10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Информатика, Педагогика, Таңдаулы

Тақырыбы: Білім мен білік байқауы.

Опубликовал Мұқаметжан Жақаев в 15 Август 2011 – 22:08Пікір жоқ
Бұл мақала 3564 рет оқылды, 10 рет бүгін

Самал  Мәжитова. Павлодар обл. Баянауыл ауд. Майқайың №1қаз.ом.
Мақсаты: Жасөспірімдерді өнер мен мәдениетке баулып,ол жөнінде біліктілігін арттыру .

Жарыс шарты:

  1. Бәйге             3.Кім таптыр          5.Шешендік
  2. Көкпар          4.Бестік                   6. Егер мен….

Әр қатардан екі оқушы шығады.

І-бөлім: Бәйге сұрақтары:

  1. ХХ ғасырдың соңы он жылдығында болған еліміздегі өзгерістер.
  2. Оқушының жаңа ғасырдағы талап тілегі.
  3. Жаңа ғасыр мектебі.
  4. « Дарын»мемлекеттік бағдырламаны не үшін қабылдады?
  5. Жаңа ғасыр қан ндай болады деп ойлайсың?
  6. Өзінді ХХІ ғасырда қандай адам боламын және қандай үлес қосамын деген ойдасын?
  7. ІІІ ғасырда Александрия қаласында ғылыммен айналысқан кім?(Евклид)
  8. Кактус ең алғаш жерде қайда пайда болды?(Мексика)
  9. 1841жылдың қазан айында Қостанай облысында  Зотобол ауданында туған ағартушы кім?(Ы.Алтынсарин)
  10. Батыс жақты шардағы ірі ел қандай ел?(АҚШ)
  11. Жердің әуе қабаты не деп аталады?(Атмосфера)
  12. Дания астанасы-Копенгагенде дүниеге келген атақты жазушы кім?(Г.Х.Андерсен)
  13. 90 жасқа толған «халық батыры».Ол кім?(Б.Момышұлы)
  14. Әйел адамдардың ішіндегі ең алғаш академик атағын алған кім? (Базанова Ләйлә)
  15. Семей поигоны қашан жабылды?(29 тамыз 1991ж.)
  16. 1924 жылға дейігі Қазақстанның астанасы.(Орынбор)
  17. 1944 ж.Алматы қаласындағы тұңғыш консерваторияның іргетасы қаланды.Ол кімнің атымен аталады?(Құрманғазы)
  18. Геометрияның стереометрия бөлімі нені оқытады?(Кеністіктегі фигуралардың қасиеттерін)
  19. Тарбағатай ауданның70 жылдығы қашан аталды?(1998.)
  20. Бүкіл әлемдік тартылыс заңын ашқан кім?(И.Н)
  21. Қазақ әйелдерінен шыққан мемлекет өнер қайраткері кім?(Оразбаева Алма,Құлжанова Нәзипа,биші Жиенқұлова Сара)
  22. Қазақ елінің ең алғаш академигі.(Сатпаев)
  23. Күріш ең алғаш қай жерде өсірілді?(Үндістан мен Қытайда)
  24. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ең алғаш ғарышқа ұшқан кім?(1991ж.Т.Әубәкіров)
  25. Атағы әлемге әйгілі қазақ палуан кім?(Қ.Мұңайтпасов) ІІ-бөлім   Көкпар.
  1. Кітаптың пайдасы мен зияны.
  2. Өсімдіктердің пайдасы иен зияны.

ІІІ-бөлім: Кім тапқыр (үш тілде аударма жасау)

  1. Жайылған дүниеге бір ғажайып

Тік көтеріп отырар адамдарды(орындық ,стол,chеa)

  1. Арқалап бірін қоймай көтергеннің

Аяғы еш уақытта талғаны жоқ (Білім,знание,education)

  1. Сылдыр сұйық су імес,ішкең суың қанады

Ақ болса да қар емес,шешуін кім табады?(сүт,молоко,milk)

  1. Қабат-қабат қаттама

Ақылың болса аттама. (кітап,книга,book)

