10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Педагогика, Сыныптан тыс жұмыстар, Қазақ тілі мен Әдебиеті

Аспаз. Мамандық таңдау, сынып сағаты.

Опубликовал Gulmir в 27 Декабрь 2011 – 11:14Пікір жоқ
Бұл мақала 5007 рет оқылды, 19 рет бүгін

Ж. Е. Нұрғазы, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Жалпы білім беретін Пугачев орта мектебі. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің І санатты мұғалімі

Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды мамандық түрлерімен таныстыру, аспаз сөзінің мағынасын түсіндіру, тағамның түрлерімен таныстыру тамақты шашпау, қорламау,
қадірлеу, қастерлеу. Ас туралы мақал- мәтел айту, жұмбақтар шешу, граматикалық ойындар ойнау.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, қызғалдақтар, көріністер.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыстілі, математика.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа назарларын аудару
3. Үй тапсырмасын сұрау. Көрініс.
Наубайшы:
Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып, қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Бәрімізге жейтұғын,
Ең алдымен нан керек.
Көтеруге ел туын,
Қуат керек, әл керек.
Дәрігер:
- Сәлеметсіз бе? Келіңіз.
- Қай жеріңіз ауырады?
- Ыстығыңыз бар ма? Ұйқыңыз қалай?
-Мен сізге дәрілер жазып берейін.
-Таңертең, түсте, кешке ішіңіз.
-Сау болыңыз. Жазылып кетіңіз.
Құрылысшы:
Мен құрылысшымын. Мен биік үйлер, мектептер, балабақшалар саламын. Маған құрылысшы болу ұнайды. Мен өз жұмысымды жақсы көремін.
Сатушы:
 - Сәлеметсіз бе, Келіңіз. Не аласыз?
 - Маған 1 нан, 2 қорап шай, 2 қорап оттық, 1 литр сүт беріңізші.
 -Мінекей алыңыз. Мен есептеп жіберейін. Барлығы 300 теңге болады.
 - Мінеки, қалған ақшаңызды алыңыз.
 -Тағы да келіп тұрыңыз.
Мұғалім:
-Сәлеметсіздер ме, балалар
-Отырыңдар.
-Қазір қандай сабақ?
-Қазір қазақ тілі сабағы.
-Бүгін нешесі?
 -Аптаның қай күні?
 -Өте жақсы. Балалар, бәріңе рахмет.
Аспаз: Бір тамақты пісіріп,
Бір тамақты түсіріп.
Апам ылғи жүреді,
Жадырайды, күледі.
Он жетіге толамын ,
Мен де аспаз боламын.
 Мінеки, балалар, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбына да келдік.

3.Жаңа сабақ.
-Қарашаның жиырма тоғызы. Сынып жұмысы. Аспаз.
1. «Аспаз» – сөзіне жаңа сөздерді кірістіре отырып, бес жолды өлең құрастырайық.
Түбірі- ас, паз- жұрнақ. Ас-тамақ( синоним сөздік жұмысы.
1. Аспаз.
2. Аспаз пісіреді.
3. Аспаз тамақ пісіреді.
4. Аспаз дәмді тамақ пісіреді.

Суретпен жұмыс.
Асықпай суретке қараңдар,аспаздың пісірген дәмді тағамдары тұр.
Кітаппен жұмыс. 2- тапсырма. Тамақтың түрлерімен танысайық.
1. Адамдар сүт, шай, айран, шырын ішеді.
2. Адамдар борщ, палау, нан пісіреді.
3. Адамдар лимон, қймақ, қияр сатып алады.

Сергіту сәті: «Қызғалдақ» ойыны
4- тапсырма: түбірін табу, жалғауын ажырату.

Сабақты қортындылау: Сөзжұмбақ шешу, мамандықтарды қайталау.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: 1-тапсырма. Сұрақтарға жауап жазу.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.