10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Математика, Таңдаулы

«Математика көшбасшысы» сайысы (стс).

Опубликовал inust в 10 Сентябрь 2011 – 19:331 пікір
Бұл мақала 3045 рет оқылды, 14 рет бүгін

Сламбек Бауыржан Қалдыбайұлы

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы

М.Әуезов атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі

«Математика көшбасшысы» сайысы

Мақсаты:

  1. 1. Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.
  2. 2. Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
  3. 3. Тәрбиелік: Окушыларды жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.

1-жүргізуші:  Армысыңдар, ағайын,
Ағайын тілін табайын

2-жүргізуші:  Бармысыңдар бауырлар
Өкпе жоқ, бізде бауыр бар

1-жүргізуші: Есенбісіз, ұстаздар,
Шаршамайтын қыс-жаздар

2-жүргізуші:  Ізетке ие інілер,
Інілер, еті тірілер

1-жүргізуші:  Кешке келген сайланып,
Отырам деп жайланып

2-жүргізуші:  Көрермендер аман ба,
Отырған анау ойланып

Екеуі бірігіп:   Бәріңізге бір сәлем.

1-жүргізуші:  Енді кешті бастайық
2-жүргізуші:  Екеуміз енді саспайық
1-жүргізуші:  Құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар, сіздерді  «Математика көшбасшысы» атты сайысымызды тамашалауға шақырамыз.
2-жүргізуші:  Бүгін біз математиканың жұмбақты да тартымды әлемімен танысамыз.
1-жүргізуші:  Біз бұл әлемнің қаншалықты қызықты,әрі сан түрлі екендігіне көз жеткіземіз.
2-жүргізуші:  Ал енді бүгінгі сайысымызға қатысатын оқушыларды ортаға шақырайық
1-жүргізуші:  Ашық жарқын жүзді
Әділқазылар біздің,
Әділ баға берерге,
Шақырайық біз төрге.
Шеберлікті, білімді,
Сараптап сіздер көріңіздер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңіздер –деп алдымен әділқазылар алқасын сайлап алайық.

Төрағасы:

Мүшелері:

2-жүргізуші:  Бүгінгі сайысымыздың өтілу барысымен таныстырайық . Сайыс жеті кезеннен тұрады. Таныстыру, бәйге, көкпар, ғажайып жетілік, тіл-өнер, жорға, және жекпе-жек . «Бәйге» кезенінен кейін ең аз ұпай жинаған екі оқушы,«Жеті жұмбақ» кезенінен кейін бір оқушы, «Тіл-өнер» кезенінен кейін бір оқушы,«Жорға»кезенінен кейін бір оқушы ойыннан шығады. «Жекпе-жек» кезеніне екі оқушы қалады.

 

І    ТАНЫСТЫРУ

1)  11 «А» сынып оқушысы  Шабданова Гүлшарат
2)  11 «Б» сынып оқушысы  Нұрлыханов Алмасхан
3) 11 «В» сынып оқушысы   Сарымсахова Әселай
4) 10 «А» сынып оқушысы  Ахметов Әбдімәлік
5) 10 «Б» сынып оқушысы Төлепов Нұрсұлтан
6) 10 «В» сынып оқушысы Сахова Құндызай
7) 10 «Г» сынып оқушысы Ерназарова Пернекүл

 

2-жүргізуші:  Қарап тұрмай бәйгеге ерініз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз.

ІІ    БӘЙГЕ

1)                              56 санының 75%-ін табыңыз.

А) 40;      В) 42; С) 44;    Д) 46;      Е)48;

2)  Ромбының бір диагоналі қабырғасына тең. Ромбының бұрыштарын табыңдар.

