10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Педагогика, Таңдаулы

Интерактвиті оқыту салауаттылық сабақтарында (14-сабақ).

Опубликовал Мұқаметжан Жақаев в 15 Август 2011 – 12:49Пікір жоқ
Бұл мақала 5092 рет оқылды, 17 рет бүгін

Маңғыстау облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институты

Мақұлданды Институт кеңесінің  №————  хаттамасы “………”……….2004ж

төрайымы:………Ғ.Т.Жалғасбай (Сынып жетекшілеріне арналған көмекші құрал)

Құрастырғандар:    Қалаубаева З.Б. – ОМБЖИ

кабинет жетекшісі: Дәрменова А.Қ. - ОМБЖИ әдіскері

Мақұлданды  Оқу-әдістемелік кеңестің  №………….хаттамасы

“…….”……………..2004 ж төрағасы ……………..Қайпиев Т.Қ

Ақтау 2004

Алғысөз

Мектептегі түрлі пәндер бойынша қазіргі оқу жоспары мен жалпы білім беру бағдарламасының үлгісіне зер салып қарасақ, кез келген сабақ шеңберінде (биология, химия, әдебиет, музыка, математика, тарих, т.б.) іс жүзінде салауатты өмір салтына оқыту мүмкіндігі бар. Алайда салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру бойынша жүргізілетін жұмыстың едәуір бөлігі сыныптан тыс жұмыс шеңберінде атқарылады, яғни сабақ кестесінен шығарылып тасталынған. Көптеген мектептерде бұл жұмысты толық емес күйінде сынып жетекшілері жүргізеді.

Ұсынылып отырған құралда алынған ақпарат негізінде жеке жауапкершіліктің қалыптасуына және саналы шешім қабылдауға ерекше көңіл аударылған. Ақпаратты толық жеткізіп беру өздігінен салауатты мінез-құлықтың қалыптасуына және теріс қылықтан бас тартуға мүмкіндік туғызатыны екі талай екендігі жалпыға мәлім.  Бұл құрал оқушыларға салауатты өмір салтын қалыптастыруға және рухани байлықтарын жүйеге келтіруге көмектеседі. Салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру бойынша сабақтардың басым көпшілігі  оқушылардың оқу процессіне белсенді түрде қатысуына негізделуге тиісті.

Әдістерді іріктеуде топтың жас шамасын, оның мүшелерінің таныстық дәрежесін, берілген әдістеме бойынша жұмыс тәжірибесін ескеру керек. Сабақты қарапайым әдістерден бастаған жөн (мысалы: ми шабуылы), одан әрі біртіндеп күрделірек жаттығуларға көшу қажет (мысалы: рөлдік ойындар). Кез келген сабақты бір-бірімен жақсырақ танысып, достық, сенімділік, қарым-қатынас орнату және қолайлы психологиялық климат тудыруға мүмкіндік беретін жаттығулардан бастау керек.

Тақырып: «Шылым шегу және оның организмге келтіретін зияны».

Мақсат: Бала ағзасының дамуы мен өсуіне темекінің зияны туралы түсінік қалыптастыру.

Құрал-жабдықтар: Қағаз, маркер, бор, фишкалар.

Сабақтың барысы:

  1. Бой жазу:

Балалар бір-бірінің соңынан тізбектеліп тұрады да, поезды бейнелеп, айнала қозғалады. Тоғай ішіндегі әртүрлі гүлдер өсіп тұрған алаңқайға келіп, әрқайсысы гүл тереді. Топты жинаған гүлінің түсіне қарай бірнеше шағын топтарға бөледі

  1. Сұрақтар: «Егер әкең немесе шешең шылым шексе, бұл жақсы ма, жаман ба?», «Егер жаман болса неліктен?», «Егер әкең немесе шешең шылым шексе – сен өзіңді қалай сезінесің?»

Әрбір топ ересектердің шылым шегуі жайлы өз пікірін айтады, кері жауап үшін топқа қызыл фишка, мақұлдаған жауап үшін – көк түсті фишка. Әңгіменің соңында фишкалардың қанше екендігін санайды.

Шылым шегудің нәтижесінде қандай органдар зиян шегетіні туралы мұғалім әңгімелеп береді. Қызыл түсті фишканы көп жинаған топ жеңеді.

  1. Үш адамнан тұратын топта пікір алысу. Сұрақ:» Егер саған темекі ұсынылса, сен не істейсің? - тартып көргің келеді, бас тартасың, не болмаса оның денсаулыққа зиян екенін айтасың».
  2. Мұғалім баларға ерте кезден бастап шылым шегудің бала ағзасының дамуына қалай зиян келтіретінін айтып береді.
  3. Ойын:  «Дымбілмеске» өз достарына «Жоқ» деп айтуға көмектесу. Егер достары шылым тартуды ұсынса, ал Дымбілмес оны қаламаса мұғалім  балалардан  оған қалай бас тартуға көмектесуге болатындығын ойлап табуды өтінеді. Әрбір дұрыс жауап үшін қызыл түсті жетон беріледі де, кімнің қолында ол көбірек болса, сол жеңеді.
  4. Сабаққа шолу: Сіз қандай жаңа нәрсені білдіңіз? Не нәрсе қызықты болды? Не ұнады?

Тақырып: «Дұрыс тамақтану»

Сабақтың мақсаты:

  1. Тағамның негізі құрамдас бөліктерімен таныстыру (ақ уыз, көмірсутектер, майлар, витаминдер, минералды тұздар).
  2. «Дәмді және пайдалы тамақ» деген ұғымды қалыптастыру.
  3. Тамақтану мәдениетіне тәрбиелеу

Құрал-жабдықтар: қағаз, маркер, түрлі тағамдар жиынтығы

Сабақтың барысы:

  1. Бой жазу: «Пайдалы-пайдасыз тамақ» ойыны. Балалар дөңгелене шеңбер бойына тұрады, бір бала – ортада азық-түлік тағамдарының атын атап шығады (сүт, нан, ет, колбаса, кәмпит, ірімшік, т.б.), ал қалғандары қолдарын көтеріп пайдалы тамақтарды айтады. Бірақ ортадағы бала (бастаушы) пайдалануға болмайтын заттарды да атауы мүмкін (алкоголь, уксус, мухомор, т,б,) – бұл жағдайда балалар үнсіз қолдарын көтермей тұрады.
  2. Ми шабуылы. Мұғалім сұрақ қояды: Сіздер қалай ойлайсыздар. тағам неден тұрады? (ақ уыз, көмірсутектер, майлар, витаминдер, минералды тұздар).
  3. Организмнің өсіп-жетілуі үшін тағамның мәні туралы мұғалімнің ақпараты.
  4. 3-4 баладан тұратын топтардағы жұмыс. Қант, балмұздақ, кәмпит, пирожныйды көп жеу неліктен зиянды екенін талқылау.
  5. 2 баладан тұратын шағын топтарда пікір алысу. «Мен (жеміс, жидек, көкөніс, тұшпараны, т.б.) ұнатамын. Неге?» Топтың атынан бір бала шығып, нені және неліктен ұнататынын айтып береді.
  6. Ойын: «Досыңды тамақтандыр». Тамақ ішетін үстелге қажет жабдықтар. Тапсырма: дастархан әзірлеу, досыңды қонаққа шақырып, оның сүйікті тағамын дайындау.
  7. Сабаққа шолу: Не білдіңіз? Не қызықты болды? Не ұнады?

Тақырып: «Мен кіммін?»

Сабақтың мақсаты:

  1. Өзі туралы түсінік қалыптастыру.
  2. Балаларды өз денсаулығына саналы түрде қарауға үйрету.
  3. Денсаулық паспортын толтыруға және жүргізуге үйрету.

