10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Сыныптан тыс жұмыстар

XXI ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ

Опубликовал Мұқаметжан Жақаев в 22 Август 2011 – 18:58Пікір жоқ
Бұл мақала 4442 рет оқылды, 27 рет бүгін

АЙНУРА  ИМАНДОС. Ақтөбе облысы.

Сабақтың мультимедиялық материалдарын көшіріп алыңыз.

1 жүргізуші:

Сәлем бердік, құрметті ұстаздар, әділ-қазылар, оқушылар. Сіздермен бірлесе отырып «ХХІ-ғасыр көшбасшысы» атты ойынымызды бастауға рұксат етіңіздер.

Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан.

-деген Абай атамыздың сөзін қайталай келе біздің ойынымыздың шартын түсіндіре кетсек. Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.

2 жүргізуші:

1 кезең Бәйгеде сұрақтар берілген оған  бірінші болып тетікті басқан оқушы жауап береді. Егер де ал жауап бере алмаса келесі тетікті басқан оқушы жауап бере алады. Әр жауап 3 баллдан есептеледі. Кезеңнің соңында Ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығарылады.

1 жүргізуші:

2 кезең «Полиглотта» әртүрлі сұрақтар берілген оған оқушылар қазақ-орыс-ағылшын тілінде жауап беруге тиіс. Қазақ және орыс тілдерінің жауаптарына бір-бір балдан беріледі, ағылшын тілінде жауап берілген жауапқа 3 бал беріледі. Толық жауапқа 5 бал. 2 кезеңде балы аз 2 оқушы келесі 3 кезеңге өте алмайды.

2 жүргізуші:

3 кезең «Ғажайып жетілікте» оқушылар әр тор көзден өзі білем деген тор көзді таңдап, егерде жауап берген жағдайда сол балдық жүйе беріледі.

1 жүргізуші:

4 кезең «Қиял әлемінде» Ойыншыларға тақырып беріледі. Тақырыпқа сәйкес қызықты әңгіме құрастыру керек.

2 жүргізуші:

5 кезең «Жорғада» балы жоғары 2 оқушы қалып сайысқа түседі. «Жорға» ережесі бойынша оқушылар жеке-жеке сұрақтарға жауап беруге тиіс.

Ойын толық, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.

1- жүргізуші:

Ойын толық жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де жеңілсең де қал ма жасып.

2-жүргізуші:

«Батылдық- балалық шақта шыңдалады» десек баланы бала ететін тәрбие құралының бірі- ойын екендігі белгілі. Алдымен ойынға шығатын оқушыларды  ортаға шығарайық. Ойынға 8 оқушы қатысады.

1 оқушы __________________
2 оқушы __________________
3 оқушы __________________
4 оқушы __________________
5 оқушы __________________
6 оқушы __________________
7 оқушы __________________
8 оқушы __________________

1 жүргізуші:

Ендігі кезек әділқазылар алқасы.

1. __________________
2. __________________
3. __________________
4. __________________
5. __________________

2- жүргізуші:

Бақ пен сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, шындарға биік қоңғайсың демекпіз. Ал жас қырандар 1- тур. «Бәйге» турын бастаймыз.

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз.

1 кезең БӘЙГЕ

  1. Аты бар байттар тізбегі? (файл)
  2. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші? (сканер)
  3. Калькулятордың неше түрі бар? (2)
  4. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас? (интерфейс)
  5. Дүниежүзілік желі? (интернет)
  6. Windows дегеніміз не? (операциялық жүйе)
  7. зиянкес программа? (вирус)
  8. Келесі жолға өту пернесі? (enter)
  9. компакт-диск оқу құрылғысы? (CD-ROM)

10.  Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал? (компьютер)
11.  Объектілер қоймасы? (қапшық)
12.  Латынның  «information» сөзі нені білдіреді? (ақпарат)
13.  Адам көзі мен монитор арасындағы арақашықтық қанша болуы керек? (70 см)
14.  Жақтаулармен шектелген экрандағы тіктөртбұрышты аймақ (терезе)
15.  Бір килобайт қанша байтқа тең? (1024 байт)
16.  Меңзердің сол жағындағы символды өшіретін перне (BackSpace)

Әділқазылар алқасы сөз кезегі өздеріңізде. Ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығарылады.

1-жүргізуші:

Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құрқарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,
Сок қолыңды білімді жас талантқа.

2- жүргізуші:

«Ана тілің- арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл

Өз тілдің құрметте»- деп Қ.Мырзалиев ағамыз айтқандай, жас өркендердің тіл білімін тамашалайық.

2 кезең
Полиглот

1. Латынның тісіндру, баяндау, мәләмет деген ұғымдарды білдіретін сөзі.

(Ақпарат-Информация-Informatio)

2. Компьютерге мәтін, текст енгізуге арналған құрылғы. (Пернетақта-клавиатура-Keyboard)
3. Компьютер пенетақтасында қанша пернетақта бар? (Жүз бір-сто один-One hundred one)
4. Мысыққа ойын керек, бірдеңеге өлім керек. (тышқан-мышка-mouse)
5. Бұл ең басты перне, оны басу әдетте белгілі бір әрекеттің, операцияның аяқталғанын, компьютер бұл әрекеттерді өңдеу керек екенін көрсетеді. (енгізу-ввод-enter)
6. Бұл перне меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді. (өшіру-удалить-delete)
7. Бұл пернелердің ішіндегі ең ұзын перне, ол символдарды бір-бірінен ажырату үшін қолданылады. (Бос орын-пробел-Proble)
8. жақтаулармен шектелген экрандағы төртбұрышты аймақ. (терезе-окно-window)
9. Терезелерді төрт жағынан қоршап тұрған жақтаулар қалай аталады? (Шекара-Граница-Border)
10. Өшірілген файлдар қайда сақталады? (себет-корзина-basket)
11. Оның жұмысы үшін аздаған ғана жад қажет, өте кішкентай мәтіндік редактор. (кітапша-блакнот-notebook)
12. Терезенің жұмыс аймағында маустың нұсқағышы I латын әрпінің түрін, ал жұмыс бетінің сыртында кәдімгі стандартты жебе түрінде болады. (меңзер-курсор-cursor)
13. Бұл жолдармен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. (кесте-таблица- table)
14. Бағдарламалар, мәліметтер немесе олардың бөліктері. (қапшық-папка-file)

Ұпайы аз екі оқушыны  анықтайық.