  1. Кіп-кішкентай қарашы,тұрған жері тамаша

Бірақ сәтте  жер көкті,алады шарлап қараса.(көз,глаза,aneyk)

  1. Әрі қызыл,әрі тәтті,татқан жанды таңырқатты.(алма,яблоко anahhle)
  2. Негізінен сутегі мен гелийден тұратын қызған алып шар не? (күн,солце,san)
  3. Жер көрдім,қаласы бар,үйлері жоқ мекендейтін

Көл көрдім,сулары жоқ тереңдейтін.(карта,amap)

9.Шыр-шыр етеді,,үстай алсаң құлағыңнан        өтеді.(телефон,atelephore)

10.Өмірде өлмейді,ешкімнен сұрамай

Тіліңді алмайды,тетігін бұрамай. (сағат,часы,cloch)

ІҮ-бөлім:     Бестік

(пән бойынша сұрақтарға жауап)

Орыс әдебиеті:

1.Орыс халқының әйгілі мысал жазатын жазушысы кім? (М.Крылов)

2.Гогольге «Ревизор» комедиясын жазуға кім ой салды? (А.С.Пушкин)

Қазақ әдебиеті:

    1. «Алпамыс батыр» операсындағы Гүлбаршын рөлінде алғаш рет ойнаған кім? (Б.Төлегенова)
    2. «Сәйгүліктер» атты повесті жазған кім?(Қ.Жұмаділов)

Жаратылыстану.

1.Жасушаны зерттейтін ғылым не? (Цитология)

2.Жұлынның диаметрі қанша? (1см.)

Химия.

1.1887 жылы электромагниттік диссоциация туралы негізгі қағидаларды жасаған қай ғалым?

2.Агрохимияның негізін қалаушы кім? (Юстус Фон    Либих)

Тарих.

1.Орта Азияның ерекше ойшылы кім? (Әл-Фараби)

2.Қазақстандағы ескі қалалардың атын ата.

(Сайрам,Түркістан,Отырар,Тараз)

Ү-бөлім:   Шешендік.

Бұл бөлімде оқушылардың тіл байлығы,ой-өрісі арқылы әңгіме құрастырылады.

Соңы

 

Тақырыбы: «Білектей арқасында өрген бұрым»

Мақсаты:Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру. Қыздарға эстетикалық тәрбие беру, сонымен қатар қыздарға жан сұлулығымен қоса тән сұлулығы бірдей болған жарасады,сондықтан бұрымды,ибалы қыздарым көбейту

Көрнекілік үшін мына төмендегі сөздер жазылады.

  1. Сол қыздың сұлулығын мен айтайын

Шаштарын он күн тарап,бес күн өрген

(«Ой,көк» халық әні)

  1. Үйірі қысарақтың мақпал қара,

Шашының күндіз жуда,түнде тара

  1. Қалың қара шашы бар жібек талды,

Толқындай толқын тұрып,көз таңдайды.

  1. Білектей арқасында өрген бұрым

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын

Кәмшат бөрік,ақ тамақ,қара қасты

Сұлу қыздың көрі пе ең мұндай түрін?

(Абай)

Н.Тілендиевтің «көш керуен» күйі күйтабақтан орындалып тұрады.

І жүргізуші: Қош,келдіңіздер,құрметті халайық!

Армысыздар ардақты аналар,ұстаздар,оқушылар.

Міне,бүгін өздеріңізбен тағы бір мерекесіне жиналып отырмыз.Ата-бабамыз сонау ықылым заманнан бері өздерінің ару қыздарын аялай,құрметтей белген. Қыз тәрбиесіне аса ыждағаттылық пен көңіл бөлген. «Анасын көріп,қызын ал,алғын көріп асын іш», «Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді», «Күнсіз гүл өспес,күтусіз қыз өспес» деген қанатты сөздер осыдан қалса керек.

