И-7. WordPad мәтіндік редакторымен жұмыс істеу.
Ақтөбе обылысы Шалқар қаласы №5 орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі Бегімбетова Жансауле Құлтасқызы
Жансауле Құлтасқызы 2011 жылдан бастап №5 орта мектепте информатика пәні мұғалімі қызметін атқарып келеді. Қ. Жұбанов атындағы мемлекеттік университетті 2004 жылы «Физика жіне информатика пәнінің мұғалімі » мамандығы бойынша тамамдады. Өзінің педагогикалық қызметінде өзін – өзі жан – жақты таныта білді. Өзінің тәжірибесінде білім беру үдерісіндегі педагогикалық жаңа технологияларды пайдаланады. Оқушыларды мектепшілік, аудандық олимпиадаларға дайындап, дайындаған оқушылары жүлделі орындардан көрінді.
Мұғалім сабақта дербес компьютердің мүмкіндіктерін толық пайдаланады. Өзекті мәселесін – «Оқушылырдың шығармашылық қабілеттерін дамыту» Әртүрлі пәндерден тестілеу бағдарламалары қолданылады. Интернет жүйесінен электронды оқулықтарды пайдаланады.
Бегімбетова Жансауле Құлтасқызы келешекте де жас ұрпаққа сапалы білім беру мен тәрбие беруде өз қабілетін таныта білетін ұстаз.
Бегімбетова Жансауле Құлтасқызы осындай квалификациялық мінездеме бере отырып,информатика пәнінің мұғалімі талаптарына сай.
№ 5 орта мектеп директоры: Ә.П.Әбдіғапарова
Сыныбы: 7В класс Күні: 06.04.2012ж
Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды WordPad. мәтіндік редакторымен таныстыру.
Білімділік: Өткен тақырыпты еске түсіру. Құжаттың құрылымы, стильі, баспа бетінің геометриясы туралы және WordPad. мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға, сақтауға үйрету;
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардыұ ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар& компьютер, оқулық, жұмыс дәптері, интерактивті тақта, планшет, флипчарт.
Сабақтың өту барысы&
- Оқушыларды ұйымдастыру . 1 минут
- Өткен тақырыпты еске түсіру. 5 минут
- Үйге берілген тапсырманы тексеру . 5 минут
- Жаңа тақырыпты тұсіндіру. 10 минут
- Тапсырмаларды орындау 10 минут
- Сергіту кезеңі 2 минут
- Ауызша тапсырма 2 минут
- Полиглот 5 минут
- Сабақты бекіту.3 минут
- Бағалау 1 минут
- Үйге тапсырма беру. 1 минут
Сабағымызды бағалау үшін дұрыс жауапқа, тапсырмаға 1 смайликтен беріп турамын.
І. Өткен тақырыпты еске түсір.
Санымен балалар өткен тоқсанда өткен соңғы тарауымыз Paint графикалық редакторы болды. Есімізге түсіру үшін мен сіздерге бір сурет экранда көрсетемін, сол суретті тақтада салу керек. Мен кеспе қағаздарын дайындап қойдым. Кеспедегі тапсырманы біртіндеп келіп орындаймыз.
- Paint редакторын ашыңыз, жұмыс алаңының түсін аспан көк түсіне келтір.
- Үлкен тік төртбұрыш сал, түсін қоңырға боя.
- Терезе көлемі тәрізді етіп дөңгелек бұрышты төртбұрыш сал, түзу сызық таңдап сызықтар жүргіз.
- Оны көшірмелеу арқылы алтауын жаса.
- Терезелер түсін сары етіп боя, Есік суретін салып боя.
- Шеңбер арқылы күн, түзу сызықтың қалыңы арқылы сәуле сал.
- Тал суретін сал. (Қоңыр түзу сызық, жасыз түсті қарындаш арқылы жапырақтар), тал суретіңің үшеуін көшірмеле.
- Суретке «Мой дом» деп жазу кірістір, дәл осылай сақта сақта.
8 кеспе қағазы беріледі. Балалар тез әрі дұрыс интерактивті тақтада сурет салады.
ІІ. Үйге берілген тапсырмпны тексеру.
Енді балалар жаңа сабақты түсіндірмес бұрын мен сіздерге үйге тапсырма бердім тақырыбы «Мәтінді қай түрде жазған жақсы компьютердеме әлде қағаздама?»
