10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Педагогика, Сыныптан тыс жұмыстар

Салауатты өмір сүру дегеніміз не? (тс).

Опубликовал Makpal в 22 Ноябрь 2011 – 10:052 пікір
Бұл мақала 3409 рет оқылды, 23 рет бүгін

Мақпал Мығымбаева информтаика мұғалімдері. Кызылорда облысы Сырдария ауданындагы №10 каситик лицейде мамандык бойынша сабак береді

Автордық тағы бір тәрбие сағатын көшіріп алыңыз: Желтоқсан желі -ызғарлы

Мақсаты:

Оқушыларды ізденімпаздыққа, белсенділікке, қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту және есте сақтау қабілетін арттыру, ізгілікке, имандылыққа, адамгершілікке, қоғамдағы жат қылықтардан аулақ болуға, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: өмір, денсаулық, бақыт туралы сөздер,

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Сабақтың тақырыбын, мақсатын таныстыру.

Негізгі бөлім.

Мұғалім:

Ауырып ем ізденгенше,

Ауырмаудың жолын ізде дегенді қалай түсінесіздер?. Оқушылар пікірін тыңдау.

Сендер болашақ Қазақстан Республикасының азаматтары бүгінгі мектеп табалдырығындағы оқушылар денсаулықтарыңа жас кезден бастап қамқор болу қажет.

Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының есебі бойынша адам денсаулығына 10% дәрігерлік көмек, 15% - тұқымқуалаушылықтан, 25% - қоршаған ортадан, ал 50% - адамның өзіне, өмір сүру қалпына байланысты екен.

Денсаулық - тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау - бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз.

Қазіргі уақыттағы әлеуметтік - экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе, өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде.

Ел Президентінің “Қазақстан - 2030” жолдамасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – “Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мән әл ауқаты” тармағында,“…азамат-тарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін” азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.

Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру туралы елбасының жолдауын, егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе болады.

“Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі” деп тегін айтылмаған.

Олай болса әрі қарай біздің тақырыбымды толықтыру үшін мен сіздерге арнайылап қонақ шақырып отырмын. Сол к онактармен таныстырып өтейін.

Лицей медбикесі Сәрсенбаева Раиса

Лицейіміздегі дене шынықтыру пәні мұғалімі Федетов Александр және үйірме жеткшісі Аметов Жалғас конаққа келіп отыр.

Медбике мен дене шынықтыру пәндер мұғалімдерін шақыруда мақсатым- деніміз сау бола отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Яғни дұрыс тамақтану, жеке бас гигиенасына мән беру арқылы спортпен шұғылдану. Дұрыс тамақтансақ және спортпен шұғылдансақ біз нағыз - қазақ елінің салауатты өмір сүретін жастары боласыңдар.

Келесі сөз кезегін Сәрсенбаева Раиса апайға береміз.

Келесі сөз кезегін Федетов Александр және Ахметов Жалғас

Оқушылар сұрағы:

1

2

3

4

Мұғалім: Аяқталмаған сөйлем

Бақытты өмір – бұл…

Осы сұрақ бойынша оқушылар өз ойын ортаға салады.

Келесі кезекте оқушыларға тест таратылып беріледі.

Тест. «Менің өмір сүру қалпым»

Дене қозғалысының түрлері Күнделікті Аңда-санда Мүлде

жасамаймын

1 Таңертеңгі ұйқыдан 7:00, ерте тұру 20 10 0

2 Таңертеңгі дене қозғалысы 10 7 0

3 Мектепке келу 10 6 0

4 Дене шынықтыру сабағына қатысу 30 10 0

5 Сабақтан тыс іс-шаралар (секция, жарыстар, бокс, күрес) 10 5 0

6 Денені шынықтыру 5 3 0

7 Үйдегі дене еңбегінің орындалуы 5 3 0

60 – жоғары

45 – орташа

25 – төмен

Біздің елімізде 14,5 млн адам бар дейді, 2050 жылдарда 10,5 млн қалуы мүмкін. Орташа өмір сүру: ерлер – 57 жыл, әйелдер – 72 жыл. Басты себептері жүрек – қан аурулары, онкологиалық өкпе ауруы, наркомандар, депрессияға ұшырағандар, салауатты өмір салтының ережелерін сақтамағандар, суицид болып отыр

Мұғалім:

Өмірің болсын десең сенің сәнді

Ойланып, айналаңа қара мәнді.

Адам бол! Білімі тасқын, өнері асқан

Өзіне сүйсіндірер басқа жанды.

Салауатты мақсатың - өмір сүру,

Өмірдің мағынасын керек білу.

Ішімдік, нашақорлық сенің жауың,

Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру

Адамның ішкі дүниесінің, денесінің тазалығын тексеру.

Тренинг: Мен саған … …тілеймін. «Жүректен – жүрекке»

Әр оқушы тілектері жазылған жүрекшелерді қасында отырған оқушыларына сыйлайды.

Бүгінгі тәрбие сағатымыз осымен аяқталды.

Автордық тағы бір тәрбие сағатын көшіріп алыңыз: Желтоқсан желі -ызғарлы

Ұқсас тақырыптар:

2 пікір »

  • Дәметкен Сағидуллақызы пишет:

    Сымбатты да сұлу қызымыз Мақпал!!! Айналайын өркенің өссін! Әрқашан сауатты болуыңа тілектес тәтең І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің доценті.

  • Админ пишет:

    Сұлу қызыңыз жаста боса еңбектенетіні көрініп тұр, сіз сияқты доцент болсын. Доценттің де мақаласын оқығымыз келеді сайттан.

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.