Рейтинг@Mail.ru
Информатиктердің интернеттегі еркін бірлестігі (ИИЕБ). Мүше болу тәртібі.
30 Сентябрь 2013 – 12:36 | Комментариев 60

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Read the full story »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Информатика

Ақпараттық технология

Опубликовал в 7 Сентябрь 2012 – 09:28Нет комментариев

Садуакасова Арман Берикжанқызы «С. Ғаббасов атындағы қазақ жалпы орта білім беру мектебі» ММ

АҚПАРАТТЫҚ- КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫНА ЖӘНЕ ОҚУШЫНЫҢ ҮЗДІКСІЗ ДАМУЫНА ЫҚПАЛЫ

Ағарту саласында еңбек етіп жүрген әр ұстаз оқушыға жүйелі, сапалы білім беру үрдісінде бүгінгі заман талап етіп отырған ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін игертуі қажет.
Осы орайда Қазақстан Республикасы орта білім жүйесін ақпараттандыру туралы мемлекеттік бағдарламасында «… ҚР дүниежүзінің дамыған елдері сияқты орта білім беру жүйесінен ақпараттандырудың жолына түсуі тиіс, яғни бірыңғай ақпараттық білім беретін желіге негізделген оқыту жүйесін жасау керек. » делінген болатын. Ал бұл бағдарламалардың міндеттерінің бірі –мектептерді компьютерлендіру, білім беруді ақпараттандыру –жаңа технологияны пайдалану арқылы оқушының үздіксіз дамуына ықпал ету.
Мен де осы талапты жүзеге асыру мақсатында, өзім еңбек етіп жүрген 140 жылдық тарихы бар киелі білім ордасындағы шәкірттеріме информатика пәнінен сабақ беру үрдісінде қолданысқа енгізе отырып, өз іс- тәжірибемді жетілдіру үстіндемін. Осы көзқарасыма түрткі болған Елбасымыздың:
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деген қағидасы еді. Сондай- ақ Қазақстан Респуликасының «Білім туралы» Заңының 8- тарауында көрсетілгендей « Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінгені де менің ізденісіме, жауапкершілігіме жол сілтеді дей аламын.
Ұлы педагог Ушинский: «Мұғалім білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, іздеуді тоқтатса, мұғалімдігі де жойылады» деген болатын. [3, б.14] Осы ойлы сөздің дәлелін өзім сабақ беретін 9 «а, б», 10 «а,б» сыныптарында тәжірибе ретінде білім сапасы төмен топтарыма ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін баса пайдалануды қолға алдым. Осыдан кейін менің үздіксіз ізденуім барған сайын жалғаса түсті. Сабақ үстінде оқушының бар ақыл ойы жаңа білім игеруге бағытталып, қызығушылықтың артқандығы байқалды.
Алайда психологтер В. Давыдов пен В. Рубцов «Жаңа ақпараттық технология адамның жас ерекшелігінің даму аспектісін ескере отырып, компьютерлік оқыту бағдарламасының әртүрлі формалық мазмұнында адамның жас ерекшелігіне сәйкес келуі керек» [5,б.73-74] деген қағидасында естен шығармай компьютерлік технологияларды қолдануда оқушының жас ерекшеліктерін қарай жұмыс жүргізуді қолға алдым. Ол оқушылардың мәселе есептерді шығару барысында ойлау, қабылдау, сезіну сияқты әрекеттерінен туындады.
Ақпараттық білімді игертуде: таным, қабылдау кезінде бейнелерді құру, ең алдымен, бейнелі ес, көрнекі- бейнелі ойлау, шығармашылық ойлау елесі, егжей- тегжейлі көріністер қабылдау, сөздік- логикалық ойлау, сөздік- ойлау, ес, сезім қатынастары қамтылды.
Бұл жүйелі жетістік электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуде, оқу барысында компьютерді пайдалануда, модельдеуде, электрондық оқулықтарды қолдануда, интерактивті тақтамен жұмыс жүргізуде, интернет жүйесіне кіруде жүзеге асырылды..
