Әлеуметтік желі және ұстаз
9 Декабрь 2013 – 11:18 | Один комментарий

Сержан Қасен.  Pedsovet.kz сайтының әкімшісі.
Ең алдымен әлеуметтік желі деген не?  Осыған анықтама бере кетсек.
Бұл ұғымның ресми анықтамасы – Әлеуметтік желілер - ермектері бірдей адамдардың Интернетте бірігетін қоғамдастық сайттары. Осы сайттарда адамдар жедел түрде мәліметтер алмасады және достар табады. Бірақ …

Читать запись полностью »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Информатика

Информатика. Қайталау, қорытындылау сабағы.

Опубликовал в 28 Январь 2013 – 17:24Нет комментариев

Айна Закирова. Алматы қаласы, №175 “Жаңа ғасыр” мектеп-гимназиясының информатигі.

Сілтеме  Интернет материалдары (сайт Google.kz), 8-сынып оқулық-Шевчук.
Жалпы мақсаттар
Жыл бойы өткенді қайталап сұрай отырып, алған білімдерін жүйелеп, бағалау. Жеке тұлғаның интеллектуалдық дамуын қалыптастыру. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Оқушылардың жылдамдыққа үйрету, ой қорыту салыстырмалы талдау дағдыларын дамыту;

Оқыту нәтижелері

  • Жыл бойы өткен материалды пысықтап ,қайталау
  • Ø Жұппен және топпен жұмыс жасауда пікір алысуға, бір-бірінен үйренуге  жетелейді.
  • Ø өз бетімен жұмыс жасауға мүмкіндік;
  • Ø өз пікірін дәлелдейді , басқалармен келіседі немесе келіспейді.

Негізгі идеялар

  • Оқушының сөйлеу  және бір-бірімен қарым –қатынас жасау біліктіліктерін дамытуда диалогтік оқытудың тиімділігін құра білдім. Оның тиімділігі сабақтағы жайлы атмосфераның қалыптасуы, оқушы мен мұғалім арасындаңы ынтымақтастықтың қалыптасуына әсер етуі.  Білу/Түсіну/Қолдану ғана емес оқушылардың кейіпкерлер іс-әрекеттеріне ойлана талдау жасауы.
  • Өзінің білмегенін қасындағылардан үйрене отырып, қалай оқуды іске асыруға болатындығын түсінуі және  өзін бағалай білуі.
Сабақтың барысы
    1-әрекет :
Ұйымдастыру кезеңі:

  • Ø Оқушылармен сәлемдесу
  • Ø Оқушыларды түгендеу
  • Ø Сыныптың психологиялық ахуалын қалыптастыру кезінде саба5ымыз жарыс сабағы болғандықтан алдымызға «Жеңеміз» деген мақсат қоя отырып осы өлең жолдарын қайталаттым.(1 минут)

Мақсат – бақыт бастауы  

Мақсат бойға күш берер

Жақсы жырдай

Ойың да оғыс кетпес.

Адалдыққа жүгін де

Жазықсызды қолдасаң,

Мақсат жетер түбінде!

2-әрекет:Топқа бөлу. Оқушыларға көк, қызғылт, жасыл түсті конфеттер тарата отырып сол түс бойынша партада жазылған қағазшалар түсіне назар аударып отырады. Көк түсті қағаз тобының атауы «Excel»,  жасыл түсті қағаз тобының атауы «Windows», Қызғылт  түсті қағаз тобының атауы «Word». Әр топ өзіне топ басшысын сайлайды. (1 минут)

3-әрекет: Топ өз атаулары бойынша материалды ноутбуктерде моделін жасап, топ басшылары қорғайды.  (7 минут)

4-әрекет: Жыл бойы өткен материалды қайталап, қорытындылау мақсатында «ИНФО-БИНГО» жарыстық ойыны жүргізіледі.Әр топқа 15 сұрақтан дайындалған. Әр дұрыс жауапқа 2 балдан беріледі. Топ мүшелері топқа қойылған сқрақтарға кезекпен жауап береді. Топ мүшесі қате жауап айтса сқрақ келесі топқа қойылады да, ол топ ұпайды жеңіп алып, өз тобының сұрағына жауап беру құқығына ие болады. (30минут)

***

Әр дұрыс жауапқа , ал қате жауапқа деген слайдтар шығып отырады.

   ***   ***

5-әрекет: Бағалау. Топ басшылары балдық жүйе бойынша топ мүшелерін бағалайды.

