Өткен жылдар жемісі. Тәуелсіз Қазақстаның тарихи кезеңдері (ТС материалдары).
5 Ноябрь 2013 – 09:32 | Нет комментариев

Саирова Назира К. Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы білім бөлімінің әдіскері.
1990- 25 қазанда Қазақстан Егемендігі туралы Декларация қабылданды.
1991-Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың Президенті етіп сайлайды.
16-желтоқсанда Қазақстан республикасы жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет»-деп …

Читать запись полностью »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Химия, Биология, География

Химия. Сутектің физикалық қасиеттері.

Опубликовал в 19 Апрель 2013 – 17:21Нет комментариев

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Мөңке би ауылы, М.Тәжин атындағы орта мектептің химия –биология пәнінің мұғалімі Ногайкулова Алтынай Айбадуллаевна

Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі:
сутектің физикалық қасиеттерімен таныса отырып, сутектің ғажайып отын екендігін,ең көп кездесетін су түріндегі қолданылуы,жылу өткізгіштігі өте жоғары екендігін дәлелдеу
ә) дамытушылығы:
ойлау қабілетін арттыру ,сутектің химиялық элемент және жай зат ретіндегі түсінігін қалыптастыру ,графикалық диктантпен жұмыс жасай білу
б ) тәрбиелілігі:
оқушының дұрыс шешім қабылдай білу ,пәнге деген қызығушылығын ояту ,белсенділігін арттыру ,интерактивті тақтамен жұмыс жасай білу.

Сабақтың типі : жаңа ұғымды меңгерту
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру,тірек сызба,графикалық тест
Сабақтың көрнекілігі :слайдтар ,интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс:физика, әдебиет

Сабақтың ұстанымы: «Білім есте сақтау арқылы емес,өз ойының күш салуымен алынғанда ғана білім»     Л.Толстой

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру бөлімі  2топқа бөлу

І-топ Сутек  ІІ-топ Оттек

Сабақтың жоспары:
І.Ой қозғау кезеңі
ІІ.Мағынаны тану кезеңі
ІІІ.Білімді тиянақтау
ІҮ.Қорытындылау
ІІ Үй тапсырмасын сұрау

І.Ой қозғау кезеңі (тест тапсырмасы)

1.Сутектің химиялық таңбасы  а)Н в) С с) О
2.Күн жүйесі планеталарының қанша пайызын сутек атомы құрайды? а) 25%  в) 32%с) 92%
3.Cутектің судағы массалық  үлесі қанша ? а) 10% в)11% с)12%
4.Сутекті ең алғаш ашқан ғалым а) Ломоносов в)Менделеев с)Кавендиш
5.Сутек латынша қандай мағына береді. а) су тудырушы в)су тасушы  с)қопарғыш газ
6.Сутекті өнеркәсіпте алу жолы а) белсенді металдан в) электр тогы арқылы с)айдау арқылы
7.Сутекті алу үшін қолданылатын аспап а) Кипп аппараты в) отбақыраш с) құтылар
8.Отын ретінде қолданылатын элемент а)көміртек  в)оттек  с) сутек
9.Сутектің салыстырмалы атомдық массасы а) 2   в) 1  с)3
10.Сутекке «гидрогениум» деген ат берген қай ғалым а) Кавендиш в) Лавуазье с)Пруст

Тест жауаптары

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
а с в с а в а с в в

 

ІІ Мағынаны тану кезеңі  Физикалық қасиеті  Сутектің  физикалық қасиеттеріне сипаттама беру .Тәжірибе арқылы дәлелдеу .

Қолданылуы . Зонд шарларын сутекпен толтырып,метерологиялық мақсаттағы жұмыстар жүргізіледі. Д.И.Менделеевтің сутек толтырылған шарлары туралы мәлімет беру.

ІІ.Графикалық диктант Жауаптардың белгіленуі Сұрақтарға иәˆ жоқ -

1.Жеңіл газ
2.Ауыр газ
3.Жанғыш газ
4.Ауаны ығыстыру арқылы жинайды
5.Ауадан жеңіл
6.Түсті газ
7. Түссіз, иіссіз газ
8.Төңкерілген ыдыста жинайды
9.Жануды қолдайтын газ
10.Оттекпен қосылғанда қалыпты қопарылыс береді.

Жауаптары : ˆ-ˆˆ-ˆˆˆˆ

ІІІ. Жұмбақтар шешу

1.Ең жеңіл элемент саналады
Периодтық жүйе осыдан бастау алады

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Вы должны войти , чтобы оставить комментарий.