10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Педагогика, Қазақ тілі мен Әдебиеті

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі

Опубликовал Gilmanova в 29 Февраль 2012 – 22:22Пікір жоқ
Бұл мақала 1908 рет оқылды, 42 рет бүгін

Нурия Қадемқызы Гильманова, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Тереңкөл орта жалпы білім беретін мектебі

Қазіргі кезде мектептерде жиі қолданылып отырған жаңа технологиялардың бірі – оқушылардың жазу мен оқуда сын тұрғыснан ойлау қабілетін қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер. Осындай әдістеме негізінде жасөспірімдерге қазақ тілі мен әдебиетінен терең де тиянақты білім беруді өз тәжірибемде жиі қолданамын. Осы технология бойынша арнайы семинар-курстан өттім.
Мен осы мақаламда «сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының басты ерекшеліктері мен қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарындағы қолданылу жолдарына тоқталмақмын.
Алдымен, бұрыннан өткізіп жүрген дәстүрлі сабақтар. Мен қазіргі жаңа оқыту технологиясы негізінде өткізілген сабақтарды салыстыра отырып, төмендегі айырмашылықтарды байқадым.
Дәстүрлі сабақтар үрдісінде

Мұғалімнің әдістері Оқушының іс-әрекеті
1. Тақырып түсіндіреді.
2. Кейіпкерлер туралы немесе қазақ тілі бойынша ережелерді түсіндіру.
3. Шығарманың идеясын анықтайды, талдайды.
4. Шығарма жазу тапсырылады. 1. Мазмұнын айтып береді.
2. Кейіпкерлерге мінездеме береді, қазақ тілі бойынша ережені айтады, жаттығу орындайды.
3. бойынша мұғалімнің түсіндіргенімен байланыстырып айтады.
4. Тақырып бойынша шығарма жазады.

«Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы бойынша өткізілген сабақтар үрдісіндегі өзгерістер және нәтижесі

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
1. Топқа бөліп, ой қозғайды.
2. Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды.
3. Шығармадағы ең құнды мәселелерді анықтау ұсынылады, зерттеледі.
4. Образдылық ерекешелігін тануға бағыттайды, орнына өздерін қойып қарайды, салыстырады.
5. Ойларын жазуды ұсынады.
6. Қорытынды жасауға бағыттайды. 1. Топтарда жұмыс жасайды.
2. Мәтінмен өздері танысады.
3. Әр түрлі әдістер арқылы шығарманы саралайды.
4. Жеке кейіпкерлерді талдайды, олардың іс-әрекетін зерттейді.
5. Ой қорытып, оны қағаз бетіне түсіреді.
6. Тұжырымдама жасайды.

Осы салыстыру кестелерінен «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының негізгі қағидаларының шығармашыл тұлға қалыптастыруға бағытталғандығын көреміз. Академик Лернер бойынша білім-мәліметтер мен деректер, икемділіктер мен дағдылар, шығармашылық іс-әрекеттер, көңіл-күй құндылық бағдарларынан тұрады. Осыны ескерсек, сын тұрғысынан ойлау сабақтарында осы аталған бағдарлардың іске асып, нәтижесін беретіндігіне күмән болмайды.
Оқытуды жеке тұлғаға бағыттау арқылы кез келген сабақтың дамытушылық, тәрбиелілік мүмкіндіктерін пайдаланып және осы жүйені қолдану барысында қазақ тілі мен әдебиет сабағында оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту ойдағыдай жүзеге асырылады.
Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарын «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы стратегиялары негізінде құрып оқыту, яғни сыни тұрғыдан ойлау тәсілін іс-тәжірибеме енгізу нәтижесі жеткіншектер бойында мынадай іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға болатынын байқатты.
• Әрбір оқушы өзінің жеке ойымен, өмірге деген көзқарасымен және ойлау қабілетімен ерекшеленеді;
• Жеке дауысты (кейіпкер, жазушы, бірге оқитын оқушы) қабылдауға үйренеді;
• Ойын жаңа ақпараттар арқылы білдіреді /мағынаны тану кезеңінде/;
• Өз ойларын толық, дұрыс тұжырымдайды;
• Өздеріне белгілі пайдалана алады;
• Өз біліміне сүйеніп, мәселенің шешімін дұрыс тауып, ойын жеткізе біледі, яғни «Мен» деген сөзді ұғады.

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытуда шығарма жазуды үйретудің стратегияларын практикамен сабақтастыру тәсілінің өзіндік үлгілері бар. Соларға тоқталайық. 7-сыныпта қазақ әдебиеті пәнінен С.Мұратбековтің «Жусан исі» тақырыбын «сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы тұрғысынан өткіздім.

І.Қызығушылықты ояту барысында оқушылыларға әңгімені талқыламастан бұрын сөзден үй салып, мықты үйді, мықты біліммен құраймыз. Үй салу үшін ең бірінші іргетас құрайық.

І.
1. Әңгіменің авторы туралы кім не біледі?
2. Осы автордың өткен сыныптарда оқыған шығармаларын білесіңдер ме?
3. Қандай шығармасын өттік? Мазмұны қалай еді?

ІІ.
1. Әңгіме оқиғасы қай жылдарды болып еді?
2. Әңгімеде халыққа түскен ауыртпалық пен қиыншылықтар, қайғы-қасірет қалай суреттеледі?

ІІІ.
1. Аянның алғашқы ертегісі қандай оқиғаға байланысты айтылатын еді?
2. Оның «ертеде бір жетім бала болыпты» деп басталуымен қандай байланысы бар?

