Үздік информатик (стс).
Бұл мақала 2418 рет оқылды, 7 рет бүгін
Динара Жұмағулова.
Тараз қаласы.
Сабақтың көрнекілігін (сж + плифчарт) көшіріп алыңыз.
Мақсаты:
Білімділік: оқушылардың алған білімдерін бақылау, пәнге деген қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту және қатысушылар арасынан жігерлі, білімді және компьютерлік сауаттылығы жоғары оқушыны анықтау.
Дамытушылық: оқушыларды өзара жарыстыра отырып, ойларын жинақтай білуге үйрету, компьютерлік сауаттылығын дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды өз бетінше еңбектенуге, ізденуге, жауапкершілікке, өзін ұстай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік құрал: интерактивті тақта, слайд, Activvote құрылғысы
Сабақтың түрі: ойын сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, логикалық тапсырмалар, тест жұмысы
Күтілетін нәтиже:
- оқушының компьютерді жетік меңгереді, пәнге деген қызығушылығы артады.
- оқушылардың өз бетімен жұмыс істей алу дағдыларын қалыптастырады.
Ұйымдастыру кезеңі
а) Сабақтың мәнін әдісін ашып түсіндіру.
ә) Сабақтың мақсатын хабарлау.
б) Келген көрермендерден әділ-қазылар алқасын сайлау, бағалау парағын беру
в) Сабақ барысымен таныстыру.
Оқушы аттары Бөлім аттары |
Дидар | Қарлығаш | Ұлан | Жасұлан | Алихан | Ільяс | Азат | Ақтолқын | Олжас | Әйгерім |
І бөлім. Сөздің тұздығын тап | ||||||||||
ІІ бөлім Сұрақ – бізден, жауап - сізден |
||||||||||
ІІІ бөлім. Санаға сапар | ||||||||||
ІҮ бөлім. Маржан сөз. | ||||||||||
Ү бөлім. Қорытынды |
І бөлім. Сөздің тұздығын тап.
ІІ бөлім. Сұрақ-бізден, жауап-сізден.
ІІІ бөлім. Санаға сапар.
ІҮ бөлім. Маржан сөз.
Ү бөлім. Қорытынды.
Ойын толқып жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де жеңілсең де қалма жасып – деп, ойынымызды бастайық.
І бөлім. Сөздің тұздығын тап.
Берілген 5 сөйлем бойынша белгілі мақал-мәтелдерді табу.
Мысалы: Егер жұмысты асықпай істесең, тез бітіресің.
Жауабы: “Асықпаған арбамен қоянға жетеді”.
1. Егер бірнеше істі бір уақытта істесең ештеңе шықпайды.
“Екі қайықтың басын ұстаған суға кетеді”
2. Егер бар нәрсеңе қанағат тұтпасаң, барыңнан айырыласың.
“Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп сақалынан айырылыпты”
3. Егер жұмыс істемесең аш қаласың.
“Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей”
4. Адам болу қиын мамандықтың бірі.
Адам бола білу – ең қиын мамандық.
5. Адам тірлік істеймін десе, қолынан келмейтін іс жоқ.
Адамның қолынан келмейтін ешнәрсе жоқ.
Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып тасып, асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен – деп, келесі бөлімімізді бастайық.
(интерактивті тақтадан Activvote құрылғысы арқылы тест тапсырады)
ІІ бөлім. Сұрақ-бізден, жауап-сізден.
(бұл бөлім оқушылардың жалпы білім деңгейін тексеру) /ұпайы аз 4 оқушы ойыннан шығарылады/
Тест сұрақтар
1. Қазақстанда өмір сүретін ұлт пен ұлыс өкілдерінің саны
а) 130;* b) 100; c) 120.
2. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялаған уақыты
а) 1986 ж. 6 желтоқсан; b) 1991 ж.16 желтоқсан;* c) 1990 ж. 16 желтоқсан
3. Атқаратын қызметі бірдей, шығу тегімен құрылысы әр түрлі мүшелерді қандай мүшелер дейміз?
