Ақпараттық сауаттылық – бүгінгі заман талабы. Тренинг.
Бұл мақала 1812 рет оқылды, 12 рет бүгін
Венера Ордина. Ақтөбе обл.Шалқар қ. Ідіріс Үргенішбаев аом.
Мақсаты : Ақпаратты технология және оны пайдалану туралы толығырақ мәлімет алу, информатика пәніне оқушылардың қызығушылығын арттыру, өз ойларын еркін айта білуге тәрбиелеу
Жұмысты жүргізу әдісі: тренинг
Көрнекілігі : Қанатты сөздер
а) «Ақпараттық сауаттылық –бүгінгі заман талабы
ә) ХХІ-компьютер техника ғасыры.
б) «Халықпен халықты,адаммен адамды теңестіретін-білім» М.Әуезов
в) Бүгінгі оқушы –ертеңгі маман .
Техникалық құралдар: Компьютер.
Құрметті ұстаздар, оқушылар !
Бүгінгі «Ақпараттық сауаттылық – бүгінгі заман талабы» атты тренингімізге қош келдіңіздер!
Бұл кездесудің мақсаты- ақпаратты технология және оны пайдалану туралы толығырақ мәлімет алу.
Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Екі топ өздерін таныстырады. Тренингке 3 топ қатысады. 1 топ сарапшылар тобы. (мұғалімдер)
Келісім шартқа отырады.
Келісім шарт:
1. Өз ойын еркін айту
2. Сөйлеп тұрған адамды тоқтатпау.
3. Сөйлеу үшін қол көтеру
4. Өзгелерге баға бермеу
5. Белсенділік таныту
6. Тренингті уақытында аяқтау
ІІ. «Ой толғау» кезеңі
«Компьютерлік сауатты болу баршаға міндетті ме?» тақырыбында екі топ ойларын ортаға салады.
Екі топ та өз ойларын айтып болса, сарапшыларды тыңдайық. Ал сіздер екі топтың пікіріне қандай ой қосар едіңіздер?
ІІІ. «Менен сұрақ, сенен жауап» кезеңі
Екі топқа сұрақтар беріледі. Әр топ осы сұрақтар бойынша ойларын айтады.
І топ. 1.Оқу үрдісінде электрондық оқулықты пайдаланасыз ба және тиімділігі қандай? 2.Компьютерді өзбетімен үйренушілерге де электрондық оқулықтың пайдасы бар ма?
ІІ топ. Интернеттен керекті мәліметті қалай іздеуге болады және өзіңізге керекті мәліметтерді аласыз ба? 2. Интернеттегі ақпараттық қоқыс туралы не айтасыз?
ІІІ топ Сарапшылар ойы. Ал сіздер осы оқушылардың айтқан пікіріне қосыласыздар ма?
ІҮ. «Агент - әлемдік дода» кезеңі
Соңғы уақытта жастар арасында «Әнім –Агент, жаным – Агент ғашық қылдың, телефонды ұстауға асықтырдың» деген қанатты сөз қалыптасып кішкене ғана ұялы телефонға үңіліп отыратын балалардың қатары күнен-күнге артып барады.Осы пікірге оқушылар сіздер қалай қарайсыздар!
Сарапшылар сіздердің пікірлеріңіз қандай?
Ү. «Ой талқы» кезеңі
Бұл сұрағымызды бүгінгі қатысып отырған сарапшыларымызға қоямыз.
Сұрақ:
Қазір балалардың компьютерге қызығушылығы жоғары болғанмен,пайдалы істерге мысалы, компьютермен программа құру, әртүрлі тапсырмалар орындаудан гөрі қатыгездік ойындарға әуестенеді.Ол зиянды емес пе және осы компьютерлік сауаттылыққа жата ма?
Бұл сұраққа психолог, дәрігер қандай жауап айтасыздар?
ҮІ. «Ой түйін» кезеңі
Екі топқа тапсырма беріледі. Әр топ ойларын қағазға түсіріп қорғайды.
1 топ. Ақпараттық сауатты болу үшін қандай бағдарламаларды меңгере білуіміз керек?
2 топ. Осы бағдарламаларды жүзеге асыру үшін компьютердің қандай құрылғыларын білесіздер?
Сонымен бүгінгі тренингімізді қорытындылай келе Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауларында атап өтілгендей, қоғамымыздың басым міндеттерінің бірінің жүзеге асырылуы – халықтың компьютерлік сауаттылығын қалыптастырумен байланысты.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 13 қазандағы №995 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсiздiктi төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды. Осыған байланысты біздің ауылымызда да компьютерлік сауаттылықты арттыру мақсатында курстан ауыл тұрғындары соның ішінде мектеп мұғалімдері де өтіп, сертификат алғандарын баршамыңызда білесіздер. Алдарыңызда мынау диаграммадан көріп отырсыздар.
Мұның бәрі біздің өркениетті дамытуымыздың,әлемдік ақпаратты пайдалану мүмкінділігіміздің мол екендігін көрсетеді, -дей келе тренингімізді А.П.Ершовтың «Ақпараттық сауаттылықтан - ақпараттық мәдениетке» деген нақыл сөзімен аяқаймыз. Көріскенше сау саламатта болыңыздар!
Автордың басқа сабақтарын мына сілтемелер бойынша көшіріп алыңыз:
Паскаль бойынша сайыс сабақ.
И10. VBasic басқарушы элементтері (2сж).
Электронды оқулықтардың артықшылықтары.
Информатика кеші
Мамандық таңдауда ата-ана ролі (тренинг).
Жасөспірімдер арасындағы бұзақылыққа кім кінәлі.
Ұқсас тақырыптар:
- Сабақтар көшіру-2010.
- УЧЕБНАЯ ПРОГРАММА ТРЕНИНГОВЫХ КУРСОВ
- Инф-8 «Дыбыстық ақпаратты кескіндеу».
- Сабақтар көшіру-2009.
- Файлдар көшіру
- Сабақтар көшіру-2011
- Имя числительное как часть речи. 7 класс.
- 7-8 сыныптарға арналаған «ФизМат» интеллектуалдық марафоны
- Сабақтың тақырыбы: «Квадрат теңдеулер»
- Авторлық электрондық оқулықтар