Металдардың адам өміріндегі маңызы. Қазақстандағы металл кендері (9-сынып).
Бұл мақала 3883 рет оқылды, 12 рет бүгін
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Жібек Жолы» мектеп – лицейі
Пән мұғалімі: Болғанбаева Бағдат.
«Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген адам, бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес» (Қ. Сәтбаев)
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
1. Білімділік: – Оқушыларға қазақ халқының ежелден және осы кезде пайдаланып келе жатқан металдары мен құймалары, металдардың алыну технологиясы, адамға аса қажеттілігі туралы білім беру.
2. Дамытушылық: - Оқушылардың ізденушілік, танымдық және пәнге қызығушылығын дамыту; Шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыларын жетілдіру.
3. Тәрбиелік: Туған елге, жерге, оның байлығына деген мақтаныш сезімін дамыту, металдарды орынды пайдалана білу үшін – экологиялық тәрбие беру, мамандық таңдауға деген көзқарастарын қалыптастыру.
Сабақ мақсаты: Металдар туралы білімдерін кеңейте отырып, еліміздің қазба байлықтарымен, Қазақстан металлургиясы және оның дамуына ғалым Қаныш Сәтбаев қосқан үлестерін таныстыру.
Сабақ түрі: Кіріктірілген сабақ.
Әдіс – тәсілі: Конференция-зерттеу.
Пән аралық байланыс: физика, биология, тарих, география, әдебиет.
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта; химиялық реактивтер; ыдыстар.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Кіріспе сөз. Қадыр Мырзалиев «Менделеев кестесі».
3. «Металдарсыз – адам табиғатта ең аянышты өмір сүрген болар еді»
Тарихшылардың зерттеуі.
4. «Сырларым бар химиктерге аян». Химиктердің зерттеуі.
«Таба алсаң қасиетімді етем баян»
5. Жұмбақ шешу: «Мен кіммін?»
1. Сұрғылт түсті кәдімгі металмын,
Механикалық әсерге берілмейтін қаталмын
Негізгі пәтерім 24-ші, 6-шы көшеде болсам да
Кендерім Мұғалжарда, тауда жатырмын» (Хром – Cr)
2. Ертеден білгілі жетеудің бірімін,
Электротехника саласынд ірімін.
Көптеген құймаларға кіремін
Әдемілігім жөнінде алтынмен тең жүремін. (Мыс – Cu)
3. Менделеев аулының 6 – шы көшесінде тұрағым
Әр түнде адамдармен жүздесіп тұрамын.
Мені балқыта алмай қиналады көбісі,
Қазақстан Әлемде кенім жөнінен біріншісі. (W – вольфрам. tбалқу- 34100С)
4. Болмасам да айтарлықтай салмағым,
Мен көбіңнен ардақтымын алдамын.
Ұшақ болып аспанға ұшып қалықтап
Жердің жүзін, көк аспанды шарладым,
Қымбат болдым алтыннан да ертеде. (Al – алюминий).
6. Физиктердің зерттеуі
7. «Ағза толған химиялық элемент
Біліп алғың қызметін, неткен олар керемет»
Биологтардың ерттеуі.
«Адам баласы көзімен көріп, құлақтан естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрнымен йіскеп тыстағы дүниеден хабар алады» - деп Абай атамыз айтпақшы «Менің денем неден құралған?».
8. «Қаныш тапқан жерлер ғой, Қаныш тапқан,
Қаһарманнан қалған із, табыс мақтан»
Мұқағали Мақатаев «Алтай Атырау» поэмасы. Геологтардың зерттеуі.
9. Географтардың зерттеуі.
Қара жер адамзатқа болған мекен
Қазына іші толған әр түрлі кен
Ішінде жүз мың түрлі сылы бар
Солардың ең артығы немене екен?
10. Экологтардың зерттеуі.
«Алып жер – адамның бесігі»
Тербесін сәбиін, тербесін.
Адамзат бақыты, несібі.
Абайла төгіле көрмесін» М. Мақатаев.
11. Әдебиетшілердің зерттеуі.
«Мақал сөзде де металл жүреді
Металл қадірін халқым біледі»
1. Ел іші … (Алтын бесік)
2. От көмір жейді, … (тот темір жейді).
3. Арпа – бидай ас екен … (алтын – күміс тас екен)
4. Өнерлінің қолы алтын, … (өлеңшінің сөзі алтын)
5. Қойдың сүті - …. (Қорғасын)
6. Ескі мата бөз болмас, ….. (ескі темір біз болмас)
7. Ақыл арымас, .. (алтын шірімес)
М. Шаханов өлеңі. «Алтын, күміс, қалайы…»
Қорытынды: «Металдар – ғылым мен техниканың қазіргідей дәржеге жетуінің және одан әрі дамуының бірден – бір кепілі»
Үйге таапсырма: «Металдар бейбіт заманға керек» - эссе жазу.
Ұқсас тақырыптар:
- Химия-8. Элементтердің валенттіктері бойынша химиялық қосылыстардың формуласын құру.
- Оқушылар қызығушылығын арттыра отырып стандартты білім беру әдістері.
- Химия-8. Оттектің табиғаттағы айналымы. Қолданылуы.
- Химия кабинетінің паспорты, талап, ұйірме жоспары, қауіпсіздік техникасы
- Химия, физика, география. Металдардың табиғатта кездесуі және алыну әдістері. Электролиз (кіріктірілген сабақ).
- Химия. «1001 мақал, 101 жұмбақ» (стс).
- Химиядан күнтізбелік жоспар.
- Химия - 9. Бейметалдардың жалпы сипаттамасы
- Лаборант организации образования (кабинета физики, химии, биологии, информатики)
- Баяндаманың тақырыбы: “Химия пәнін оқытуда ақпараттық технологияны пайдалану»
Өте жақсы,қызықты материал.
Өтеқызықты материал
Өте қызықты материал.Жақсы қамтылған