Математика-5. Мүмкін нұсқаларды іріктеу.
Шарипова Гаухар Темиртасовна Математика пәні мұғалімі СҚО, Тайынша ауданы, Теңдік орта мектебі.
Сабақтың мақсаты;
Білімдік мақсаты:
- Есеп шешуінің мүмкін нұсқаларындағы шамаларды келісілген шартты белгілермен (әріптермен немесе цифрлармен қажет болған жағдайда сандармен) белгілеп жазуға үйрету;
- Есептің шешуінің мүмкін нұсқаларын анықтауда тиімді нұсқаны таңдай білуге үйрету.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Ой – өрісін дамыту, ойлау қабілетін арттыру, теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: оқушыларды өз бетімен ойлауға, сөйлеуге, шыдамдылыққа, реттілікті сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, слайдтар (нұсқалар ағашы) тапсырмалар жазылған карточка, кітап.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру.
Оқыту әдісі: ұжымыдық әдіс.
Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу; оқушылар назарын сабаққа аудару, сабақ өткізу әдісін таныстырып өту.
Жаңа сабақты оқып үйрену.
1) оқушыларға мүмкін нұсқалар ағашын үйретіп, ондағы шамаларды келісілген шартты белгілермен белгілеуді қарастыру.
Оқулықтағы 1,2 мысалдарды қарастыру.
1-мысал. Кезекшілік ету ретінің нұсқасы.
Б | С | М | |||
С | М | Б | М | С | Б |
М | С | М | Б | Б | С |
Есеп шешуінің мүмкін нұсқалары.
БСМ, БМС, СБМ, СМБ, МСБ, МБС мүмкін кезекшілік етудің 6 нұсқасы бар. Нұсқалар. Ағаштың неше бұтағы болса, есептің шешуінің сонша нұсқасы болатынына көңіл аудару.
Есептер шығару:
А №350; А №351; А№354
В №356; В № 358; В № 359; В №350.
7 | 5 | 4 | |||
7 5 | 4 | 7 5 | 4 | 7 5 | 4 |
Шешулері: 77, 75, 74, 57, 55, 54, 47, 44, 45
№358; Күреске қатысу нұсқалары:
1-бірінші бала 12, 13, 14, 15, 16.
2- екінші бала 23, 24, 25, 26.
3-үшінші бала 34, 35, 36
4-төртінші бала 45, 46
5-бесінші бала 56
Шешуі: Балалар 5+4+3+2+1=15(рет) күреске шықты.
№356
8 | 9 | ||
9 | 0 | 8 | 0 |
0 | 9 | 0 | 8 |
1. 0,8 және 9 цифрларының әрқайсысын бір рет қана пайдаланып, үш таңбалы сандар құрастыру.
Шешуі:
9 8 0
9 0 8
8 0 9
8 9 0
№359
1. Саяхат жасау нұсқалары.
Т | А | С | |||
А | С | Т | С | А | Т |
С | А | С | Т | Т | А |
Шешуі: ТАС, ТСА, АТС, АСТ, САТ, СТА.
Сабақты бекіту.
Сұрақ жауап;
1) Есеп шешуінің мүмкін нұсқалары қандай тәсілдермен іріктеледі?
2) «Мүмкін нұсқалар ағашы» тәсілінде есептің шешуінің нұсқалар санын қалай анықтайды.
3) 1, 2, және 3 цифрларын пайдаланып, неше екі таңбалы сандарды жазуға болады?
Сабақты қорытындылау:
Есеп шығару барысында кеткен кемшіліктерді талдау, оның себептерін анықтау. Кейбір оқушыларға жеке дара тапсырмалар беру.
Үйге тапсырма;
А №379; А №354
В №356 (2) С №363.
Сабақ жоспарының толық нұсқасы
Ұқсас тақырыптар:
- Математика. Тригонометриялық теңдеулерді шешу.
- Алгебра. Көрсеткіштік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу
- Математика. Болжап табуда пайымдаудың тигізетін көмегі.
- Арифметикалық және геометриялық прогрессияның алғашқы п мүшесінің қосындысы тақырыбына есептер шығарту
- Тарих. Қазақстан коммунистік партиясының тарихы.
- Бастауыш. ЖЕЛТОҚСАН ЖЕЛІ ЫЗҒАРЛЫ…
- Технология: Құрақ құрау технологиясы
- химия. «Минералды тыңайтқыштар»
- Информатика 2013-2014. Тақырыптық-күнтізбелік жоспар. 5-9 сынып.
- Музыка. Сазды аспаптар сыры.