10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Бастауыш сынып

Бастауыш: Тақырыбы: Сөз және оның мағынасы.

Опубликовал inust в 17 Март 2012 – 14:31Пікір жоқ
Бұл мақала 486 рет оқылды, 10 рет бүгін

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы. К.Бозтаев атындағы жалпы білім беру мектебі. Бастауыш пән мұғалімі Шегебаева Қарлығаш Қайрлықызы.

Мақсаты:
1. Өткен сабақта алған білімдерін қайталау арқылы оқушы ой – пікірін пысықтау, тиянақтау.
2. Оқушы сөйлеу , сөздік қорын молайту, сөз туралы ұғымдарын кеңейту.
3. Сыпайылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Үлестірмелі қима қағаз, оқулық, көк, жасыл, қызыл конверттер ( тапсырма жазылған)

Сабақ барысы: І . Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Білімді тиянақтау

Үйге берілген жаттығуда берілген сөйлемдердікөшіріп жазып , қысқарған сөздерге жалғаулардың қалай жалғанғанын түсіндіру. (оқушылардың жауабы)

Бүгінгі сабаққа ерекше көңіл бөлейік, өйткені өткен сабақ материалдарын қалай меңгергендіктеріңді білу үшін үш топқа бөлініп сайысқа түсеміз. Әр топқа тиесілі тапсырма салынған конверт ұсынылады.(көк, жасыл, қызыл)

1- кезең «Алғашқы адым» -Әр топқа конверт берілді, ондабірнеше сұрақтар бар, соған жауап беріледі.

І- топ. Көк конверт
1. Түбір сөз дегеніміз не?
2. Сөйлем дегеніміз не?
3. Буын үндестігі дегеніміз?
4. Мәтін дегеніміз не?
5. Етістік дегеніміз не?

ІІ- топ. Жасыл конверт
1. Сөз тіркесі дегеніміз не?
2. Мәтін түрлерін ата.
3. Жай сөйлем дегеніміз не?
4. Дыбыс үндестігі дегеніміз не?
5. Сөйлемнің дара мүшесі дегеніміз не?

ІІІ – топ. Қызыл конверт.
1. Қыстырма сөз дегеніміз не?
2. Қос сөздер дегеніміз не?
3. Құрмалас сөйлем дегеніміз?
4. Біріккен сөз дегеніміз не?
5. Сөйлемнің күрделі мүшесі дегеніміз не?

а) Оқушылардың сұрақтарға жауабы.
ә) Қалған оқушылар тақтада берілген сөздерді ретімен мағынасына қарай жазу.

2 – кезең «Кім жылдам» Әр топқа сөздер беріледі, сол сөздерге сөйлем құрап дәптерлеріне жазып, оқылады.
3 – кезең «Ой түйін» Мәтінге ат қою. Әр топқа мәтін беріледі, мәтін оқылып, ат қойылады. Берілген мәтін қандай мәтін түріне жатады?
4 – кезең «Ойлан тап» Екі – үш шумақ өлең жолдары оқылады, сол өлеңнен өздері білетін сөздерді табу. (қос сөз, біріккен сөз, қыстырма сөз)
5 – кезең «Мәреге жету»
- Балалар, кәне ойланып көрелік біз қай сөздер туралы айтпадық
- Иә, Сендерге берілген тапсырмалар ішінде қысқарған сөзге байланыстыайтылмаған. Бұл сөзге бірнеше жаттығуорындайық.

Кітаппен жұмыс.
265 – жаттығу.
1. Қысқарған сөзді толық жазу.
Кг, км, см, л, г, м, мм.
Кг- килограмм, л- литр. т.б.

266 – жаттығу.
1. Есепті көшіріп жазу, шығару.
2. Жауабын қысқарған сөзқатыстырып жазу.
Жауабы: Серік 300м жол жүрді, зат салмағы 2кг 450г.
267 – жаттығу. 1. Сөйлемдерді оқу, қысқарған сөздерді табу.
268 – жаттығу. 1. Қысқарған сөздерді толық жазу.

1. Біріккен Ұлттар ұйымы. БҰҰ
2. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы. ТМД
3. Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті. ҚҰПУ
4. Ұжым шаруашылығы. ҰШ

6 – кезең. Оқушыларға сұрақ қоя отырып

а) Сабақты қорытындылау.
ә) Оқушы білімін бағалау.
б) Үй тапсырмасына 269 – жаттығу.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.