И-8. Компьютерлік вирустардан қорғау (ашық сабақ).
Жұмабаева Фариза. Атырау облысы.
Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз!
І. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен амандасып, үй тапсырмасына шолу жасау
ІІ. Үй тапсырмасына шолу (Activote құралының көмегімен тест тапсырмалары арқылы үй тапсырмасын тексеру)
Тест тапсырмалары:
1. Компьютерде кез келген файлды тез тауып бере алатын команда
А) Жою (Удалить) В) Іздеу (Поиск) С) Рәсімдеу (Оформление)
2. Файлды іздеу үшін нені білу қажет?
А) файлдар мен буманын тұрған жерін
В) Объектіні, оның атын, құрылу датасын, өлшемін
С) Файлдарды
3. Файлдар мен бумалар атын іздеу өрісіне не енгізу керек?
А) құжатты
В) файл атын немесе файл фрагментін
С) табу сөзін
4. Мәтінді іздеу өрісіне не енгізуге болады?
А) файл атын
В) папка атын
С) мәтін фрагментін
5. Іздеудің қосымша параметрлерін енгізу үшін қандай жазуға шерту керек?
А) Табу папаметрі
В) Файл фрагменті
С) Іздеу параметрлері
ІІІ. Жаңа тақырып. (Қызығушылықты ояту)
Тақырыпқа дейін ой қозғау:
1. Оқушылар күнделікті өмірде жалпы компьютерлік вирустар деген ұғыммен кездесіп жүрсіздер, кімнің қандай ойы бар? Компьютерлік вирус дегенімізді қалай түсінеміз екен? Кәне, ортаға салайық!
2. Компьютерлік вирустармен күресу үшін қандай әрекеттер орындау қажет деп білеміз?
Мағынаны тану. (жаңа сабақты түсіндіру)
Қазіргі уақытта компьютерге кез келген операциялық жүйеден жұғатын және желілер арқылы таралатын көптеген вирустар белгілі. Компьютерік программаларға қатысты «вирус» атауы өздігінен көбею қабілетіне ие белгілері бойынша биология пәнінен белгілі.
Компьютерлік вирус -өздігінен көбеюге қабілетті арнайы программалар, ол компьютер жадысында сақталатын программалар мен файлдарды құртуы, жоюы және компьютерді істен шығаруы мүмкін.
Мекендеу ортасына қарай вирустарды былай бөлуге болады:
Көрнекіліктерді көшіріп алыңыз
Вирустардан қорғану үшін компьютерге орнатып және оны оқтын-оқтын жаңалауды қажет ететін вирусқа қарсы арнайы программалар пайдаланылады. Вирусқа қарсы программалардың жұмысы файлдар мен программалардағы вирустарды жою және диагностикадан тұрады.
Қазіргі кезде вирусқа қарсы программаларды төмендегідей бірнеше түрге бөлуге болады.
Көрнекіліктерді көшіріп алыңыз
Компьютерлік вирустармен күресу үшін вирусқа қарсы (антивирустық) программаларды тұрақты жаңалап тұру қажет.
Көрнекіліктерді көшіріп алыңыз
(Электронды оқулықтан мәлімет алу)
ІV. Ой толғаныс (қорытынды)
1- тапсырма: (бос орынды толықтыр)
Компьютерлік вирус -өздігінен ________ қабілетті арнайы ______________, ол компьютер _____________сақталатын программалар мен файлдарды _________, _________және компьютерді _______________ мүмкін.
Компьютерлік вирустармен күресу үшін ______________________________ программаларды тұрақты __________тұру қажет.
2- тапсырма:
Вирус әрекеттерінің олардың түрлеріне сәйкестіктерін тағайындаңдар.
Көрнекіліктерді көшіріп алыңыз
3- тапсырма: Оқулықтың сәйкес тақырыбындағы материалды пайдаланып, кестені толтырыңдар.
Антивирустық программа типі | Антивирустық программалардың негізгі міндеттері | Белгілі антивирустық программаның аты |
Детектор программалар | ||
Полифагтар | ||
Ревизорлар |
4- тапсырма: (Activote құралының көмегімен тест тапсырмаларын орындау)
1. Компьютерлік вирус –бұл мынадай программа:
А) компьютерді бұзатын
В) «көбеюге» қабілетті және басқа программаларды «зақымдайтын»
С) Қапшықтар мен файлдарды жоятын
Д) желілер бойымен таралатын
2. Вирус туралы қай пікір дұрыс:
А) вирус компьютердің жедел жадын азайтады;
В) Вирус компьютер жұмысын тежейді;
С) вирус экранға бөтен ақпараттарды шығарады;
Д) вирус компьютердегі ақпаратты жояды;
Е) вирус дискеттің дисководқа енуіне кедергі жасайды
3. Дұрыс емес пікір:
А) вирустан құтылу мүмкін емес
В) вирус компьютер жұмысын тежейді
С) вирус мәліметтер форматын өзгерту мүмкін
Д) вирус экранға бөтен ақпараттарды шығарады
Е) вирус компьютердегі ақпаратты жояды
4. Орындалушы файлдар жоятын вирустар түрі:
А) файлдық вирустар;
В) енуші вирустар
С) желілік вирустар
Д) макровирустар
Е) микровирустар
5. Компьютерлік вирустардан қорғану бұл :
А) вирустардың кіруін болдырмау
В) ДК –ге вирус енсе, оларға қарсы шабуылды болдырмау
С) қиратушылық әрекеттерді болдырмау
Д) дұрыс жауабы жоқ
Е) а,в.с жауаптары
6. Компьютерлік вирустардың негізгі түрлері:
А) аппараттық, программалық, жүктеуші, макровирустар
В) программалық, жүктеуші, макровирустар, желілік
С) файлдық, программалық, макровирустар, жүктеуші
Д) аппараттық, программалық, жүктеуші, желілік
7. Вирустан қорғанудың негізгі әдістері
А) қажет мәліметтердің көшірмесін сақтау
В) кең тараған вирустардың программалық кодтарын салыстыру
С) программалық құралдар
Д) программалық ,аппараттық, ұйымдастырушылық құралдар
Е) тек ұйымдастырушылық құралдар
8. Вирусқа қарсы программалар
А) Avp, drweb
B) MS-Dos, MS Word, Avp
C) MS- Word, MS Excel, Norton Commander
D) MS-Do, Norton Commander, drweb
E) MS- Word, MS Excel, Norton Antivirus
Үйге тапсырма: 5,5 тақырып, интернет беттерінен антивирус программалары туралы мәлімет алу, мәнжазба даярлау
Оқушыларды бағалау.
Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз!
Ұқсас тақырыптар:
- Кестелермен жұмыс (гимназия-7сын. мектеп-8сын).
- Microsoft Word мәтіндік процессоры
- Excel-де деректермен жұмыс істеу
- И-10. Мәтіндік процессорлар құжаттармен жұмыс
- Ms Excel-де сілтемелерді және макрокоманда қолдану (пж 11сын).
- Информатика 8-сынып. Сабақ жоспарлар жинағы.
- Excel электрондық кестесінің графикалық мүмкіндіктері. Диаграммалармен жұмыс.
- Информатика пәні 7-8-10-сынып бойынша жыл стандарты
- Инф-10. Мәтіндік процессор Microsoft Word. Excel кестелік редакторының графикалық мүмкіндіктері (екі сабақ).
- Сабақтар көшіру-2010.