Керекті құрал-жабдықтар: сауалнамалар, дәптерлер, қарындаштар, фломастерлер, тақта, бор.

Сабақтың барысы:

  1. Бой жазу: Балалар бірнеше жұпқа бөлінеді. Тапсырма: Өзіңіздің серігіңізге неғұрлым көбірек жылы сөздер айтыңыз.
  2. Ми шабуылы: «Мен адаммын, менде …» Тапсырма: осы сөз орамын жалғастыру керек ( аты-жөнім, … дүниеге келдім, көзім, шашым, ауыз, мұрын, құлақ және т.б., сүйікті ойындарым, ойыншықтарым).
  3. Тест.

«Менің қолымнан келеді»

1. Күніне 2 рет тіс тазалау. ИӘ ЖОҚ
2. Кірлегеніне қарай қол жуу. ИӘ ЖОҚ
3. Таңертең жуыну. ИӘ ЖОҚ
4. Шынығу. ИӘ ЖОҚ
5. Ертеңгілік дене шынықтыру жасау. ИӘ ЖОҚ
6. Тырнақты, шашты күтіп ұстау. ИӘ ЖОҚ
7. Ауырып қалсам, дәрігерді шақыра аламын; мұғалімге, анама айтамын. ИӘ ЖОҚ
8. Егер досым сырқатанып қалса, мен оған көмектесе аламын. ИӘ ЖОҚ

8 – «иә» - денсаулық туралы түсінік қалыптасқан;

8 – «жоқ» - қалыптаспаған.

  1. Әр баладан сұрау: «Денсаулық мықты болу үшін не қажет?» Жауап қысқа болу керек.
  2. Сабаққа шолу: білген жаңа нәрсеңіз, не қызықты болды, не ұнады?
  3. «Денсаулық паспортын» толтыру: Аты-жөні, бойы, салмағы, немен ауырды (ауырады), ертеңгілік зарядка жасаймын, спортпен шұғылданамын (қандай түрімен) және т.б.

Тақырып: «Менің үйім»

Сабақтың мақсаты:

- «Қауіп-қатер» түсінігімен таныстыру

қауіпті жағдайлардан шығу, үйдегі мінез-құлық ережелеріне үйрету.

- үйдегі қауіпті жағдайлар кезіндегі мінез-құлықтың түр нұсқаларын қарастыру (өрт, табиғи апаттар, ұрылар, т.б.)

Құрал-жабдықтар: қағаз, маркер, тақта, бор.

Сабақтың барысы:

  1. Бой жазу. «Бұзылған телефон» Балалар бір-бірінің артында сапқа тұрады. Мұғалім бірінші тұрған баланың құлағына сыбырлап бір сөйлем немесе қысқа әңгіме айтады. Балалар бір-біріне не естігендерін жеткізеді. Соңғы тұрған бала естіген нәрсені дауыстап айтады.
  2. 3-4 баладан құралған топтармен жұмыс. «Қызыл телпек» немесе «Қасқыр және жеті лақ» ертегілерін айтып беру. Топтарға сұрақ: «Неліктен қасқырға лақтарды жеудің сәті түсті? Үйге кіруде қасқырға не көмектесті? Топтарда талқылау. Жалпы талқылау. Лақтардың орнында болсаң сен не істер едің?
  3. Ми шабуылы: «Үйдегі қауіп-қатер – бұл…» . Сөйлемді жалғастыру.
  4. Үйдегі қауіпті жағдайларда өзіңнің мінез-құлқыңды жұптасқан топта талқылау. Өзіңе қалай көмек көрсетуге болады? (милицияға хабарлау, көмекке шақыру). Егер бейтаныс адамдар есік қақса не істеу керек?
  5. Ойын: «Үйдегі қауіпті жағдайлардың себебі болуы мүмкін заттардың суретін сал (үтік, газ, сіріңке, дәрі-дәрмек, кескіш заттар т.б.) Топтарда суреттерді талқылау.
  6. Ойын. «Үйде жалғыз қалғанда өзіңді қалай ұстауың керек: досыңа қандай кеңес бересің?» 3 адамнан топ құрау. Тапсырма: «Қажетті кеңес ойлап тап». Үйдегі мінез-құлық жайында балалардың барлық ұсынысын талқылау.
  7. Сабаққа шолу: Қандай қызықты нәрсе білдің? Не нәрсе таңдандырды? Әсіресе не ұнады?

 

Тақырып: “Қауіп-қатерді болдырмау үшін”.

Сабақтың мақсаты:
-  Денсаулыққа және өмірге қауіп төндіретін жағдайлар туралы түсінік қалыптастыру.
- Дұрыс шешім қабылдауға үйрету (жолда, көшеде, аулада, транспортта, орманда, өзенде, т.б.)

Керекті құрал-жабдықтар: тақта, бор, қағаз, қарындаштар, фломастерлер.

Сабақтың барысы:

  1. Бой жазу. Бұзылған телефон» Балалар бір-бірінің артында сапқа тұрады. Мұғалім бірінші тұрған баланың құлағына сыбырлап бір сөйлем немесе қысқа әңгіме айтады. Балалар бір-біріне не естігендерін жеткізеді. Соңғы тұрған бала естіген нәрсені дауыстап айтады.
  2. Балаларды 6-7 шағын топқа бөледі. Үй, жол, транспорт, көше, өзен, орман деген атаулар жазылған қағаз парақтары үлестіріледі. Тапсырма: “Қандай қауіп қатер болуы мүмкін?” екендігін атап, талқыға салу. Әр топтан бір бала жауап береді. Мұғалім қорытындылайды.
  3. Қауіпсіз мінез-құлық ережелерін құрастыру. Оларды барлық топпен талқылап, бірыңғай ережеге біріктіру: үйде, көшеде, жолда, транспортта, орманда, паркте, өзенде.
  4. “Қызыл телпекке”, “Лақтарға”, “колобокқа” көмектесіңдер. Тапсырма: ертегіде не болғанын еске түсіріп, оқиға сәтті аяқталғандай шешім ойлап табу. 2 адамдық топта ойластыру. Балалардың барлық ұсыныстарын қарау.
  5. Ситуациялық есептер:

-  үйде жалғызсың, есікті бейтаныс адам қағып тұр;

- көшеде бейтаныс адам келіп машинамен қыдырып қайтуға ұсыныс жасайды;

- сынып оқушылары экскурсияға шықты, сен достарыңнан қалып қалдың, адасып кеттің.

  1. Сабаққа шолу: Қандай жаңа нәрсе білдің? Қандай қызықты нәрсе білдің?  Не ұнады?

 

Тақырып: “Достық”.

Сабақтың мақсаты:
-  Сенім, достық және дос туралы түсінік қалыптастыру.
- Қиын жағдайда бір-біріне көмектесуге, қамқор болуға үйрету;
- Өзара достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Керекті құрал-жабдықтар: тақта, бор, қағаз, қарындаштар, фломастерлер.

Сабақтың барысы:

  1. Бой жазу. «Сенім серуені» Балаларды жұптасқан топтарға бөледі. Жұптағы біреудің көзін байлайды. Серігінің қолына сүйеніп, бөлменің ішінде жүреді. Сонан соң рөлдерін ауыстырады.  Сұрақ: Досыңның қолына сүйенгенде не сезіндің?
  2. Ми шабуылы: “Достық деген – ол …” Достық деген не екені жайлы балалар өз ойларын айтады.
  3. Психологиялық бой жазу. Балалар дөңгелене шеңбер бойына тұрып, қол ұстасады. Бастаушы өзінің оң жағында тұрған адамның қолын қысады, сөйтіп жалғаса береді. Уақытты белгілеп қол қысысудың қаншалықты шеңбер бойымен айналып шыққанын білуге болады. Сұрақ: “Қалай ойлайсыз, бұл жаттығу жарысу ма, ынтымақтастық па?”
  4. Жұптаса жұмыс істеу. Тапсырма: бір парақ қағазға бірлесіп жануардың суретін салу. Бірлесе жұмыс істеп, келісе білу. Суреттерді топпен талқылау. Балалардан олардың қандай сезімде болғандықтарын білу.
  5. Ситуациялық ойын. Егер досым бәлеге ұшыраған болса, мен көмектесе аламын, қалай?

