Өткен жылдар жемісі. Тәуелсіз Қазақстаның тарихи кезеңдері (ТС материалдары).
5 Ноябрь 2013 – 09:32 | Нет комментариев

Саирова Назира К. Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы білім бөлімінің әдіскері.
1990- 25 қазанда Қазақстан Егемендігі туралы Декларация қабылданды.
1991-Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың Президенті етіп сайлайды.
16-желтоқсанда Қазақстан республикасы жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет»-деп …

Читать запись полностью »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Математика, Сыныптан тыс жұмыстар

“Көңілді тапқырлар сайысы” 5 сынып. Математика.

Опубликовал в 2 Март 2013 – 10:12Нет комментариев

Досполова Сауле А. Алматы қаласы. №128 мектеп

Мақсаты:
1) Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру.
2) Дидактикалық, логикалық ойындар арқылы оқушылардың ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеу.Ойын, нақыл сөздер арқылы балалардың ой-өрісін кеңейту.
3) Оқушылардың зейінін, ойлау, зерде процестерін дамыту. Қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау, шығармашылық қабілетін дамыту.
Көрнекіліктер: слайд, карточкалар, интерактивтік тақта, газет, компьютер
Математикалық сайыстың барысы:
Мұғалім:
Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
Орыс ғалымы М. Ломоносов «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек» деген. Олай болса, бүгін сендер қызықты, математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар.
Сайыс кезінде өте ұқыпты, ойларың жинақталған болу керек және тәртіп
сақталғаны жөн. Сендерге сәттілік тілейміз!
Жүргізуші :
Армысыздар, құрметті ұстаздар, қонақтар білімге құштар жас достар!
«Көңілді тапқырлар» сайысына қош келдіңіздер!
Сайысқа өз білімімен, ақыл-ойымен ерекшеленген әр сыныптың білімді оқушылары қатысады.
5 а сыныбының тобы «Квадрат»
5ә сыныбының тобы «Қыран »
5б сыныбының тобы «Тапқырлар »
Сайысты бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
Армысыздар құрметті
Әділ қазы алқасы!
Сіздерден әділ шешімді,
Күтеді бүгін баршасы дей келе - сайысымыздың жоспарымен таныс болыңыздар:
1. Таныстыру. ( топтың аты, ұраны, эмблемасы, газеті)
2. Кім жүйрік? Есеп шығару.
3. Математикалық сандар бар мақал-мәтелдер айтысы
4. Топ жетекшілерінің сайысы
5. «Сыр сандық құпиясы»
6. Қорытынды.
Бірінші сайыс түрі: Таныстыру. топтың аты, ұраны, эмблемасы, газеті
Кезек топтарға беріледі.
Бірінші «Квадрат» тобын ортаға шақырамыз. Қошемет көрсетіп қоямыз!
Екінші « Қыран » тобын ортаға шықырамыз.
Үшінші «Тапқырлар » тобын ортаға шықырамыз.
Бүгінгі кеш төрінде
Математика елінде
Есеп шешіп жарысып
Көңілді кеш жасайық - деп «Кім жүйрік?» атты сайысымызды бастайық!
Бұнда топтарға есеп беріледі. 4 минут ішінде берілген есепті шешу керек. Қай топ дұрыс әрі шапшаң есепті шығарса, сол жеңімпаз атанады. Ал, басталық!
Есептердің берілгені тақтада тұрады.
Сонымен бірінші болып « » есепті аяқтады. Жауабын тексеріп көрейік.
Алғашқы екі сайысымыздың қорытындысы туралы әділ қазыларға сөз беріледі.
Таныстыру үшін қойылытын бағалар:
5 а сыныбының тобы «Квадрат» бағаларын айту.
5ә сыныбының тобы « Қыран »
5б сыныбының тобы «Тапқырлар »
«Кім жүйрік?» сайысының бағалары:
5 а сыныбының тобы «Квадрат» бағаларын айту.
5ә сыныбының тобы «Қыран »
5б сыныбының тобы «Тапқырлар»
Сайыскерлерді қол соғып, қошеметтеп қойайық!
Сайыскерелді алғашқы жеңістерімен құттықтай отырып, келесі бөлімге «Математикалық сандар бар мақал-мәтелдер айтысына» кезек берейік!