а) гомологиялы; b) гаметалы; c) аналогиялық.*
4. Uniform is in British schools
а) compulsory;* b) competitive; c) reasonable.
5. Кеңес Одағының батыры атағын алған ең жас Жамбылдық жауынгерді ата?
а) Мәмбетов. b) Елеусізов.* c) Сухамбаев.
6. Белгілі бір аумақта бір-бірімен шағылысып, өсімтал ұрпақ беретін даралар жиынтығы.
а) аумақ; b) дегенерация; c) популяция.*
7. Соңғы Елбасының халыққа арналған «Дағдарыстан дамуға» жолдауы қанша бағытқа бөлінген.
а) 6. b) 1. c) 4.*
8. Өткір иісті тұншықтырғыш газ.
а) аммиак;* b) иіс газы; c) оттегі.
9. Металлургия нешеге бөлінеді?
а) 3. b) 2.* c) 4.
10. Look ! There’s a car coming.
а) up; b) out;* c) off.
11. Көмір қышқылының тұздары қалай аталады?
а) силикаттар; b) карбонаттар;* c) хлоридтер.
12. Біздің елімізде неше қант зауыты бар?
а) 4. b) 6. c) 8.*
13. Ең жоғарғы юриедикциялық күш.
а) кітапша; b) заң;* c) құқық кітабы.
14. Энергияның түрлерін көрсет.
а) потенциалдық, кинетикалық, ішкі энергия;*
b) ішкі энергия, жылу өткізгіштік энергия;
с) кинетикалық және потенциалдық энергия.
15. Мына өлең жолдары қай ақынның өлеңінен алынған.
Ата-ананың қадірін
Балалы болғанда білерсің,
Ағайынның қадірін
Жалалы болғанда білерсің,
Дәулетіңнің қадірін
Мал кеткенде білерсің.
а) Асан Қайғы; b) Ақтамберді жырау; c) Тілеуке Құлекеұлы.*
16. ҚР-ның алғашқы Конституциясы қай жылы, қай күні жарияланды?
а) 1993 ж.28 қаңтарда;* b) 1993 ж.8 қаңтарда; c) 1991 ж.28 қаңтарда.
17. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші
а) басып шығарғыш; b) модем; c) сканер.*
18. Қазақ тілінде қанша стиль бар?
а) 5;* b) 4; c) 6.
19. Темір жолдар Қазақстанда қай ғасырда пайда болды?
а) ХІХ ғ.аяғында;* b) ХІХ ғ.басында; c) ХХ ғ.басында.
20. Меншікті балқу жылуын есептеу формуласы
а) Q=λm;* b) m=Q; с) =Q/m.
21. Біржан мен Сара айтысында көбіне қандай әдеби теориялар кездеседі.
а) пьеса, сұхбат; b) ирония мен сарказм;* c) сұхбат, теңеу.
22. Young people often don’t like their School!
а) timetable; b) uniform;* c) break.
23. Ең алғаш тірі ағзаларды систематикалық жүйелеу жасаған кім?
а) Карл Линней;* b) Чарльз Дарвин; c) Ф.Рулье.
24. Метталдардың активтілік кернеу қатарын тапқан ғалым
а) И.Берцелуис; b) М.В.Ломоносов; c) Н.Бекетов.*
25. Паскаль тілінде квадрат қалай жазылады?
а) sqr;* b) const. c) input.
26. Тоңұқық қандай мағынаны білдіреді?
а) ел билеуші; b) ақын; c) алғашқы ұғымтал.*
27. Ауызекі сөйлеу стилі неше түрге бөлінеді?
а) 4; b) 3;* c) 2.
28. Қайнау дегеніміз не?
а) сұйықтың температурасы өзгермейді
b) бу көпіршіктерінің пайда болуымен жүретін қарқынды кебу*
с) дұрыс жауабы жоқ
29. Агроөнеркәсіп неше буынға бөлінеді?
а) ІІІ;* b) І; c) ІІ.
