Аспаз. Мамандық таңдау, сынып сағаты.
Ж. Е. Нұрғазы, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Жалпы білім беретін Пугачев орта мектебі. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің І санатты мұғалімі
Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды мамандық түрлерімен таныстыру, аспаз сөзінің мағынасын түсіндіру, тағамның түрлерімен таныстыру тамақты шашпау, қорламау,
қадірлеу, қастерлеу. Ас туралы мақал- мәтел айту, жұмбақтар шешу, граматикалық ойындар ойнау.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, қызғалдақтар, көріністер.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыстілі, математика.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа назарларын аудару
3. Үй тапсырмасын сұрау. Көрініс.
Наубайшы:
Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып, қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Бәрімізге жейтұғын,
Ең алдымен нан керек.
Көтеруге ел туын,
Қуат керек, әл керек.
Дәрігер:
- Сәлеметсіз бе? Келіңіз.
- Қай жеріңіз ауырады?
- Ыстығыңыз бар ма? Ұйқыңыз қалай?
-Мен сізге дәрілер жазып берейін.
-Таңертең, түсте, кешке ішіңіз.
-Сау болыңыз. Жазылып кетіңіз.
Құрылысшы:
Мен құрылысшымын. Мен биік үйлер, мектептер, балабақшалар саламын. Маған құрылысшы болу ұнайды. Мен өз жұмысымды жақсы көремін.
Сатушы:
- Сәлеметсіз бе, Келіңіз. Не аласыз?
- Маған 1 нан, 2 қорап шай, 2 қорап оттық, 1 литр сүт беріңізші.
-Мінекей алыңыз. Мен есептеп жіберейін. Барлығы 300 теңге болады.
- Мінеки, қалған ақшаңызды алыңыз.
-Тағы да келіп тұрыңыз.
Мұғалім:
-Сәлеметсіздер ме, балалар
-Отырыңдар.
-Қазір қандай сабақ?
-Қазір қазақ тілі сабағы.
-Бүгін нешесі?
-Аптаның қай күні?
-Өте жақсы. Балалар, бәріңе рахмет.
Аспаз: Бір тамақты пісіріп,
Бір тамақты түсіріп.
Апам ылғи жүреді,
Жадырайды, күледі.
Он жетіге толамын ,
Мен де аспаз боламын.
Мінеки, балалар, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбына да келдік.
3.Жаңа сабақ.
-Қарашаның жиырма тоғызы. Сынып жұмысы. Аспаз.
1. «Аспаз» – сөзіне жаңа сөздерді кірістіре отырып, бес жолды өлең құрастырайық.
Түбірі- ас, паз- жұрнақ. Ас-тамақ( синоним сөздік жұмысы.
1. Аспаз.
2. Аспаз пісіреді.
3. Аспаз тамақ пісіреді.
4. Аспаз дәмді тамақ пісіреді.
Суретпен жұмыс.
Асықпай суретке қараңдар,аспаздың пісірген дәмді тағамдары тұр.
Кітаппен жұмыс. 2- тапсырма. Тамақтың түрлерімен танысайық.
1. Адамдар сүт, шай, айран, шырын ішеді.
2. Адамдар борщ, палау, нан пісіреді.
3. Адамдар лимон, қймақ, қияр сатып алады.
Сергіту сәті: «Қызғалдақ» ойыны
4- тапсырма: түбірін табу, жалғауын ажырату.
Сабақты қортындылау: Сөзжұмбақ шешу, мамандықтарды қайталау.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: 1-тапсырма. Сұрақтарға жауап жазу.
Ұқсас тақырыптар:
- Тәрбие сағатының тақырыбы: «ЖИТС - ғасыр дерті»
- АЗАТТЫҚТЫ АҢСАҒАН АЙБЫНДЫ АЛАШ.
- Ана-өмірдің гүлі 2-сынып
- «Аяулы күз, алтын күз» кешінің бағдарламасы
- Ашық тәрбие сағаты Тақырыбы: “Темекі мен арақтан, аман болшы, балапан!”
- Сабақтың тақырыбы: «Д.А.Қонаев- ғасыр саңлағы»
- Ашық тәрбие сағаты: «Сақтықты сұңқардан үйрене отырып,өз-өзіңнің өміріңе балта шаппа»
- Ақпараттандыру – оқушылар мен оқытушылардың медиа-құзырлылығын көтеру негізі.
- Тәрбие сағаттар жинағы 1 сынып.
- Тәуелсіз елдің баласы. Тәрбие сағаты.