10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Бастауыш сынып

Бастауыш: Тақырыбы: 1 саб. Етістік. 2 саб. Білімді тиянақтау.

Опубликовал inust в 17 Март 2012 – 14:39Пікір жоқ
Бұл мақала 361 рет оқылды, 10 рет бүгін

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы. К.Бозтаев атындағы жалпы білім беру мектебі. Бастауыш пән мұғалімі Шегебаева Қарлығаш Қайрлықызы.

Мақсаты:
Оқушыларға етістік жайлы түсінік беру, түрлі мысалдар негізінде қалыптастыру. Оқушылардың өз ойларын еркін, ашық жеткізе білу дағдыларын, тілін, әр мәселеге сыни көз қарасын , шығармашылық қабілетін дамыту. Кішіпейіл, әдепті, білімге құштар болуға тәрбиелеу.
Сабақ әдісі: Сұрақ – жауап, ойын, талдау, жинақтау.
Сабақ көрнекілігі: Суретті плакат, үн таспа, үлестірмелі қағаздар

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру.
ІІ. Жаңа сабақ.

І. Оқушыларды сабақ барысымен таныстыру.
а) оқу құралдарын ретке келтіру.
ә) Үй тапсырмасын тексеру.

333- жаттығу.
1. «Емен» әңгімесін оқу.
2. Мазмұнын қысқаша айту.
3. Зат есімді табу
4. Зат есімнің жекеше түрін бір бағанға, көпше түрін бір бағанға теріп жазу.

Жаңа сабақ.
ІІ. Зат есім дегеніміз не?
(жауап)
Ендеше, бүгін біз сендермен осы зат есімнің қимылын , іс – әрекетін білдіретін сөздер етістікпен танысамыз.
Етістік не істеді? Қайтті? Не қылды? Деген сұрақтарға жауап береді. Бірнеше мысалдар келтіріп , етістікті табу., сұрақ қою.

ІІІ. Суретті плакатпен жұмыс.

Оқушылардың суреттен әжейдің не істепжатқанын білдіретін қимыл атауынбілдіретінсөздерге қандай сұрақ қойылады? (жауап)

IV.  Сергіту сәті. «Көлдегі аққулар»   (ырғақ би элементтерін орындау.)
V. Өткен сабаққа байланысты жаттығу жұмыстарын орындау.

335 – жаттығу.
1. Жұмбақты оқу, шешуін табу.
2. Қарамен жазылғантүледі, күледі, ұнатады, жылатады сөздеріне     қандай сұрақ қоямыз?
3.Түледісөзінің мағынасын қалай түсінесің?

336 – жаттығу.
1. Өлеңді көшіріп жазу
2.Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою.

VI. Үлестірмелі қағазбен жұмыс.

а) Өткен сабаққа байланыстыүн таспадан сөздерді тыңдап, етістіктерді табу. (дәптер, әндетті, шар, шағала, ойнады, көйлек, көктеді, иірді, кітап т.б.)
б) Үнтаспадан әңгіме тыңдау «Ұқыпты бала»

Әңгімеден етістікті табу.

VII. Қорытындылау. Суретті плакаттан іс – қимылды білдіретін сөздерді табу, сұрақ қою.

VIII. а) Оқушы білімін бағалау.
ә) Үйге тасырма: 338 – жаттығу, ереже.


Тақырыбы:  Білімді тиянақтау.

Мақсаты: Сандар қатарын , санның құрамын, сандарды және ұзындықтарды салыстыру, қосу және азайту амалдарының  мағынасы туралы оқушылардың білім, білік дағдыларын қайталау,  тиянақтау, қалыптасу деңгейін анықтау. Үнемділікке, қатесіз, әдемі жазуғаүйрету.

Көрнекілігі: Кеспе сандар, шырша ойыншықтары, суретті карточкалар, шырша.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.

ІІ. Білімді тиянақтау.

  1. Сынып есігі ашылып рұқсатпен почташы мұғалімге сәлемдемені тапсырады. «Ғажап»!
  2. Оқушылардың көмегімен қораптың сыртындағы мекен- жай жазылған жазулар оқылады.
  3. Қорап ашылып мұғалімге арналған жолдаманы оқиды, әрі оқушыларға түсіндіріледі. Тапсырма орындалған жағдайда қораптан шыққан шыршаға ойыншықтар ілінеді.
  4. Шыршаны безендіру үшін  Аяз ата мен Ақшақардың тапсырмаларын орындауымыз керек.

1- тапсырма: Сандарды 0-ден 10-ға дейін өсу және кему ретімен санату.
0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.
10,9,8,7,6,5,4,3,2,1.

Оқушы бір сан атайды 2-ші оқушы сол санның көршісін атайды.

Мысалы: 345  789       123       456

2- тапсырма : Көрнекілік көмегімен суреттегі заттарды салыстыру әрі тақтаға жазу.

Бұл сабақтың толық нұсқасын көрнекілктерімен бірге көшіріп алыңыз (Word 2007).

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.