10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Информатика, Таңдаулы

Информатика. Ашық сабақ әзірлемесі. «Мәтінді басу. Алмасу буферімен жұмыс жасау, көшіру деректерді енгізу.»

Опубликовал aliaalken в 4 Апрель 2012 – 11:51Пікір жоқ
Бұл мақала 488 рет оқылды, 12 рет бүгін

Жумахан Алия Ануарқызы. Шәкәрім атындағы СМУ колледжі (ААПЦК оқытушысы) Семей қаласы.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгендеу 2-3 мин
Сәлеметсіздер ме, балалар! Отырыңдар!
Бүгін біз MS Word мәтіндік процессорында жұмысымызды жалғастырамыз.

2. Үй тапсырмасын «Зерттелмеген арал» ойыны арқылы сұрақ –жауап ретінде сұрау. Оқушылар  өлеңнің жалғасын табу арқылы өз жұптарын тауып жолға шығады.
Сонымен, бастаймыз.

І топ:
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы
Думанды бастаған,
Далама қарашы

ІІ топ:
Жасыл жайлау
Түкті кілем түк кілем
Түк кілемде көп ойнаймыз көп күлем
Маңдайымнан сипап өткен самалды
Қазағымның мақтанышы деп білем.

Қызығушылықты ояту.

ІІ. Үй берілген тапсырманы тексеру: 25-30 мин

1.Үйге берілген тапсырма бойынша “Зерттелмеген арал ” ойыны арқылы нар (түйе керуенінің  2 өркешіндегі) сұрағына жауап беріп оларды картаға жапсырып, аралға жету.
Балалар біздің Алдар ағамыз да копьютерді меңгеруді бастапты, сол себепте «Мен Алдармын, Алдармын, елдің бәрін алдармын,
Баста ақылдың жоғынан, сұрайтын көмек болармын!» -деп бізге хат жолдапты.
Мен жер шарын аралап  жүріп Үнді еліне барып, сол жерде бір зерттелмеген арал бар екен, сол аралға барайын десем, жол бойы толған тапсырма, сендердің көмектерін керек болып тұр. Сапарға аттаналық!

Ал балалар! Аттанамыз ба? Жолға шықпас бұрын бізге карта керек.

Тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларға асық беріледі. Сұрақ бірінші партадағы оқушыдан бастап қойылады. (Оқушылар алдыңғы сабақта өтілген тақырып бойынша сұраққа жауап береді).

Түйе керуені тапсырманы алып «Зерттелмеген аралға» жолға шығады.

СҰРАҚТАР

1. Таулардың  тапсырмасы -Сызғышқа анықтама бер?
2. Тастардың  тапсырмсы –Стандарт және Пішімдеу инструменттер панельдері қалай орындалады?
3. Көлдің тапсырмасы-Инструменттерді жылжыту қалай орындалады?
4.Жануарлар тапсырмасы-Инструменттер панелін баптау?
5. Орманның тапсырмасы-Қаріпті пішімдеу қалай орындалады?
6. Аңдардың  тапсырмасы –Бірнеше терезені реттеу?
7. Құстардың тапсырмасы-Бірнеше тереземен жұмыс істеу?

Жоспар:

Жаңа материалды түсіндіру және қабылдау кезеңі.
Мәтін – компьютерлік алфавит символдарының қандай да болсын тізбегі.
Мәтіндік құжат – мәтіндік редакторды пайдаланып жасалған, ішінде      алфавиттік-сандық символдардан басқа, графиктік  обьектілер мен мәтінді пішімдеу туралы басқарушы ақпараты бар файл.

Microsoft Word мәтіндік процессорына ғана тән арнаулы редакциялау құралдарын қарастырайық.

Белгілерді кірістіру және ауыстыру режімі.

Мәтіндік процессор Кірістіру (Вставка) және Ауыстыру (Замена) режимдерінің бірінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Кірістіру режимінде енгізілген мәтін бұрынғы тұрған мәтінді жылжыта орналасады. Негізгі мәтіндік құжаттарды енгізу Кірістіру режимінде жүргізілсе, ал колонтитулдарды, қызметтік хаттарды толтыруды Ауыстыру режимінде орындаған қолайлы.

Мәтінді түзетудің ағымдық режимі ЗАМ индикаторында көрсетіледі. Егер қалып-күй жолында ЗАМ индикаторы қосылып тұрса, онда түзетудің ауыстыру режимі орнатылған. Басқа режимге көшу үшін сол индикаторды екі рет шертіп, қажетті түзету режимін таңдап алу керек.

Арнаулы символдар енгізу. Әр түрлі мәтіндерді теру кезінде пернетақта көрсетілмеген символдарды енгізу қажеттілігі туындайды. Арнайы және еркін түрде алынған символдарды экранға шығаруды Символ сұхбат терезесінде орындайды. Символ сұхбат терезесін  алу үшін Кірістіру/Символ командасын орындау керек.

Оның екі қыстырмасы бар: Символдар және арнайы символдар. Керекті символды экранға шығару үшін тышқанмен кестедегі символды ерекшелеп, Кірістіру батырмасын басамыз.

Алмасу буфері (Буфер обмена) дегеніміз – құжаттар мен қолданбалы программалар арасында мәтіндік немесе  графикалық информация алмасуға арналған компьютер жадының арнаулы бөлігі.

