Өткен жылдар жемісі. Тәуелсіз Қазақстаның тарихи кезеңдері (ТС материалдары).
5 Ноябрь 2013 – 09:32 | Нет комментариев

Саирова Назира К. Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы білім бөлімінің әдіскері.
1990- 25 қазанда Қазақстан Егемендігі туралы Декларация қабылданды.
1991-Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың Президенті етіп сайлайды.
16-желтоқсанда Қазақстан республикасы жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет»-деп …

Читать запись полностью »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Таңдаулы, Технология, Бейнелеу, Музыка, Д/Ш

Үйірме. Штрихтау (Натюрморт).

Опубликовал в 15 Декабрь 2012 – 10:56Нет комментариев

Жұмабеков Ербол Ерғабылұлы Қармақшы ауданы Аудандық оқушылар үйі «Сурет-дизайн» үйірмесінің жетекшісі.

Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Оқушыларға штрих жайлы түсінік беру, штрихтауды үйрету.  Сурет салу барысында штрихтың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру. Достық қарым-қатынасқа баулу;
Ә) Дамытушылық: Бейнелеу ережелерін ескерте отырып, көркем шығармада штрих түрлерін қолдана білу қабілеттерін дамыту, өз беттерінше жұмыс жасау қабілеттерін арттыру.
Б) Тәрбиелік: Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. Ұқыптылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аукцион сабақ
Сабақтың типі: Жаңа материалды игерту
Сабақтың әдісі:көрсету, түсіндіру, үйрету, топтау
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі
Сабақтың көрнекіліктері:слайд, фирма белгілері, Елтаңбаның, тудың суреттері, геометриялық денелер бейнеленген плакаттар, түрлі-түсті таратпалар
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: Ақ қағаз, қарындаш, өшіргіш
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу
ә) Оқушыларды түгендеу, топқа бөлу. (Сабақ аукцион сабақ түрінде өтетіндіктен, оқушылар аукцион ережесінің талабы бойынша екі сауда фирмасын құрады.Тақтаға елтаңба, тудың суреттері ірінеді. Оқушы таңдау жасайды. Таңдаулары бірдей оқушылар бір топ құрайды. Не себепті ол суретті таңдағандығы туралы айтып өтеді. Әр фирма өзіне лайықты ат қояды. Фирма құжатын дайындайды, араларынан өз менеджерлерін сайлайды. Менеджер топ мүшелерінің атқаратын қызметтерін бөліп береді.Бірінші фирма- «Қарындаш», екінші фирма «Қылқалам»)
б) Қазылар алқасын сайлау
в) Құралдарын тексеру
г) Сабаққа назар аудару
Қызығушылықты ояту
Атамыз білім дәнін болған екпек,
Оқытып, балаларға білім сеппек.
Қазақтың кең даласын жарық қылған,
Атамыз Ыбырайға мың рақмет!- дей отырып, Құрметті қонақтар, бүгін сіздер Қармақшы аудандық оқушылар үйі «Сурет-дизайн» үйірмесі жанынан құрылған «Кеңсе құралдары» ашық акционерлік қоғамы өткізіп отырған тендердің куәсі боласыздар.
Алдымен ашық акционерлік қоғам дегеніміз не? Соған тоқталайық.
ААҚ- бағалы қағаз, акция пакеті акционерлік қоғам қызметкерлерінің арасында өзара сатылады.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
«Менің ОтанымҚазақстан» тақырыбында сурет салу. Көрмеге қою.
ІІІ. Өткен тақырыптарды қайталау.
Ашық лот
«Тізбек бойынша сұрау» әдісі: Қойылған сұраққа беріліп жатқан оқушының жауабы кез-келген жерден тоқтатылып, ары қарай басқа оқушының жауап беруі сұралады. Бұл әдіс оқушының зейінін аудару және байқағыштығын дамытуға пайдалы.
Тақтаға ақ түсті қағаз ілінеді. №1 ақ түсті қағазда таңдағандарға №1,4,6,7,9 ұяшық сурақтары жасырылады.Ал №2 ақ түсті қағазды таңдағандарға №2,3,5,8,10 ұяшық сұрақтары жасырылады. Оқушыларға тақтадағы ұяшықтарды таңдау арқылы сұрақтар немесе суреттер жасырылады.
1-ұяшық: Натюморт –дегеніміз не? (Жансыз заттардан құралған көркем шығарма)
2- ұяшық: Биыл тәуелсіздік алғанымызға қанша жыл болды? (20 жыл)
3- ұяшық: Пейзаж дегеніміз не? (табиғат көрінісін бейнелеу)
4- ұяшық: Батальдық жанр дегеніміз не? (соғыс тақырыбында салынған суреттер)
5- ұяшық: Елтаңбадағы жұлдыз нені білдіреді?(Елтаңбамыздың дәл ортасында бес
бұрышты жұлдыз орналасқан. Жұлдыз- жарық пен пәктіктің белгісі)
6- ұяшық: Графика қай елдің сөзі, мағынасы. (грек, жазамын, суретін саламын)
7-ұяшық: Бәйтеректің биіктігі қанша метр (97 метр)
8- ұяшық: Живопись дегеніміз не? (әр түрлі бояу түрлерімен жазықтық бетінде
орындалған көркем шығарма)
9- ұяшық: Тудағы қыран бейнесі нені білдіреді? ( Дала тұрғындары үшін бұл –
бостандықтың, айқын мақсатқа , биікке ұмтылудың, болашаққа самғаудың
белгісі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туындағы дала қыраны
қазақстандықтардың жомарттығы мен қырағылығын, ой ниетінің биіктігін
білдіреді.)
10- ұяшық: Ертегі мазмұнына арнап салынған сурет қалай аталады? (иллюстрация)
ІҮ. Жаңа сабақты түсіндіру
Заттардың суретін салу барысында штрихтың орны ерекше. Заттардың сызықтық

Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз.

87059152954

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Вы должны войти , чтобы оставить комментарий.