Компьютерік ақпаратты қорғау. Архивтеу бағдарламалары (8).
Сейітхан Төлек. «Шеңгелді» орта мектебінің информатика пәні мұғалімі. Отырар ауданы.
Оңтүстік Қазақстан облысы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға компьютерлік ақпаратты қорғау ұғымы мен архивтеу бағдарламасы түсінігін меңгерту.
Дамытушылығы: Тапсырмаларды орындата отырып, таным қабілетін, зейінін, белсенділіктерін дамыту. Сабаққа қызығушылығын арттыру
Тәрбиелілігі: Өз бетімен жұмыс жасауға, жинақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Мультимедиа құралдары, компьютер,перезентация, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын сұрау.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Қорытынды.Пысықатау
Бағалау.
Үйге тапсырма.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу, оларды түгелдеу.
2. Сабақтың мақсатымен таныстыру: балалар, біз бүгін сендермен үй жұмысына берілген тапсырмаларға жауап беріп, компьютерде орындап, қайталаймыз және Компьютерлік ақпаратты қорғау ұғымы мен Архивтеу бағдарламаларымен танысамыз.
ІІ. Өткен сабақты қайталау, үйтапсырмасын сұру: Өткен сабағымыздың тақырыбы файлдар мен қапшықтарды іздеу болатын. Мына тақтадағы фигуралардың артында сұрақтар жасырылған. Осы фигураларды таңдай оытырып, сендер үй тапсырмасы, өткен сабақтар бойынша сұрақтарға жауап бересіңдер.
Сұрақтар:
1. Файлдың нақты аты бойынша іздеу қалай іске асады?
2. Файлдың атын ұмытып қалған жағдайда қалай іздейміз?
3. Файлдың құрылған күні бойынша іздеу қалай орындалады?
4. Файлды өлшемі бойынша
қалай іздейміз?
5. Күнді және уақытты баптау қалай
іске асады?
6. Жұмыс орнының түрін (фонын) өзгерту үшін қандай әрекеттерді орындаймыз?
7. Тышқанның оң жақ батырмасын негізгі батырма ету, яғни сол қолға ыңғайлы ету үшін қандай әрекеттерді орындаймыз?
ІІІ. Жаңа сабақ.
77 бетті ашамыз. Мұғалім жаңа сабақты презентация арқылы,
компьютермен түсіндіреді.
Компьютерде жұмыс істеген кезде өз ақпаратыңызды бөгде
адамдардың қол сұғуынан және жоғалудан немесе ақпаратты біреулер оқудан қорғау, шектей білу өте маңызды. Есептеу техникасында ақпаратты қорғау түсінігі өте кең тараған. Ол компьютердің жұмыс атқару сенімділігін һәм деректердің мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етеді. Бөгде адамдардың қол сұғуынан ақпараттарды қорғау үшін әдетте пароль орнатылады, құнды деректердің мүлтіксіз қорғалуы үшін олардың бірнеше данасы болуы мүмкін. Ал компьютерлік вирустармен күресу өте күрделі, өйткені олар зиянды және компьютерді қолданушыларға зиян келтіруге арналған.
Компьютерлік вирус дегеніміз не? Ол әдетте өлшемі бойынша (200
5000 байтқа дейін) кіші арнайы компьютерлік бағдарлама. Ол компьютерге қолданушының бақылауынсыз «зақымдалған» дискета (флешка) арқылы немесе «зақымдалған» файлмен бірге кіруі мүмкін. Ішінде вирусы бар бағдарлама «зақымдалған» деп аталады. Компьютерге вирус негізінде дискеттер, флешкалар арқылы сонымен қатар компьютерлік желілер арқылы кіріп, дискіні қатты зақымдайды. Дискіні, флешканы зақымдау тіптен оңай. Зақымдалған компьютердің дискжетегіне дискіні жай ғана салып, мысалы, оның мазмұнын оқысаңыз да оған вирустың кіруі мүмкін.