А) 20°;160°;      В) 40°;140°;   С) 50°;130°;    Д) 60°;120°; Е) 70°;110°;

3) Сөйлемді толықтырыңыз «Сызықтық функцияның графигі . . . болады»

А) кесінді;      В) парабола;   С) гипербола;    Д) сәуле;      Е) түзу сызық;

4) Теңдеулер жүйесін шешіндер:

х+y=7

х-y=1

А) (6;1);      В) (5;2);   С) (4;3); Д) (3;4);      Е) (2;5);

5) Көбейткіштерге жіктеңіз:

х(р-а)+у(а-р)-z(р-а)

А) (р-а)(х+у+z);   В) (р-а)(х-у-z) ;   С) (р+а)(х-у-z);    Д) (р+а)(х+у+z);  Е) (р-а)(х-у+z);

6)  170 м матадан 50 көйлек тігіледі. Сондай 119 м матадан қанша көйлек тігуге болады.

А) 35; В) 36;   С) 37;    Д) 38;      Е)39;

7)  Теңдеуді шешіңіздер.    |Х-1|=3

А) -4;3;      В) 0;-3;   С) 4;-2; Д) 2;-4;      Е)-1;4;

8)  Үшбұрыштың бұрыштары  7:5:6  сандарына пропорционал, үшбұрыштың ең кіші бұрышын табыңыздар.

А) 50°; В) 60° ;   С) 70°;    Д) 30°;      Е) 40°;

9)  Бір қабырғасы 9 см ал ауданы 108 см² болатын тіктөртбұрыштың келесі қабырғасын табыңыздар.

А) 10;      В) 11;   С) 12; Д) 13;      Е)14;

10)  Есептеңдер:    98²-98·88

А) 100;      В) 99;   С) 98;    Д) 980; Е)990;

11)  Катеттері 5 см және 12 см болатын тік бұрышты үшбұрышқа сырттай шеңбер сызылған. Шеңбердің радиусын табыңыздар.

А) 5,0;      В) 6,0;   С) 6,5; Д) 7,0;      Е)7,5;

12)  18% -і   9 болатын санды табыңыздар.

А) 50; В) 60;   С) 65;    Д) 70;      Е)75;

13)   у=  4х³+5х²+3х+2  функциясының анықталу облысын табыңыздар.

А) [-4;2];        В)[-5;3] ;     С) (-∞;+∞); Д) (-∞;2];      Е) (-1;1);

14)   у= соsx  функциясының мәндер жиыны

А) [-1;1]; В)[-2;1] ;     С) [1;3];     Д) (-∞;+∞);      Е) (-1;1);

 

1-жүргізуші:  Әділ қазылар сайыскерлердің жинаған ұпайларын айтыныздар.

2-жүргізуші: Ең қиыны жарыстың «Көкпар» келді
Мықтыларды қалыпты жеңсің енді.
Тез жауап бер ойланып тұрыпқалмай
Осы ойыннан көреміз ерен ерді.

 

ІІІ     КӨКПАР

ТҰЛҒАЛАР. 20 30 40 50
ҚАЗАҚТЫҢ БАЙЫРҒЫ ЕСЕПТЕРІ. 20 30 40 50
«АҚБОТА» ЕСЕПТЕРІ. 20 30 40 50
«КЕНГУРУ» ЕСЕПТЕРІ. 20 30 40 50
МАТЕМАТИКАЛЫҚ СӨЗДІК. 20 30 40 50
ЕҢ, ЕҢ… 20 30 40 50
ЛОГИКАЛЫҚ СҰРАҚТАР. 20 30 40 50

 

ТҰЛҒАЛАР

  1. Ұлы Александр патшаның тәрбиешісі, ұстазы болған. Грециядан шыққан ұлы данышпан ғалым.

(Аристотель)

30.   Аристотель еңбегін зерттеген, «Шығыс Аристотелі немесе екінші ұстаз» атанған 870-950ж. ж. өмір сүрген ғалым.       (әл-Фараби)

40.   «Математика – ғылымдар патшасы, ал арифметика – математика патшасы» сөзінің авторы кім?          ( Гаусс)

  1. Тұнғыш қазақ геологы, Қазақ ССР ҒА-ның кеңестік шығыстан шыққан бірінші академигі.қазақ тіліндегі тұнғыш алгебра оқулығының авторы.

(Қ. Сатбаев)

ҚАЗАҚТЫҢ БАЙЫРҒЫ ЕСЕПТЕРІ.

