Өткен жылдар жемісі. Тәуелсіз Қазақстаның тарихи кезеңдері (ТС материалдары).
5 Ноябрь 2013 – 09:32 | Нет комментариев

Саирова Назира К. Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы білім бөлімінің әдіскері.
1990- 25 қазанда Қазақстан Егемендігі туралы Декларация қабылданды.
1991-Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың Президенті етіп сайлайды.
16-желтоқсанда Қазақстан республикасы жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет»-деп …

Читать запись полностью »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Химия, Биология, География

География. Қазақстанды экономикалық аудандастыру

Опубликовал в 13 Февраль 2013 – 13:22Нет комментариев
География. Қазақстанды экономикалық аудандастыру

Баймурзина Гулден Кадирбаевна Ақтөбе обл, Шалқар қаласы № 5орта мектептің  география пәні мұғалімі

Жалпы мақсат:
Экономикалық аудандастыру елдің жеке бөліктерінің шаруашылығын жоспарлауда, олардың даму келешегін анықтауда оқушылардың өмір туралы сыни көзқарастарын қалыптастыру;
Оқыту нәтижесі:
«Қазақстанды экономикалық аудандастыру » тарауы бойынша алған білімдерін жинақтап, тиянақтап, жүйелеп қорытындылау; топпен бірлесіп жұмыс жасау қабілеті шыңдала түседі болжам жасау, дәлелдеу және нәтижесін көре білу  қабілеті қалыптасады

Түйінді идея: Зерттеулердегі оқушылардың жауаптары мен түсініктемелеріне қарай әрекет етуінің түрлерін тиімді қолдану арқылы мұғалім оқушылардың өз ойларын анық жеткізуге,дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік жасай алады.Сондықтан диалогтік әңгімеде мұғалім сұрағы мен оған берілген жауаптар ғана емес, оқушылардың сұрақтары да маңызды.Ол оқушыларды сындарлы сөйлеуге жетелек арқылы тарауды қаншалықты меңгергендігін байқай отырып, білім сапасын бағалай аламыз.

Әдісі: Миға шабуыл,пікір алмасу,зерттеушілік әңгіме.
Оқыту формасы: Топтық жұмыс
Ресурсы: ҚР физикалық картасы, интерактивтік тақта,кесте,үлестірме қағаздар,бағалау парақшасы,ватман,стикер,ТСО

 

Уақыты Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
3 минут Қызығушылығын ояту

Ұйымдастыру кезеңі:

а) амандасу;

б)топты 5-ке бөлу(Әр экономикалық ауданның ерекшеліктерін табу арқылы топтасады )

  • Оқушылар бір-біріне жылы лебіздер білдіреді.
  • Топ құрамы айқындалады: (Оңтүстік,Солтүстік, Батыс, Шығыс, Орталық).
10 минут

10 минут

7 минут
2 минут

Мағынаны ашу

І кезең. Әр топ басшыларына 10 сұрақ қойылады.(Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен есептелінеді )

ІІ кезең. Топтарға әртүрлі тәсілдерден жасалған парақшалар таратылады.

ІІІ кезең. Картамен жұмыс

Тақтадан тақырыпқа байланысты слайд көрсетіледі

Топ басшылары жауап береді.

Оқушылар  топ болып сөзжұмбақ, ребус, ауданына тиісті сөздерді тауып, қиып жабыстырады.
Картаға әр топтан бір адам шығып, өзінің экономикалық ауданының шаруашылық ерекшеліктерін көрсетеді.

Топтағы әр оқушы өз пікірін ортаға салып,ортақ болжамын айтады.

8 минут Ой толғаныс

Әр топ өз экономикалық аудандары туралы жалпы  қорытынды жасайды.

Барлық топтар өздерінің экономикалық аудандарын суреттеп, бейнелеп постер қорғайды.
 3 минут Сабақты талдау.
Не үйрендің?
Ұсынысың?
Пікірің?
Сабақты қаншалықты меңгергендігін байқаймыз.
Топтар бір-біріне стикерге «Екі жұлдыз,бір тілек» жазады.
1 минут Үйге тапсырма:
«Менің елім - Қазақстан» ойтолғау жазу
1 минут Бағалау:
Оқушылар бағалау парақшасы арқылы бағалайды

Бағалау парақшасы.

Бағалау өлшемдері

Өзін-өзі бағалауы

Көршісінің бағалауы

Мұғалімнің бағалауы

1

Тақырыпты түсіндім

2

Тапсырманы орындадым

3

Жеке жұмыс жасадым

4

Топпен жұмыс жасадым

5

Топ пікірін қорғауға қатыстым

6

Түйінді ой түйдім

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Вы должны войти , чтобы оставить комментарий.