10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Информатика, Паскаль туралы

Компьютерде есепті шешудің негізгі кезеңдері.

Опубликовал inust в 24 Октябрь 2011 – 18:271 пікір
Бұл мақала 1490 рет оқылды, 5 рет бүгін

Компьютерде есепті шешу процесі- бұл адам және ЭЕМ арасындағы біріктірілген сала. Бұл процесті бірнеше тізбектелген этаптар түрінде көрсетуге болады. Адамға тиісті этаптар, шығармашылық саламен байланыстысы- қойылуы, алгоритмизациясы, есепті программа және нәтижелерді талдау, ал компьютерге тиістісі- өңделген алгоритммен сәйкес келетін ақпаратты өңдеу этаптары.

Бұл этаптарды келесі мысалдарда қарастырамыз: екі бүтін санның соммасын есептеу және видеомонитордың экранына нәтижесін шығару.

Бірінші этап – есептердің қойылымы. Бұл этапта есепті қолданатын жұмыс саласын жақсы білетін адам қатысады, ол есептің мақсатын нақты анықтауы керек, есептің мазмұнына сөздік түсінік беруі және оның шешімімен жалпы жақындық ұсынуы керек. Мысалы, екі бүтін санның соммасын есептеу үшін сандар қалай қосылатын білетін адам, есепті келесі әдіспен түсіндіре алады: екі бүтін санды енгізу, оларды бір-біріне қосу және есептің нәтижесі ретінде соммасын шығару.

Екінші этап – математикалық немесе ақпараттық моделдеу. Бұл этаптың мақсаты – есеп компьютерде шешілуі үшін, есептің математикалық моделін құру. Көптеген есептердің математикалық моделінде тек қана формулалар мен логикалық шарттар келтіріледі. Бұл этап бірінші этаппен тығыз байланыста және оны бөлек қарастырмасада болады, бірақ құрылған модель үшін бірнеше шешу әдістері танымал болуы мүмкін және олардың ішінен ең ыңғайлысын таңда керек болады. Жоғарыда түсіндірілген есеп үшін екінші этап келесідей болады: компьютерге енгізілген сандарды А және В атауымен жадыда сақтаймыз, содан соң бұл сандардың соммсының мағынасын А + В формуласы бойынша есептейміз және нәтижесін жадыда Summa атауымен сақтаймыз.

Үшінші этап – есептің алгоритмі. Математикалық түсіндіру негізінде шешу алгоритмін құрастыру керек. Алгоритм дегеніміз - қойылған есептің шешуге бағытталған әрекеттер тобын іске асыру үшін атқарушыға түсінікті әрі дәл нұсқаулар жиынтығы. Алгоритмдерді орындайтындар адамдар, роботтар, компьютерлер болуы мүмкін.

Төртінші этап - программалау. Программа - бұл орындаушы(компьютер) орындайтын әрекеттердің жоспары. Үшінші этапта құрылған алгоритм бойынша программа алгоритмдік тілде жазылады.

Бесінші этап – жазылған программаны компьютерге программалау жүйесінде еңгізіледі.

Алтыншы этап – тестлеу және программаны жөндеу. Бұл қадамда ЭЕМ қөмегімен алгоритм орындалады, қателер ізделінеді және олар жойылады. Программаны жөндеу – бұл күрделі және стандартты емес процесс.Күрделі программалар бөлек фрагменттермен тексеріледі.

Жетінші этап - жөнделген программаның орындалуы және нетижені талдау. Бұл қадамда программа жұмысқа қосылып , алғашқы керекті мәндер беріліп. программа нәтижесі алынады. Шыққан нәтижелер талданып, нәтижелерге сай шешімдер, ұсыныстар, шығарулар жағдыланады. Талдау шешімі бойынша есептің құрылған жолдары қайтадан қарастырылып, есептің бірінші қадамына қайтып оралып, есеп жаңадан шешілуі мүмкін.

Ұқсас тақырыптар:

1 пікір »

  • ауа райы пишет:

    Сочида ауа температурасы +26 градус.(аэропортта).Самолет көтерілгенде -12 градус.Самолет неше метрге ұшып барады?

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.