  1. Түйеқұс екі аяғымен тұрғанда бір пұт тартса, бір аяғымен тұрғанда қанша тартады.

(Бір пұт)

  1. Екі қыстақтың арасы10 шақырым.Қырсық жолаушы күніне екі шақырым алға

жүріп, кешке бір шақырым кейін қайтады. Қырсық жолаушы екінші қыстаққа
неше күнде  жетеді?                (9 күнде)

  1. Сықырлаған   арба  үстінде   келе  жатқан  екі  жолаушының  біреуі  жолдың

жартысын өткенде жолдың жартысы қалғанша ұйықтады. Жолаушы жолдың
қанша бөлігін ұйықтады.       (Төрттен бірін)

  1. Он-оннан асығы бар үш бала өзара асық ойнады. Ойыннан соң біріншісі екіншісіне қарап: қанша асық ұттың – деді ол. Онша көп ұтқыза қоймаппын, сегіз асығым қалыпты, - деді

- Онда сендегі барлық асық менің ұтып алған асығыма тең екен, - дейді үшінші бала асықтарын түгендеп тұрып.

-  Ең көп асықтан ұтылған мен болдым, - дейді мұнайып бірінші бала. Ойыннан кейін кімде, неше асық?               ( 4, 8 18 )

 

«АҚБОТА» ЕСЕПТЕРІ.

20.  Арман, Аян, Абзал ағайынды үшеуі әр түрлі сыныпта оқиды. Абзал Арманнан,

ал Аян Абзалдан кіші емес. Бұл үйдің үлкені, ортаншысы, кішісі кім?

А) Арман,        В) Аян, С)Абзал,       Д) Абзал,        Е) Аян ,

Аян,                 Абзал, Аян,                Арман,           Арман,

Абзал;              Арман; Арман;            Аян;               Абзал;

  1. Үш бала 17 бауырсақ жеді. Ең көп жегені Тимур. Аз дегенде Тимур неше

бауырсақ жеген?

А) 5;      В) 6;   С) 7; Д) 8;      Е) 3;

40.   Үшбұрыштың екі қабырғасының ұзындықтары 5 және 1, үшінші Қабырғасы
натурал санмен өрнектелсе қандай болады?

А) 4;      В) 5; С) 6;    Д) 2;      Е) 3;

50.   Оқушы кітаптың 0,3 бөлігін, кейін тағы да 0,1 бөлігін оқығандағы көлемі
жарты кітаптан 18 бетке кем болып шықты. Кітапта неше бет болған?

А) 210;      В) 200;   С) 190;    Д) 180; Е) 170;

«КЕНГУРУ» ЕСЕПТЕРІ.

20.    «Кенгуру» байқауы 1991 жылдан бастап Европада жыл сайын өткізіліп
тұрады. Байқау 2009 жылы нешінші рет өтті?

А) 15;      В) 16;   С) 17;    Д) 18;      Е) 19;

30.   Қояндар  жанұясының  үш  мүшесі  барлығы  73  сәбіз  жеп  қойған. Әкесі
шешесіне қарағанда 5 сәбіз артық жеген. Ал баласы 12 сәбіз жеген, шешесі
неше сәбіз жеген?

А) 15;      В) 28; С) 29;    Д) 30;      Е) 31;

40.  Айдар қағаз парағын бес рет бүктеді, сосын ол бүктеген қағазды тескен. Қағаз парақты қайта жазғанда неше тесік шығады?

А) 34;      В) 28;   С) 26;    Д) 30;      Е) 32;

50.  Бір дорба конфет 10 евро тұрады, бірақ әр дорбаның ішінде купон бар. Ал үш купонға қосымша конфет дорбасы беріледі. 150 евроға  қанша  дорба  конфет алуға болады?

А) 15;      В) 17;   С) 20;    Д) 21;      Е) 22;

 

МАТЕМАТИКАЛЫҚ СӨЗДІК.