1 минут ішінде математикалық сандар бар мақал-мәтелдер айтып айтысу керек, Бірінші кезекте «Квадрат» тобы мен «Қыран» тобы айтысады. Ал, басталық!
Екінші кезекте: « Тапқырлар» тобымен жеңген топ айтысатын болады.
1. Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас.
2. Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына.
3. Он рет айтқаннан бір рет көрсеткен артық.
4. Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз
5. Ер қаруы - бес қару.
6. Жұмысқа үш жылда үйренеді, жалқаулыққа үш күнде үйренеді.
7. Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа.
8. Болар бала. Он бесінде баспын дейді, болмас бала жиырма бесінде жаспын дейді.
9. Бір елі ауызға - екі қақпақ.
10. Жерді екі рет жыртқан, өнімді екі есе өнім алады.
11. Біреуге бес күн алдында келсе, біреуге бес күн кейін келеді.
12. Бір күн тұзын татқанға, қырық күн сәлем.
13. Оқымаған бір бала, оқыған екі бала.
14. Жақсы жігіт он бесінде де жас емес, жүзге келсе де пәс емес.
15. Алтау ала болса ауыздағы кетеді, тқртеу түгел болса төбедегі жетеді.
16. Айдағаны бес ешкі ысқырығы жер жарады.
17. Жігітке жеті өнер де аз.
18. Жұт жеті ағайынды.
19. Екі қолға бір күрек.
20. Отыз тістен шыққан сөз отыз елге жайылады.
21. Ел құлағы елу.
22. Жақсы қас болмас, 2 жаман дос болмас.
23. Бес бармақ жиналса, жұдырық болады.
24. Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге жетеді.
25. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
26. Бір тал кессең, он тал ек.
27. Бес саусақ бірдей емес.
28. 100 сомын болғанша, 100 досын болсын.
29. Бір күндік жолға шықсаң, үш күндік жолға азық ал.
30. Айдың он бесі жарық, он бесі қараңғы.
31. Бір кісі қазған құдықтан 1000 кісі су ішеді.
32. Бір жақсы дос, жүз туыстан артық.
Мақал-мәтелдер айтысының қорытындысын бағалау үшін кезек әділ қазыларға беріледі.
5 а сыныбының «Квадрат» тобы бағаларын айту.
5ә сыныбының « Қыран» тобы
5б сыныбының «Тапқырлар» тобы
Шығыс ғұламасы Әбу-Райхан Бируни «Адам байлығының ең тамашасы- білім деген екен, ендеше сайысмыздың келесі бөлімі Топ жетекшілерінің жарысы.
Әр топтың жетекшісіне 10 сұрақ беріледі. Бір минут ішінде қанша сұраққа жауап берсе, сонша ұпай жинайды.
«Квадрат» тобының жетекшісіне сұрақ :
1. Қай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді?(0)
2. Бір метрде неше сантиметр бар? (100см)
3. Қай санға бөлуге болмайды?(0)
4. Екі ғасырда неше жыл?(200)
5. Шеңбер сызатын құрал?(циркуль)
6. Ең кіші натурал сан?(1)
7. Квадраттың неше қабырғасы бар?(4)
8. Ең кіші жай сан?(2)
9. Екіге бөлінбейтін сандар ? (тақ сандар)
10. Миллиондн неше нөль бар?(6)
11. Бір тонна мақта ауырма, әлде бір тонна темір ауыр ма?(бірдей)
12. Үш пар ат 30км-ге шапса, әр ат қанша км-ге шапқан? (30 км)
13. Қабырғасы 6см және 8см тік төртбұрыш ауданы неге тең (48см2)
14. Квадрат қабырғасы 9см. Периметрі неге тең?(36см)
15. 3 жұмыртқа 3 минутта піседі, ал 5 жұмыртқа неше минутта піседі? (3)
16. Егер тырна 1 аяғымен тұрса 3кг тартады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша? (3 кг)
Келесі кезек «Қыран» тобының жетекшісіне сұрақ :
1. Екі жай сан ба, әлде құрама сан ба ? (жай сан )
2. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? (0)
3. Екіге бөлінетін сандар? (жұп сандар)
4. Кері санның көбейтіндісі неге тең? (бір)
5. Бір минутта неше секунд? (60сек)
6. Еріншектің ертеңі (бітпес)
7. Бір метр неше сантиметр? (100см)
8. Ең кіші натурал сан. (1)
9. Жоқты білдіретін сан (0)
10. Үстелдің төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5бұрыш)
11. Төртке кері сан (төрттен бір)
12. Үш түйе құс ұшып келе жатыр . Аңшы олардың біреуін атып алады. Олардың қаншасы қалды ? (түйе құс ұшпайды)