Осы негізде оқушылар тек біліммен қаруланып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттіліктерін тудырды.
Осы мәселелердің жүзеге асу жолдарына себепкер ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың әрқайсысының өзіндік оқушыға беретін ықпалына тоқтала кетейін.
Электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеу барысында оқушы материалды толық меңгереді, теориялық және эмпирикалық ойлауы біркелкі дамиды, білім- білік дағдысы, қызығушылығы, танымдық белсенділігі артады, ал мұғалім оқушылардың зейінін өзіне тарту жетістігіне ие болады. Оларды ойландыра, толғандыра отырып зейінін оқу үрдісіне тарту әрекеттері- мұғалімнің тиімді құралы болып табылады. Бұл оқушылардың танымдық қызметін белсендіру амалы болмақ. Өйткені , адам бізді қоршаған ортада өзіне керекті нәрсені алады, олай болса, білім беруде мәнді де мағыналы нәрсені оқушыларға қызықты түрде ұсыну да компьютердің еншісінде екені де ақиқат..
Білімді игеру дегеніміз- оны ұғу, есте сақтау, қолдана білу. Білімді игеру- бұл алғашқы оқу материалын меңгеретін, білімді бекітетін, бақылау және оқу жұмыстарының нәтижесін бағалайтын, сондай- ақ, дидактикалық міндеттерді шешетін күрделі жүйе. Мұғалімнің негізгі проблемасы- осы дидактикалық міндеттерді шешу болса ол да компьютерді игеру арқылы жүзеге асады. [1,б. 204]
Мектеп оқушыларының жеке- дара ерекшеліктерін есепке алу негізінде білімді бақылау мен тексеруді ұйымдастыруда компьютерді екі формада қолдануға болады.
1. Материалды меңгеруді талап ететін деңгейі мен теориялық ойлаудың қалыптастыру сатысына жеткеннен кейін білім алушының материалды меңгеру деңгейін есепке алу негізінде компьютер көмегімен тексеру жұмыстарының нұсқалары қалыптасады.
Оқушылардың жұмысына тексеру және оқытылатын мәселені меңгерудің соңғы деңгейін анықтау мұғалімге жүктеледі.
2. Нұсқаларды қалыптастырумен қатар компьютер жұмыстарды тексеруді де жүзеге асырады. Мұның екі нұсқасы болуы мүмкін. Бірінші жағдайда тапсырмалардың дұрыс орындалуы тексеріледі және оқушыға нәтижесіне байланыссыз келесі жоспарланған тапсырмалар ұсынылады. Жұмыс соңында жіберілген қателерге талдама жасалады. [4]
Ал электрондық оқулық - дисплей экранында көрінетін жай ғана мәтін емес, ол оқушыға өз жолымен көрнекті материалды қарап шығуға мүмкіндік береді. Электрондық оқулықпен жұмыс жүргізгенімде төмендегідей тиімділіктері байқалды: жедел кері байланыс, анықтамалық ақпаратты тез іздеу мүмкіндігі, демонстрациялық мысалдар мен модулдер, бақылау (тренажер, тестілеу, өз білімін бақылау)
Ал өзім пән мұғалімі ретінде мынандай ізденістер мен жетістіктерге мүмкіндік алдым: оқу материалдары туралы оқушыларға дәл және толық ақпарат беру арқылы оқыту сапасын арттыруға мүмкіндік алдым, оқытудың көрнекілігн арттырып оқу материалын саналы игеруіне ықпал еттім, уақытты ұтып, оқушының есте сақтау қабілеттерін жетілдіруге, оқу материалының сапалылығын арттыруға қол жеткіздім, оқушылармен пікір – алмасуға, білімді жеңіл игертуге, өз еңбегімді жеңілдетуге жол тапқанымды байқадым.