ІV.
1. «Жылауды әркім біледі. Мықты болсаң нағыз еркектерше қиыншылыққа жыламай бақ», - дегенің қандай, мінез қасиеттерді байқауға болады? Бұл қасиетін қай сәттерден көруге болады?
2. Жусан исінің Аян үшін қандай маңызы бар?

Осы сұрақтар арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырамыз.Білім арқылы үй құраймыз. Үй – іргетас – шатыр – терезе арқылы білімнен үй құраймыз. Сабақ барысында оқушылар «Екі түрлі түсініктеме» күнделігін пайдаланып, дәптердің бетін вертикаль сызықпен бөледі.

Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстар, үзінділерді жазады.

Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады. (Нені еске түсіреді,себеп салдары қандай, андай сұрақтар бар т.б.)

Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң, жұпта, топта талқылау ұйымдастырамын. Осы стратегия арқылы көп нәтижеге жетуге болады. Оқушылар ойланады, ізденеді, бірін-бірі түсінуіне мүмкіндік туады., жұппен жұмыс істеуге үйренеді. Ой түю арқылы, керекті дәйектемені іздеп таба біледі, оны пайдалана білуге үйренеді.
6-сыныпта М.Әуезотің «Абай жолы» роман-эпопиясынан «Біржан сал Абай ауылында» тақырыбын қорытындылауға сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары мықты білім нәтижесін көрсете білді. Оқушылар сабаққа түгел қамтылды. Сабақ «Блум таксономиясы» бойынша жүргізілді. Оны стратегия арқылы мәтінге толық талдау жүргізілді. Оқушылардың білімі, деңгейі, әрекет түрлері, ақпаратты толық тануы ескерілді. Оқушылар мәтінді түсінді, әрі өз сөзімен жеткізді. Мәтінге анализ болды. Синтез /жинақтау бойынша/ оқушылар сахналық көрініс арқылы шығарманы жинақтады. Осы сабақ барысында біраз нәрселер қамтылды. Оқушылардың шығармашылық деңгейі қалыптасты. «Эссе» стратегиясы бойынша «Абай ағаға хат», «Біржан ағаға хат» орындалды.
Эссе мына үлгіде жазылды: «Абай аға, сіздің құлақтан кіріп, бойды алар әніңіз бен ақиқат үшін шырылдаған, елді бірлікке шақырған, татулыққа үндеген өлеңдеріңіз бізге қатты әсер етті, тебірентті, толғантты. Сіз армандаған өнер құдіреті қазір шарықтауды…»
«Эссе» стратегиясы бойынша өз ойынан әр түрлі пікірлер құрастырып, оны дәлелдеуге үйренеді.
«Сауалнама-интервью» стратегиясы да жаңа білімді меңгертуге үлкен септігін тигізеді. «Сауалнама-интервью» стратегиясы бойынша өтілген тақырыпқа талдау, салыстыру, зерттеу жұмыстары бойынша оқушы білімін жинақы түрде қорытыныдылауға болады.
Оқушыларды жеке тұлға ретінде ала отырып, олардың іс-әрекет түрлерін мақсатты қалыптастыру, өздік, дербес ізденуге баулимыз. әрбір оқушыны өз беттерімен көркем туындыны оқуға, талдауға, бағалауға жетелейміз. «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы дайын білімді қайталап айту емес, оны өз белсенділіктері бойынша алуға тәрбиеленеді. Оқушылардың өзіндік жұмысына мақсатты бағдарлар, айқын міндеттер қойғыза білуге үйретеміз.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында проблемалық сабақтарды бөліп алу, әзірлеу, соны талқылау, өзіндік қорытынды жасау, өз беттерімен анализ, синтезге, бағаға жету, өзін-өзі бақылау, жұмыстары балаларды шығармашылыққа, жүйелі білімге жетелейді.
Сонымен, қазақ тілі мен әдебиеті сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша үйрету барысында мынадай қорытыныдыға келдім:
1. Оқушы өмірге деген өз ойын білдіретін жазу стилін тапты.
2. Жаңа білім бойынша өз жобалары, модельдері, болжамдарын тыңдап, талқылау (өздері талдайды, бір-бірін тыңдайды)
3. Өзіндік қорытыныдылары, оның қаншалықты ғылыми, шындыққа жақын екенін саралайды.
4. Білімді өз бетімен алуға деген ынтасын, шығармашылық жұмыстарға қабілетін, танымпаздық белсенділіктерін арттырамыз.
5. Білім дәрежесі деңгейін саралау /өзіндік анализ, синтез, бағалауының деңгейі қалыптасады/
6. Бір-бірімен ынтымақтастығы, пікірлерін айта білуі, қорғай білуі, айтыса білуге дағдыланады.
7. Оқушыларда жазу кезінде ғажайып ойлар пайда болады, онымен қатар өзінің және өзгеледің пікірі мен тәжірибесіне құрметпен қарауға үйренеді.
8. Оқушы әрекеті адамның ойлау қабілетін дамытады және ол кітап оқыған кезде өз ойын тұжырымдайды.
9. Оқушылар өз ойымен, іс-тәжірибесімен, пікірелрмен бөлісуге үйренеді, бұл бағыт топпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
10. Жұмыс барыстарын алмасу арқылы оқушының өз ойын ашық, жасқандай айтуға, басқа адамның ойын дұрыс қабылдауға үйренеді.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.