10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Информатика

Microsoft Word мәтіндік процессоры

Опубликовал Yenlik в 4 Январь 2012 – 20:08Пікір жоқ
Бұл мақала 2359 рет оқылды, 16 рет бүгін

Сабақтың тақырыбы:

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға MS Word мәтіндік процессорымен жұмыс істеуді үйрету; мәтінді пішімдеу, белгілеуді, өшіруді, жылжытуды көшіруді үйрету; жол аралығын және абзац аралығын тағайындауды үйрету..
Дамытушылық: Оқушының WORD редакторының жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру және қабілетін дамыту; жаңа ақпараттық технологиямен арқа тіресе жұмыс істеуін, олардың білімге деген қызығушылығын арттыру
Тәрбиелік: Оқушыны жауапкершілікке және ұқыптылыққа, қазіргі заманға сай білімді, ақпаратты толық меңгеруге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі – практикалық сабақ
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу,математика, тарих
Сабақтың көрнекілігі: Activstudio электрондық оқулық, интерактивтік тақтасы, электрондық оқулық және activote тесттік құрылғысы.
«Информатика» оқулығы 8 класс
Күтілетін нәтиже:
 Оқушыларда MS Word мәтіндік процессоры туралы түсінік қалыптасады.
 MS Word мәтіндік процссорын қосу жолдырын үйрене алады.
 Мәтіндік процессорда құжатты редакциялау
 Құжаттарыды рекциялауға, баспаға жіберуге үйрету.
 Мәтінге сурет кірістіру, беттерді рәсімдеу, кесте құрастыру.

Сабақтың жоспары:
 MS Word мәтіндік процессоры туралы түсінік
 MS Word терезесімен таныстыру
 Құжаттармен жасалатын жұмыстар
 МӘТІНДІК ҚҰЖАТТЫ ПІШІМДЕУ
ІІ. Өткенді қайталау .
- Мәтіндік редактор деп кандай редакторларды атаймыз ?
- Сендер қандай мәтіндік редакторлармен таныссыңдар ?
- Қарапайым мәтіндік редатордың айырмашылығы неде?
- Қандай редактордың терезесі және оның қызметі қандай?
- Терезе қай редактордың терезесі?
- Жасалған құжатты алғаш қалай сақтаймыз ?
- Мәтіндік редакторды қалай іске қосамыз ?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
MS Word - бұл құжаттарды құру , қарап шығу, өзгерту және басып шығару үшін арналған MS OFFICE жүйесінің құрамына кіретін программа. Демек, Word – та жұмыс жасау принципі Window’s жүйесіндегідей: бірдей уақытта бірнеше ашық терезелер және бумалармен жұмыс жасау, жүйелілік меню т.с.с.
MS Word - іс жүзінде қазіргі мәтіндік процессорлардың барлық қажетті сапаларына ие.
- құжатты құру және теру;
- қаріптер жиынын пайдалану арқылы оларды форматтау;
- кестелер, графиктер, математикалық формулаларды пайдалану;
- емле ережесін тексеру және сөздерді автоматты түрде тасымалдау;
- іскер хаттарды, келісім – шарттарды, есеп беру формаларын және т.с.с. дайындауға Шеберді (Мастерді) және Шаблонды пайдалану.

MS Word - пен танысу.
Мәтіндік редакторды іске қосудың үш жолы бар:

1) негізгі менюден Пуск – Все программы - MS OFFICE - MS Word
1) Жұмыс үстеліндегі таңбашасымен:

2) MS OFFICE тақтасындағы батырмалармен.

Мәтіндік редактордмен жұмысты аяқтаудың да үш жолы бар:
1) Файл – Шығу
2) ALT + F4 батырмалар комбинациясын басамыз:
3) Бағдарламаның атаулар жолының оң жақтағы жоғарғы жабу батырмасын х батырмасын басып шығу.

MICROSOFT WORD ӘТІНДІК РЕДАКТОРЫНЫҢ ЖҰМЫС ТЕРЕЗЕСІ

1. Жаңа құжатты құру
Жаңа құжатты құру үшін ФАЙЛ – СОЗДАТЬ әмірін орындаймыз.
Жасалған құжатта мәтіннің кез келген түрін енгіземіз.
2. Құжатты ашу.
Құжатты ашудың екі жолы бар:
1) Құрал – саймандар тақтасынан батырмасы арқылы ашу.

2) Файл – Открыть командасы арқылы ашу
3. Құжатты сақтау
Құжатты сақтаудың екі жолы бар:
1) Құрал – саймандар тақтасынан батырмасы арқылы сақтау.

2) Файл – Сохранить как… ( Сохранить)

ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС №1
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл толуына байланысты оқушылар «Тәуелсіздікке 20 жыл» тақырыбында 10 – сөзден тұратын шағын шығарма жазу.
Келесі тапсырманы орында:
1. Шығарма тақырыбын бірыңғай бас әтіппен, жартылай қарайтылған TIMES NEW ROMAN қаріп стилінде, қаріп өлшемі – 14 кегель болсын
2. Шығарма жазу барысында, КУРСИВ қаріп стилімен теру.

КӨЗГЕ ЖАТТЫҒУ.

ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС №2
Әр оқушыға өзінің фирмасын ойлап тауып, сол фирмасын жарнамалауға афиша жасату. Жарнама жасауға 5 минут беріледі.

Электрондық оқулықпен жұмыс. Мұнда Э – оқулықтың тапсырмаларымен жұмыс.

Тест тапсырмасы.
Бағалау. Үйге мәтіндік редактор туралы оқу.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.