Біз класты екі топқа бөлдік, әр топқа басшы бердік олар Ақние және Аманжол. Аманжол денсаулығына байланысты сабаққа келмегендіктен біз онымен веб камера арқылы сөйлесеміз ол өзінің тобын осы камера арқылы бақылап отырады.
Ақниет Мәтінді қағазға жазған жақсы, - деген ойға мілімет.
Аманжол Мәтінді компьбтерге жазған жақсы, - деген ойға мілімет.
ІІІ. Жаңа тұсініктер:
Бүгінгі біздің жаңа сабағымызды игеру қиынға соқпайды, өйткені технологияның, әсіресе компьютердің дамыған кезінде барлығыңызда компьютер бар деп ойлаймын. Мәтіндік процессор - бұл тек қана мәтінді енгізу мен түзету ғана емес, сонымен қатар оны пішімдеу құралдары бар бағдарламалар класы. Сонымен қатар пішімдеу кағаз бен экранға шығаруды басқаратын көрінбейтін кодтарды енгізу жолымен іске асады. WordPad мәтінді пішімдеудің минималды мүмкіншілігі бар қарапайым мәтіндік процессор болып табылады. Жай құжаттарды дайындау үшін және мәтіндік файлдарды бір пішімнен басқа пішімге өзгерту үшін пайдаланылады.
WORDPAD МӘТІНДІК РЕДАКТОРЫ
Қазіргі кезде дербес компьютерлерді құжаттар мен мәтінді дайындауда кеңінен пайдаланады. Компьютерлер тек баспа машинасының қызметін аткарып кана коймай, құжаттарды дайындау процесінде көптеген косымша мүмкіндіктер береді.
Біріншіден, компьютердегі мәтінді түзетуге, мәтін ұзінділерін косута, мәтін арасына жаңа жолдар қосуға, әр түрлі құжаттарды бірін-біріне қосуға, мәтіннің шекараларын тегістеуге. Жолдарды экранның ортасына келтіруге (центрлеуге), құжатты сақтап, баспаға қанша дана болса да шығаруға болады.
Екіншіден, әр түрлі қаріптерді, тұрлі тілдердің алфавиттерін, сондай- ақ. графикалық символдарды пайдалануға болады.
Үшіншіден, мәтін арасына кестелерді, суреттерді, графиктерді кірістіруге, сонымен қатар мәтіннің өзін түрлі пішінде (қисық бойында орналастыруға, “көлемді” пішін беруге, көлеңкелеуге және т. б.) орналастыруға болады.
Төртіншіден, қағазға жазылған мәтіндерді, құжаттарды (хат, кітап мәтінін және т.б.) сканер арқылы өткізіп, тану бағдарламасының көмегімен мәтіндік пішімге келтіруге болады.
Бесіншіден, стандартты құжаттарды шығарғанда дайын үлгілерді пайдалануға болады.
Алтыншыдан, мәтіндерді дискілерге қысын жазып қоюға да болады.
WORDPAD МӘТІНДІК РЕДАКТОРЫНДА Ж¥МЫС ІСТЕУ
WordPad мәтіндік редакторы қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді. WordPad. құжаттарында мәтін мен абзацты пішімдеуге, шекараларды жылжытуға, шегініс орнатуға, әр түрлі қаріпті қолдануға, сонымен қатар графикалық кескіндерді, дыбыс үзінділері мен бейнеклиптерді қоюға болады.
Видио түсіндіру. Видиоролик.
Сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз.
Ұқсас тақырыптар:
- WordPad редакторы анықтама бөлімінің қазақшаланған нұсқасы
- Инф-7. «Информатика патшалығында» СТС.
- Сабақтар көшіру
- И-10. Программалаудың құрлымдық, модульдік әдістері.
- Информатика 7-11. Оқу бағдарламасы, барлық сыныптар бойынша толық түсіндірмелерімен (екі бағыт).
- Информатика. Paint графикалық редакторында жұмыс істеу.
- Информатикадан 7-сыныпқа арналған тереңдетілген курс жоспары (102 сағат).
- Информтаикадан 7-11 сыныптар үшін 2012-2013 жылына арналған күнтізбелік жоспар.
- Информатика 7-сынып. Тақырыптық-күнтізбелік жоспар. 2011-2012 оқу жылы.
- Инф-8. Тереңдетілген оқу бағдарламасы, апталық сағат саны – 4 сағ. Барлығы- 136 сағ.