“Наурыз - думан”
Жанболат Садуакасов
Шығыс Қазақстан облысы, Қызылағаш орта мектебі.
“Наурыз - думан”
1 жүргізуші: Алыстан арып келсең, айран ұсынып, “қонақ” десе құрт – майын сақтаған абзал аналар, күлкісі әсем жеңгелер, жақын жүрсе, қылығымен сүйсінткен, аяулы апа – сіңлілер, ұстаздар мен оқушылар. Сіздерді төл мерекеміз Наурыз мейрамымен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт тілеп бүгінгі “Наурыз - думан” мерекелік ертеңгілігімізді ашамыз.
Тыңдаңыздар!
Той дабылын қағып тұрған мұнда біз бар
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар
Наурыз тойы басталды
Келіңіздер Наурыз күнін қарсы алайық
Билейік, жыр жырлайық, ән салайық
Қаһарлы қыстан өтіп, Наурыз келді
Арқаңды кенге салшы уа халайық
1 оқушы:
Наурыз келді – жыл келді
Тірілтуге гүлдерді
Сәнденеді аналар
Сәбилермен бірге енді
Наурыз келді – нұр келді
Түгел аймақ түрленді
Бақшадағы тәтейлер
Тойға әзір боп үлгерді
Бірдей кәрі, жасқа да
Наурыз күні жақсы – ақ, ә
Сиыр жылы той болсын
Барлық мектептерде
Қырандай боп ұл өссін
Таң атырып сиыр – жыл
Тыныштықты күзетсін
Терістен жел соқпасын
Зобалаңда тоқтасын
Ырыс бассын ырғалып
Бар үйлермен – отбасын
Азат жер – су, азат көк
Тұра берсін таза – ақ боп
Наурыз тойын тойлайық
Нар тұлғалы қазақ боп
2 оқушы:
Сәлем бердік! Жас Наурыз, жылдың басы
Жұрттың күткен, мінекей, ықыласы
Көжесін құйып, күйбеңдеп, басын асып
Бермек әркім барынша қонақ асын
Күлгеніне құттықтап бірін – бірі
Қуанышта, көрісіп, кәрі – жасы
Көңіл түгел адамның сен келген соң
Самарқанның елжіреп түскен тасы
Наурыз қайтып оралды, аты да аңыз
Сұраймыз алғыс та, ақы да біз
Үй – дастарқан, даламыз, сахнамыз
Ұлы мейрам – Наурызға шақырамыз
1 жүргізуші:
Жүріңдер Наурыз тойға басып аяқ
Қалыс адам болмасын некен – саяқ
Ән шырқап, би билейік, қауым болып
Тұрмайтын уақыт келді, өнерді аяп
“Аққу” биі. Орындайтындар: 2 сынып оқушылары: Әлия мен Балжан
2 жүргізуші:
Наурыз тойы – береке
Наурыз тойы – жыр, аңыз
Қызыл дулы мереке
Қызық думан құрамыз
Күн әкелген жыл керім
Күллі дүние жайдары
Желкілдетіп гүлдерін
Жер анамыз жайнады
Наурыз – шаттық әніміз
Салтанатты сәніміз
Ән салып жас – кәріміз
Би билейік бәріміз
Ән “Қазақтың дастарханы” орындайтын Сағымбай Мейрамгүл.
Қызыр баба
Ау аман ба, Жарандар!
Алтын таңға қараңдар
Ерте жайнап атты таң
Естіліп тұр шаттық ән
Жұрағатым қуанып
Рақатын тапты жан
Келе жатыр жылымыз
Мейрамдаймыз мұны біз
Жас балаша нұрланып
Жадырайды күніміз
Күннің жаңа нұры бар
Мұның ғажап сыры бар!
Халық сүйген мейрам – бұл
Қарсы алайық тұрыңдар
1 жүргізуші: Хош келдің Қызыр баба!
Күн:
Сәлем ата - аналар!
Қызыр баба аман ба?
Жасы жайлы заманда
Уақыт үдеп, келдім мен
Бақыт тілеп адамға
Қудым жерден суықты
Қырдан салқын булықты
Құтты болсын мерекең
Наурыз айы туыпты
Әне, Наурыз, келді
Әсемденер жер енді
2 жүргізуші: Хош келдің! Күн ием
1 жүргізуші: 1 сынып оқушысы: Қинаятова Дильназдың орындауында “Қазақ биі”
Наурыз:
Сәлем анам – алтын Күн
Сәлем қарты халқымның
Уақытыма риза боп
Бақытыма шалқыдым
Қызыр баба:
Қош келіпсің аманмын
Арман тойы ананың
Қуанышы баланың
Қуанышы ғаламның
Құтты болсың қадамың
Сені тойлап қарсы алып,
Бар әлемге жар салып
“Бейбітшілік тойы” деп
Қол соғады барша жұрт
Наурыз:
Ашық болса күніміз
Ашылады нұрымыз
Бой, тұлғалы өңірде
Айтылады жырымыз
Күн:
Күнменен түн теңелді
Күнде ұзарам мен енді
Гүлмен жерді жайнатып
Гүлден, Наурыз, сен енді
Наурыз:
Жайнатамын гүл – гүлді
Сайратамын бұлбұлды
Мерейлі жұрт тойласын
Мейрам етіп бұл күнді
Қызыр баба:
Ау, жарандар, келіңдер
Той қызығын көріңдер
Наурыз айға бас иіп,
Күнге сәлем беріңдер
2 жүргізуші: Ән “Гүл – гүл жайна” орындайтын кішкентай бүлдіршін қызымыз: Ашейева Рысжан
Жиренше:
Той әкелген ғаламға
Күн мен Наурыз аман ба?