30. Атқарушы органға қандай орган жатады?
а) парламент; b) үкімет;* c) жоғарғы сот органы.
Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір кеш болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Қиынырақ сұрақ болсын – дей келе, «Санаға сапар» бөлімімізді бастайық.
ІІІ бөлім. Санаға сапар.
Қалған 6 оқушы ұяшықтарды ашып, сұрақтарға жауап береді. /4 оқушы ойыннан шығады/
Сұрақтар:
1. Компьютердің атасы? Чарльз Бэббидж
2. Ақпаратты сығу программаларын ата. Winrar, Winzip
3. Алғашқы есептеу құрылғысы Саусақтар
4. Интернетке қосылу құрылғысы? Модем
5. Компьютердің негізгі құрылғылары пернетақта, монитор, жүйелік қорап
6. Microsoft Word қандай редактор Мәтіндік редактор
7. Паскаль тілін қай ғалым және қаншасыншы жылы ұсынған. Никлаус Вирт 1968 – 1971 ж.ж.
8. Мына блок схема түрінің іс - әрекеті (1-сурет) Енгізу, шығару
9. Блок схема дегеніміз не?
Ақпарат өңдеудің әрбір буыны немесе орындалатын операциялар реті алгоритм схемасымен айқындалады.
10. Баспа (принтер) құрылғыларын ата матрицалық, сия бүрккіш, лазерлік.
11. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі 1 б и т
12. Пайдаланушы мен аппараттық жабдықтар арасында делдал болып табылатын программа операциялық
13. 1 Гбайт нешеге тең? 1024 Мбайт
14. Алгоритм сөзі қай ғасырда шықты және қай жерде?
“Алгоритм”- IX ғасырдағы Орта Азияның ұлы математигі әл-Хорезми атының латынша жазылуы – algorithmi – қалпынан шыққан
15. Операциялық жүйенің қандай түрлері бар? WINDOWS 95, MS-DOS, UNIX, WINDOWS NT, WINDOWS XP, WINDOWS VISTA
16. Microsoft Excel қандай редактор
Кестелік редактор
17. Мына блок схема түрінің іс - әрекеті (2-сурет) таңдау
18. Мына блок схема түрінің іс - әрекеті (3-сурет) бастау, аяқтау
Ойын толқын айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста – деп, «Маржан сөз» бөлімін бастайық.
ІҮ бөлім. Маржан сөз.
Қалған екі оқушы белгілі тақырыпты таңдап алып, қорғайды.
- «Компьютердің пайдасы»
- «Компьютердің зияны»
Ү бөлім. Қорытынды. «Үздік информатик» атанған оқушыны анықтап, марапаттау.
Сайысқа түскенменен топ балалар,
Ішінен жүйрік шыққан, орын алар.
Ендеше бүгінгі өткен сайыстың да,
Бабы мен бағы жанған баласы бар
Олай болса, ортаға шақырайық
Есімін баршаңызға танытайық
Ерекше білімі мен білігі үшін
Алғыс айтып, қошемет танытайық.
Ұқсас тақырыптар:
- Информатика. «Үздік информатик» (стс).
- Операциялык жуйе (ашық сабақ).
- Информатика пәні 7-8-10-сынып бойынша жыл стандарты
- И-10. Мәтіндік процессорлар құжаттармен жұмыс
- Инф-10. Мәтіндік процессор Microsoft Word. Excel кестелік редакторының графикалық мүмкіндіктері (екі сабақ).
- Архивтеу программалары. Инф-8.
- Информатика, матемтаика. «Жыл - информатигі» (стс).
- И-10. Программалаудың құрлымдық, модульдік әдістері.
- Сабақтар көшіру-2010.
- Кестелермен жұмыс (гимназия-7сын. мектеп-8сын).
Салеметсіз бе Динара ханым! Ойын сабағыныз қызықты да ұстамды! Сұрақ қоюға бола ма? Сұрақ бізден жауап сізден бөлімінде балаларға сұрақтарды алдын ала берілді ме әлде қалай?