ІІ жүргізуші: Байқауды ұйымдастырудағы мақсат ұмыт болуға айналған ұлттық төл мәдениетіміз бен өнерімізді қайта тірілтіп,салт-дәстүрді жаңғырту, әсіресе қыз балалардың жан дүниесіндегі көремдік талғамын қалыптастыру арқылы әділттікке,инабаттылыққа,ізеттілікке тәрбиелеу. Ақылды да ажарлы,дарын да талатты,бұрымды қыздарды елге таныстыру.

Бұдан кейін өнер,сымбат мерекесінің әділ-қызыларымен таныстырылады.

І жүргізуші: Қазақ әдебиетіндегі ең жақын әйел образын самдауда әйел шашына тиесілі сырлы сөз айтылмай қалған жоқ. М.Әуезов Тоғжанды суреттегенде шаш туралы сөз жоқ

Ол –шолпыны махаббат бой тұмары тәрізді биік эстетикалық символға айналдырған. «Абай төрге қарай қозғала беріп еді. Бір уақытта шегірен шымылдық толқып барып қозғанды да,есік жақтағы жетінен шолпы сылдыры естіліп Тоғжанның әсем бойы көрінді.» (М.Әуезов «Абай жолы»15 б.)  Шолпының сылдырымен қабат Абайдың,ғашық жырдың жүрек лүпілі қоса шалынды құлаққа.

ІІ жүргізуші: Әлемдік әдебиет қазынасынан мәлім,тек қана шығыстың арулардың ғана шашы ұзын болмаған. Белгілі норвег жазушысы Кнут Гамсунның «Мистерий» романнынан үзінді келтірсек артық болмас. «Она бежала, держа в руке свою тяжолую светлую косу. Никогда я не видел ничего подобного».

І жүргізуші: Ажары жарық нұрдан жаратылған

Жарқылдап жақсылыққа ара туған

Мандайда жұлдызындай,құндызындай

Қыздары-ай,қазағымның дара туған

(Ф.Оңғарсынова)

ІІ жүргізуші: Құрметті халайық,сахынаға аруларды шақырайық (арулар таныстырылады, «қыз сыны» әуені ойналып арулар сахынаға шығады)

Іжүргізуші: Құрметті көрермендер,енді бүгінгі байқау шарттарымен,оған қатысушылардан талап етілер тәртіптермен таныстырамыз. Жалпы сынақ түрі төртеу:өзін-өзі таныстыру,қыз өнері,сымбат және шаш күтімі туралы сұрақтарға жауап беру.

ІІжүргізуші: Ендеше «Іске сәт» деп,алғашқы сынақты шарты бойынша әрбір қатысушы өз өскен ортасын,ата-анасын және өзіне қатысты басқа нереселер жөнінде өздерінтаныстырып өтулері керек (қыздардың үстінде ұлттық салтанатты киім,кезекпен ортаға шығып өздерін таныстырады,таныстырып болған соң ізет пен өз орынына қайта барып отырады)

І-жүргізуші: Байқаудың келесі сынағы тез уақыт аралығында әдемі, жинақы шаш үлгісін жасап көрсету.(Байқауға қатысушылар шаш үлгісін дайындауға кетіп,белгіленген уақыттан соң өнерлерін ортаға салады)

ІІ-жургізуші: Қазақ салтынан тыс жат елдердегі адамдар шаш қою үлгісінде аң мен құсқа еліктеген. Шаштың эстетикалық сымбатына,көркем мағына терең иән берілген.

І жүргізуші: Тауратта аңыз кейіпкері Сомсон ана құрсағынан құдайдың Назорейлі болып туған делінеді. Ал Назорейліктің сырт белгісі –қиюға мүдем тиылған ұзын шаш екен. Самсон-асқан қара күщтің иесі,елін жаудан қорғайтын батыр. Егер оның шашы  қиылса,діни ант бұзылады,күші кеміп,басына пәле жабысады.

ІІ жүргізуші: Ежелгі Русияда шашын ерінен бөлек бөтен адамға көрсеткен әйел-Славиян мифологиясы бойынша үй иесінің ашу ызасына ұшыраған. Ертегіде,мифте мәңгі өлмес адамның сиқыр күші бір тал шашында,ол жұлынса ғұмыры қоса жұлынады деп есептеген.