а. Балаларды екі командаға бөлу. Әр командадан біреу өзеннен жүзіп өтуі керек. Екінші бала оған көмектесуі керек. Бөлменің еденінде шартты түрде өзеннің жағасын сызып қояды. Бір команда өзеннің бір жағында, екінші команда – басқа жағында. Өзеннен өту үшін қосымша нәрселер (жіп, тақтай, бөрене, қайық, суға батырмайтын дөңгелек, дүрбі) бар. Көмек көрсету үшін тек бір нәрсені ғана алуға болады. Ойынды талқылау: Кім ең дұрыс шешім қабылдады?

  1. Сабаққа шолу: Қандай жаңа нәрсе білдің? Қандай қызықты нәрсе білдің?  Не ұнады?

 

Тақырып: “Салауатты өмір салты түсінігі”.

Сабақтың мақсаты: “Салауатты өмір салтының” анықтамасын тұжырымдау;
-  Салауатты өмір салтының аспектілерін ашу;.
- Салауатты өмір салтына дұрыс көзқарасты дамыту;;
- Салауатты өмір салтына қатысты негіздеулерді тұжырымдау..

Керекті құрал-жабдықтар: тақта, бор, қағаз, түрлі-түсті карточкалар, қарындаштар, фломастерлер.

Сабақтың барысы:

  1. Бой жазу. “Таныстық қуанышы”. Аудитория алқа-қотан отырады. Мұғалім оқушыларға жұп құрауларын ұсынады. Жұптар құралып болғаннан кейін барлықтары бір-біріне “Сен немен айналысасың?” деген сұрақтар қояды және оған жауап берулері керек. Мұнан соң барлық жұптар бірігіп, 4 адамнан тұратын шағын топтар құрайды. Бұл топтарда әрқайсысы әңгіме барысында өз жұбы туралы не білгенін айтады. бұл тапсырма орындалып болған соң мұғалім сұрақ қояды:; “Тренингке дейін өзіңізді қалай сезіндіңіз?”, “Бір-біріңізді түсіну қиын болда ма?”, “Қазір қандай сезімде отырсыз?”.
  2. Шағын топтардағы жұмыс. Сынып 5 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. (Балалар 1-ден 5-ке дейін ретімен саналады да, рет санына қарай бірігеді).  Тапсырма: Әрбір топ “Салауатты өмір салты дегеніміз не?” деген сұраққа анықтама береді. Барлық ұсынылған нұсқаулар қағазға жазылады, сонан соң олар қабырғаға ілінеді. Мұғалім аудиториядан барлық нұсқауларды талқылауды өтінеді. Талқылаудан кейін жалпы анықтама тұжырымдалуы қажет.
  3. Бой жазу. “Сәлем жолдау”. Аудитория үлкен шеңбер құрап, қол ұстасып тұрады. Бастаушы қасындағы адамның қолын ақырын қысып “сәлемін” жібереді, “сәлемді” алған адам оны ары қароай жалғастырады.
  4. Шағын топтардағы жұмыс. “Салауатты өмір салты аспектілері”. Сыныпты 6 шағын топқа бөледі (ол үшін оқушыларға 6 әр түсті карточка береді. (жасыл, көк, қызыл, ақ, сары, қоңыр)  Карточкаларлың жалпы саны оқушылардың санымен сәйкес болуы керек. Таратылған карточкалардың түсіне қарай 6 топ құралады.
  • “Жасыл карточкалар” тобы “табиғи аспект” түсінігін анықтайды.
  • “Көк карточкалар” тобы “парасаттық аспект” түсінігін анықтайды.
  • “Қызыл карточкалар” тобы “жеке тұлғалық аспект” түсінігін анықтайды.
  • “Ақ карточкалар” тобы “әлеуметтік аспект” түсінігін анықтайды.
  • “Сары карточкалар” тобы “сезімдік аспект” түсінігін анықтайды.
  • “Қоңыр карточкалар” тобы “рухани аспект” түсінігін анықтайды.

Топтардағы жұмыс 5 минут жүргізіледі. Сонан соң әр топ өзінің аспектісін көрсете білетін жетекшісін таңдайды. Әр топқа аспектісін ұсынуға 2 минут беріледі. Бұдан кейін мұғалім алынған ақпаратты жинақтап қорытындылауға тиіс және бұл жерде “бір тұтастық” негізгі басты түсінік екендігін балаларға түсіндіріп айтады, яғни денсаулық дегеніміз өзара тәуелді бөліктерден тұратын бір тұтас нәрсе деп түсінулері қажет. Оның кез-келген бір бөлігіндегі өзгеріс тұтастықтың қалған бөліктеріне де сөзсіз әсер етеді. Салауатты өмір сүру түсінігінің контекстінде  әрбір құрам бөлігін қарастыру қажет.

 

Жаттығуларды талдап қорыту үшін мұғалімге қажетті ақпарат

Салауатты өмір салтының аспектілері

Денсаулықтың табиғи аспектісі деп организмнің қалай қызмет ететіндігі, оның барлық жүйелерінің саулығы түсініледі. Денсаулығымыз оңды ма, әлде оңды емес пе деген сұраққа жауап беру үшін организмнің қалау қызмет ету керек екендігін білу өте қажет.

Денсаулықтың сезімдік аспектісі дегеніміз - өзіңнің сезімдеріңді түсіну және оны көрсете білу. Өзіңнің өзіңе деген және ауналадағы адамдарға деген көзқарасыңд білу басқаларға түсінікті түрде сезімдеріңді көрсетуге көмектеседі. Бірқатар эмоцияларға сенімді түрде ие болу және олардың қайсысын басқаларға көрсетуге болатындығын, қайсысын болмайтындығын білу өте қажет.

Жеке тұлғалық аспект – яғни біздің “меніміз” қалай дамуда (“Мен” - өз ойын іске асыруды, дара тұлға ретінде дамуды қажет ететін адам тұлғасының бөлігі), не нәрсеге жетуге ұмтыламыз, табыс деп әркім нені түсінеді, біз өзімізді жеке тұлға ретінде қалай сезінетіндігімізді білдіреді. Әр адам өз мүмкіндігін іс жүзіне өзінше асырады және оның әдісі нені бағалайтындығымызға, қоғам және өз игілігіміз үшін қандай табысқа жеткіміз келетіндігіне байланысты. Мысалы, кейбіреулер өзін-өзі іске асыруды өзінің жұмысынан немесе мансабынан табады, басқалар – отбасынан, ал үшінші санаттағы адамдар, өздерін өзгелердің игілігі үшін еңбек етуден табады. Біз өзіміз үшін не нәрсе ең үлкен қанағаттану сезімін әкелетінін өзіміз анықтаймыз.

Денсаулықтың парасаттық аспектісі деп қажет ақпаратты қалай және қайдан алатындығымыз, алынған ақпаратты пайдалана білуіміз түсініледі. Өз организмізге қатысты дұрыс шешімдер қабылдау үшін, сан алуан дерек көздерден қажетті мағлұматтарды таба білу және оны пайдалануды игерген жөн.

Әлеуметтік аспект адамның өзін еркек немесе әйел жынысты тұлға ретінде сезінуін және айналадағылармен әрекеттестікті білдіреді. Достарымызбен, туыстарымызбен, таныстарымызбен және басқа адамдармен қарым-қатынаста біз үшін шын мәнінде не нәрсе маңызды екенін түсіну қажет. Адамдардың бәрімен қарым-қатынаста болуға көмектесуі мүмкін әдеттерді өз бойында жетілдіруі қажет.

