10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Басқа пәндер, Оқушылар шығармашылығы, Педагогика, Сыныптан тыс жұмыстар, Ұстаздар шығармашылығы, Әлмерек абыз

Хазрет Әли. Білім туралы сөзі.

Опубликовал inust в 4 Февраль 2012 – 15:31Пікір жоқ
Бұл мақала 479 рет оқылды, 3 рет бүгін

«Білім артық» - ғибрат, өсиет.

Хазреті Әлиді (р.л.ғ) сынау үшін бірнеше адам келіп, оған: «Сен шынында да білімді болсаң бір сауалыма он жауап тауып берші. Білім артық па, әлде мал-дүние артық па?” – деп сұрақ беріпті.

Сонда Хазреті Әли (р.л.ғ):

-       Біріншіден, білім артық. Өйткені білім әулие-әнибелерден қалған. Ал мал-дүние Перғаун және әр түрлі байлардан қалған.

-       Екіншіден, білім артық. Өйткені білім сені сақтайды, ал мал-дүниені сен сақтайсың.

-       Үшіншіден, білім артық. Себебі білімдінің досы көп, Ал байдың, малдының дұшпаны көп.

-       Төртіншіден, білім артық, өйткені білімді жұмсасаң артабереді. Дүниені жұмсағанда азайады.

-       Бесіншіден, білім артық, өйткені білім саған құрметті атақ алып береді. Мал-дүние «бай – қатты, сараң» деген атқа қалдырды.

-       Алтыншыдан, білім артық. Себебі білім өзін – өзі сақтайды. Ал мал-дүниені күту керек, бағу керек. Оны сен сақтайсың.

-       Жетіншіден, әлбетте білім артық. Білім иесіне қяметте шапағат етеді, мал-дүние қяметте көп сұрақ бергізеді.

-       Сегізіншіден, білім артық. Білім тозбайды. Мал-дүние қолдың кірі, ескіреді, тозады, өледі, жоғалады.

-       Тоғызыншыдан, білім артық. Білім нұрландырады. Адамға ақыл-ой қосады. Сабырлыққа жетелейді. Малдүние адамды масаттандырып, дүниеқоңыз етеді.

-       Оныншыдан, білім артық. Себебі, білім амал еттіреді. Ғибадатқа жығады. Ал, арам мал-дүние адамды аздырып, өлерінде кәпірлікпен, имансыз кетуге себепші болады – деп жауап беріпті.

Аллар Тағала баршамызға иман, адалдықты және білімді серік етсін!

 

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.