Ұстаздар шығармашылығы: Оқу процесін ұйымдастыруда әрекеттілікті жүзеге асыру – оқушылардың өздігінен білім алуын қалыптастырудың маңызды жағдайы.
Дайындаған: Ошақбаева Г.Қ. оқу ісінің меңгерушісі
2011 оқу жылы. Ақмола облысы Бурабай ауданы Оқжетпес орта мектебі
Оқу процесін ұйымдастыруда әрекеттілікті жүзеге асыруда білім беру сапасы қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын, нәтижесін, сондай-ақ жеке тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасуын және даму болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория. Оқу процесін ұйымдастыруда білім беру сапасы білім беру мекемелеріндегі оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу қызметтерінің әр түрлі көрсеткіштерінің жиынтығы, яғни білім беру мазмұны, оқыту формасы мен әдістері, материалдық техникалық базалары, т.б. бойынша анықталады. Оқу процесін ұйымдастыруда білім сапасы мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланысты. Мұғалім жайлы Ахмет Байтұрсынов былай деген: … « Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогикадан, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім». Демек білім сапасын көтерудің негізгі тетігі- ұстаз, сондай-ақ, оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі.
Жаңа ғасырдағы мектеп алдындағы міндет – егеменді еліміздің жас ұрпағын жан-жақты дамыта отырып тәрбиелеу. « Елімізді 2030 жылы барысқа айналдыратын күш - мектеп партасында отырған оқушылар мен 15-20 жас аралығындағы жастар » деп Елбасымыз бекер айтқан жоқ. Өйткені Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Ал жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, интнллектуалдық деңгейін жоғары етіп қалыптастырудың бірден бір жолы – оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс - тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа, оқушыларды өздігінен білім алуға жетелеу. Бұл ретте мұғалімнің терең біліктілігі қажет. Біліктілік – бұл білімдегі, тәжірибедегі, берілген білімді меңгертудегі бейімділік, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік.
Біліктілік:
- Білімнің негізінде қалыптасатын үлкен еңбек, яғни:
- жауапкершілікті сезіну;
- белгілі бір мәселені шешуге қатысу;
- білім беру технологияларын түсіну, меңгеру, қолдануда қабілеттілік таныту;
- еңбекке дұрыс қарым – қатынас;
- кәсібінде үнемі ізденіс таныту.
- 2. Ақпараттық қажеттілікті сезіну.
- 3. Көздеген мақсатқа жетуде әдіс- тәсілдердің бір-бірімен сай келуі.
Біліктілік негізі:
- Оқып үйрену:
- белгілі бір тәжірибені пайдалана білу;
- өз білімін өзара байланыстыра ұйымдастыру;
- өзінің жеке оқыту бағдарламаларын құра білу;
- өзін дамытумен дербес айналысу.
- Іздеу:
- әр түрлі базалық мәліметтерді іздестіру;
- ақпараттармен жұмыс;
- құжаттармен жұмыс жасай білу және оларды топтай білу.
3. Бейімделу:
- технологиялар мен ақпараттарды қолдана білуге бейімделу;
- өзгеріске икемділік таныту;
- қиындыққа көне және жеңе білу;
- жаңа шешімдер таба білу.
4. Ынтымақтастықта болу:
- еңбекте ынтымақтастықта болу;
- келіспеушілік пен әр түрлі көзқарастылықта көрегендік таныту;
- келісе білу,
- шарт жасай білу және оны орындау;
- тілектестік және ынтымақтастық таныту.
5. Жұмысқа ниеттілік:
- жобаға кірісу;
- жауапкершілікті сезіну;
- өз жұмысын ұйымдастыра білу;
- өткенді жаңамен байланыстыруды ұйымдастыру;
- қоғам дамуына сын көзбен қарай білу;
- қиындыққа және сенімсіздікке қарсы тұру;
- өзінің жеке көзқарасын білдіре білу, т.б.
Сапа өздігінен келмейді. Оны жоспарлау керек.
Сапаға жетуде білім мекемесі жұмысының құндылығы – бұл көзделген мақсатқа жету мен басты міндеттерді шешуде өз қызметін құру принципі. Ол:
- оқушыларды бірінші орынға қою;
- жоғары деңгейдегі кәсіптілікпен жұмыс істеу;
- бірлікте еңбек ету;
- тұрақты жақсартуға көмек жасау;
- барлық тұлғалар үшін бірдей еңбек ету;
- жоғары сапалы қызметпен қамту.