Денсаулықтың рухани аспектісі. Өзіміздің идеяларымызды сипаттау үшін пайдаланатын гүлдің өзегі мен сабағының тұтас алғанда адам денсаулығы үшін үлкен мәні бар. Ол біздің болмысымыздың  мәнін көрсетеді, яғни біз үшін шынында да ең маңызды нәрсе не, және нені біз бәрінен де анығырақ бағалаймыз деген сұраққа жауап береді. Бұл бізге қалған бес аспектіні түсінуге және оларға деген көзқарасымызды қалыптастыруға мүмкіндік беретін, жеке басымыздың тұтастығын қамтамасыз ететін өміріміздің негізі.

  1. “Ми шабуылы”. Мұғалім сұрақ қояды: “Салауатты өмір салты маған не үшін керек?” Оқушыларға қойылған сұраққа қысқа жауап беру ұсынылады. Барлық жауаптар талқылаусыз қабылданады және тақтаға немесе үлкен қағаз парағына жазылады. “Ми шабуылы” аяқталғаннан кейін айтылған идеялардың бірінші кезектегісін анықтауға және ойланып алуға уақыт беру керек.
  2. Сабаққа шолу: мұғалім аудиторияға сұрақ береді. Мысалы: “Не нәрсе білдіңіз?”, “Сізге қызықты болды ма?”, “Салауатты өмір салтына деген көзқарасыңыз өзгерді ме?”,  “Бәрі түсінікті болды ма?”, “Талқыланбаған сұрақтар қалды ма?”, “Нені білгіңіз келеді?”,  “Салауатты өмір салты деген не екенін анық түсіне аласыз ба?”.  Барлық оқушыларға қойылған сұраққа өте қысқа, бір сөйлеммен жауап қайтару ұсынылады. Мұғалім кез келген сұрақты бере алады.

 


Тақырып: “Қоғамдық гигиена. Еңбек және демалыс гигиенасы”.

Сабақтың мақсаты:
-  оқушыларды еңбек және демалыс гигиенасы, қоғамдық гигиена түсініктерімен хабардар ету.
- оқушыларды еңбек және демалыс тәртібін дұрыс ұйымдастыруға үйрету;;
- қоғамдағы мінез-құлық мәдениетінің әдеттеріне дағдыландыру;
- өзін және айналадағыларды құрметтеуге тәрбиелеу.

Керекті құрал-жабдықтар: тақта, бор, қағаз,  фломастерлер.

Сабақтың барысы:

  1. Бой жазу. «Музыкалық аспап ойыны. 5-6 адамнан тұратын топтарды құру (еркін түрде). Тапсырма: әр топ кез келген музыкалық аспапты бейнелейді. Қалған қатысушылар бейнеленген аспапты табады.
  2. Ми шабуылы: “Қоғамдық гигиена дегеніміз – бұл…” Сөз орамын жалғастыру. Тақтаға барлық жауаптар жазылады. Сонан соң мұғалім сыныппен бірге ми шабуылының нәтижелерін талқылайды. Талқылау нәтижесінде қоғамдық гигиенаның ережелерін тұжырымдау қажет.
  3. Жеке жұмыс. Әрбір оқушы өзінің күн тәртібін құрастыруы қажет.
  4. Топтарда жұмыс. Сыныпты 4 топқа бөледі. Сонан соң қалыптасқан топтарда жеке күн тәртібінен құрастырылып жалпыға бірдей күн тәртібі жасалады. Әр топтың өкілі өздері жасаған күн тәртібімен таныстырады.
  5. Рөлдік ойын. Бұл жаттығуды өткізу үшін мұғалім бүкіл сыныпты әр түрлі белгісіне қарай 5 топқа бөледі. Әрбір топ аудитория алдында өздері ойнап көрсетуге тиіс ситуациялық есеп алады.

а) Бір топ жасөспірім аялдамада автобус күтіп тұр, осы кезде олардың бірі түкірінеді.

ә) Жасөспірімдер дискотекада маңындағылардың мазасын алады.

б) Автобустағы жағдай: Жасөспірімдер қатты күліп сөйлеседі, сонымен қатар жаргондық сөздер қолданады.

в) Сыныптағы жағдай: оқушылардың бірі үнемі салдыр-салақ жүреді: шашы майланып кеткен, қырқылмаған, тырнағы лас, киімі уқаланған, аяқ киімі кір (мұғалім сырт пішіннің модаға байланысты емес екендігіне назар аудартады).

г) Сыныптағы жағдай: оқушы сабаққа кешігеді. Сонымен қатар сыныпқа есікті қақпай, мұғалімнің рұқсатынсыз кіреді және өз орнына отырады.

Топтар пікір алысады. Әр жағдай көрсчетілгеннен кейін, оқытушы топқа келесі сұрақтарды береді:

  1. Нені сезіндіңіздер?
  2. Не ойлайсыздар?
  3. Не істер едіңіздер?
  4. Оқушылар бір сөйлеммен өз пікірлерін айтуы тиіс.

6. Сабаққа шолу. Мұғалім сыныпқа сұрақ қояды: “Сіздерге қызықты болды ма?”, “Осы сабақтан кейін сіздің күн тәртібіңіз өзгере ме?”

Тақырып: “Балалар мен қыздардың жеке бас гигиенасы”.

Сабақтың мақсаты:
-  оқушылардың жеке бас гигиенасы және оның мәні туралы хабардар ету;
- жеке бас гигиенасын сақтау қажеттілігінің негіздеуін дамыту;
- жеке бас гигиенасы ережелеріне үйрету;
- өзін және өзінің денесін күте білуге тәрбиелеу.

Керекті құрал-жабдықтар: екі бақыр тиын, 4 қағаз парағы, фломастерлер.

Сабақтың барысы:

  1. Бой жазу: “Тиынды қолдан қолға беру». Сынып екі топқа бөлінеді де, сызықтың бойымен бір-біріне бетпе-бет қарап сапқа тұрады. Әр сызықтың бойынан бір оқушыға бір-бір тиын беріледі. Олар тиынды өздерінің жанында тұрған оқушыларға береді, ал олар өз кезегінде тиынды ары қарай табыстауды немесе табыстағандай болады. Әрбір топ тиынның қарама-қарсы топтың қайсысының қолында екендігін аңғаруы керек.
  2. Ми шабуылы: Оқытушы сұрақ береді: «Жеке бас гигиенасының ережелерін атап шығыңдар?». Барлық жауаптар жазылады. Мұғалім оқушылардан жеке бас гигиенасының ережелерін тұжырымдап беруді сұрайды.
  3. Топтардағы жұмыс. Мұғалім оқушылардан олардың туған күнднрінің жыл мезгілінен қарай 4 топқа бөлінуін ұсынады. Әр топ тапсырма алады. жеке бас гигиенасының ережелері бойынша шағын жарнамалық рөл жасау және оны топтың алдында қорғау.
  4. Сабаққа шолу. Мұғалім сұрақ береді: «Жаңа не нәрсе білдіңіз?», «Сіз ұялу сезімін бастан кешірдіңіз бе?», «Сізге қызықты болды ма?». Еркін сұрақтар.

 

Тақырып: “Өзін-өзі бағалау”.

Сабақтың мақсаты:
-  өзін-өзі бағалау түсінігін ашып көрсету;.
- жанжал, оның түрлері; жанжал түсінігін ашып көрсету;
- коммуникативті дағдалырын дамыту;
- қатынас техникасының мағлұматтарын пайдалана отырып, қиындықтарды жеңе білу;
- жанжалды сындарлы шешуді іс жүзінде қолдану;
- жанжалды жағдайларды шешуге негіздеу және стресті жою, коммуникативтік қатынастардың әдістерін ойлап табу.

