10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Бастауыш сынып, Таңдаулы

Бастауыш. Дүниетану. Су. Судың қасиеттері.

Опубликовал inust в 16 Февраль 2012 – 17:32Пікір жоқ
Бұл мақала 1460 рет оқылды, 15 рет бүгін

Булекбаева Асель Камиловна. Астана қаласы, №56 мектеп-лицей, Бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды судың қандай күйде болатынымен таныстыру, практикалық жұмыс барысында бақылау, талдау, салыстыру және қорытынды шығары білуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: глобус, табиғатта кездесетін судың күйі, жұмбақтар, интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: топпен жұмыс.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақта қолданылатын әдістер: ой-қозғау, имға шабуыл.

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту

Тренинг:
Мен неге ұқсаймын?
1) Ү тапсырмасын сұрау.
2) Оқушылар «Ауа тазалығын сақтаңдар» деген тақырыптағы суреттерін қорғайды.
3) Химия пәнінің мұғалімі ауа туралы толықтырады.

ІІ. Мағынаны тану
- Табиғаттағы тірі ағзалар өмір сүру үшін ауа қажет екен солай ма?
- Ал қазақта мынадай сөз тіркесі бар «ауадай қажет» деген бұны қалай түсінесіңдер?
- Тірі ағзалардың өмір сүруі үшін тағы не қажет деп ойлайсыңдар?
- Әрине су. Су туралы не білеміз? Су туралы ассоцация жүргізу.

Ойын «Шөлдеген адам»
- Ал балалар, ойланып көрелік, су табиғатта қагдай күйде кездеседі?

Практикалық жұмыс
І топ: судың сұйық күйде кездесетінін дәлелдейді.
ІІ топ: судың қатты күйде кездесетінін дәлелдейді.
ІІІ топ: судың газ күйде кездесетінін дәлелдейді.

Ситуациялық сұрақтар (химия пәнінің мұғалімі)
- Ал, балалар, қалай ойлайсыңдар, суда барлық заттар ери ма?
- Ендеше бұған көзімізді жеткізу үшін тәжірибе жасап көрелік. Үш топпен екі оқушы шығып, тәжірибе көрсетеді.

1-тәжірибе. Суға тұз салады. (ериді)
2- тәжірибе. Суға құм салады. (ерімейді)

- Ал, енді балалар судың қасиеттеріне тоқталып көрелік. (оқулықтағы тәжірибелерді жасау, бақылау)

Ендеше судың қасиеттерін атап көрелік.
Су:
- пішіні жоқ;
- түссіз;
- мөлдір;
- дәмі жоқ;
- иісі жоқ;
- еріткіш;
- ағады;

ІІІ. Ой-толғаныс
1) Логикалық тапсырмалар:
- Сен достарыңмен бірге айға экспедицияға баруға мүмкіндік алдың, айға бару үшін мына заттардың қайсысын алар едің? Дәлелде.
1. Қара көзілдірік
2. Жұлдызды қарта
3. Бір қорап сіріңке
4. Фонарь

2) Жүк артқан екі түйе жолға шықты. Біреуіне тұз, екіншісіне мақта артылған болатын. Алдарында өзен ағып жатты. Түйелердің біреуі өзеннен әрең өтіп шықты: Ол қай түйе?Неліктен?

Қорытынды:
- Сонымен балалар бүгінгі сабағымызда су туралы көптеген мағлұмат алдық солай ма? Енді судың тағы да қандай ерекшелігі бар екендігін біз тыңдап көрейік.

Халық педагогикалық үзінділер:

Суды босқа төкпе.
Сумен ойнама.
Бұлақ көрсең көзін аш.
Судай таза бол.
Судан таза, сүттен ақ.

(оқушылардың пікірлерін тыңдап толықтыру). Үйге тапсырма: Су қалай ластанды? Эссе жазып келу.

Әселдің басқа ашық сабақтары:

1. Дүниетану 2-сынып. «Жануарлар жемін қалай аулайды?»

2. Тәрбие сағатының тақырыбы:  «Даланың соңғы ханзадасы Шоқан Уәлихановқа – 175 жыл»

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.