  1. 20. Квадрат  …..                     (Шаршы)
  2. 30. Куб  …..                            (Текше)

40.   Дискриминант  …..        (Айқындауыш)

50.   Биссектриса  …..             (Жарма)

 

ЕҢ, ЕҢ…

  1. 20. Ең кіші жай сан.                                                                     2
  2. 30. Ең үлкен екі таңбалы сан.                                                      99
  3. Ең алғашқы математик әйел.                                                С. Кавалевская
  4. 50. Ең алғаш координаттар жүйесін енгізген кім?                    Р. Декарт

 

ЛОГИКАЛЫҚ СҰРАҚТАР.

20.  Бөлмеде 4 бұрыш. Әрбір бұрышта мысықтар отыр. әрбір мысық алдында 3 мысық.

Бөлмеде қанша мысық бар?                     (4 мысық)

30.  Қаранғы бөлмеде керосин шамы және шырақ  қатар тұрса, бірінші нені тұтатар

едіңіз?          (Сірінкені)

40.  Жыл он екі ай ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады.Ал 28 саны қай айда

кездеседі?            (Барлық айда)

50.  5 алманы 5 кісіге тең бөліп беру керек және де себетте бір алма қалу керек.

(Төрт алманың әр қайсысың беске бөлу керек)

1-жүргізуші: Әділ қазылар сайыскерлердің жинаған ұпайларын айтыныздар.
2-жүргізуші: Сайысымыздың шарты бойынша ұпайлары аз екі оқушы ойыннан
шығады. Сіздерге рахмет!
1-жүргізуші: Шығыс елдерінде 7 санын әсіресе құрметтеген, жер дүниені 7 мен
белгілеген.
2-жүргізуші:  Вавилондықтардың сенуі бойынша жер астындағы жұмаққа жету үшін негізгі жеті қақпадан өту керек.
1-жүргізуші:   Ай туып жеті күннен кейін жартылай толып, тағы жеті күннен кейін түгел толып, одан кейінгі жеті күннен кейін жарты болып.Ал келесі жеті күннен кейін аспанда тек қана жұлдыздар қалады. Содан 4 аптадан, әр
апта жеті күннен «ай» деген ұғым пайда болды.
2-жүргізуші:     «Бұл жерге кемейді ешкім ермек үшін,
Есеп-қисап, сан цифр термек үшін,
Көрсетіп есептеудің жолын қалай,
Келдім оларды айтып бермек үшін»- деп ойнымыздың «Жеті жұмбақ» деп аталатын бөлімін бастаймыз.

ІV  ЖЕТІ ЖҰМБАҚ.

1.  Күшіне сенген бір мықты

Жығып салып сегізді.                 (Шексіздік)

2.  Бірдей санды бірнеше рет,
Көбейтуден тұрады.
Егер оны ықшамдасаң,
Қандай атау болады?                    (Дәреже)

3.  Егіз туған қос жүйрік,
Жарыса шауып терлейді.
Бірін-бірі көрмейді
Дамылсыз қанша шапсада,
Бір мәреге келмейді.                      (Параллель түзулер)

4.  Айналған шешу құралына,
Төрт саны араласқан құрамына.
«Теңдеудің түбірлері нешеу?» - деген
Қандай сан жауап береді сұрағыма.           (Дискриминант)

5.  Оң сандарға қол шатырдай,
Қалпақ болған беделі
Квадраттасаң егер оны,
Жоғалтасын сен оны                                     (Квадрат түбір)

6 . Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай.
Айтындаршы бұл қандай сан
Жан-жағына қарамай                                      (Натурал сан)

7. 12 бұтағы бар алып емен.
52 шыбық тарап, өсіп өнген.
Шыбық сайын 7- ден жапырағы
Бар ма еді, сондай ағаш көзін көрген.             (Жыл , 12 ай, 52 апта, 7 күн)

8.  Атадан он баламыз,
Бір-бір жастан арамыз,
Қосылып кейде басымыз,
Азайып кейде қаламыз.
Бөлініп кейде арамыз,
Көбейіп те аламыз. Ол не?                          (0 мен 9 арасындағы сандар)

1-жүргізуші: Әділ қазылар сайыскерлердің жинаған ұпайларын айтыныздар.
2-жүргізуші: Сайысымыздың шарты бойынша ұпайлары аз бір оқушы ойыннан
шығады. Сізге рахмет!
1-жүргізуші: Ал  енді  «Тіл өнер»  деп  аталатын  бөлімді  бастаймыз. Бұл  бөлімде оқушылардың ойының жүйріктігін және қазақ, орыс, ағылшын тіліне
жүйріктігін тексереміз. Әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай, әр аудармаға 10
ұпайдан беріледі.