 

Үйге тапсырма: Қайталау
Сабақты талдау:  Жыл соңы сабағы және менің  зертеуімнің соңғы сабағы болып табылатын осы сабақта да ұйымдастыру кезеңінде сыныптағы жағымды психологиялық ахуалды қалыптастырумен басталды. Мұнда оқушыларға бүгінгі сабақ  жылдың соңғы сабағы, яғни  «Қайталау, қорытындылау сабағы»  болғандықтан  жарыс сабағы болатыны ескере отырып, осы жарыста әр топтың жеңуге деген талпыныстарын ояту мақсатында «Мақсат-  бақыт бастауы» атты өлең жолдарын қайталаттым.  Осылай жағымды психологиялық ахуал қалыптастырып алғаннан кейін оқушыларға   көк, қызғылт, жасыл түсті конфеттер тарата отырып сол түс бойынша партада жазылған қағазшалар түсіне назар аударып отыруларын өтіндім.  Көк түсті қағаз тобының атауы «Excel»,  жасыл түсті қағаз тобының атауы «Windows», қызғылт  түсті қағаз тобының атауы «Word» деген сияқты 3 топқа бөлдім . Әр топ өзіне топ басшысын сайлады. Сабақтың келесі әрекетінде  әр топ өз атаулары бойынша материалды ноутбуктерде моделін жасап, топ басшылары қорғады.  Мысалы: «Word» тобы осы программа мүмкіндіктері туралы айтса, «Excel» тобы өз программасы туралы ақпарат бере алды,  «Windows» тобы да өз аттарын программа мүмкіндіктерін айта отырып инерактивті тақтада модельдерін қорғай білді. Өз атауларын қорғап алған топтарды мен  «ИНФО-БИНГО» жарыстық ойынына шақырдым.  Әр топқа  топ түсіне сәйкес 15 сұрақтан дайындалды.  Арнайы  MS Office Power Point программасында гиперсілтемелер көмегімен жасалған презентацияда жыл бойы өткен материалдан сұрақтар дайындалып, инерактивті тақта арқылы көрсетіліп отырды. Әр дұрыс жауапқа 2 балық есеп ретінде топ түсіне сәйкес конфет беріліп отырды.  Бұл әдіс ойын аяғында оқушы және топ балын есептеуге өз көмегін тигізіді. Топ мүшелері топқа қойылған сұрақтарға кезекпен жауап берді. Топ мүшесі қате жауап айтса сұрақ келесі топқа қойылады да, ол топ ұпайды жеңіп алып, өз тобының сұрағына жауап беру құқығына ие болып, сол топқа берілеу керек болатын конфет де сол дұрыс жауап берген топқа берілетіні туралы ескертіліп,  айтылды. Бұл ойын  сабағы оқушылар үшін өті қызықты, тартысты болды. Осылай топтық жарыс арқылы мен жыл бойы өткен материалды қайталап ғана қоймай , оқушы белсенділігін артырып, сабаққа деген ынтасы мен қызығушылықтарын оята алдым деп ойлаймын. Әр дұрыс жауап берген жауапқа қосылып отырған балл мен беріліп отырған конфет те  оқушының жеңуге деген талпынысын арттыра түсті. Осы  кезде оқушылардың өздері де «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақалды да айтып кетті. Ойын нәтижесінде «Word» тобы ең  көп ұпай жинап, ең көп конфет санын жинап І орынды иеленсе, «Excel» тобы ІІ орынды, «Windows» тобы ІІІ орынға ие болды. Бағалауда топ басшылары топ мүшелерінің белсенділігі мен жинаған конфет санына байланысты балдық жүйемен бағалады.Сабақтың ұтымды жақтары: Сабақ жүргізу барысында мен оқушылардың жаңа әдіске әбден төселгенін, топмен бірігіп жұмыс жасауына дағдыланғанын байқадым. Жарыс сабағы ретінде  жыл бойы өткен материалды қайталап ғана қоймай , оқушы белсенділігін артырып, сабаққа деген ынтасы мен қызығушылықтарын оята алуым деп ойлаймын.Сабақтың кем түстары: Сабақта әлі болса оқушылар арасында келіспеушіліктер, араздастық қатынастар да байқалып жатты. Оқушыларды сабақ бойында тәртіпке келулерін өтініп, бір-біріне жауапқа көмек айтпауларын өтініп отырдым.
Тәжірибелік сабақты бағалау
Сабақ бойынша өзгертулер

   Сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен көшіріп алыңыз

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Вы должны войти , чтобы оставить комментарий.