И-7. Windows операциялық жүйесі.
Ақмола облысы, Ерейментау ауданы Павловка орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Көрпешұлы Жархынбек
Орта мерзімді жоспар
Информатика. 7-сынып
Сабақтың тақырыбы:
Білімділік мақсаты: оқушыларға Windows операциялық жүйесі туралы, даму тарихы мен оны жасаған адамдар жайында мәліметтер беру.
Дамытушылық мақсаты: тапсырмалар бере отырып, олардың тиянақты орындалуын ұйымдастыру, шығармашылыққа баулу, өз бетінше жұмыс жасауға, алғырлыққа баулу.
Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды шыдамдылық пен төзімділікке тәрбиелеу, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, әділ бағалауға баулу.
Сабақ түрі: топтық жұмыс
Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру кезеңі
б) Үй тапсырмасын тексеру
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Нақыл сөздер жазылған кеспелер тарату арқылы топқа бөлу.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
«Операциялық жүйе» сөзіне кластер құру.
«Миға шабуыл» стратегиясын қолданып, «Бұл кім?»-деген сұрақтар қоя отыра өткен сабақта танысқан тұлғалардың суретін интерактивті тақтадан көрсете отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыра, топтарды жарыстыра үй тапсырмасын қайталау. Сонымен қатар қосымша сұрақтар:
- Операциялық жүйе дегеніміз не?
- Операциялық жүйе не үшін қажет?
- Интерфейс деген не?
- Операциялық жүйелер қалай жіктеледі?
- Бір міндетті және көп міндетті операциялық жүйелердің айырмашылығы қандай?
№ | 1.Оқып-үйренудің негізгі мақсаттары | 2.Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер | 3. Ағылшын тілін үйренудегі тіл тосқауылын жеңу | 4.Оқып-үйренудің нәтижесі | 5.Үйрену мақсатында бағаны қоса бағалау | 6.Барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмысы, дарынды және таланты балалар т.б. | 7.Негізгі дерек көздер |
1 | Тақырып: Windоws операциялық жүйесі Білімділік мақсаты: оқушыларға Windows операциялық жүйесі туралы, даму тарихы мен оны жасаған адамдар жайында мәліметтер беру. Дамытушылық мақсаты: тапсырмалар бере отырып, олардың тиянақты орындалуын ұйымдастыру, шығармашылыққа баулу, өз бетінше жұмыс жасауға, алғырлыққа баулу. Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды шыдамдылық пен төзімділікке тәрбиелеу, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, әділдікке баулу. |
Көшбасшылық және басқару (тренинг). 3 мин АКТ (Слайдтар көрсету) Үй тапсырмасын тексеру. Кластер Миға шабуыл. (Бұл кім?) Сергіту сәті. Ролик. Бірге қозғалайық, ән тыңдайық.Топтық жұмыс. (Өзін-өзі реттеу, флипчартпен жұмыс). СТО БББ Қорытындылау (Бүгінгі сабақтан не түйдіңдер)Бағалау. Топтар бір –бірін бағалайды. Қорытынды бағалау. Үй тапсырмасын беру |
сөздік, ағылшын тіліндегі сөздердің айтылуы | Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруЖылдамдық, логикасын дамытуТоппен жұмыс жасау, білімін ортаға салу, тыңдай, қорғай білу Ізденуге баулу, ойлау қабілетін арттыру |
Оқушылар өзін өзі бағалауформативті бағалау
Жиынтық бағалау |
Топ басшысы ретінде сайлауКластер құрудағы зеректігіТопты басқаруы
Мәлімет жинай білу қабілетін анықтау, өзін-өзі бағалауы, көзқарасы, қарым-қатынасы |
Ғаламтор, интерактивті тақта СТО |
Сабақ барысында жақсы ой айтып, жауап беріп, атсалысқан оқушыларды мадақтап, мақтап сол арқылы басқа оқушыларды ынталандырып отыру.
ІІІ. Жаңа тақырып.
Қазіргі таңдағы Windows дербес компьютерге арналған ең кең тараған операциялық жүйе. Windows-ты танымал қылған оның артықшылықтары ретінде мыналарды айтуға болады:
- Ыңғайлы және қарапайым графикалық интерфейс (интерфейс – адам мен компьютер арассындағы қарым-қатынас);
- Көптеген программалардың параллелль жұмыс жасауы;
- Жаңа құрылғылардың автоматты түрде бапталуы:
Microsoft фирмасын құрған адамдар жайында слайдтар көрсету, Windows ОЖ қалай дүние жүзіне кең тарағаны жайлы түсіндіру.