Білім сапасын арттыруда тұлғалар қызметін талап деңгейінде ұйымдастырудың мәні зор. Ол қызметтің бағыттары мынандай болып келеді:
Ұйымдастырушылық қызмет:
- педагогтің қызметін ұйымдастыру;
- мұғалімнің оқушы қызметін ұйымдастыруы;
- оқушы қызметіне жағдайдың жасалуы;
- мұғалім мен оқушының өзара байланыс қызметі;
- оқушының өз қызметін ұйымдастыруы.
Жобалаушылық қызмет:
- педагогикалық үрдіске қатысушылардың мүмкін болатын нәтижелерін жобалай білу;
- педагогикалық өзара әрекетті үлгілеу;
- педагогикалық технологияны жүзеге асыру үрдісінде мұғалім мен оқушының даму деңгейін болжау.
Коммуникативтік қызмет:
- педагогикалық үрдіске қатысушылардың (мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар) арасындағы коммуникативтік қызмет;
- мұғалім мен оқушылар арасындағы ақпараттық алмасу;
- педагог пен тәрбиеленушілер арасындағы өзара түсіністік жағдайдың жасалуы.
Ю.К.Бабанский мұғалімнің сабақ үстіндегі шығармашылығын 4 деңгейге бөледі:
- мұғалімнің сыныппен өзара әректі, нәтижеге жетуге ұмтылуы;
- мұғалімнің сабақтағы қызметі, яғни жоспардан бастап оқытудың мазмұны, соған орай әдіс-тәсілдердің таңдалуы;
- оқушы шығармашылығын қалыптастыру, соны дамыту мүмкіндігін жасау;
- оқушылармен өзара қарым - қатынаста толық дербестік таныту, оқыту мен тәрбиелеуде нақты шығармашылықпен жұмыс жүргізу, оқушыларды өздігінен оқуға жұмылдыру.
Оқу процесін ұйымдастыруда әрекеттілікті жүзеге асыруда
Мұғалім шығармашылығы мынадан байқалады:
- Алынған көрсеткіштерге талдау жасау;
- Кезіккен проблемаларды, ситуацияларды сезіну;
- Нәтижеге жету жолында педагогикалық өзара әрекет жүйесін құру;
- Өз қызметінде бағдарланған міндеттерді шешуді тұрақты түрде кері байланыс арқылы жүзеге асыру.
Ал, мұның барлығы мұғалімнің кәсіптілігіне байланысты болмақ. Ол біріншіден, өзінің еңбегінің нәтижесін өлшеу біліктілігі мен қызметінде сапалы көрсеткішке жетуі. Екіншіден, практикалық қызметте педагогтің
сапалық көрсеткішін зерттеу біліктілігі. Бұл шебер-педагогтің , шығармашыл педагогтің өз қызметіне , оның нәтижесіне талдау жасай білу біліктілігін көрсетеді. Әр педагог өз жұмысына талдау жасауда:
Неге жеттім ? Неге ұмтыламын ? Не кедергі жасайды ? Оқушылар өз бетімен нәтижеге жете ала ма? өздігінен білім алуы үшін қандай көмек жасауым керек? деген сұрақтарды басшылыққа алуы тиіс.
Оқыту сапасының негізгі критерийлері оқыту үрдісінің нәтижесі мен оқушылардың білім, білік дағдысының сапасы болып табылады. Ал, бұның барлығы мұғалім кәсіптілігіне тікелей байланысты екендігін шексіз қайталап айта беруге болады. Өйткені сапалы, білімді, шығармашыл, өздігінен білім алатын, ізденетін оқушы шығармашылықпен, үнемі ізденіс үстінде жұмыс жүргізетін мұғалім еңбегінің жемісі.
Мұғалім - өте нәзік инструмент, ол барлық адами қызметтерді өзінде жинақтауға ұмтылады. Ол философ, дирижер, ұйымдастырушы, оқымысты, психолог, артист. Сондықтан оның бойындағы байқалатын қызметтерге сыйластықпен қарай отырып, оны жетілдіруге көмек көрсету және бұл инструменттің ерекшеліктері мен дауысына үн қосу негізгі міндеттердің бірі.
