2 Декабрь 2012 – 18:55 | Пікір жоқ

Құрметті Ұстаздар! «Республикалық 45minut.kz» басылымы оқырмандарына және тілшілеріне арналған Республикалық педагогикалық семинар оқуға шақырамыз.
Семинар оқу тақырыбы: “Педагог қызметін жандандырудағы өзгерістер”
Ұйымдастырушы: «Республикалық 45minut.kz» басылымы және М.Баймұханов атындағы орта мектеп
Семинар оқу модераторы: БАҚ-өкілі, тілші Н.Бекбауов
Өткізілетін облысы, ауданы: …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Басқа пәндер

Технология. Бисквит қамыры

Опубликовал roza gul в 19 Ноябрь 2012 – 23:36Пікір жоқ
Бұл мақала 118 рет оқылды, 5 рет бүгін

Қызылорда қаласы №197 қазақ орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі: Әлжанова Роза Зейнуллақызы

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға бисквит қамыры және одан қандай өнімдер пісіретіндігі туралы толық мағлұмат беру ;
Дамытушылық: теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой- өрісін дамыту;
Тәрбиелік: өз қолымен әсем пирогтар жасауға, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, іскерлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өз бетінше сарамандық жұмыс.
Сабақтық көрнекілігі: Дайын пирог, торт түрлері.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, биология.
I. Ұйымдастыру кезеңі:
• Оқушылырмен сәлемдесемін;
• Оқушыларды түгендеймін;
• Оқушылардың құрал – жабдықтарын түгендеу;
• Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударту.

II. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен тақырыпты қайталай отырып, оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қою.
III. Жаңа сабақ.

Бисквит қамырының негізі — жұмыртқа. Жоғары сортты ұн пайдаланылады. Бисквит қамырын картоп және бидай ұнының қоспасынан әзірлеуге болады, бірақ картоп ұны бисквитті құрғатады. Қант ұнтағын пайдаланбаған жөн, өйткені ол қамырлы сұйылтып жібереді, ұсақ құмшекер пайдаланған жақсы. Хош иісті етіп, дәмін келтіру үшін қамырға лимон шырынын және цедра қосады, шоколад тортын әзірлегенде ұнтақ какао пайдаланылады. Бисквитті даярлауға кіріспестен бұрын оны пісіретін қалып әзірлеу керек. Егер өрнеуі алынбалы арнаулы қалып болмаса, оның орнына қаңылтыр таба аласа алюминий кастрюль пайдалануға болады. Қалыпқа алдын ала таза қағаз (аздап сары май жағылған) төселеді, ол түбіне және ішкі қабырғаларына нығыз жабы сып тұруы қажет. Егер қағаз болмаса, қалыпқа май жағыл, еленген кепкен нан ұнтағын немесе ұн себуге болады.
Жұмыртқаның шикі ақуызын сарыуыздан мұқият айырады. Ақуызды тоңазытқышқа қояды (салқындатылған ақуыз тезірек көпіршиді). Кейде көпіршітер алдында ақуызға су (1 ақуызға1/ 2 ас қасық су есебімен) қосады. Бұл көпіршіген ақуыздың мөлшерін көбейтеді. Ақуызды көпіршіген күйінде қалдыруға болмайды, өйткені ол «басылып» қалады. Сарыуызды ағарғанға дейін құмшекермен үгіп езеді. Үгу процесі неғұрлым ұзақ болса, масса соғұрлым ағарып, мөлшері ұлғая түседі және бисквит те сапалы болады. Сарыуыз бен қант жақсы езілгеннен кейін алынған массаны ұнға араластырады, одан соң мұқият араластыра отырып, көпіршіген ақуыз қосады. Дайын болған массаны бірден қалыпқа құяды да, пісіру үшін сол бойда пешке қояды. Бисквитті 200ᵒС-тан аспайтын тұрақты температура жағдайында пісіру керек.
Егер пештің температурасын анықтау мүмкін болмаса, онда қалыптық бетін дымқыл қағазбен ол бисквитке тимейтіндей етіп жабады да, 10 минуттай кейін піскенін тексереді. Егер бисквит ағарыңқы болса, қағазды алып тастауға болады. Бисквит салған қалыпты әбден піскенше қозғауға болмайды. Оның қалай пісіп жатқанын, оны отқа қойғаннан кейін 30 минут өткен соң, қалып тұрған торды немесе қаңылтыр табаны ептеп тартып қарап тексеруге болады. Даяр бисквитті алдымен қалыптан алмай бөлме температурасында салқындатады. Бисквиттен рулет, торт, пирожный және печенье жасайды. Рулет әзірлеуге арналған бисквитті салқындатуға болмайды, өйткені рулет ыстық күйінде қоюланып, ұйысып қалады. Егер бисквит күйіңкірең кетсе, ол салқындағаннан кейін күйген жерлерін үккішпен тазалаған жөн. Рулет үшін бисквитті қалыңдығын 2—21 /2 см етіп, қаңылтыр табала пісіреді, пісу уақытты 25—30 минут. Піскен бисквитті табадан алып, қағазынан тазартқан соң салфеткаға салады, әзірленіп қойылған начинканы жағады және ыстық күйінде рулет жасайды. Начинкаға джем, қайнатпа алма пайдаланылады. Торт үшін бисквитті биіктігі 8—10 см, диаметрі 22—25 см қалыпта пісіреді, пісу уақыты 50—60 минут.
Қорытынды.
Оқушылар бүгін біз бисквит қамырының құрылымы мен жасалу жолдары туралы көп мағлұматтар алдық. Сонымен
• Бисквит қамырының негізін атаңдар?
• Бисквит қамырына қандай ұн пайдаланылады?
• Лимон бисквит қамырына не үшін қосылады?
• Қалыпқа алдын – ала қағаз не үшін төселеді?
• Бисквитті қандай температурада пісіреміз?

Үйге тапсырма беру: бисквит қамырының технологиялық схемасын сызып келу.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.