Болашақ жастардікі
Бұл мақала 1308 рет оқылды, 12 рет бүгін
Сейткерім Жансая Жамбыл обл. Шу қалас, “Жібек Жолы” мектеп-лицейі.
Мен сенемін жастарға:
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бір танда,
Мен жастарға сенемін!
Мағжан Жұмабаев
Ойлап қарасам, келешекте Қазақстан қандай болмақ? Бүгінгі танда Қазақстанның болашағы жарқын болмақ.
Әрине,қазіргі кезден бастап Қазақстанның қандай ел болатыны барлығымызғы аян!
Себебі: еліміз дамып, көркейіп, жетілуде!
Шіркін, ел тұрғындары самал желмен, жұпар аңқыған хош иісті гүлдерді иіскеп, мөлдірдей сыңғырлаған таза суымен рахаттанып ішіп, тамсанып, алаңсыз өмір сүрсе. Ата-аналары жас бүлдіршіндерін мектепке апарып, сол жеткіншектер жаңа технологиямен, жаңа заманауи құрал- жабдықтарды пайдаланып игерсе. Ата- аналарының мақтанышы болып, жоғары сапалы білімді азамат болып, Отанына адал қызмет етсе, керемет емес пе?
Кең байтақ елімізде кітапханалар мен мұражайлар, оқу орындары көбейіп,ел елдігін сақтайтын,қажыр-қайраты бар ұрпақ болып шығатына сенімдімін. Әрқашанда әр баланың қолында да, жүрегінде де,Мұхтар Әуезовтің ”Абай жолы” кітабы мәңгі сақталып қалады.Әрбір жастар өз елінің патриоты болып,үлгі- өнегеге бой алдырады деп ойлаймын.
Үлкенге құрмет,
Кішіге ізет,- демекші Қазақстандық балғындар әдепті де, инабатты, үлкенді үлгі тұтып, құрметтейтін, сыйлайтын, қолғанат болатын, ал кішіге көмек көрсетіп, бауырына басатын адамгершілігі мол, бір сөзбен айтқанда, жан дүниесі бай адам деп айтсақ болады.
” Ел атағын ер шығарар” деп халық бекер айтпаған. Сондықтан, мен Қазақстаның өмірі жарқын болатына сенімдімін.
Бүгінгі болашақ жастардың қолында.
Жансая Сейткерім. 9-сынып. 2010. Жамбыл облысы, Шу қаласы, «Жібек Жолы»мектеп-лицейі.
Ұқсас тақырыптар:
- Ақыл, ғылым, бақыт тәрбие сағаты
- Кітап – рухани сарқылмас қазына (библиографиялық сабақ).
- Мұғалім портфолиосы туралы түсінік
- В (2саб. Гг..) дыбысы мен әрпі. Вокзал.. (Әліппе 1-сынып 2-сабақ).
- Қош келдің,Наурыз!
- Білгір. Интеллектуалдық ойын. 3-сынып.
- Дүниетану-4 сын. Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары
- Авторлық әдістеме: Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабағында «Дамыта оқыту технологиясы» арқылы оқушылардың жалпы қабілетін дамыту тәжірибесінен»
- Математика:3 сынып. Сандарды 3 есе арттыру, 3 есе кеміту.
- EXCEL кестелік процессоры.