І жүргізуші: Құрметті халайық! Қыздарымыз өз өнерлерін көрсетіп болды. Әділ қазылар алқасына таныстыру мен қыз өнері сынақтарының бағасын беруін сұраймыз. (Байқаудың негізгі бөлігі «Сымбат» сынағына дайындалуға кетеді. Онда үстіне киген киімі мен шаш қою үлгісі жарасымды болуы керек)

ІІ жүргізуші: Шаш –адамның,әсіресе әйелдің көркі. Жастықтың өзі сұлулықтың,нәзіктіктің белгісі. Бұрын ,Шығыс қыздарының шаш өсіруі,әдемілігі бұкіл әлемге әйгілі болган. Абай арудың сұлулығын былай суреттеген:

Білектей арқасында өрген бұрым

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын

Кәмшәт бөрік,ақ тамақ қара қасты

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?

І жүргізуші: Әрине,әдемі шаш өсіруде оңай емес,шашты жақсы өсіру үшін оны жиі жуып,тарап,күту қажет.

Шаш күтімі туралы кеңестер:

1.Жұмыртқаның сарысын әбден көпіргенше араластырып,оған аз ғана өсімдік майын қосып,шашты жуады. Мұнан кейін шаш талшықтарыжалтырай түседі.

2.Шашты бір рюмка ром құйып шайса,шаш кереметтей жарқырайды.

3.Егер шаш жиі түсетін болса,жуар алдында 15-20 минутке сарымсақ шырынын шаштың түбіне жағу керек.

4.Өте құрғақ және сезімтал шашты ашыған айранмен жуу керек.

ІІ жүргізуші: Кешімізді одан әрі жалғастырамыз. Енді сынақ-Сымбат сынағы.(Рет нөмірлерібойынша арулар әсем жүрістерімен ырғала басып көрермендер мен әділ қазылар алқасының алдынан өтеді. «Қыздарға әсемдік жарасады» әні күйтабақтан орындалады да,жүргізушілер мына өлең жолдарын мәнерлеп оқиды)

І жүргізуші: Көрінер жирен сұлу жарағанда

Шаштарын гүл-гүл жайнар тарағанда

Таңқалып жығылуға таянамын

Мойнын бұра тастап қарағанда.

(Біржан сал «Бірлән» әні)

Иә,ежелгі антикалық мүсіншілер,суретшілер тектен-тек адам денесінің сымбатына,көркіне бас ұрмаған болар. Микельанджело,Рафаэль мүсіндерінен көз  ала алмайтынымыз сондықтан.  Біржанның жоғарыда ән сөзіндегі «таңқалып жығылуға таянамын,мойнын бұра тастап қарағанда» деуінің өзінен адам жүрегін шым еткізер тапқырлығын аңғарған боларсыз!

Аққудай мойнын сәл-пәл бұра тастап,ырғала басып бара жатқан аруға кім сұқтанбас!

ІІ жүргізуші: Шашың-қара,денең –ақ бұлт, жүзің-ай

Тілің меруерт,көзің сәулем,құралай,

Ләззәт,рахат,бақыт-бәрі қойнында

Сұрамаймын енді ұжмақ-жақсы жай

(М.Жұмабаев «Сүй,жан сәулем»)

І жүргізуші:   Қыр мұрын,қыпша бел

Солқылдар соқса жел

Ақ етің үлбіреп өзгеше біткен гүл  (Абай)

ІІ жүргізуші:  Зеңгір көк,мұзарт таулы даланы иен

Жалт еткен,шалып өткен жанарымен

Тізілген неркес көздер,нәзік сөздер

Табиғат талантының қаламымен

(С.Мәуленов)

І жүргізуші:  Күлкісі күміс күмбірлі

Шолпысы бұлақ сыңғырлы,

Қазақтың арулары-ай

Жұлдыздай жанулары-ай

Тербетіп жүректерді,

Ән болып қалулары-ай.

