10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Бастауыш сынып

Вв дыбысы мен әрпі. Вокзал..

Опубликовал aibekkamil в 12 Декабрь 2011 – 02:39Пікір жоқ
Бұл мақала 1170 рет оқылды, 6 рет бүгін

Назгүл Талғатқызы Павлодар қаласы, Қ.Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Вв дыбысы мен әрпі. Вокзал..    жүктеу

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды жаңа әріппен таныстыру, буын арқылы талдау жасату.
2. Сауаттылыққа тәрбиелеу, мәтінді сын тұрғысынан меңгерту.
3. Қиялын дамыту.

Ақпаратты құралдар: Дидактикалық материалдар, Әліппе-плакат, жұмбақ, сурет, кеспе әріптер.
Сабақтың  түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Топтастыру( кубизм), құрастыру, көрнекілік, сұрақ-жауап, В әріпке байланысты өлең жаттау.

Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылар назарын сабаққа аудару.
ә)  топқа бөлу.

ІІ. Өткен сабақты сұрау: Дыбыс нешеге бөлінеді?

Дауысты, дауыссыз дыбыстарды топтастырып бөлу.
І-топ                                                     ІІ-топ                                                     ІІІ-топ
Дауысты дыбыстар               Дауыссыз дыбыстар.                             Буындар.
-Кестеге қарап көз жеткізу. Соңғы сабақта қай әріппен таныстық?
-һ әрпімен таныстық. Ол қандай дыбыс?  - һ дыбысы дауыссыз дыбыс.
Һ –дыбысы сөздің тек ортасында ғана айтылады.

Салыстыру: х дыбысымен һдыбысын.Қаһарман мәтінін тізбектеп оқыту.

Мәтіннің мазмұнын әңгімелеу. Бағандағы сөздерге дыбыстық талдау жасату.

Сергіту сәті:
Ұзын мұртты құмырсқа,
Келе жатыр жұмысқа.
Алды допты қолына,
Қойды допты жолына.
Оңға қарады, солға қарады,
Үлкен тау деп ойлады.

Жаңа сабақ. 1.  «Құпия жұмыртқаны» ( киндер сюрприз) ашу. Ішінен 1,3 сандарын және кішкене қағаз шығады. Қағазға жұмбақ жазылған.

Қосылса 1,3 арасы, қандай әріп қарашы? Шешуі: В дыбысы.

Құрастырмалы көрнекілік  бойынша жұмыс: Мына суреттегі ваза, вокзал, велосипед сөздері қандай әріптен басталған?

В дыбысының баспа, жазба түрлері көрсетіледі. Вдыбысы қандай дыбыс? Неге? Буындармен танысу, одан сөз құрастыру және оқу.

Жасырын сөзді, амалдарды есептеп шығару арқылы , жаңа  тақырыпты шығару.

А 9-4 5
Л 2+7 9
О 3+4 7
З 10-6 4
В 6+4 10
К 6-6 0

10 7 0 4 5 9
В О К З А Л

Суретпен жұмыс « Вокзалда».

1.Суреттен не көріп отырсыңдар?
2.Онда болғандарың бар ма?
3. Вова вокзалға не үшін келді?
4. Оған папасы не әкелді?

Сұрақтарға жауап алып  мәтін құрастыру. Әліппеден мәтінді мұғалімнің оқуы.
Оқушыларға оқыту. Қандай сөз таныс емес? Кейбір сөздердің мағынасын ашу.

Жұмбақ шешу: «Вв».

Бір-бірімен қорап үйлер тіркесіп,
Қос сүрлеумен әрі-бері жүр көшіп. ( Вагон.)

Бір атым бар –құлын болып тумаған,
Құнан болып өспеген. ( Велосипед.)

« Хош келдіңіз» -ұраны,
Бір сөнбейді шырағы.
Жұрттың бәрін қарсы алып,
Шығарып сап тұрады. (Вокзал.)

Дәптермен жұмыс. Вв дыбысын бір жолға көркем етіп жазу. Тақтаға салып көрсету, ауада жазу, дәптерге жазу.

Сергіту сәті:

Ұзын қанат инелік
Инелікке тимелік
Ұшақты біз жасадық
Инеліктен үйреніп
Зу-зу етіп ұшалық

Сөздік диктант. Ваза, хат гауһар, вагон, хабар, витамин.
Бір сөзді алып, дыбыстық талдау жаса.

Үйге тапсырма: Мәтінді оқу, дәптердегі жазуды аяқтап келу.

Қорытынды: 5жол өлең.

  1. Зат есім. Вв дыбысы.
  2. Сын есім. Дауыссыз, ұяң.
  3. Етістік. Оқимыз, жазамыз, естиміз.
  4. Сезімді білдіретін сөздер: велосипед, ванна, ваза, вокзал.
  5. В дыбысы.

Сабаққа қатысқан оқушыларды мадақтау.

Сабақты қорыту.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.