V   ТІЛ ӨНЕР. 1. Бір-бірімен жарысқан,
Төрт аю, бір арыстан.
Екі қой мен бір түлкі,
Бәрі нешеу кім білді.              (сегіз, восемь,eight)

2. 6²-6=                                          (отыз, тридцать, thirty)

3. Бір үйде тұрады екен елу батыр,
Үй сыртына сүйкенсең ақ өліп жатыр             (сірінке, спички,matсh)

4. Елуді екіден бірге бөліп, алтыны қосқандағы нәтижесі қандай?

(жүз алты, сто шесть, one hundred and six)

5. 7²=                             (Қырық тоғыз, сорок девять, forty nine)

6.  121 қай санның квадраты?               (он бір, одиннадцать, eleven)

7.  100 мүізі бар

Үстінде киізі бар.                             (Киіз үй, юрта,yurta)

8. Мың кісіге бір белбеу.                    (Сыпырғыш, веник,broom)

1-жүргізуші: Әділ қазылар сайыскерлердің жинаған ұпайларын айтыныздар.

2-жүргізуші: Сайысымыздың шарты бойынша ұпайлары аз бір оқушы ойыннан
шығады. Сізге рахмет!

1-жүргізуші:  Мәнгі бақи есте қалар,
Қызықты бір ойын болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын
-дей отырып сайысымыздың  келесі  кезеңі «Жорға»  бөліміне көшейік.
Бұл  бөлім  бойынша сіздер дайындалған  сұрақтарға тез, әрі нақты жауап
берулеріңіз керек. Бір минут ішінде  қанша сұрақ тындап, нешеуіне дұрыс
жауап беру сіздің шапшаңдығыңызға байланысты. Әр дұрыс жауап 10
ұпай.

VI  ЖОРҒА

А- нұсқасы

1. Айырмашылығы тек таңбасында болатын сан.                 (қарама қарсы сан)
2. Нолден үлкен сандар.                                                            (оң сандар)
3. Қарама қарсы сандардың қосындысы.                                     (нол)
4. 9-ға кері сан.                                                                            (тоғыздан бір)
5. Екі нүктенің арасындағы түзу.                                               (кесінді)
6. Вектор дегеніміз не?                                                                (бағытталған кесінді)
7. Дәлелдеуді қажет етпейтін сөйлем.                                        (аксиома)
8. cos0° –та неге тең.                                                                     (бірге)
9. Төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы.                  (360°)
10. Бір жазықтықта жатпайтын түзулер.                                       (айқас)
11. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді.                       (нол)
12. a²+b²=c² кімнің теоремасы.                                                       (Пифагор)
13. 75% санның қандай бөлігі.                                                       ( ¾ )
14. бестің квадраты.                                                                         ( 25 )
15.  11 жай сан ба?                                                                            (ия)

Ә- нұсқасы

1. Бір нәрселерді санау үшін қажет сандар.                                 (натурал сан)
2. Нолден кіші сандар.                                                                    (теріс сандар)
3. Кері сандардыңкөбейтіндісі.                                                      (бір)
4. Жарты түзу.                                                                                  (сәуле)
5. 9-ға қарама қарсы сан.                                                                  (- 9 )
6. Бағытталған кесінді.                                                                     (вектор)
7. Дәлелдеуді қажет ететін сөйлем.                                                 (теорема)
8. tg45°-та неге тең.                                                                            (бірге)
9. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы.                       (180°)
10. Қиылыспайтын түзулер.                                                               (параллельтүзулер)
11. ax4+bx2+c=0 қандай теңдеу?                                                         (биквадрат теңдеу)
12. sin²α+cos²α неге тең?                                                                      (бірге)
13. 100 санының ¼ бөлігі неше?                                                         (25)
14.  Тоғыздың квадраты.                                                                      (81)
15. 13 құрама сан ба?                                                                            (жоқ)

