Ана тілі. 1-сынып. «Буын.Оқымысты бала.»
Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі Жомартова Назым Нурхасымовна
Қ.Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектеб.і
Тақырып:
Мақсаты:
1.Буынға бөліп оқыту мен буынға бөліп көшіріп жаздыру сияқты жаттығулар орындау арқылы буын жөнінде алған білімдерін тереңдету: й,ң,у дыбыстарының буынға бөлінуі жайында айту;
2.Оқушылардың дұрыс буынға бөлу дағдыларын дамытып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
3.Өзімшілдік, өзін басқалардан жоғары ұстау, мақтаншақтық, жалқаулық сияқты жат қылықтардан баланың бойын аулақ ұстауға үйретіп, еңбекшіл әрі білімді болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың формасы: жаппай, жұппен, жеке
Әдіс-амалдар: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, іздендіру, жүйелеу.
Көрнекі құралдар: кесте, суреттер, буындар.
Сабақ барысы:
І.Мотивациялық кезең
1.Үй тапсырмасын тексеру (1,2,3 буынды сөздер жазып келу)
2.Ой қозғау
Әріп жұмбақтар шешу (Бұл қандай әріптер?) БУЫН
1.Табада бар,
Танада жоқ.
Сабада бар,
Санада жоқ. (Б)
2.Дабылда жоқ,
Дауылда бар.
Далада жоқ,
Ауылда бар. (У)
3.Қылда бар,
Жүнде жоқ.
Жылда бар,
Күнде жоқ. (Ы)
4.Нарда бар,
Қарда жоқ.
Нанда бар,
Майда жоқ. (Н)
3.Сұрақ-жауап:
- Сөзде неше буын бар екенін қалай ажыратамыз?Мысал келтіру.
Ереже: Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
Мысалы: Ат,а-ға, ша-на.
4.Буынның түрлерін атап, ережесін еске түсіру (кесте арқылы)
□, ∆ □
□ ∆
∆ □ ∆
Буын
↓ ↓ ↓
Ашық буын Тұйық буын Бітеу буын
5.Есте сақта!
Бір буынды сөзді буынға бөлуге болмайды!
Мысалы :ай, ән, от, өт, оң, ін, үн, кеш, бор, тас, жүз, қыс, шөп, тас.
6.Буынға бөлу (ауызша)
Орақ, ара, көмір, мысық, алма, орман, құмырсқа, жұмыртқа.
7.Сергіту сәті
ІІ.Операциялық кезең
1.Жаңа ұғым
й,ң,у дыбыстары екі дауыстының ортасында келсе, онда олар екінші буынның басында айтылады. Мысалы: қа-йық, жа-ңа, та-уық.
2.Дәптермен жұмыс
Каллиграфиялық жазу
3.Жаттығу-65 (Жеке, жұппен жұмыс)
1.Кестедегі сөздерді буынға бөліп оқу;
2.Қарамен жазылған сөздерді буынға бөліп жазу.
О-йын-шық, қа-йың, қо-ңы-рау, же-ңіс, а-уыл, ба-уыр.
4.Дыбыстық талдау (математикалық тәсіл бойынша) Қайық, теңіз, ауа
Үлгі:
Берілгені:Қайық =□ + ∆=?
Шешуі:5 о = 2(а,ы)□ + 3∆(2 қ,,й)=?
а б
Қа-йық
5.Сергіту сәті
6.Мәтінмен жұмыс
1)Сұрақ-жауап
-М.Дулатов кім?Оның қандай шығармасын білесіңдер?
-Қандай адамды оқымысты дейді№
2)Мәтінді оқу (тізбектей)
3)Сөздік жұмысы
Тырма – шөпті жинау үшін қолданылатын еңбек құралы
4)Сұрақ-жауап
-Бала аулына қашан келді?
-Қаланың ауылдан айырмашылығы қандай?
-Әкесі баласына қандай жұмыс тапсырды?
-Баласы не деп жауап берді?
-Сол кезде баламен қандай оқиға болды?
- «Оқымысты» баланың бұл қылығын қалай түсінесіңдер? (жалқаулық, еріншектік, мақтаншақтық)
7. Жалқаулық, еріншектік, мақтаншақтық және оқу , еңбек туралы мақал-мәтелдер айту
Жалқаулық, еріншектік, мақтаншақтық | Оқу , еңбек |
Жалқаудың ертеңі бітпес | Екпей егін бітпес,
Үйренбей білім бітпес. |
8.Сергіту сәті ән «Болайықшы осындай»
9.Т кестесін толтыру
1 буынды сөздер | 2 буынды сөздер |
Ай,күн,қыс, түс, ұл, қыз | Қа-йың, а-уыл, жа-ңа, қа-ла |
10.Шығармашылық тапсырма «Адасқан буындар»
Берілген буындардан мағынасына қарай сөздер құрау (ба, қа, та, ша, йық, тыр, шу, ән, үй, кеш, теп, би, те, рек, пан, ша, ңіз т.б.)
ІІІ.Рефлексия
-Бүгін сабақта не үйрендіңдер?
- Қандай жаңа ақпарат алдыңдар?
- Не түсінбедіңдер?
- Буынның түрлерін ата
- й,ң,у дыбыстары кездесетін сөздерді қалай буынға бөледі?
ІV.Бағалау
V.Үй тапсырмасы
«Оқымысты бала» әңгімесін оқу, мойын, жеңіл сөздеріне дыбыстық талдау жасау
Есте сақта!
Бір буынды сөзді буынға бөлуге болмайды!
Мысалы :ай, ән, от, өт, оң, ін, үн, кеш, бор, тас, жүз, қыс, шөп, тас.
й,ң,у дыбыстары екі дауыстының ортасында келсе, онда олар екінші буынның басында айтылады.
Мысалы: қа-йық, жа-ңа, та-уық.
Ұқсас тақырыптар:
- Ана тілі 4 - сынып. Ж.Жабаев «Балама хат»
- Бастауыш. Етікші. 2 сынып әдебиеттік оқу.
- Ана тілі. Ә.Сәрсенбаев «Халыққа жеткіз күйімді»
- Ана тілі. Құмырсқаның қанағаты (ертегі).
- Ана тілі. 4–сынып. А.Халимулдина, Ә.Халимулдин «Мәншүктің жұлдызды сәті»
- Ана тілі. 4-сынып. Мәлік Ғабдуллин «Тау қыраны».
- Ана тілі 3–сынып. Н.Айтов «Нүркен»
- Математика 3 сынып. Қосындыны санға бөлу.
- 5 сынып. «Адамгершілік – асыл қасиет».
- Технология. 4 -сынып. Cәукеле тігу.