10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Информатика

Ms Excel-де сілтемелерді және макрокоманда қолдану (пж 11сын).

Опубликовал inust в 25 Октябрь 2011 – 09:20Пікір жоқ
Бұл мақала 1085 рет оқылды, 3 рет бүгін
Сабақтың 11-сынып
тақырыбы: Ms Excel-де сілтемелерді және макрокоманда қолдану
мақсаттары: Word-тағы сілтемелер, макрокомандалар ұғымын қайталау, осы мүмкіндіктерді пайдаланып Excel-де көрнекті құжаттар жасау әдістерін меңгерту.
Excel-дің қосымша мүмкіндіктерімен танысу.
Excel құжаттарын көркем етіп жасау
көрнекілігі: Excel прог., Интерактивті тақта, Компьютерлер.
түрі: Теориялық-практикалық сабақ.
барысы: Ұйымдастыру.

  1. Оқушыларды түгелдеу, журнал толтыру, оқушылардың дәптерлерін, оқулықтарын қарап шығу.
  2. Сынып, тақта, парта  тазалығын қарап шығу, қажет болса ескертулер жасау.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Үй жұмысы:
  1. Үй жұмысын тексеру, есепке алу
  2. Сұрақ-жауап:

Қандай программалық тілдерді білесіңдер? Атап көріңіздер.
Гиперсілтеме деген не? Мысал:
Макрокоманда деген не? Мысал:
Алгоритма деген? Не? Мысал:
Қандай алгоритм командалары бар?
Тармақтау командаларын айтып шық (толық, қысқаша) .

Гиперссылка деген құжаттың басқа бөлігіне, басқа құжатқа немесе файлға тікелей өтуді жүзеге асыратын, белгілі бір объектіге бекітілген жарлық.

Интернет веб-парақшаларын жасағанда гиперссылкалар барынша қолданылады.

Макрокоманда – деген құжатпен жұмыс істеу барысында жиі қолданылатын әрекеттер тізбегінен тұратын шағын алгоритм.

Бүгін сабағымызда осы үйренгенімізді пайдаланып тест прогрммасын жасап көреміз.

Алдымен пәндер тізімін жасаймыз. Тізімдегі пәннің атын басқанда гиперсілтеме іске қосылып, сол пән тұрған бетке өтеміз. Өткен бетте сол пәннен тест сұрақтары тұрсын. Тестің дұрыс жауабын шерткенде 1 ұпай қосылсын, қате шерткенде 0 қосылады. Сұрақтар біткен соң жалпы ұпай саны көрініп, баға да өздігінен шығып тұратын етейік.

Әзірге тестімізде 5 сұрақ бар болсын. Әр сүраққа келтірілген үш жауаптың біреуі дұрыс болсын.

Ары қарай интерактивті тақтада Excel-де жұмыс істейміз. Әр бетте болуға тиісті тұрақты ақпараттарды (тізім, сұрақ-жауаптар) енгіземіз.

 

 

 

 

1– беті 2 – беті

Лист5 бетінде жауаптар талданады, дұрыс жауап саны шығады, үлгерім пайзы, бағалау мәні шығу керек. Физика бетіне тест жасау мысалын қарастырайық.

1. Жауап тұсына (В7) айырып-қосқыш кнопкалар қоямыз: вид → панели инструментов → формы → переключатель кнопкасын белгілейміз. Жауап тұсына В7-ұяшығына мауыс сілтемесін апарсақ + таңбасы көрінеді, әлдеттегідей кнопка суретін саламыз. Ары қарай осы кнопканы төменгі жауаптар тұсына көшіреміз. Кнопкалар ұяшықтарға тура келмесе басқарушы пернелермен жылжытып туралау дұрыс.

2. Осы кнопкаға арнап макрокоманда жазамыз. Оны былай жасаймыз:

сервис →макросы →начать запись (Зап.макр.сұқбат терезесі ашылады) → ок.

3. Макросқа жазылатын әрекеттер тізбегін жасап (мауыспен шертіп) шығамыз.

Листь5 →С3 ұяшығы →0(немесе 1) →enter-ді басамыз→физика →В12 → enter-ді басамыз.

Макрокоманда жазылды. Листь5-тегі С3-ке 0 жазған себебімі 1-жауап дұрыс емес.

4. Жауап тұсындағы кнопканы осы макроспен байланыстырамыз. Ол үшін алдымен кнопка суретін шертіп бөлектеп қоямыз, ары қарай:

маустың оң жағы →назначить макрос (наз.макр.объекту сұқб.терезе ашылады) макрос1-ді шертеміз →ок.

Енді маус сілтемесін кнопкаға апарсақ қол белгісі көрінеді. Басып қалсақ Ортасында нүкте пайда болады. Жауап есепке алынды деген сөз. Лист5 беттегі С3 ұяшығына қарасаңыз ол жерде 0 саны тұрады.

Тура осы әдіспен екінші кнопканы (В8) бөлектеп алып, дұрыс жауап кнопкасы үшін макрокоманда жазып аламыз да, оны да сәйкес кнопкамен, жоғарыда айтылған әдіспен байлыныстырамыз. Листь5-тегі С3-ке 1 жазамыз, себебі 2-жауап дұрыс. Бәрін дұрыс істесеңіз, тексергенде Листь5-тегі С3-ұяшықта 1 саны көрінеді. Қалған жауап кнопкаларына да осы 1 – 4 әрекеттерді қайталаймыз.

Енді, Листь5 бетіне өтіп жауаптарды талдау амалдарын алгоритмдейміз. Мұнда С бағаны макрокомандалар көмегімен 0 не 1 сандарымен толтырыллады. С9-ға С3-С8 аралығындағы сандардың қосындысын шығаратын формула жазамыз.

С9→ =СУММА(С3:С8) -ұпайлар саны

C11→ =C9*100/5 -сапа пайзы

E3 → =физика!A2 –сұрақтар саны «физика» бетінің А2-ұяшығында, тестілеу басталар алдында жазылады.

C13 → =ЕСЛИ(C11>80;5;ЕСЛИ(C11>50;4;ЕСЛИ(C11>20;3;2))) -баға шығару формуласы.

A1 → =физика!C3 -тест тапсырушының аты-жөні.

С3:С8 бағанындағы сандары түсін ақ (фон) түсіпен жазып көрінбейтін етіп қоюға болады.

Тест сұрақтарының соңына нәтижелерін көру үшін Листь5 бетіне өтетін пернені «формы» панелінен аламып қоямыз. НӘТИЖЕЛЕР деп жазамыз. Осы пернеге жоғарыдай әдіспен макрокоманда жазамыз. Макрокоманда Листь5-ке өту әрекетінен ғана тұрады. Тест дайын. Оның безендіруін, форматтауын әркім өзінше жасай береді.

Үйге тапсырма:

Үйде компьютері бар оқушылар осы жұмысты орындап, нәтижесін дискіге жазып келіңіздер. Басқа оқушылар мектепте орындайды.

 

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.