(А.Асылбеков)

(Жүргізушілер жоғарыдағы өлең жолдарын мәнерлеп оқып болғанда музыка тоқталады.  Қыздар да «Сымбат» сайысын аяқтап сахынадан шығып кетеді)

ІІ жүргізуші: Құрметті көрермендер! Байқауымыздың 4-ші сынағына оймақ ауыз,күлім көз,алма мойын,қиғаш қас,айдың көлдің аққуындай тал шыбықтай бұралған,сүмбіл шашты аруларымызды шақырамыз. 4-ші сайыстың шарты:

Шаш күтімі туралы сұрақтарға жауап беру.

(Уақыт белгіленеді. Алдын-ала әзірлеген сұрақтар үстел үстінде жатады. Сұрақтарға жауаптар беріліп болғаннан кейін,әдік-қазылар алқасы 3-ші,4-ші сынақтар мен қортындылар бойынша жеңімпаздарды анықтауға кетеді. Осы кезде алдын ала дайындалған этнолингвистикалық қойылым көрсетіледі.

«Шашқап» сөзіне тұсініктеме беріледі.

Шашқап қыздардың басына киіп көрсетіледі.

І жүргізуші: Шашқап-әр түрлі мақпалдан тігіліп,ортасына ою-өрнек жүргізіліп,екі жақ басына алтын-күміс зерленген,меруерт тізілген сәндік бұйым.  Ескі салт бойынша бойжеткен қыздар мен келіншектердің жалаңбас жүруі ерсі саналған. Шашқапты әр түрлі жұмысқа араласқанда,үй-шаруасымен араласқанда тазалық үшін киген.

Қарашай-балқар тілінде-чачсалған. Оны саот бойынша үйлену тойынан кейін шашын жасырып жүру үшін киген.

ІІ жүргізуші: Шашбау-Түркі халықтарында  ертеден тағатын сәнді бұйымның бірі-осы шашбау. Ол, көбінесе күмістен қақталып соғылады да,үшына күміс теңгелерден шұбыртпа зер шашақтар тағылады. Тілімізде шашбаудың атын шашбау,жемелек күміс шашбау,үзбелі шашбау,шашбаутас,шаштеңге,шаштұтқыш,шаштүлек т.б. түрлері бар.  Маңғыстау қазақтарының басты салты бойынша ертеде әйелдер шашына түйенің шудасын қосып өретін болған. Осылай өрілген шашты жемелек деп атаған. Бұл сөз Қызылорда,Атырау,Оңтүстік Қазақстан облыстарында да қолданылады.шашбаулар күміс үзбемен әшкейленген салпыншақты болып келеді,ұзын шашқа тағылған шашбаулар тобыққа дейін түсіп тұратын болған. Тіліміздегі «шашбауын көтерді» деген тұрақты мағына тіркесі о баста қыз ұзатылғанда,келін түскенде айналасындағылардың олардың шашбауын жерге тигізбей ұстап жүру әдетіне байланысты пайда болған. (Шашбау бұрымды қыздың шашына тағылып көрсетіледі)

І жүргізуші: Шолпы-қақталған күмістен үшбұрышты етіп жасадады да, ортасына асыл тас орнатып,шынжырлап тұмарша көлемді қоңырау күміс тиындарды,асыл тастарды тағады. Қазақ бойжеткендері шолпы ызған немесе кестелі бауға тағып,шашпен бірге өріп қойған.

ІІ жүргізуші: Шашқалта-жас әйелдер мен қыздардың көп қолданылған әсем бұйымдарының бірі. Оны тана моншақпен безендіріп өрген, шашты соған салып қояды.

(Этнолингвистикалық қойылым көрсетіліп болғаннан кейін,қазылар алқасы жүлдегерлерді марапаттайды)

І жүргізуші:

Мен қазақ қыздарына қайран қалам

Жанары жайнап жаздай жайраңдаған

«Қыз өссе-елдің көркі»деген сөзді

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

ІІ жүргізуші:

Сүймеген сені азамат азамат па,

Көңілің-тәрізді аппақ таза мақта,

Бәрін айт,бірін айт та лайықсың

Қазақтың қызы деген ғажап атқа.

Кештің соңында қазіргі шаш қою үлгілері көрсетіледі.

 

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.