13. 7 санына байланысты не білесің? (7 күн, 7 қазына, 7 жұт, 7 мүше)
14. 1 көйлек жылы ма, әлде бір көйлектің қалыңдығындай үш көйлек жылы
ма? (бірдей)
15. Отбасында 7 қыз және әр қыздан бір –бірден бауыры бар .Отбасында барлығы неше бала? (8)
16. Қосарланып жегілген үш ат 1 сағат ішінде 14 км жол жүреді.Осы уақыттың ішінде 1 ат қанша жол жүреді? (14 км)
17. Бір жанұяның 5 ер баласы, және олардың әрқайсысында қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6)
Келесі кезек «Тапқырлар » тобының жетекшісіне сұрақ :
1. Құрамында әрпі бар өрнек? (әріпті өрнек)
2. Отыз қандай сан? (жұп)
3. Тоғызға кері сан (тоғыздан бір)
4. Алымы бөлімінен үлкен сан? (Бұрыс бөлшек)
5. Санау үшін қолданылатын сандар? (натурал сандар)
6. Жазыңқы бұрыш нешге тең? (180)
7. Тік төртбұрыштың ауданы неге тең? (ұзындығы мен енінің көбейтіндісіне)
8. Бестен екі қандай бөлшек? (дұрыс бөлшек)
9. Қосылғыштардың орнын ауыстырғандықтан.. (қосынды өзгермейді)
10. Бір сағатта неше секунд? (3600сек)
11. 3х қосу 4х қанша? (7х)
12. Үшбұрыштың неше төбесі бар? (үш)
13. Он беске кері сан (он бестен бір)
14. Он төрт миллиметр неше сантиметр? (1сантиметр 4 миллиметр)
15. Жиырма бес құрама сан ба? (құрама сан)
16. Қосудың заңдары. (ауыст, терімділік)
Сайысымыздың ең шешуші кезеңі « Асыл тастар құпиясына» да келіп жеттік. Бұл сайыста әр топ асыл тасттағы сандарды таңдап, 1 минутта сұрақтарға жауап берулері керек.
Бірінші кезекте «Квадрат» тобы сандарды таңдайды.
Екінші кезекте «Қыран» тобы сандарды таңдайды.
Үшінші кезекте «Тапқырлар» тобы сандарды таңдайды.
«Архимед» тобы сандарды таңдаңыздар!
Асыл тастар құпиясы
1. «Ұрылар мен кемпір» ертегі есеп.
Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен, панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты. Жаз шығып ел жайлауға көшкенде, сүйенері жоқ кемпір жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар келеді. Кемпір:-«Бұлар менің жалғыз сиырымды нысанаға алмақ болған екен, мен де бұларды алдайын», - деп ойлайды. Сөйтіп жалман –жан бір шелек суды сапырып отырып, мынадай өлең айтыпты:
Сапырып-сапырып Арманға бер,
Құйып-құйып Алмасқа бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іште маған бер», - деген екен. Мұны естіген ұрылар:-«Қой мұнымыз болмас үй» толы кісі, әрі бізден екі есе көп, кетейік», - деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты. Сонда үйде адам нешеу?
Жауабы: 10 адам.
2. Қосарланнып жегілген ат 1 сағаттың ішіде 12км жол жүреді? Осы уақыттың ішінде бір ат қанша жол жүреді? (Ол да 12 км)
3.Бір топ үйрек ұшып келе жатты біреуі алдында, екеуі артында, бірі артында, екуі алдында, біреуі екіунің ортасында, үшеуі тізбектеліп қатар ұшқан. Қаншай үйрек ұшып келеді? (үш үйрек)
4. Шопанның барлық қойының 320-сы су ішіп жатыр. Қалғаны жайлып жүр, жайылып жүрген қойлар су ішіп жатқандардың жартысындай. Шопанда барлығы неше қой бар? (400)
5. Бұл затты есептеуде уақытты үнемдеу үшін қолданады. Бұл не?(калькулятор)
6. Бұл - басы да, ұшы да жоқ, бір қызық,әдемі фигура.егер оның бойымен жүрсең,қанша жүрсеңде,бәрібір шыққан жеріңе қайтып ораласын.Бұл не?
(шеңбер немесе дөңгелек)
Осымен біздің Көңілді тапқырлар сайысы өз мәресіне жетті. Әділ қазылар сайыстың бағасын бергенше, музыкалық сәлемді қабыл алыңыздар!
Сайыстың қорытындысы туралы әділ қазыларға сөз беріледі.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Назарларыңызға рахмет! Сау болыңыздар!

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Вы должны войти , чтобы оставить комментарий.