10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Информатика, Педагогика

Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында 2011-2012 оқу жылының басталуы туралы

Опубликовал Мұқаметжан Жақаев в 29 Август 2011 – 11:55Пікір жоқ
Бұл мақала 1787 рет оқылды, 4 рет бүгін

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы №163

2011 жылғы 27 сәуір №163  Астана қаласы

Қазақстан Республикасының жалпы  орта білім беретін ұйымдарында 2011-2012 оқу жылының басталуы туралы

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 14) тармақшасына сәйкес  бұйырамын:

1. Меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жалпы орта білім беру ұйымдарында 2011-2012 оқу жылының басталу  мерзімі 2011 жылғы 1 қыркүйек  болып  анықталсын.

Оқу жылының ұзақтығы мектепалды дайындық сыныптарында – 32 оқу аптасын, бірінші сыныптарда – 33 оқу аптасын,  2-11(12)-сыныптарда – 34 оқу аптасын құрайды. Оқу жылы барысында каникулдар:

- 1-11(12) -сыныптарда: күзгі каникул – 8 күн (5-12 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 10 күн     (30 желтоқсан – 8 қаңтарды қоса алғанда),  көктемгі – 12 күн  (21 наурыз – 1 сәуірді қоса алғанда);

- мектепалды даярлық сыныптарында:  күзгі каникул – 8 күн (5-12 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 14 күн   (28 желтоқсан – 10 қаңтарды қоса алғанда),  көктемгі – 15 күн  (21 наурыз – 4 сәуірді қоса алғанда);

- мектепалды даярлық сыныптары мен бірінші сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2 – 8 ақпанды қоса алғанда) мерзімінде  белгіленеді.

2.  2011 жылғы  1  қыркүйекте барлық жалпы орта білім беру ұйымдарында  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жыл толуына арналған «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің, келісімнің және жасампаздықтың             20 жылы» тақырыбында сабақ өткізілсін.

3. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Б.С. Кәрімжанов):

1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры  Б.С. Кәрімжановқа жүктелсін.

Министр    Б. Жұмағұлов

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.