Сондай- ақ келешекте дайындалатын электрондық оқулықтарда мынадай жағдайларды ескеру керектігін айта кетейін. Белгілі бір пәнге байланысты дайындалған электрондық оқулықтың сол пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуын, тақырыпқа қатысты нақты әрі қысқа берілуін ескеру керек. Сонымен қоса электрондық оқулықтар оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты дәріс конспектісін қамтитын негізгі; зертханалық және тәжірибелік тапсырмаларды орындауға арналған қосымша; материалға қатысты анықтама, библиографиядан тұратын көмекші, аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тесттер қамтылуы керек. Тест сұрақтарында бүкіл материалдар қамтылып, жауап алғанда сұрақтар кездейсоқ ретте берілсе, жауап беретін уақыт шектеулі болса. [2]
Әр оқытушы интерактивті тақтамен жұмыс жүргізуді толығымен меңгеруі қажет. Интерактивті тақта- сыныптағы оқушылардың барлығын оқыту үшін мүмкіндік туғызатын басты құрал. Мұғалімдерге де жаңа материалды өте қызықты және қарқынды етіп түсіндіруге көмектесетін көрнекі құрал деп тануға болады.
Мен өз сабақтарымда интерактивті тақтаны пайдалану арқылы оқушылардың жаңа ойларын, әсерлі идеяларын тартымды етіп көрсететіндігін аңғардым. Жаңа материалдарды бірігіп талдауда да маңызы зор болды. Бұл тақта арқылы оқушы және оқытушы жаңа ақпараттарды жеңіл түрлендіреді, жаңа нысандарды жасауға және жылжыту тиімділігіне жетіседі. Сөйтіп интерактивті тақтаны жүйелі тиімді пайдалану оқу сапасының артуына ықпалын тигізеді. Кейбір идеяларды түсіну үшін қойылған дұрыс сұрақтар дискуссияны өрбітіп оқушылардың материалдарды жақсы түсінулеріне жетелейді.
Сонымен қоса талдау жүргізуді басқара отырып пән мұғалімі оқушылардың шағын топтарда жұмыс жасауына жол сілтейді. Осыны басшылыққа ала отырып мен барлық оқушылардың интерактивтік тақтаға назарын аудартып, алдын ала дайындалған материалдарды жеңіл түсінулеріне ықпал жасай алдым.
Енді бір назар аудартатын мәселе информатика және физика пәндерін оқытуда кез келген сабақ- оқу үрдісінің бір бөлігі екенін ескере отырып үйретуді ғылыми танымда нақтылықтың критерийі ролін атқаратын өмірмен, практикамен байланыстыру керек. Оқу процесінде оқуға ынталылықты, оған оң көзқарасты, айналадағы ортаның құбылыстарын түсіндіру үшін теориялық білімдерін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастырамыз. Сабақ беру барысында компьютерлік желілер технологияларын қолдана отырып, бұл материалдарды түсіндіру кезінде оқушылардың компьютердің негізгі құрамымен бірге интернеттен ақпарат іздеуді меңгеру машықтығы көрінеді. Интернеттен кез келген аудиовизуалды ақпарат алуға және оны оңайлықпен қолдануға, сонымен қатар мұғалім мен оқушының арасында ақпаратты қарым- қатынас орнатуға кең мүмкіндік береді. Тағы бір айта кететін нәрсе қолданушының ақпаратты алу мүмкіндіктеріне шек жоқ, яғни ол кез келген көлемдегі ақпаратты қабылдап жан- жақты қолдана алады. Сонымен бірге қолданушы желі қорларын түрлі бағыттарда қолдануға мүмкіндік алады, яғни кез келген салада қызықтыратын тақырыпты, не болмаса, бөлімді тереңірек зерттеуге мүмкіндігі болады.
Мен өз ойымды жүйелей келе, ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың біріншіден, білім сапасының артуына, екіншіден оқушы мен оқытушының үздіксіз ізденіс арқылы дамуына ықпалы зор екендігімен түйіндеймін.Мынадай нәтижелермен жетістіктер осы ойымның дәлелі болмақ:
Жоғарыда айтылған сыныптардағы білім сапасы төмен топтарымның тоқсан сайынғы көрсеткіші 9″а” І- топ 25%, 9″б” ІІ- топ 24%, 10″а” ІІ- топ 29%, 10″б” І- топ 21% -ға артуы байқалды. (1- сызбада көрсетілгендей)
Ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін қолданудың оқушыға берер мынандай тиімділіктері аңғарылды:
 Түрлі ақпараттық, бейнелік, дыбыстық анықтамалар арқылы білімін жан- жақты жетілдіреді, дамытады ;
 Өз бетінше сарамандық тапсырмаларды орындайды;
 Тақырыптан қалып кеткен немесе дұрыс түсінбеген тақырыпты қосымша қайталауға мүмкіндік беріледі;
 Пәнге қызығушылығы, үздіксіз ізденісі артады;
 Ойлау, есте сақтау, пікірсайыстық қабілеті дамиды ;
 Өз ойын сызба, сурет, кескіндеме, кесте, графиктік моделдер түрінде жеткізеді;
 Түрлі бейнелік, сілтемелік, нұсқаулық тапсырмаларды орындайды;
 Түрлі деңгейдегі тест тапсырмаларын орындап өзінің алған білімін тексереді;
Ал, оқытушы үшін де маңызы өте зор , ол мына жетістіктермен ерекшеленді: мұғалім үздіксіз ізденіс үстінде жүреді, жеке тұлғаны қалыптастырудағы жауапкершілігі артады, инновациялық технологияларды қолдану іскерлігі, әдіс- тәсілі артады, жас мамандардың қызығушылығын туындатады, мектептегі басқа пән мұғалімдерімен тәжірибе алмастыру арқылы ұжымның ұйымшылдығының ұйтқысы бола алады, интернетке кіру жүйесі арқылы әлемдік деңгейде іс- тәжірибе алмасуды қалыптастырады және оқытудың түрлі әдіс тәсілдерін игеруге қолы жетеді, мұғалім сабақты қызықты, жүйелі түрлендіріп өткізуге машықтанады.
Осы тақырыпты қорытындылай келе мынадай ұсыныс жасағым келеді:
1. Ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың тиімді мүмкіндіктерін арттыра түсу үшін ауыл мектептерінің техникалық базасын нығайтуға жағдай жасалынса.
2. Осы технологияларды әр пән мұғалімдері сабақтарында қолдану үшін әдістемелік көмектер көрсетіліп, білім жетілдіру курстары көптеп ұйымдастырылса.
Ұлы педагог Ушинский: «Бала балқытылған алтын, оны қандай қалыпқа салып құям десе де мұғалімнің қолында» дегені әр ұстазға қойылар үлкен сын деп ұғамын, ал ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру оң ықпалын беріп отыр. Жуырда Семей педагогикалық институтының 75 жылдығына орай өткен аймақтық олимпиадада информатика пәнінен барған 9 сынып оқушысы Абзелова Айдана І орынды, 10 сынып оқушысы Констатаев Абзал ІІ орынды иеленіп қайтты. «Еңбексіз талант- тұл» дегендей уақыт көшінен қалмай өркениетті елдермен тереземіз тең болу үшін ұрпақ алдындағы борышымызды шығармашылық еңбегімізбен жүзеге асыра берейік.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Г. И. Щукина. Педагогические проблемы формирования позновательных интересов учащихся. М., Педагогика, 1998.
2. Г.Қ. Нұрғалиева. Электрондық оқулықтар- мұғалім мен оқушы арасындағы әрекеттестікті гуманизациялау құралы. А.,2002.
3. Ғұлама ғибраттары А.,19 94 ж.
4. Қазақстан мектебі № 11, 2009 ж.
5. О.К. Тихомиров. Основные психолого- педагогические проблемы компьютеризации обучения// Вопросы психологии, 73-74- б. №5,1986.

1- сызба
Информатика пәнінен 2009-2010 оқу жылындағы тексеру бақылау, тест жұмыстарының нәтижесі бойынша білім сапасының мониторингі

Жыл басында І- тоқсан ІІ- тоқсан ІІІ- тоқсан
9″а” І- топ 60% 75% 80% 85%
9″б” ІІ- топ 48% 56% 64% 72%
10 “а” ІІ- топ 55% 62% 76% 84%
10″б” І- топ 62% 66% 78% 83%

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Вы должны войти , чтобы оставить комментарий.