Керекті құрал-жабдықтар: тақта, бор, қағаз, қарындаштар, «Бұл жанжал ма?» сауалнамасы, доп.

Сабақтың барысы:

  1. Бой жазу. Балалар алқа-қотан тұрады. Доп кімге лақтырылса, сол адам өз есімінің әрпінен басталатын жылы сөзді есіміне қосады. Мысалы: Сәуле-сұлу, Әлия-әдемі, Самат-мейірімді
  2. Ми шабуылы: Мұғалім оқушылардан «өзін-өзі бағалау» деген түсінікке анықтама беруді өтінеді. Барлық жауаптар қабылданады. Мұғалім оларды тақтаға жазып отырады, сонан соң түгел сыныппен талқылау өтеді. Талқылау нәтижесінде «өзін-өзі бағалау» түсінігіне жалпы анықтама қабылдануы тиіс. Осыдан кейін мұғалім өзін-өзі бағалау тым көтеріңкі, тым төмен және жеткілікті болатындығы туралы ақпарат береді.
  3. Бой жазу. «Келіңдер бір-бірімізді қошеметтейік!» Мұғалім барлығы орындарынан тұрып, әрбір оқушының өзінің сыныптас жолдастарына жақындап бір-бір мақтау сөз айтуларын сұрайды. Сонан соң барлық оқушылар мына сұрақтарға жауап берулері керек: «Өзіңізді қалай сезіндіңіз?», «Сізге қиын болды ма?», «Сізге жағымды, жайлы болды ма?».
  4. Ми шабуылы. Тапсырма: Олардың пікірінше өзін-өзі бағалау түсінігі нені білдіреді? Оқытушы өзіңді бағалау дегеніміз өзіңді-өзің байқау, өзіңді сырт көзбен көру екендігін түсіндіреді. Мысалы, сіө өзіңізді мақтан тұтып, өз ісіңізге ырза болған кезіңізде, сіздің өзіңізге беретін бағаңыз да жоғары. Ал егер өзіңізге қолыңыздан түк келмейтін болып көрінсеңіз бағаңыз да өте төмен. Біз әрқайсымызда дерлік өзімізге жоғары немесе төмен баға беретін кезеңдер болады.
  5. Рөлдік ойын.

1-бөлік. Екі оқушыға алдын-ала дайындалып жазылған мінез ерекшеліктерінің сипаттамасы беріледі. Олар сыныптың алдында өз рөлдерін ойнап көрсетуі керек. Мұғалім оқушылардан көрсетілген рөлдік ойындағы адамдардың өзін-өзі бағалауы қандай екендігін сұрайды. Неліктен оларды жоғары немесе төменгі баға деп сипаттауға болады?

2-бөлік. 1 және 2 деп белгіленген екі оқушыға олардың қазір ғана сынып бөлмесіне кіргендігі ескертіледі. Екеуі де қатты шаршаған, отырып дем алғылары келеді. Бірақ бөлмеде бір ғана орындық бар. Өздерінің кейіпкерлерінің мінездеріне сәйкес әрекет жасай отырып (яғни олардың ойынша бұл адамдар осындай жағдайда өздерін қалай ұстар еді), енді оқушылар орындыққа отыру құқықтарын даулап, рөлдік ойынды өткізулері керек (бірін-бірі итеруге, қолдарын сілтеуге болмайтындығын ескертіңіз).

Тапсырманың 2-бөлігін тағы да басқа оқушылармен қайталаңыздар.

Сыныпты 4-6 адамнан топтарға бөліп тақтаға жазылған сұрақтарды талқылайды. Әр топтың бір өкілі сыныпқа талқылау нәтижесін жеткізеді.

Талқыланатын сұрақтар.

(сұрақтарды сабақтың басталуына дейін тақтаға жазыңыз)

  • Тапсырмада бейнеленген оқушылар сіздердің мектептеріңіздің оқушыларынан несімен ерекшелінеді?
  • Өзін-өзі бағалау деген не? Өзін-өзі бағалаудың масаттанушылықтан айырмашылығы неде?
  • Өзіне-өзі жоғары баға беретін оқушылар өздерін қалай ұстайды?
  • Өздеріне жоғары баға беретін адамдар жанжалды жағдайға ұшырағанда өздерін қалай ұстамақ?
  • Өздеріне төмен баға беретін адамдар жанжалды жағдайға ұшырағанда өздерін қалай ұстамақ?
  • Сіздер қалай ойлайсыздар, мақтаншақ адамның өзіне өзі баға беруі жоғары ма, әлде төмен бе?
  • Өздеріне жоғары баға беретін екі адамның арасында жанжал туған жағдайда не болуы мүмкін? Әдетте олар оны қалай шешеді?
  • Жанжалға өздеріне төмен баға беретін екі адам тартылғанда не болады? Әдетте олар оны қалай шешеді?
  • Өзін төмен бағалайтын адам өзін маңызды және ерекше сезінуі үшін не істей алады?
  • Өзіңізді сенімді батыл сезіну үшін не істеу керек деп ойлайсыз?

Оқушыларға тапсырма 1,2,3,4,5,6

1-ші оқушы        Менің әпкем бар, ол маған жиі ашуланады және мені икемсіз дейді. Мен өзім де солай деп ойлаймын, бірақ оны ешкімге айтпаймын. Ата-анам маған сабаққа аз дайындаласың дейді. Мен тырысамын, бірақ ол жеткіліксіз шығар. Мен қазір ғана математикадан бақылау жұмысы үшін «екі» алғанымды білдім және реніштімін.

2-ші оқушы        Менің әпкем бар. Ол мені өте ақылды деп есептейді. Мен де солай ойлаймын. Мен сабаққа көп дайындаламын және өте жақсы баға алып тұрмасам да, мақтана аламын.Мен өзімнің әрқашан бар күшіммен тырысқандығымды білемін. Бұл ата-анамды қуантады. Бүгін мен тарихтан бақылау жұмысын жақсы жаздым.

3-ші оқушы        Мен командадағы ең жақсы футболшымын. Кеше менің ағамның үйлену тойы болды, біздің отбасымызда үлкен қуаныш. Мұғалім мені өте жақсы оқушы дейді. Өткен аптада мен әдемі сурет салғаным үшін марапатталды.

4-ші оқушы        Мен кітап оқығанды ұнатамын. Өткен аптада сүйікті кітабымды біраз оқуға уақытым болды. Досыммен қарым-қатынасым өте жақсы. Математиканың маған оңай берілмейтінін түсінемін. Әйтсе де мен «2» алсам да, өзіме ырзамын.

5-ші оқушы        Бәрі маған күледі. Достарым менің оларға бәрібір емес екендігімді айтады, ал меніңше олар мені мүлде жаратпайды. Ата-анам үнемі менің неге әпкем сияқты жақсы баға алмайтындығымды сұрайды. Мен қолымнан келгенше тырысамын, тіпті жақсы бағалар алсам да, бәрібір олар әпкемдікінен нашарлау. Менің қолымнан түк келмейді.

6-шы оқушы       Өткен аптада мен сыныптағы ең әдемі оқушы ретінде марапатталдым. Бірақ мен өзімді сүйкімдімін деп есептемеймін. Меніңше, мен көріксізбін. Ата-анам маған ақылдысың дейді. Мен жақсы оқысам да, сыныпта бәрінен жақсы емеспін. Достарымның неліктен мен сияқты болғылары келетінін түсінбеймін.

