Бастауыш. Кел мүсіндеп көрейік.
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Кеген ауылы, №2 Кеген орта мектеп «Еркетай» шағын орталығы,тәрбиеші Сыгаева Асель Бактыбаевна
Сабақ тақырыбы: Үй жануарларын мүсіндеу. / қозы /
Сабақтың мақсаты: үй жануарлары туралы түсініктерін жалғастыру.
бм: мүсіндеудің әдіс-тәсілдерін меңгерту, ұсақ қол қимылдарын дамыту.
тм: өзара көмекке, достыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: үй жануарларының суреттері.
Керекті құралдар: ермексаз, тақтайша, сүлгі, суреттер, үлгі.
Әдіс-тәсілдер: көрсету, әңгімелеу, сұрақ- жауап, түсіндіру, қайталау.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Жылулық шеңбері.
Атам мені «құлыным»- дейді, әжем мені «боташым»-дейді,
Әкем мені «шырағым»- дейді, шешем мені «қозым»-дейді.
Ал, шынында мен кіммін ? Мен кәдімгі баламын.
« Міне балалар! Бізді еркелеткенде ата әжелеріміз, әке аналарымыз төрт түлік малдың сүйкімді төлдерінің атын қолданады. Кейбір балаларының аты да осы төлдерге сәйкес болады. Еске түсірейікші? ( ботагөз, бота, тайлақ, танагөз және т.б ). Ал енді, бір - бірімізді төлдің атымен еркелетіп көрейікші!».
«Төлін тап» ойыны
Бұл ойында әр малдың суретінің астындағы қалташаға өздерінің анықтаған төлдерінің суретін дәл тауып апарып салу керек.
● мақал-мәтел
● «мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл-көсір».
сызба құрау
қозы | Жүн | жіп
Көрпе |
Шұлық, Киім, Бас киім |
дені сау бала |
ұсыныс:
Үлкендерді шақыртып, ұршықпен жіп иіруге және балалардың өздеріне жіп иіртіп көрсетуге болады.
*жұмбақ
Моп-момақан өзі, сүп сүйкімді көзі…………….. (қозы)
«қозы» тақырыбы бойынша мүсіндеу.
Кіп кішкене момақан, қошақанды ұнатам.
Сүйді апам: «қозым»-деп, «қошақаным өзің»- деп.
Тәрбиеші өлең жолдарын оқып, қошақанның дене мүшелерін көрсетіп, талдау жасайды.
● кесек ермексаздан бір бөлігін үзіп алып, денесін домалақтап мүсіндеу;
● екінші бөлігін үзіп алып, мойынын, басын, аяқтарын жасау.
(балаларға сұрақ беру арқылы әңгімеге олардың өздерін де қатыстырып отырады)
«Қошақандар» сергіту сәті.
Қошақандардың жайылып жүрген бейнесін келтіру.
Жұмыс аяқталған соң , « Өрісте жайылып жүрген қошақандар» атты көрме ұйымдастыру. Осылайша балалар өздері жасаған жұмыстарына баға береді.
*«үйде, ата-аналары және жақындарымен бірге…….»
Үйде үлкендермен үй жануарлары туралы әңгімелеу. Төрт түлікке байланысты тиым сөздерді үйрену.
*« Біз не білдік?»
● адаммен үй жануарлары тығыз байланыста.
● үй жануарларына күтім қажет.
Соңында тәрбиеші қорытынды жасайды.
Балалар өте жақсы еңбектеніңдер!
Барлығы да өте жақсы деген баға.
Еңбектерің жана берсін!
Ұқсас тақырыптар:
- 2-сынып. Сұраулы сөйлем. Пысықтау сабағы (саралап оқыту технологиясы). 2-сабақ: Негізгі және туынды зат есім.
- Педагогика. Жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологиясы.
- Дүние тану. 2-класс. Бұлар қайдан шығады?
- Ана тілі. Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш
- Айырбас тақырыбына қайталау (5-сынып).
- Бастауыш сынып. Математика. Озық ойлы оқушы.
- 1-сынып. Күзгі табиғат.
- Вв дыбысы мен әрпі. Вокзал..
- Бастауыш сыныптарға арналған математика және тіл сабақтарында қолданылатын сөзжұмбақтар жинағы.
- Бастауыш. Дүниетану. Су. Судың қасиеттері.