1- жүргізуші:

Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір кеш болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Қиынырақ сұрақ болсын

3 кезең
Ғажайып жетілік

Ғалымдар тарих информация әр түрлі
10 10 10 10
20 20 20 20
30 30 30 30

ҒАЛЫМДАР

10 -Компьютердің атасы. (Чарльз Бэббидж)
20 -19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасап шығарған ғалым (Блез Паскаль)
30 -XVII ғасырдың басында логарифм түсінігін енгізген шотландиялық математик. (Джон Неппер)

ТАРИХ

10 –Бұл санау құрылғыларын гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суанпан», деп атаған, ал, жапондықтар не деп атаған? (Серобян)
20 –Есептеуіш техникаларының қарқынды дамуы қай ғасырдан басталды? (XIX)
30 –Ада Лавлейс Бэббидж машинасына бағдарламасын қай жылы жазды? (1846 жылы)

ИНФОРМАТИКА

10 –Адам ақпаратпен не істейді?   (1. сақтайды, 2. жеткізеді, 3. өңдейді).
20 –Информатикаға анықтама бер.  (Ақпараттық процестерді зертейтін ғылым информатика деп аталады).
30 –ЭЕМ неше буынға бөлінеді?   (Бес буынға)

ӘР ТҮРЛІ

10 –Компьютер деген не?   (Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрылғы)
20 –Компьютердің негізгі құрылғылары.  (монитор, жүйелік блок, маус, модем).
30 –Сигнал дегеніміз не?   (Оның көмегімен адам немесе құрылғы ақпарат қабылдайтын процесс).

Ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығарылады.

1- жүргізуші:

Айналайын алға ұмтылған дарындар!
Айналайын жеңіс құшқан қырындар,
Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,
Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар.

2-жүргізуші:

Мен сенемін, алға шыққан тапқырларға
Келесі аялдама аталады «Тапқырлық»
Ақтау мен даттауды саған бердік соны ұқ.
Ұпай аз оқушы ойыннан шығарылады.

4 кезең «ҚИЯЛ ӘЛЕМІ»

Ойыншыларға тақырып беріледі. Тақырыпқа сәйкес қызықты әңгіме құрастыру керек.

А) Егер мен робот болсам …
Б) Егер мен хаккер болсам …

2-жүргізуші:

Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асыл тасып, асықпа,қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап , зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.

1- жүргізуші:

Жоғары, жоғары, жорғала
Шапшаңдыққа таң қал ма.
Ойын деге нарталас
Жеңілемін деп ойлама

4 кезең ЖОРҒА

1оқушыға сұрақтар:

  1. Компьютердің миы. (Процессор).
  2. Компьютердің ішкі жады. (Жедел жад)
  3. Компьтердің экранына ақпарат қандай құрылғының көмегімен шығады? (Монитор)
  4. Принтердің неше түрі бар? (3 түрі)
  5. Қағаздағы кескінді түсіріп дисплей экранына шығаруға арналған құрылғы. (Сканер)
  6. Іске қосу- батырмасын ата. (Пуск)
  7. Әр түрлі графикалық кескіндерді салуға, редакциялауға мүмкіндік беретін бағдарлама. (Paint)
  8. Баспа құралы. (Принтер)
  9. Бүкіл жер шарын қамтитын көптеген әр түрлі компьютерлер және компьютерлік желілердің жиынтығы. (Интернет)
  10. Әр түрлі қорларды, мысалы, бағдарламаларды, құжаттарды  және принтерлерді брігіп пайдалану үшін бір-бірімен жалғастырылған компьютерлер тобы. (компьютерлік желі)

2 оқушыға сұрақтар:

1.  Бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы оның ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым. (Логика).
2.  Жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір пайымдау. (Пікір)
3.  Есептеуіш машиналар неше түрге бөлінеді? (4 түрге)
4.  Дербес компьютер неше топқа бөлінеді? (3 топқа)
5.  Процессор қандай қызмет атқарады? (Қозғалтқыш)
6.  Компьютер іске қосылған кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа. (Операциялық жүйе)
7.  Көбейтілуге және басқа компьютерге жұғуға қабілетті, өлшемі шағын арнайы компьютерлік бағдарлама.    (Компьютерлік вирус)
8.  Вирустарды жоюға және табуға мүмкіндік беретін программа.  (Антивирустық программа)
9.  Компьютерге мәтін енгізу құрылғысы.   (Пернетақта)
10. Интернетке телефон арқылы шығу құрылғысы.   (Модем).

2-жүргізуші:

Ұпайы аз оқушы ойыннан шығарылады.

1- жүргізуші:

Ойынның шешуші сәті төрешілер өздеріңізде.

Жеңімпазды анықтап, марапаттау.

2-жүргізуші:

Бүгінгі көріп тамашалаған интеллекуалды шоу «ХХІ- ғасыр көшбасшысы» ойыны мәресіне жетті.

Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.