Бас, иеміз, бабамыз –
- Бас иемін соған да.
Барша жұртым аман ба?
Күн: Мың жасай бер Жиренше!
Наурыз:
Жастар сөзді үйренсе
Өздеріңізден үйренсін
Қызыр баба:
Келдің шаршап алыстан
Төрлет шешен - данышпан!
1 жүргізуші: Ән “Жаңа жыл” орындайтын 3 сынып оқушысы Сағымбай Мейрамгүл
Алдар:
Сәлем Ай мен Күніміз!
Мейман парқын біліңіз
Қыруар істі бастаймыз
Қуанышты үніміз
Қайтқан емес талайым
Той болсын деп тойлайын
Айналайын ағайын
Қолдарыңды алайын
Күн. Аман бол, мәңгі жарқыным!
Наурыз: Жасыңыз, досы халқымның
2 жүргізуші: Келесі тамашалайтындарыңыз өзбек биі. Орындайтын 4 сынып оқушысы Төлеубекова Айгерім.
Тазша бала:
Күнмен Айға әлемнің
Берем ыстық сәлемін
Қарттарыма сүйеніп
Сәлем берем иіліп
Орындалды ойларың
Құтты болсын тойларың!
Бәрі: Көп жаса, Тазша бала.
Тазша бала:
Айтпаймын өлтірсең де өтірікті
Қайтпаймын: шыбын китті өлтіріпті
Өріңдер шыбын жонынан таспа тіліп
Көріңдер өжеттік пен өтірікті
Мен өзім Айға мініп Күнге бардым
Мінезім құбылуындай күнбағардың
Түбінде өтіріктен жүлде алармын
Шынына “шындығымның” жетемін деп
Шынында өте бөсіп етермін тек
Жалғанға өзегімнен өзім тудым
Алғанда өз елімнен төте міндет
1 жүргізуші: Сахнаға 1 сынып оқушыларын шақырамыз. Жыр шашуын қабыл алыңыздар.
2 жүргізуші: келесі тамашалайтындарыңыз ән “Наурыз” орындайтын: Уанов Қуаныш.
Сержан: (тақпақ)
Алдыр көсе: Ұлыс оң болсын
Наурыз: Ақ мол болсын
Күн: Ниеттерің ақ болсын
Аяулым: Бастарыңа бақ қонсын
Гүлдария: Есік ашып, шашу шашып
Ел болып, қарсы алайық
Жиренше: Еліміз бай болсын
Тазша: Денсаулық зор болсын
Қызыр баба: Арам пиғыл болмасын
Қуаныш: Қазақстаным гүлденсін
Хормен: Наурыз құтты болсын!
Тазша бала бата сұрайды
Қызыр баба бата береді
Көркем:
Баста десең, бастайын
Той бастап ой тастайын
Күн, Ай туды жаңаша
Күлкі, шаттық тамаша!
Рақатты өмірім
Ракета – көлігім
Даңқым кетті тым алыс
Бүгін елде – қуаныш
Күткен қыстай сағына
Тойды елдің бағына
Тал егіңдер балалар!
Уыз сауып аналар
Келін жайсын дастарқан
Елім тойсын – ас дарқан
Көпшілікке өнерін
Көрсетсін жас өренім
1 жүргізуші:
Көкпар тарту, қыз қуу
Көк майсада қызсын ду
Тамашаның түрі көп
Жаңаша күн – дүрілдет
2 жүргізуші:
Аймаласын аналар
Айналайын, балалар
Айтыс, күрес, жарыста
Өнеріңді қарышта
Ұқсас тақырыптар:
- Қош келдің,Наурыз!
- Білгір. Интеллектуалдық ойын. 3-сынып.
- Информатика 7-11. Оқу бағдарламасы, барлық сыныптар бойынша толық түсіндірмелерімен (екі бағыт).
- Авторлық бағдарлама «ТАҒЫЛЫМ»
- Инф-8 «Дыбыстық ақпаратты кескіндеу».
- Сабақтар көшіру-2009.
- Файлдар көшіру
- Сабақтар көшіру-2011
- Имя числительное как часть речи. 7 класс.
- 7-8 сыныптарға арналаған «ФизМат» интеллектуалдық марафоны