12 Ноябрь 2012 – 12:02 | Пікір жоқ

Ақмола облысы
Астрахан ауданы
Жалтыр №2 орта мектебі
Жақсылық Мағжан
11 сынып
Ақтан Бабиұлының шығармашылығын зерттеу
Бағыт: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және
перспективалық туристік маршруттары
Секция: Әдебиет
Жетекші: Байғанат Ризагүл сынып жетекшісі
(математика …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Бастауыш сынып, Басқа пәндер

Бейнелеу өнері-3сынып. «Сәндік қолданбалы өнер. Сырмақ.»

Опубликовал Gulmir в 15 Май 2012 – 10:39Пікір жоқ
Бұл мақала 3505 рет оқылды, 11 рет бүгін

Орал қаласы  №1 жалпы орта білім беретін мектеп. Жоғары санатты бейнелеу  өнері пәнінің мұғалімі: Кажымуратова   Венера   Санкибаевна

Сабақтың тақырыбы:
Білімділік мақсаты: Қазақ халқының қолөнері жайлы мағлұмат беру, сәндік сурет салуға оқушыларды баулу, шығармашылық елестету қабілетін, көркемдік талғамын дамыту. Киіз, сырмақ, текемет, тұскиіз туралы қысқаша мағлұмат беру;
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін, сәндік нақыштарды бейнелеуде өрнектердің ретімен орналастырып үйрету, сабаққа деген қызығушылығын, шеберлігін дамыту;
Тәрбиелік мақсаты: Ұлттық өнерді қастерлеуге, дәстүрді сақтауға, ұқыптылыққа, сұлулықты түсіне білуге, табиғатты қорғауға тәрбиелеу;
Сабаққа қажет материалдар:
Мұғалім үшін: интерактивті тақта, көрнекілік иллюстрациялар, қолөнер бұйымдарының үлгілері, «салқын», «жылы» түстер таблицасы, «спектр» шеңбері, шаблондар, Дәулеткерейдің «Қосалқа» күйі.
Оқушылар үшін: альбом, акварель краскасы, қылқалам түрлері, карандаш, өшіргіш, фломастер түрлері.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сыни тұрғыдан ойлау.

Дүниетану, ана тілі.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ:
ІV. Сарамандық жұмыс
V. Үйге тапсырма
VI. Сабақты қорытындылау.

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушыларды сабаққа әзірлігін тексеру.

ІІ.Үй тапсырмасы: «Натюрморт» тексеру, талқылау, бағалау.

ІІІ.Жаңа сабақ:

Болжау стратегиясы:
- Балалар мына бейнеден не көріп тұрсыңдар? (киіз үй есігі)
- Бұл есіктің артында не болуы мүмкін? ( оқушылар жауаптары)
- Бұл бұйымдарды кім жасауы мүмкін?(оқушы-дың болжамдары)
- Дұрыс. Бұл қолөнер туындылары.

Бүгінгі сабағымызда қазақ халқының қолөнер бұйымдарының тарихымен танысамыз.
Қазақ халқының қолөнері өте ерте заманнан бастап дамыған. Халық іскерлік қолөнер негізінен үй кәсібі негізінен дамыған деп айта аламыз. Барлық уақытта халық шеберлері бұйымдардың тек қана пайдалы ғана емес, сонымен бірге сыртқы бейнесі сәнді болуына да көп мән берген. Тұрмыс заттарын жасап сәндеуде халық суретшілері сәндік өрнектің түрлі үлгісін ойлап тауып пайдаланды.
Сабақ барысында оқушыларға ою-өрнекпен безендірілген тұрмыстық заттардың суреттерін көрсете отырып сәндік-қолданбалы өнер – халықтың өнері екенін түсіндіремін. Халық тұрмыстық заттарын жасап қана қоймай, оған қажет пішіні мен сипат берді, сол заттардағы әсемдікті аша көрсетіп, оны ұрпақтарға жеткізуге тырысқан.
Сәндік қолданбалы өнер ою-өрнекті, темір өңдеу, ағаш өңдеу, өндіріс заттарын көркемдеп безендіруде пайдаланған.
Қазақ қолөнерін төрт топтқа бөлген. Олар: ұсталар, зергерлер, ісмерлер мен шеберлер.