  1. Тапсырма: «Бұл жанжал ма?» Оқушыларды 4-6 адамнан топтарға бөлу. «Бұл жанжал ма?» сауалнамасының бірнеше данасын топтардың өкілдеріне таратып беру. Олар жағдайлардың қайсысы жанжал немесе жанжал емес екендігін шешуге тиіс. Сонан соң барлық топтың өкілдері шешімдерін баяндайды, оны негіздейді және тақтаға жазып қояды. Тапсырма: Бұл жағдайлардың қайсысын жанжал деуге болмайтындығын шешіңіздер. Өз шешімдеріңізді негіздеңіздер.

Жағдайлар:

  1. Андрей, Вероника және Ирина биология сабағында сөйлесіп отырады. Олар сыбырласып, бір-біріне хат жазады. Мұғалім оларға ашуланып, айғайлап, сыныптан қуып шығарады. Мұғалім оларды былайша жазалады: олар бір ай бойы күн сайын тақтаны сүртуге тиісті.
  2. Елена мен Ирина дос қыздар. Өткен аптада олар тарихтан бақылау жұмысын жазды және жақсы бағалар алды. Еленаның ойынша, Ирина тарих мұғалімінің сүйікті оқушысы болғандығынан жақсы баға алды. Иринаның айтуынша, ол сабаққа дайындалды және өз бағасы адал ақтады. Қыздар бір-біріне айғайлап таласуда.
  3. Асқарға түнгі радиохабары ұнайды. Оны қазір радиодан беріп жатыр және ол тыңдағысы келіп тұр. Әкесі оны ұйқыға жатуға мәжбүр етуде. «Енді кеш болды. Саған ертең мектепке бару керек»- дейді әкесі. Асқар радионы өшіруден бас тартады. Әкесі ашуланып, радионы өшіреді де айғайлап: «Сенбі және жексенбі де радио тыңдауға тыйым саламын,» - дейді.
  4. Көптеген балалар кешкілікте мектеп ауласында ойнауды ұнатады. Жақында бірнеше қаңғыма иттер үш баланы қапты. Енді ата-аналар балаларға кешке таман мектеп ауласында ойнауға рұқсат етпейді.
  5. Мектептегі сауық кеште оқушылар екі топқа бөлінді. Мұрат – бір топтың лидері, ал Динара – басқа топтың лидері. Әр топ бір-біріне назар аудармай күліп, көңіл көтеруде.

7. Жаттығу. Мұғалім тақтаға жазады: «Өзіңіздің соңғы таласыңызды еске түсіріңіз. Жанжалды қалай жөнге салдыңыз? Қандай сезімді бастан кешірдіңіз? Сіз не ойладыңыз?» Сонан соң мұғалім оқушылардан өз тәжірбиесімен бөлісуін ұсынады (өз еркінше)

8. Сабаққа шолу. Мұғалім сұрақ береді – 5 минут. Мысалы: «Сіздерге қызықты бюолды ма?», «Сіздер үшін бұл пайдалы ма?»

 

Тақырып: “АҚВ/ЖҚТБ”.

Сабақтың мақсаты:
-  АҚВ/ЖҚТБ туралы ақпарат беру (оның не екендігі, берілу жолдары, вирустың әсері, алдын алу);
- ЖҚТБ-мен ауыратындарғы дұрыс көзқарас тәрбиелеу.

Керекті құрал-жабдықтар: тақта, бор, қағаз, қарындаштар, «Дұрыс-қате» тесті.

Сабақтың барысы:

  1. Бой жазу. Мұғалім оқушылардан екі қосарлас (параллель) сызықтың бойына бір-біріне қарама қарсы тұруын, сонан соң киімдерінің нышандары бойынша орын ауыстыруларын өтінеді, мысалы көзәйнек кигендер, шалбар немесе пиджак кигендер, т.б.
  2. Ми шабуылы. Мұғалім сұрақ қояды: «ЖҚТБ деген не?» талқылау. Мұғалім қорытынды жасайды.
  3. Тест «Дұрыс – қате». Тапсырма: Зер салып оқып шығыңыздар және қажет жауапты дөңгелектеп қоршап қойыңыз.

Тест

Сіз ЖҚТБ туралы не білесіз?

«Д» - дұрыс, «Қ» - қате

1 ЖҚТБ-мен ауыратын адамды құшақтау қауіпті Д Қ
2 Жұртшылық пайдаланатын дәретханада ЖҚТБ-ны жұқтырып алуға болады. Д Қ
3 ЖҚТБ-мен ауыратын мұғаліммен бір сыныпта болу әбден қауіпсіз. Д Қ
4 ЖҚТБ-ны жұқтырмау туралы тек гомосексуалистердің ойлануы керек. Д Қ
5 Күре тамырына дәрілік препараттар қабылдайтын адамдар басқалардың инесін пайдаланбауға тиісті Д Қ
6 ЖҚТБ-мен ауырған адаммен бір стаканнан ішсең немес бір бутербродты тістесең ЖҚТБ вирусын жұқтыру мүмкін емес. Д Қ
7 Егер тек бір ғана жыныстық қатынаста болған жағдайда да ЖҚТБ-ны жұқтыруы мүмкін. Д Қ
8 Егер мектепте біреу жарақат алып онан қан кетсе, қанды қолмен тоқтату керек. Д Қ
9 Егер сырқат саған қарай жөтелсе немесе түшкірсе, ЖҚТБ-ны жұқтыруға болады. Д Қ
10 Жыныстық қатынас, есірткі және ЖҚТБ мәселелерін мектепте талқылау – дұрыс идея. Д Қ
11 ЖҚТБ-ны вирус қоздырады. Д Қ
12 ЖҚТБ-ға өткізілген тестің оң (+) нәтижесі, ол адамның ЖҚТБ-мен ауыратындығын білдіреді. Д Қ
13 ЖҚТБ қызыл қан түйіршектерін зақымдайды. Д Қ
14 ЖҚТБ денеден бөлініп шығатын барлық сұйық заттар арқылы жұғады. Д Қ
15 АҚВ жұқтырудан ауыз арқылы жыныстық қатынас кезінде сақтану үшін презерватив пайдалану қажет. Д Қ
16 ЖҚТБ-ға тесттер әдетте сенімді. Д Қ
17 ЖҚТБ негізгі 3 түрлі жолмен беріледі: жыныстық қатынас кезінде, қанмен түйісу кезінде (мысалы: ортақ инемен пайдаланғанда), анадан сәбиге ана құрсағында даму кезінде және туған кезінде. Д Қ
18 Презервативті дұрыс пайдалану көп жағдайда ЖҚТБ вирусын жұқтырмауға көмектеседі. Д Қ
19 ЖҚТБ-ның көптеген белгілері басқа аурулардың белгісіне ұқсас. Д Қ
20 ЖҚТБ-ға байланысты проблемалардың бірі – жұқтыру мен аурудың біліну мезетінің аралығында бірнеше жыл өтуі мүмкін. Д Қ

Сіз ЖҚТБ туралы не білесіз?

