10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Информатика, Паскаль туралы, Таңдаулы

Информатика-9. Тармақталу алгоритмді программалау (ашық сабақ).

Опубликовал inust в 11 Апрель 2012 – 17:02Пікір жоқ
Бұл мақала 401 рет оқылды, 13 рет бүгін

Информатика пәні мұғалімі: Апсадыкова Карлығаш Ақылбекқызы. Тараз қаласы. Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназия.

Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Шартты опереторлардың жазылу тәртібімен таныстыру және тармақталған алгоритмдерді программалауды түсіндіру. Сабақтан алған теориялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жұзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Программалау тілінде жұмыс жасай білу дағдыларын, ойлау қабілеттерін, өз білімдерін сауатты түрде жеткізе білуді, пәнге деген қызығушылықты дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың белсенділігін арттыру, жұмыс жасау мақсатында компьютерлік сауаттылыққа өзара көмектесуге, өзін-өзі бағалауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Деңгейлеп оқыту технологиясы. Электронды тест. Интерактивтік әдіс.
Сабақтың көрнекіліктері: Компьютер, проектор, презентациялар, деңгейлік тапсырмалар, оқулық, электронды түрдегі тест, интерактивтік тақта.

Ашық сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз

Пәнаралық байланыс: математика, геометрия, физика.
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Топтастыру
3. «Ойлан-тап»
4. «Ішіне-сыртына»
5. Кубизм
6. Математикалық өрнектерді Паскаль тіліне аудару
7. Жаңа сабақты түсіндіру
8. Сабақты бекіту «Тест»
9. Оқушыларды бағалау
10. Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасын сұрау:

1-тапсырма «Топтастыру»тапсырмасында оқушылар интерактивтік тақтаға шығыр жазып топтастырады: фч-1
2-тапсырма «Ойлан-Тап» оқушылар интерактивтік тақтаның «прожектор» құралы арқылы фотосуретте бейнеленген адамды табу қажет. фч-2
3-тапсырма «Ішіне-сыртына» оқушылар интерактивтік тақта арқылы орындайды. фч-3
4-тапсырма «Кубизм» интерактивтік тақта арқылы кубиктермен жұмыс жасау фч-4
5-тапсырма «Математикалық өрнектер» Паскаль программалау тіліне математикалық өрнектерді аудару фч-5

Жаңа сабақ түсіндіру: Паскаль программалау тіліндегі шартты оператор

Паскаль тілі өзінің қарапайымдылығының және тиімділігінің арқасында дүние жүзіне тез таралды. Қазіргі кезде барлық дербес компьютерлер осы тілде жұмыс істей алады. Паскаль тіліндежазылған программаның дұрыстығын компьютерде тексеру және жіберілген қатені түзету оңай. Тармақталған алгоритмдерді ұйымдастыру үшін шартты операторларды пайдаланамыз

Тармақталған алгоритмдердің программасын құру үшін шапртты операторларды пайдаланамыз. Осы уақытқа дейін біз сызықтық алгоритмдерге программа құрып келдік. Яғни, берілген есепте ешқандай шарттар болмаған. Ал, бүгінгі сабағымызда берілген есепте бір немесе бірнеше шарт кездесетін жағдайды қарастырып, оған программа құрамыз. Ал бұл алгоритм түрі тармақталған алгоритм.
фч-7
Тармақталған алгоритмдер – алгоритмде арифметикалық теңсіздік пен теңдік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Логикалық шарт тексеріледі, егер орындалса, онда 1 – жолмен, ал егер орындалмаса, онда 2-ші жолмен жүзеге асады да, соңында екі тармақ бірігеді. Мұндай алгоритмдерді шарт тексеру, яғни тармақталу алгоритмдері деп атаймыз. Блок схемасында шарт тексеру блогы – ромб қолданылады.

Тармақталу операторы көрсетілген шартқа тәуелді құрамына кіретін операторлардың орындалуын немесе орындалмауын қамтамасыз етеді. Тармақталған алгоритмдерді программалаған кезде мынадай қызметші сөздер қолданылады: if –егер, then-онда, elce-әйтпесе

Оператор программадағы іс-әрекеттердің орындалу реттелігін өзгертетін мүмкіндіктің ең кең тараған тәсілі болып табылады. Оператордың жазылу түрі:

{Егер   шарт    онда  1 оператор әйтпесе 2 оператор орындалады.}
IF < шартты өрнек> THEN <1 оператор> ELSE < 2 оператор>;

Егер шарттың мәні «ақиқат» болса, THEN сөзінен кейінгі оператор, ал мән «жалған» болса, ELSE сөзінен кейінгі оператор орындалады.

Шарт өрнегін жазу үшін мынадай салыстыру белгілерін пайдаланамыз:

= Тең
< Кіші
<= Кіші немесе тең
> Үлкен
>= Үлкен немесе тең
<> Тең емес

Мысал:
program j;
var x,y:real;
begin
read(x);
if x<3 then y:=x+2 else y:=5*x;
write(‘y=’,y);
end.

Мысал: Екі санды салыстырып, үлкен мәнді экранға шығар.

PROGRAM ERKEZHAN;
VAR a,b: real;
Begin
Write(‘vedite a,b’);
read(a,b);
if a>b THEN write(‘max a’) else write(‘max b’);
end.

Оқушылар тапсырманы тақтада орындайды.

Сабағымызды бекіту үшін деңгейлік тапсырмаларды орындайық.

І деңгей
Мұғалімнің көрсеткен мысалына ұқсас есептерді шығару.

ІІ деңгей
Орташа есептерді шығару.
Кез-келген санның оң немесе теріс екенін анықтайтын программа құрыңыз.

PROGRAM ERKEZHAN;
VAR a: real;
Begin
Write(‘vedite a’);
read(a);
if a>=0 THEN write(‘a он сан’) else write(‘а терис сан’);
end.

ІІІ деңгей
Күрделі есептер
Мысал:
Бөлменің температурасы 50 градустан жоғары болса, “ыстық” сөзін, 25 градустан  жоғары болса, “қалыпты” сөзін, ал 25 градустан төмен болса, “суық” сөзін  экранға шығару керек.

program h;
var t:real;
begin
read(t);
if t>=50 then write(‘ ыстык ‘) else
if t>=25 then write(‘ калыпты  ‘) else write(‘суык ‘);
writeln(‘t=’,t);
end.

Электронды түрдегі тест тапсырмаларын орындау.
Қатені табу
Мысал:
Радиусы R болатын шеңбердің ұзындығын есептеу программасын құрыңыз.
Қажетті формула L:=2*pi*R

program h;
var L,R:real;
const pi=3.14;
begin
read(R);
L:=2*pi*R;
writeln(‘L=’,L);
end.

Оқушыларды бағалау

Бағалау парағы

Оқушының аты-жөні Программ. 

бөлігі

Деңгейлік тапсырма Тест Қатені табу
1.
2.
3.
4.
5.
Жиыны

Үй тапсырмасы: Квадрат теңдеулердің түбірлерін табу.

Ашық сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен (фч) бірге көшіріп алыңыз

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.