Вирус қайдан пайда болады? Оларды білікті бағдарламашылар
қызғаныш, кектену, мансапқұмарлық мақсатында, басқа бәсекелес фирмаларына зиян келтіру үшін немесе антивирустық бағдарламаларды сатудан ақша табу мақсатында жазады. Жаңа вирустық бағдарламалардың саны үнемі өсіп отырады және өзгеруде, сондықтан компьютердің қолданушысы вирустардың табиғатын, вирустардың жұғу әдістерін және олардан қорғануды білуі қажет.
Вирустарды жою үшін, вирус жұққан компьютерді емдеу үшін
антивирустық бағдарламалар көмектеседі. Соңғы кезде компьютерлік вирустармен күресудің үлкен тәжірибесі бар антивирустық бағдарламалар құрылған. Олар компьютердің операцияларын қадағалайды және компьютер жұмыс атқарған кезде вирустарға тән күмәнді әрекеттерді табады.
Архивтеу бағдарламалары
Егер файл жадтың көп көлемін алса және дискетке сыймайтын болса,
не істеу керек? Мұндай жағдайларда ақпаратты құртпай, оны қысуға мүмкіндік беретін арнайы бағдарламалар қолданылады.
Ақпараттарды қысу дегеніміз – файлдағы ақпараттың сақтау жадының көлемінің кішіреюіне әкелетін өзгерту процесі.
Файлда ақпаратты қысу процесі деректерді архивтеу деп те аталады.
Енді осы үйренгендеріңді компьютерде орындаңдар.
Компьютермен жұмыс:
1. Антивирус бағдарламасын ашып танысыңдар.
2. Файлды вирусқа тексеру. Табылған вирусты жою.
3. Флешканы вирусқа тексеру.
4. Архивтеу бағдарламасымен танысу.
5. Файлды архивтеу.
6. Файлды архивтен шығару.
IV Қорытынды.
Деңгейлік тапсырмалары бар пысықтау сұрақтары.
ІІІ-деңгей тапсырмалары.
1. Информацияны қысу дегеніміз не?
7. Архивтеудің мәнісі не?
8. Архивтен шығару дегеніміз не?
9. Файлды архивтеуді көрсет.
ІІ-деңгей тапсырмалары.
1. Компьютерлік ақпарат дегеніміз не?
2. Вирус қайдан пайда болады?
І-деңгей тапсырмалары.
1. Компьютерлік вирустар дегеніміз не?
2. Егер файл жадтың көп көлемін алса және дискетке сыймайтын болса, не істеу керек?
3. Антивирус (вирусқа қарсы бағдарлама) дегеніміз не?
1. Бүгін біз сабақта нені қайталадық?
2. Қандай жаңа тақырып өттік?
3. Қандай программалармен таныстық?
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды атап, бағалау.
V. Үйге тапсырма:
6.6-7 тақырыптарды үйде оқып келу. 1. партадағы оқушылар
вирустардың типтерін жазып келесіңдер. 2 партадағы оқушылар архиватор бағдарламасының негізгі міндеттерін жазып келесіңдер.
Оқушыларды бағалау парағы.
Қ/с |
Оқушылардың аты-жөні
|
Үй жұмысы |
Қайталау сұрақтары |
Деңгейлік тапсырмалар |
Компьютермен жұмыс |
Қорытынды баға |
Ұқсас тақырыптар:
- Архивтеу программалары. Инф-8.
- Инф-8 «Дыбыстық ақпаратты кескіндеу».
- Сабақтар көшіру
- Файлдар көшіру
- 7-8 сыныптарға арналаған «ФизМат» интеллектуалдық марафоны
- Сабақтың тақырыбы: «Квадрат теңдеулер»
- Авторлық электрондық оқулықтар
- Требования к кабинету информатики и вычислительной техники.
- Төлеген Айберген туралы электрондық оқулық.
- ф-9. «Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы»
қай сыныптағы сабақ?