Дұрыс жауаптардың тізімі (мұғалім үшін)

1 ЖҚТБ-мен ауыратын адамды құшақтау қауіпті Қ
2 Жұртшылық пайдаланатын дәретханада ЖҚТБ-ны жұқтырып алуға болады. Қ
3 ЖҚТБ-мен ауыратын мұғаліммен бір сыныпта болу әбден қауіпсіз. Д
4 ЖҚТБ-ны жұқтырмау туралы тек гомосексуалистердің ойлануы керек. Қ
5 Күре тамырына дәрілік препараттар қабылдайтын адамдар басқалардың инесін пайдаланбауға тиісті Д
6 ЖҚТБ-мен ауырған адаммен бір стаканнан ішсең немес бір бутербродты тістесең ЖҚТБ вирусын жұқтыру мүмкін емес. Д
7 Егер тек бір ғана жыныстық қатынаста болған жағдайда да ЖҚТБ-ны жұқтыруы мүмкін. Д
8 Егер мектепте біреу жарақат алып онан қан кетсе, қанды қолмен тоқтату керек. Қ
9 Егер сырқат саған қарай жөтелсе немесе түшкірсе, ЖҚТБ-ны жұқтыруға болады. Қ
10 Жыныстық қатынас, есірткі және ЖҚТБ мәселелерін мектепте талқылау – дұрыс идея. Д
11 ЖҚТБ-ны вирус қоздырады. Д
12 ЖҚТБ-ға өткізілген тестің оң (+) нәтижесі, ол адамның ЖҚТБ-мен ауыратындығын білдіреді. Қ
13 ЖҚТБ қызыл қан түйіршектерін зақымдайды. Қ
14 ЖҚТБ денеден бөлініп шығатын барлық сұйық заттар арқылы жұғады. Қ
15 АҚВ жұқтырудан ауыз арқылы жыныстық қатынас кезінде сақтану үшін презерватив пайдалану қажет. Д
16 ЖҚТБ-ға тесттер әдетте сенімді. Қ
17 ЖҚТБ негізгі 3 түрлі жолмен беріледі: жыныстық қатынас кезінде, қанмен түйісу кезінде (мысалы: ортақ инемен пайдаланғанда), анадан сәбиге ана құрсағында даму кезінде және туған кезінде. Д
18 Презервативті дұрыс пайдалану көп жағдайда ЖҚТБ вирусын жұқтырмауға көмектеседі. Д
19 ЖҚТБ-ның көптеген белгілері басқа аурулардың белгісіне ұқсас. Д
20 ЖҚТБ-ға байланысты проблемалардың бірі – жұқтыру мен аурудың біліну мезетінің аралығында бірнеше жыл өтуі мүмкін. Д
  1. Топтардағы жұмыс

Сыныпты 4 топқа бөлу. Ситуациялық есептер таратылып беріледі, топтағы бақылаудан кейін оның шешімі сыныпқа көрсетіледі.

1-жағдай. Достарыңыздың бірі ЖҚТБ вирусын жұқтырып алғанын білген кезде сіз не сезінер едіңіз? Қалай ойлайсыз, бұл сіздің достығыңызға әсер етер ме еді? Жауабыңды негізде.

2-жағдай. Сіз қалай есептейсіз, ЖҚТБ жаман ба, әлде онымен ауырған адамдар жаман ба? Неліктен?

3-жағдай. Мұғалімдеріңіздің бірі ЖҚТБ-мен ауыратынын білсеңізғ сіз нені сезінер едіңіз? Оған қандай сұрақ қояр едіңіз?

4-жағдай. Сіз қалай ойлайсыз, ЖҚТБ-мен ауыратын адамдарға олар жұмыс істейтін, оқитын жерде қала беруге рұқсат ету керек пе? Неліктен?

Топтардағы жұмысты қорытындылау: Мұғалім ЖҚТБ-мен ауыратын адамдарға көзқарас мәселесіне көбірек көңіл бөлуге тиіс.

5. Сабаққа шолу. Бір сөйлеммен сабақтан алған әсері туралы айтып шығу. «Қандай жаңа нәрсе білдіңіз?» деген сұраққа жауап беру.

 

Тақырып: “Жұқпалы аурулардың алдын алу”.

Сабақтың мақсаты:
-  оқушыларды «індет» түсінігімен таныстыру;
- өз денсаулығы үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеу;
- жеке бас гигиенасы бұзушылыққа теріс көзқарас тудыру.

Керекті құрал-жабдықтар: тақта, бор, қағаз, қарындаштар, фломастерлер, рөлдік ойын өткізуге арналған заттар, жемістер, су шашыратқыш..

Сабақтың барысы:

  1. Бой жазу. Әуені кенеттен өзгеріп отыратын музыканы қосу (қатты, ақырын). Оқушыларға музыканы тыңдап шығу ұсынып, сонан соң олардан сұрау қажет: Нені сезіндіңіздер? Нені ойладыңыздар?
  2. Ми шабуылы: Оқушыларға сұраққа жауап беру сұралады: «Індет деген не?»  Мұғалім барлық жауаптарды қорытындылайды және анықтама береді.
  3. Рөлдік ойын. Сынып 4-5 адамнан топтарға бөлінеді. әр топ тапсырма алады.
    1-ші топ.             Індеттің кір қол арқылы таралу жолын көрсету;
    2-ші топ              Індеттің ауа арқылы таралу жолын көрсету;
    3-ші топ.             Індеттің қан арқылы таралу жолын көрсету
    4-ші топ.             Індеттің жануар арқылы таралу жолын көрсету
    5-ші топ.             Сапасыз тамақ.

Талқылау. Мұғалім тақтаға індеттің таралу жолдарын жазып қояды.

  1. Ми шабуылы. Мұғалім сөз орамын жалғастыруды сұрайды: «Жұқпалы аурулардың алдын алу  дегенміз - …»

Талқылау. Түзету.

  1. Эксперимент. Мұғалім сыныптың бір-бірімен иін тіресіп 2 қатарға тұруын өтінеді (ретсіз). Сонан соң су шашыратқышпен таралу жолының бір әдісін көрсетеді. Оқушылар сұраққа жауап берулері қажет. Бұл індеттің таралуының қандай жолы? Кім бұрынырақ жұқтырады?
    Мұғалім біренеш оқушыны сыныптың ішінде төрт аяқтап жүріп өтуін өтінеді, сонан соң кез келген жемісті алуға ұсынады.
    Бұнан кейін сұрақ қойылады: «Сіз не істеуді ұмытыңыз?», «Індеттің таралуының бұл қандай жолы?», «Қандай аурулар осылайша беріледі?».
  2. Сабаққа шолу. Бұл сабақ пайдалы ма? Ол үлгі аларлықтай болды ма?
  3. Үй тапсырмасы: Жұқпалы аурулардың  алдын алу жөнінде жадуал құрастырып. оны кейін күнделікке жапсырып қою.

 

Тақырып: “Зиянды әдеттер”.

Сабақтың мақсаты:
-  қоғамға, адам организміне есірткінің, темекінің, алкогольдің теріс әсері туралы түсінік қалыптастру
- ортаның қысымына қарсы тұра білу (есірткіні, темекіні, алкогольді байқап көру әрекетіне теріс пікір тудыру);
- оқушыларды алкоголь мен маскүнемдіктің, темекінің, есірткі мен нашақорлықтың қоғамға келтірер зиянды зардаптары туралы хабардар ету.

Керекті құрал-жабдықтар: тақта, бор, қағаз, қарындаштар, скотч, сусыннан немесе кір жуғыш сұйықтардан қалған мөлдір пластик бөтелке, мақта, шылым, сіріңке, оқушылар әкелген темекі өнімдерінің жарнамалық үлгілері, 2 плакат (1-шісі геометриялық фигуралармен, басқасы – таза), суреттер

Сабақтың барысы:

  1. Бой жазу. «Бой-бойымен сапқа тұру. Оқушылар көздерін жұмулары керек. Сөйлесуге тиым салынады. Олар түзу сызықтың бойына бойларына қарай сапқа тізілуі керек. Бойы ең қысқасы бірінші тұрады, ең ұзыны – ең соңында.
  2. Топтардағы жұмыс. Мұғалім сыныпты 4 топқа бөледі. Сонан соң топтарға көрсетілген схема бойынша сауалдама беріледі және мұғалім сұраққа жауап берулерін өтінеді: «Жастардың алкогольді пайдалана бастауына қандай факторлар әсер ете алады?». Сонан соң топтың лидері өз жобасын ұсынады. Ұсынылған жобалар қабырғаға ілінеді.
  3. Тренинг: «Алкоголь денсаулыққа қауіп төндіруші ретінде».