Ұсталар – найза, қылыш, қанжар, қалқан, семсер, т.б. қару жарақ түрлерін жасаған.
Зергерлер - білезік, сырға, сақина, шашбау, қапсырма, сәукелеге тағылатын қымбат металдардан (алтын, күміс ) соғылған әшекей бұйымдар жасаған.
Ағаш шеберлері – киіз үй сүйегінен бастап, сандық, асадал, ожау, тостаған, қобыз, домбыра, бесік, шана, арба т.б. бұйымдар жасаған.
Ісмерлер – камзол, шапан, құрақ көрпе тігумен, тұс киіз, алаша тоқумен, сырмақ, текемет басумен айналысқан.
Ою-өрнек - өнердің ежелден келе жатқан озық үлгісі. Байқап отырсаңыз киіз, ағаш бұйымдарында көбінесе мүйіз өрнектерін қолданатынын көреміз. Сонымен бірге өрнек ою-өрнек элементтерінің ретімен қайталануына негізделген.

Оюларға сүйсініп,
қайран қалып тұрасың.
Көре білсең түсініп,
одан көп сыр ұғасың
демекші қазақтың тарихын, өмірін өрнектер бойынша оқып білуге болады.

Балалар бүгінгі сабақта: киіз, сырмақ, текемет, тұскиіздермен танысып, бейнелеп үйренеміз. (Интерактивті тақтадан суреттер көрсетіледі)
Киізді – ақ және сұр түсті қой жүнінен үлкен көлемде басып, киіз үйлердің сыртын қаптауға, төсеніштердің астына тастауға пайдаланған.
Сырмақ - деп ақ және қара түсті қой жүнінен басылған киізді пайдалана отырып өрнектерін бірдей қылып ойып, безендіріп, жүн жіппен сырып тігілген төсенішті айтамыз.

Текемет – қой жүнін түрлі - түсті бояуларға бояп, илеп, басылған төсенішті айтамыз.
Тұскиіз – жарға ілуге арналған, бархыт матасынан ою - өрнектерді қиып, киізге көмкеру арқылы тігіп жасаған.
Берілген схема арқылы өрнек элементтерін орналастыру бағытын интерактивті тақтаға сызып көрсетемін.
Сырмақ түрлерін бейнелеуде оқушылар мынаны естен щығармау керек:
- Өрнек элементтерін симметрия осьтерін ескере отырып салу;
- Өрнек элементтерін бояй отырып, суреттің түстік үйлесімін табу;
- Өрнектердегі контраст түстерді сауатты пайдалану;
- Көмекші сызықтарды қатты баспау;

ІV. Сарамандық жұмыс:

Бүгінгі сабақта әр топқа берілетін тапсырма түрлері:
Сырмақ суретін салуға - «қарылғаш» өрнегінің шаблондары беріледі;
Текемет суретін салуға - «қызғалдақ» өрнегінің шаблондары берілед;
Тұскиіз суретін салуға - «қошқар мүйіз» өрнегінің шаблондары берілед;
Оқушылар шаблондарды алып өрнек композицияларын құруға кіріседі.
Балалардың ой-өрісінің дамуына, қиялына, өзін еркін ұстауына, ойлауға саз әуені психалогиялық тұрғыдан жақсы әсер етеді. Сондықтан оқушылар жұмысқа кірісерде Дәулеткерейдің «Қосалқа» күйі қойылады.
Сабақ соңында жақсы орындалған жұмыстарға тоқталып, қате жұмыстарға ескертулер айтылады.

VІ.Үйге тапсырма:

түс үйлесімдіктеріне байланысты «салқын», «жылы» түстерін араластыра отырып өрнек түрлеріне композиция құрып келу.

VІІ.Сабақты қорытындылау:

«Қолөнер» сөзіне топтастыру стратегиясы бойынша, оқушылар үйден орындаған шығармашылық композициялары арқылы сабақ қорытындыланады.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.