“Жарық кванттары” (қорытындылау сабағы). Физика-11.
Бұл мақала 350 рет оқылды, 9 рет бүгін
Жеткизгенова Күнжақсы Таубайқызы, «Бейнеу гимназиясы» ММ-нің физика пәні мұғалімі, Маңқыстау облысы.
Сабақтың тақырыбы: Жарық кванттары
Сабақтың мақсаты: «Жарық кванттары» тарауын қорытындылау; тарау бойынша негізгі ұғым-дарды, заңдылықтар мен формулаларды, тұрақтыларды меңгерту; заңды-лықтар мен формулаларды есептеулерде тиімді қолдану дағдыларын қалып-тастыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
Сабақтың типі: қорытынды сабақ
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта және оның құралдары, авторлық ЭО құралы
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру кезеңі (Интерактивті тақтада FrontPage редакторында жасақтаған электронды оқу құралының қабықшасы бейнеленеді. Сабақтың өту кезеңдеріне сипаттама беріледі.)
Электронды оқулық көшіріп алыңыз да, папака ішіндегі СТАРТ.htm файлын іске қосыңыз (сабақтың толық жоспары ЭО ішінде). «Ұғымдар» бөлімі. (Бұл бөлімде оқушылар тарау бойынша негізгі ұғымдарға анықтама береді.)
Электронды оқу құралының бетшесі
Сұрақтары
1. Температуралық сәулелену дегеніміз не ?
2. Интегралдық энергетикалық жарқырау дегеніміз не ?
3. Дененің сәулелену қабілеті дегеніміз не ?
4. Дененің спектрлік жұту қабілеті дегеніміз не ?
5. Абсолют қара дене деп нені айтады ?
6. Люминесценция деп нені айтамыз ?
7. Фотоэффект деп қандай құбылысты айтамыз ?
8. Фотон деген не ?
9. Қандай сәулелер рентген сәулелері деп аталады ?
«Заңдылықтар» бөлімі. (Бұл бөлімде оқушылар заңдылықтың формуласын интерактивті тақтаға ActivPen құралымен жазады.)
Электронды оқулық көшіріп алыңыз да, папака ішіндегі СТАРТ.htm файлын іске қосыңыз (сабақтың толық жоспары ЭО ішінде).
Ұқсас тақырыптар:
- Инф. «FrontPage және HTML тілі мүмкіндіктерін тиімді пайдалану әдістері» (арн.курс).
- Инф-7. Компьютерде графикалық ақпараттарды өңдеу. Paint графиктік редактор.
- Инф. 11-сынып. Тақырыптық-күнтізбелік жоспар (жаратылыс.-матем бағыты) 2011-2012.
- Файлдар көшіру
- Сайт дайындау технологиясы. Өндірістік оқыту сабағы.
- Кестелермен жұмыс (гимназия-7сын. мектеп-8сын).
- Физика-8. Жарық құбылыстары.
- Физика-11. Жарықтың толқындық және кванттық қасиеттерін.
- Білім беруде ақпараттық технологияны қолдану
- Заттың тығыздығы.