Б- нұсқасы

1. Берілген шаманың жүзден бір бөлігі.                             ( % )
2. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек                                    (бұрыс бөлшек)
3. Пифагор теоремасы.                                                       (a²+b²=c²)
4. Тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер.                       (перпендикуляр түзулер)
5. ax²+bx+c=0 қандай теңдеу.                                             (квадрат теңдеу)
6. Кесінді деген ке?                                                             (екі нүкте арасындағы түзу)
7. Квадраттық функцияның графигі.                                 (парабола)
8. sin0°-та неге тең.                                                              (нол)
9. Бұрышты өлшейтін құрал.                                              (транспортир)
10. Екі қабырғасы тең үшбұрыш.                                       (тең бүйірлі үшбұрыш)
11. Шешімдері бірдей теңсіздіктер.                                   (мәндес теңсіздіктер)
12. tgx·ctgx неге тең.                                                             (бірге)
13. 100 санының ¾ бөлігі неше?                                          ( 75 )
14. Үштің кубы.                                                                      (27)
15. 15 жай сан ба?                                                                   (жоқ)

1-жүргізуші: Әділ қазылар сайыскерлердің жинаған ұпайларын айтыныздар.
2-жүргізуші: Сайысымыздың шарты бойынша ұпайлары аз бір оқушы ойыннан
шығады. Сізге рахмет!
1-жүргізуші:  Сонымен сайысымыздың  ең шешуші  кезеңі  «Жекпе жек»  бөліміне көшейік.
2-жүргізуші:  Бұл бөлімде екі оқушыға бірдей тапсырма беріледі. Қайсысы  бірінші әрі дұрыс орындаса сол оқушы жеңімпаз болып «Математика көшбасшысы» атанады
1-жүргізуші:  Қытайдың  көне  «Же-ким»  деген  кітабында  қасиетті  тасбақа  туралы аңыз бар.  4000  жыл  бұрын   император  Ню   өзен  бойынан   қасиетті  тасбақаны көрген. Оның арқасында  ақ  және қара дөңгелектерден құрастырылған сурет бар.  Әр  фигураны  дөңгелектер  санына  қарай  сандармен  ауыстырса  кесте шығады.Кестенің ішіндегі сандарды қалай қоссаңда 15 шығады. Қытайлықтар бұл суретті ло-шу деп қасиетті таңба ретінде маги квадрат деп атаған.

1 2 3 4 9 2
4 5 6 3 5 7
7 8 9 8 1 6

 

2-жүргізуші:  Қазылар алқасы сайыс қорытындысын шығарғанша, жанкүйерлердің
дайындаған музыкалық өнерлерін тамашалайық .

1-жүргізуші:  Қанып сандар сырына,
Шықсақ білім шыңына.
Деп алаулап жүрегі
Қосқан әуен жырына,
Математиктер жасасын!- дей отырып кешіміздің қортындысын хабарлау үшін сөз қазылар алқасының төрағасына беріледі.

2-жүргізуші:  Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты.
Ақыл-ойлар әлемді арбап алды.
Математика ғылымдар патшасы атты
Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты.
Келер ұрпақ даналарға ұқсап туса,
Омар Хайям, әл-Фараби жолын қуса,
Елімнің болашағы гүлденеді,
Ғылымның шамшырағы жанып тұрса.

1-жүргізуші:  Алдыңызда жайнаған жүздер әні
Сіздермен кездесеміз біздер әлі.
Әділ-қазы, көрермен сау тұрындар
Күтеді бізді жарқын күндер әлі.

2-жүргізуші:  Осымен «Математика көшбасшысы» атты сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше, сау-саламат болыңыздар!

 

Ұқсас тақырыптар:

1 пікір »

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.