Шығармашыл жұмыс істейтін мұғалім
1. Өз пәні бойынша білімі | Өз пәні бойынша терең , жан-жақты білімді. Білімін жоспарлы жоғарылата алатын, мамандығы бойынша методикасын, әр түрлі саладағы ғылыми – көпшілік әдебиеттерді еркін меңгереді. |
2. Өз пәніне қатынасы | Өз пәнін біледі, қызықтырып өтеді. |
3. Жұмыстағы жаңашылдыққа көзқарасы. | Жаңа көзқарасты идеяларды, педагогикалық міндеттерді жаңаша шешуді талап ететін активтілігімен ерекшеленеді. |
4. Оқу жұмысын жоспарлауды білу. | Оқушылардың, сыныптың ерекшелігін ескере, сабақ жүйесініңформасы мен тәсілдерін түрлендіре отырып, шығармашылықпен жоспарлау. |
5. Оқытудың психологиялық, педагогикалық білім негізі. | Қәзіргі заманғы оқытудың психологиялық – педагогикалық концепциясын еркін меңгереді және оны педагогикалық қызметінде негіз ретінде пайдаланады. |
6. Педагогикалық тәсіл | Оқушылармен қарым – қатынас жасау, оларға талап қоя білу, мөлшерін сақтай біледі. |
7. Оқыту процесінде оқушымен жеке қарым – қатынас. | Оқушы ерекшелігін жүйелі зерттеу, оқыту талаптарында жеке қарым – қатынасты қамтамасыз ету, яғни тапсырманың күрделілігі мен көлемін деңгейлеу, нашар үлгеретін оқушыларға үнемі тиянақты көмек көрсету, үй тапсырмасының орындалуын үнемі бақылау, оқу деңгейлерінің дайындықтары күшті, орта, нашар оқушыларды бір мезгілде көз алдында ұстай білу. |
8. Оқу еңбегі дағдысындағы оқушыларды дамыту жұмысы | Оқу еңбегін оқушыларда дағдыға айналдару, білім –білік дағдысын мақсатты, тиянақты түрде бірдей қатынаста ұйымдастыру, білім алуда өзін - өзі бақылау, оқу еңбегін дұрыс қатынаста жоспарлау, оқытудың, жазудың, есептердің міндетті жеке қарым – қатынас тудыру. |
9. Ойлау қабілетін дамыту жұмысы | Оқыту формасы мазмұны мен әдісінің активті дамуы оқушылардың оқыған материалдарындағы керектісін бөліп ала білуіне үйретеді және жеке қарым – қатынас жасауға жағдай туғызады. |
10. Оқушылардың пәнге қызығушылығын дамыту | Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруда негізгі жұмыс тәсілдерін пайдаланады, мазмұнның жаңашылдығын пайдалану; оқытудың әр түрлі тәсілдері, сыныптан тыс жұмыстар , қызығушылықтарын қалыптастыруға, жеке қарым –қатынас жасауға жағдай туғызады. |
11. Оқушылардың білім – білік дағдысын, білім сапасын бағалай білу. | Бағалауды практикада қолдана білу, тек қана білімін бағалау емес оның практикалық – эксперименталдық білім – білік дағдысын бағалауға дұрыс жағдай туғызады.
Күнделікті баға қорының жеткілікті саны оқушылардың тоқсандық қортынды баға бөліп ала білуіне үйретеді және жеке қарым – қатынас жасауға жағдай туғызады. |
Өз елінің сауатты, сапалы азаматы
Жан – жақты дамыған Барлық жағдайларға тез арада шешім қабылдай алатын
Креативті мұғалім
Техниканы білу Интернет, компьютер қолдана алатын
Мейірімді, қамқоршы. Ақылшы болуға әрқашан дайын
Болашақ елімізді шет елдермен байланыстыра білу үшін тілдерді білу, меңгеру.
Оқу процесін ұйымдастыруда әрекеттілікті жүзеге асыру – оқушылардың өздігінен білім алуын қалыптастырудың маңызды жағдайы.
Ұқсас тақырыптар:
- VST - жоба жасау.
- “Алгоритм” ұғымы. Алгоритмнің қасиеттері.
- И-11. сж. Жасанды интеллект жүйесінің ұғымы.
- VB. Меню құру және бағдарламалау
- Білім беруді ақпараттандыру және информатиканы оқыту әдістемесі
- Информатика 9 класс. Календарно-тематический план (блочный вариант).
- 2-сабақ Алгоритмді график түрінде кескіндеу. «Орындаушы» ұғымы. Орындаушының командалар жүйесі.
- Информатика 7-сынып. Айлық тест (жауаптарымен).
- «Pascal тілінде программалау» таңдау пәні бойынша авторлық бағдарлама
- Гольдбах жорамалы. Паскальда программалау.