23 Август 2013 – 13:13 | Один комментарий

Әдістемелік нұсқау хат
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 24 мамырдағы № 3 хаттама).
2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау …

Read the full story »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Басқа пәндер, Таңдаулы

Ауыл мектептерінде көркемдік бағдарлы білім беру.

Опубликовал в 9 Июнь 2012 – 09:54Нет комментариев

Диханбаев Еркінғали Боранқұлұлы, Шу қаласы, Төле би орта мектебі, Сызу-сурет пәнінің мұғалімі.

Ауыл мектептерінде көркемдік бағдарлы білім беру.

«Баланы бір затпен таныстырмақшы болсаң сол зат туралы сөйлеп қана қоймай, оны балаға алып келіп көрсет, көрсетіп қана қоймай сол заттың суретін салғыз, әрі суретпен ғана қанағаттанба, балшықтан мүсін жасауға үйрет.»
Мағжан Жұмабаев

Қай заманның болсын мұғалімі алдымен ұлы Абайдың «ұстыздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей тәлім-тәрбиесінен жалықпайтын, шығармашлылығы мол, еңбекшіл парасатты азамат болуы керек. өйткені баланы өзіне тарытп алатындай шын тәлімгерлігі бар адам ғана ұстаз деген атаққа ие боады. Елбасының білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ-съезінде «Болашақта еңбек етіп, өмңр сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүкетелетін міндет өте ауыр».

Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Сондықтан да «Білім беру мен ғылымды, мәдениет пен өнерді дамыта отырып, адамгершілік, зиялылық қасиеттерді қалыптастыру мәселесі негізінде еңбек етуге бет бұрған мектебіміз ғылым негіздерін, ана тілі мен шет тілін жетік меңгерген, өз халқының және өркениетті елдердің мәдениеті мен сусындап жоғары эстетикалық талғамдарға сәйкес тәрбие алған, өзінің жеке психологиялық қасиеттерінің дамуына сай шығарамашыл, қабілетті, дүние танымы мол, Отанына қалдықсыз қызмет жасай алатын саналы да парастатты азамат тәрбиелеу басты міндет, мақсат-мұратым деп санаймы.

Осыған байланысты оқуышыларға жаппай адамгершілік, ізгілік, эстетикалық тәлім-тәрбие беруді қамтамасыз ету үшін, бұған дейін орын алып келген эстетикалық пәндерге қосалқы сабақ ретінде қарайтын көзқарасты түбегейлі өзгерту шараларын қолға алайық.

Мектеп жасындағы балаларды өнерге баулу – басты міндеттердің біріне жатады. Өнердің негізгі саласының бірі – бейнелеу өнері. Бейнелеу өнері адамның өз оратасын түсінуіне, әдемілік пен әсемдікті, жақсы мен жаманды ажыратуға бағыттайтын білім сатысынң басы. Сурет саулды сүю - өнерді, табиғатты яғный қоршаған ортаны сүю. Ол адамның ақыл-ойын, парастын өсіреді, танымын кеңейтеді.

Бейнелу өнері сабағы мектеп қабырғасында жүргізілетіндіктен, өнерді үйретуге оның әсері мол. Қазақстанда бастауыш сыныптарға арналған бейнелеу өнерінің пәндері жарық көре бастады. Біздің балалардың салған суреттеріне көзқарас қалай?

Мысалы, балалар мен жасөспірімдер орталығы мен өнер мектебі бірлесе отырып шығрамшылық жұмыс нәтиежелері облыс, аудан көлемінде танымал болып қалған асфальтқа сурет салу байқауы «Менің Отыным» тақырыбында жылда өтеді. Оған аудан мен қала мектеп жасындағы балалары қатысады. Бұл байқау Қазақстан республикасының кешенді бағдарламасының отаншылыдыққа тәрбиелеу, салауатты өмір салтын сақтау, нашқорлықпен СПИД-ке қарсы кұрес акциясы ретінде өткізіледі.

Балалар шығармашылығын дамыту үшін «Таланттар шұғыласы» атты облыстық және аймақтық байқау жылда өткізіледі. Мұндағы мақсат талантты балалардың кәсіби деңгейінің көтерілуіне ықпал ету. Психологиялық тұрғыда баланың толыққанды өзінің жан сарайын ашуға көмекетесу. Оған мысал Алматы мемлекеттік Жүргенов атындағы академияда, көркемсурет колежінде, «Сымбат» академиясында мектеп шәкірттері оқуда. Мысалы Қазақстан жас суретшілер мүшесі Сауытбеков Нұржан, Нұхина Рахат т.б сияқты шәркірттер аталған оқу орындарын бітірген. Ауылдың мәдениетін дамытуға ұлес қосып және мектептердегі эстетикалық тәрбиені жүргізіп баларларды тәрбиелеуде. Сонымен қатар суретшілер мектебін бітірген Әбдіхалықова Аида - Өнер мектебінің директоры. Қоңырбаев Нұрлан – Балалар мен жасөспірімдер мектебінде «Мүсіншілер» үйірмесінің жетекшісі.