Алмасу буфері. Windows операциялык жүйесінде мәліметтер алмасуды Терезелер жүйесі және Сілтеуіш (Проводник) бағдарламалық ортасы іске асырады. “Тышқан” (мышь) манипуляторы баскарудың негізгі тәсілдерін (тасымалдау, арнайы тасымалдау, объектілермен жұмыста алмасу буферін пайдаланатын жалпы жүйелік тәсілдер) орындайды. Бұл тәсілдер Windows операциялық жүйесінің барлық қосымшаларында жұмыс істейді. Алмасу буферінің көмегімен бір құжаттағы мәтін фрагменттерін екіншісіне, дыбыс жазылымдарын, бейнефрагменттерді, файлдарды, бумаларды тасымалдауға болады.

Алмасу буфері - тасымалданатын, көшірілетін немес жойылатын объектіні уакытша сақтауға арналған естің арнайы аумағы.

Алмасу буферімен жұмыс істеу принциптері.
1. Бума ашылып, қажетті объектіде “тышқан” (мышь) манипуляторының сол жақ батырмасын басылып, ерекшеленеді.
2.  Объект буферге көшіріледі (қиылады). Объект алмастыру көшірілсе бастапқы орнында көшірмесі қалады, қиып алынса бастапкы орнынан жойылады, бірақ біраз уақыт аралығында алмасу буферінде сақталуы мүмкін.
3.  Объект орналасатын бума ашылып, объект алмасу буферінен кірістіріледі.

Көрсетілген операцияларды Көшіру (Копироватъ), Қиып алу (Вырезать), Кірістіру (Вставить) әртүрлі тәсілдермен орындауға болады:
- мәзір қатарының Түзету (Правка) командасын таңдау;
- аспаптар тақтасының командалық батырмаларын пайдалану;
- объектілердің жанама мәзірлерін пайдалану;
- пернелік тақтадағы анықталған пернелер комбинациясын пайдалану (<Ctrl+С> алмасу буферіне көшіру, < Ctrl +Х> - алмасу буферіне қиып алу, < Ctrl +V>- алмасу буферінен кірістіру).

Объектілерді топтап ерекшелеу. Объектілерді топтап ерекшелеуде төмендегі әрекеттер орындалады:
1. Қатар орналаспаган объектілер тобын ерекшелеу. < Ctrl > пернесінің басулы күйінде қажетті объектіде “тышқан”(мышь) манипуляторының курсор көрсеткіші койылып, сол жақ батырмасы басылады.

2. Қатар орнашсқан объектілер тобын ерекшелеу. <Shift і> пернесінің басулы күйінде “тышқан” (мышь) манипуляторының курсор көрсеткіші ерекшеленетін объектілер тобының бастапкы және соңғы элементіне койылып, сол жақ батырмасы басылады. Аралықтағы барлық элементтер автоматты түрде ерекшеленеді.

Жаңа сабақты бекіту үшін оқушыларға тапсырмалар беріледі.
Ой толғаныс. Практикалық тапсырмаларды орындау. Тапсырма орындау кезінде оқушылар өз мамандықтары бойынша «Тауартану» пәнінен тапсырмаларды орындайды.

  1. Жемістер мен көкеністер
  2. Дәмдік тауарлар (шай, кофе т.б.)
  3. Крахмал, қант, және бал
  4. Сүт өнімдері

Тапсырманы тексеруге Информатик мамандар  яғни ВТ-31 тобының оқушылары сарапшы болады.
Олар:
Узакова Мадина, Исаева Арайлым –Информатика пәнінің оқытушысы
Рыгебаев Ерзат, Канафин Хамзат –Информатика пәнінің авторы

Сабақты бекіту.
«Ғажайып жетілік» сұрақтарына жауап береді.
1. Алмасу буферіне анықтама бер және авто мәтін деген не? (Бейне сұрақ. Экраннан жанды дауыспен сұрақ қойылады)
2. Мәтіннің қандай түрлерін білесіңдер?
3. Гипер мәтін дегеніміз не? (Тікелей эфир. Эрканнан Информатик маманымен кездесу болады).
4. Құжаттарды көшіру қалай орындалады?
5. Мәтін өңдеу жүйелерін ата?

6. Оң абзацты шегіністі мәтінге анықтама бер?
7. Кәдімгі мәтін қандай объектілерден тұрады?

Сабақта балалардың эмоционалдық жағдайын анықтау. (күншуақ)

Сіздердің столдарыңызда күннің суреті жатыр, оның бетіне қараңыз, сол және оң жақ беті әртүрлі: сол жақ қуаныштың белгісі, оң жақ көңілсіз. Егер сіздерде сабақтан кейін жақсы көңіл-күйлеріңіз қалса, онда сол жақ бетіне айшық суретін салыңыз. Егер жоқ болса, оң жағы.

Барлық  жұмыстарыңызға рахмет!

Үй тапсырмасын беру 1-2 мин
VII. Үйге тапсырма .

Шығармашылық тапсырма: Ет және ет өнімдері жайлы мәтін жазып, алмау буферін қолдау.

Осымен біздің сабағымыз аяқталды. Сабаққа қатысқандарыңызға  рахмет! Келесі аптада жолығамыз.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.