаңа сабақ (Лекция 15 мин)
Белгілі бір ортадағы сан-алуан нәрселердің әрқайсысын жеке атап жүрмес үшін оны объекті деп атайды. Олай болса Паскаль ортасында қандай обектілер бар деп ойлайысыңдар? Паскаль ортасындағы объектілерге мыналар жатады: «сан», «идентификатор», «тұрақты», «айнымалы», «функция», «процедура» және «өрнек»
1. Сандар. Сандар мен айнымалылар бүтін және нақты болады.
Бүтін сандар: 1, 2, -9, 100, 65535, 0 т.б. (integer)
16-лық бүтін сандар: $F, $8B2,…
Нақты сандар: 1, 2, 2.65, 0, -6.0, 512, 12052500… кез-келген санды нақты санға жатқызуға болады. (real);
2. Атау-идентификатор. Айнмалыларды, файлдарды т.б объектілерді белгілеуге арналған таңбалар тізбегі. Мысалы:
х:=15.5; a:=512; mektep:=’Жібек жолы’ … Мұндағы х, a, mektep идентификаторлар ал, 15.5, 512, ’Жібек жолы’ – бұлар айнмалылардың мәндері. Паскалдың қызметші сөздері немесе операторларын белгілейтін сөздерді (var, integer…)атау ретінде алуға болмайды. Кез-келген қазақша сөзді ағылшын әрпімен жазып, атау ретінде алуға болады.
3. Тұрақты немесе константа деп программаның орындалу барысында мәні өзгеріссіз қалатын шаманы айтады. Мыс: g:=9.81 k:=9E9 e:=1.6e-19…
4. Айнымалылар деп программаның орындалу барысында мәні өзгеріп отыратын шамаларды айтады. Ондай шамалар шексіз көп. Мысалы: ауа райы, уақыт, жыл мезгілдері…Айнымалыларды екіге бөліп қарау керек.
Қарапайым айнымалылар – бұлар өз атауларымен ғана жазылады.
Индексті айнымалылар – бұларда айнымалының атымен бірге индексі де жазылады. Оған кестелік шамаларды жатқызуға болады. Мысалы: сабақ кестесі – баған (сыныптар) және жол нөмірі (күндер) арқылы көрсетіледі.
5. Түсіндірмелер программаның әр жолының тұсына {} фигуралы жақша ішіне жазылады. Олардың көмегімен программаны талдау, түсіну оңай.
ІІІ. Сабақты бекіту: (10 мин)
1. Қатарда жазылған сандардың қандай ортақ қасиеттері бар?
-10, -5, 0, 5, 10, …, …, бүтін сандар,
-1,5, -1, …, 0, …, …, 1,5, … нақты сандар.
2. Осы сандар қатарында қандай заңдылық бар?
Бүтін сандар 5-ке артып отырады. Арифметикалық прегрессия заңдылығы бар.
Нақты сандар қатары 0,5-ке артып отырады, АФ заңдылғы бар.
3. Мына айнымалыларға қандай мәндер берілуі мүмкін?
Типі сөз болса mektep, vuz, (кез-келген сөз)
Типі нақты болса dd, x, y2, (кез-келген сан)
Типі бүтін болса ddч, xч, y23, (тек бүтін сандар)
4. Тұрақтылар мен айнмалыларды көрсет, басқа мысалдар келтір?
5,5, 600, m6, aaa, mektep, 1.6e-19, 9.81, ауа райы, уақыт, мемлекет атауы, планета атауы, жастық шақ, масса, үдеу, хим.элем.аты…
IV. Оқушыларды бағалау: (5 мин)
V. Үйге (3 мин) §2-4
Ұқсас тақырыптар:
- И-9. Паскаль – программалау тілі. Тілдің алфавиті.
- Pascal-да программалар: 2-лік->10 сан, 10-дық->2 сан, 4 амал, Қазақша жыл.
- И-9. Мәліметтердің типтері. Мәліметтердің стандартты типтері.
- Информатика-9. Шартты операторлар.
- И-9. Сызықты құрылымды алгоритмдер мен программаларды құру
- Сабақтың тақырыбы: «Паскаль еліне саяхат».
- ІІ-тур. Информатикадан 2011-2012 жылғы аудандық олимпиадасы, 2-этап.
- Паскалдан жиі қолданыстағы тақырыптық есептер (40 есеп+шешуі).
- Тармақталу командасы (көрнекті ашық сабақ).
- Инф-9. Паскалда есеп шығару.