«Жақсы сурет мың сөздің орнын толтырады» деген қытайдың мақалында айтылғандай сурет өнерін жаңа инновациялық көзқараспен дамыту - компьютерлік графика, жаңа үлгідегі дизайнерлер  ХХІ-ғасырдың талабы. Осы себепті баланың мектепке дейінгі  білім беруде мектептен тыс мекемелердің маңызы зор екенін айтқым келеді.

Балалар суретттері – бір ғылыми негізі бар шығармашылық еңбек. Біз көбінесе бейнелеу өнерін ұлтық сана-сезімді қалыптастыратын бір ғана жол деп қараймыз. Бұл дұрыс емес. Оқуышлар мектепте дене шынықтыру пәнін қалай ұнатса, бейнелеу өнері пәніне де сондай қажеттілікті туғызуымыз керек. Сонда ғана бейнелеу өнері пәніне орта мектептерде, жоғарғы оқу орындарында жалпы қоғамдықұ дұрыс көзқарас қалыптастыра аламыз.

Эстетикалық қабілеттің бір кемшілігі оның ұлттық және аймақтық мәдениеттің ерекшелігіне, дәстүріне бағытталмауы. Сол себептен ол бір жағынан мектеп жасындағы балалардың өзіндік ұлттық танымының қуатты құралы бола алмаса, екіншіден оның жалпы азаматтық рухани құндылықтары мен мұраттарға белсенді жақындату факторы бола алмайды. Мектеп оқушылары халық өнерін жетік біліп, түсініп қана қоймай төл мәдениетінің белсенді жасаушысы иесі әрі жалғастыраушысы болу өте маңызды. Жалпыға бірдей көркем эстеиткалық білім және тәрбиені арнттыру үшін, жалпы білім беру үшін көркемдік стилдегі пәндерге көзқарасын өзгертуі тиіс. Өнер пәндері (қазақ әдебиеті, музыка, сәулет, бейнелеу және қолөнер, хореография, теятр және кино өнері, этка жэне эстетика) шығармашылық қабілентті оқу пәндерінің қатарына енуі қажет. Баланың мәдени өрісін кеңейту, сұлулықты қабылдау, әшекейлік өнері және бейнелеу өнерімен шұғылданудың рөлі өте зор. Мектептегі эстетикалық ұғым бейнелеу өнері көмегімен төмендегідей міндеттер арқылы жүзеге асады.

–                    Мектеп оқуышларының эстетикалық талғамын шынайы заттар мен құбылыстар арқылы жүзеге асыру. Мұндағы практикалық сабақтарда мұғалімдерге көрнекті құралдырды дұрыс пайдалануға, оқушылардың білім дағдысын арттыруға, оларды көркем бейнелер сомдауға, қиялын ұштауға көмектеседі.
–                    Оқушылардың өз елінің мәдениетіне, дәстүріне деген сезімдік-эстетикалық қарым-қатынас қалыптастыру ең алдымен бейнелеу өнерін сапалы ұғынып қабылдау деңгейін жоғарлату.
–                    Бейнелу өнерінің туындыларын талдау мен түсіну барысын оқущылардың ізденістерге ынталандыру, шығармашылық қабілеттерін дамытудың педагогикалық тұрғыда негізделген шарттарын жасау.
–                    Ұлттық салт-дәстүр, сәндік қолданбалы өнер, көркемдік кәсіп, дизайн негіздері, Қазақстан көркем мәдениеті бойынша факультативті курстар, сондай-ақ өнерді тереңдетіп оқытатын мектептер, оқу әдістемелік құралардары, бағдарламалар жасау.
–                    Соңғы кезде бейнелеу құраладары арқылы эстетикалық тәрбие беру саласында мектеп оқушыларын, халықтың қолдланбалы көркемдік өнеріне жақындату кең қанат жайып келеді.

Мысалға аудандағы Өнер мектебі, Балалар мен жасөспірімдер орталығын айтуға болады. Баланың жеке тұлғасын қалыптастыруда көркем шығарамашылықтың маңызы өте зор. Өйткені, бейнелеу шығармашылығы шындықты танудың тиімді құралы. Оқушылардың салған бейнелері олардың дүниесі қалай қабылдайтындығын көрсетеді. Бейнелеу өнері – эстетикалық тәрбиенің бір буыны, әрі көркемдік білім беру құралы.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.