Бұл кім? Интерактивті тақтадан Билл Гейтстің суретін көрсету. Оқушылармен диалог құру. Microsoft корпорациясы туралы топтар арасында пікірталас орнатуға көшбасшылық жасау.
80-ші жылдардың ортасында Microsoft фирмасы IBM тәрізді компьютерлерге арналған бірнеше есепті қатар шығара алатын операциялық жүйелер жасау жұмысын қолға алды, солардың бірі Windows жүйесі болатын. Алайда, осы уақытқа дейін олардың онша көп таралмауын дербес компьютерлердің есептеу мүмкіндіктерінің төмендігімен түсіндіруге болады.
80386 сериялы микропроцессорлардың пайда болуымен қатар іске қосыла бастаған Windows графикалық ортасының жаңа версиясы Windows 3.1 бірте-бірте бүрынғы текстік программалық қоршауларды қатардан ығыстырып шығара бастады. 80486 сериялы процессррлардың шығуына байланысты дербес компьютерлердің көптеген жаңа түрлеріне графикалық мүмкіндігі мол Windows 3.1 немесе одан кейінгі Windows 3.11 версиясы қондырылған MS-DOS операциялық жүйесі орнатыла бастады.
Microsoft корпорациясының ОЖ жасау жолындағы келесі елеулі қадамы болып овдағы графиктік интерфейсгің қондырылған программа күйінде емес, сол жүйенің ажырамас бөлігі болатын операциялық жүйені қүру болып саналады. Осылайша Windows 98 және Windows NT операциялық жүйелері пайда болды. Windows 98 жүйесінің, соңдай-ақ Windows NT жүйесінің соңғы версияларының графиктік интерфейсі стандарттары Windows 3.1 жүйесінің стандартынан өзгеше түрге енді, бірақ негізгі идеологаясы бұрынғыша сақталған болатын. Windows 3.1-ден Windows 95-ке өту әрине MS-DОS-тан бірден Windows 98-ге өтуге қарағанда біршама жеңіл екені түсінікті.
Бейнеролик көрсету.
Windows жүйесінің негізгі функциялары
Кез келген операциялық жүйе сияқты Windows мынадай мәселелердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:
- компьютердің барлық қүрал-жабдықтарын (аппараттарын) басқару;
- файлдық жүйемен жұмыс істеуді қамтамасыз ету;
- қолданбалы программаларды іске қосу.
Бүған қоса Windows жүйесі:
- бір уақьпта бірнеше программалардың жүмыс істеуін қамтамасыз ету;
- әртүрлі программалар арасында мөліметтер алмасу;
- масштаб бойынша езгеріле алатын шрифтер қолдану;
- мультимедиа мүмкіндіктерін қолдану;
- жалпы ортақтастырылған анықтамалық жүйені пайдалану істерін қамтамасыз ете алады.
Windows жүйесінің негізгі түсініктері нелер жатады?
Терезе, Жүмыс столы, Шартбелгілер, жарлықтар, бумалар Тышқан тәрізді графикалық сілтеме
Бекіту сұрақтары:
Windоws операциялық жүйесі жайлы не білдіңдер?
Билл Гейтс кім?
Windows жүйесінің негізгі функциялары? және БББ кестесін толтыру.
Топтар бірін – бірі бағалайды.
Үйге тапсырма. Өткенді қайталау. windows OS
Ұқсас тақырыптар:
- И-7. Windows-тың негізгі обьектілері (ашық сабақ).
- И-8. Операциялық жүйелер.
- Windows терезелері.Терезелердің құрылымы мен элементтері. 7 сынып
- Информтаика. Операционные системы и их развития.
- Информатика. Операциялық жүйе түрлері.
- Информатика пәні 7-8-10-сынып бойынша жыл стандарты
- И-10. Программалаудың құрлымдық, модульдік әдістері.
- Информатика, матемтаика. «Жыл - информатигі» (стс).
- Сайыстың тақырыбы: ХХІ ғасыр көшбасшысы
- Информатика. «Үздік информатик» (стс).