Оқушыларды екі топқа бөлу. Топтар өздерінің лидерін таңдауға тиіс. ол өз тобының жауабын жазып отырады.

1 - ші топтың тапсырмасы: Алкогольдің әсер етуінің мүмкін болатын барлық уақытша зардаптарын атап шығу.

2-ші топтың тапсырмасы: Алкогольдің ұзағырақ әсер етуінің мүмкін болатын барлық зардаптарын атап шығу.

Оқушылармен зардаптардың әрқайсысы ішімдік ішетін адамның ғана емес, оның айналасындағылардың денсаулығында қалай білінетіндігін талқылау қажет.

  1. Ситуациялық есеп. Сыныпты бес-бес адамнан топтарға бөледі. Топтарға ситуациялық есептер беріледі.

Ситуациялық есеп: Атабек 16 жаста. Ол оқушы. Оның отбасында әкесі, шешесі, 14 жастағы інісі және 12 жастағы қарындасы бар. Олар ядролық қалдықтармен қатты ластанған қалада 4 бөлмелі пәтерде тұрады. Әкесі ғылыми қызметкер болған, бірақ өткен жылы ол жұмыс істейтін жергілікті фабрика жабылғанда жұмыссыз қалды. Сожан бері ол қатты күйзелісте және көп ішеді. Кейде мұндай ішкілікке салынудан кейін әкесі айналасындағыларға өштікпен қарайды және бірнеше рет шешесін ұрып-соқты. Бұл Атабекті қатты мазаландырады, ол шешесін әкесінен қорғайды.

Шешесі – мұғалім, отбасын асырауға оның жалақысы жетпейді. Атабек өте қабілетті бала, бірақ отбасына көмектесу үшін  оқуды тастауға тура келеді деп ойлайды. Шешесі оны ұнатпаса да, әкесі Атабекті ішімдік ішуге мәжбүр етеді. Кейде Атабек әкесіне жағыну үшін аздап ішеді. Оның бір топ жолдастары бар, олар жиі және көп ішеді,, екеуі – нашақор, өздерінің әдеттерін ары қарай жалғастыру үшін олар ұрлықпен айналысады.

Келесі сұрақтарды талқылаңыздар:

1.Атабек тұратын ортада оның өмір сүру стильіне не нәрсе дұрыс және теріс әсер етеді?

2.Әкесінің ішімдікке әуестенуіне не нәрсе түрткі болды? Ол өмір сүру стилін өзгерте алар ма еді? Оған не көмектесер еді?

3.Атабектің ішуді бастауына не мәжбүр етуі мүмкін? Ондай қысымға ол қалай қарсы тұруына болар еді?

4.Сіздің ойыңызша анасы өзін қалай сезінеді? Ол не істей алатын еді?

5.Сіздің ойыңызша інісі өзін қалай сезінеді? Ол не істей алатын еді?

6.Бұл отбасының өмір сүру стилін жақсарту үшін не істеуге болады?

7.Бұл отбасын 5 жыл өткен соң көзіңізге елестетіп көріңіз. Суреттеп айтыңыз:

- олардың өмірі ең жақсы сценарий бойынша өзгеруі үшін не болуы тиіс еді, және ол жаңа сценарий қандай болар еді?

- олардың өмірі ең жаман сценарий бойынша өзгеруі үшін не болуы тиіс еді, және ол жаңа сценарий қандай болып көрінер еді?

  1. Рөлдік ойын: «Мен қабылдайтын шешім».

Сынып 7 топқа бөлінеді. Топтар ұсынылған жағдайлармен танысады, рөлдік ойын түрінде ойнап көрсетуге тапсырма беріледі.

Түрлі жағдайлардың үлгілері жазылған карточкалар.

  1. 1. Тимур үшін диллема.

Тимур өзінің достарымен барға жиналды. Бар – жасөспірімдер көңіл көтеру үшін және уақыт өткізу үшін жиналатын орын. Тимур 15 жаста. Оның достары көп сыра алдырды және тездетіп іше бастады. Тимур мұның жақсы емес екенін біледі, бірақ олардан қалғысы келмеді.

  1. 2. Жаннаның әңгімесі.

Жанна мектепке қолы көгеріп келді.Ол Кириллге құпия түрде шешесінің кеше кешкісін мас болып оны ұрғандығын айтады. Кирилл өзінің құрбысы Жаннаға көмектескісі келеді.

  1. 3. Серік.

Серік бұл мектепке жаңадан келді. Мектептен үйге қайтар жолда Серік осы мектептегі ең танымал балалардың екеуі – Борис пен Толикпен әңгімелеседі. Олар оны Бористің пәтеріне әкесінің үйде сақтаған арағын ішуге шақырады. Олар Серікті әбден көңіл көтереміз және бұл туралы ешкім ештеңе білмейтін болады деп сендірді. Бұл жағдайда Серік не істеу керек?

  1. 4. Парктегі ішкілік..

Сіздің ең жақын досыңыз көп уақытын мектепте өздерінің алкогоьге әуестігімен белгілі бір топ балаларымен өткізуді шешті. Ол азддап ішу үшін сабақтан соң паркте өздеріне қосылуды өтінеді. Шешім  қабылдау моделін пайдалана отырып досыңызға мектептен кейін кездесу туралы, оның жаңа достары және олардың алкогольге әуестігі туралы не айтатыныңызды шешіңіз.

  1. 5. Әйгілілік.

Сіз мектебіңіздегі аты әйгілі оқушымен бір шкафты пайдалансыздар. Бір күні таңертең сабақтың алдында сіз шкафты ашып, ішінде сіздің жорамалдауыңызша марихуанаға ұқсас нәрсе бар кішкентай полиэтилен пакетті тауып аласыз. Сіз пакеттің ішіндегі туралы және ол неліктен сіздің шкафыңызда жатқандығы туралы тұжырым жасауға асықпайсыз, бірақ шкафпен сізден басқа тағы бір адам пайдалансадағы, оның ішінде не бар екеніне сіз жауаптысыз.

  1. 6. Мектептегі спорт..

Алкогольді немесе басқа есірткі заттарды қолдануға сіздің спорттық командаңызда тыйым салынған және сіз осымен келісесіз. Сіздің командаңыздың екі үздік ойыншысы сізге және басқа командалас достарына өздерінің ойын алдында ішендіктерін және ішкіліктің арқасында олардың спорттық пшіндері жақсаратынын айтып мақтана бастайды. Сіз және алкоголь ішімдіктерін қолданбайтын команданың басқа мүшелері проблемаға қалай кірісуге болатынын шешулеріңіз керек. Сіздің достарыңыздың денсаулығына және бүкіл команаданың жеңісіне де қауіп төніп тұр.

  1. 7. Келіп-кетіп істейтін бала бағушы.

Сіз бағатын баланың ата-анасының біреуі үйіне мас болып келді және сізді үйіңізге өз машинасымен апарып тастағысы келеді.

Топтың талқылауы қажет:

а) Адамға не нәрсе қозғау салады?

ә) Бір адамның әрекеті басқаларға қалай әсер етеді?

б) Сіз басқа адамға қандай кеңес берер едіңіз?

  1. Жаттығу. «Маскүнемнің» портреті

Оқушыларға «Маскүнемнің» портретін салуға тапсырма беру. Оқушылардың әрқайсысы өзінің суретіне мінездеме берсін. Мұғалім әрбір оқушының пікір айтуына мүмкіндік беруге тиіс.

  1. 7. Тренинг «Таныстық қуанышы»

Әрбір оқушыға сауалдама парағын таратып беріңіз және олар аудиториядан мына адамды тапсын.

Танысу парағы. 

Бір адамды тап, ол …

Басқаның пікірін құрметтейді. 

Есімі:

Жануарларды жақсы көреді. 

Есімі:

Әуестенетін нәрсесі бар. Қандай? 

Есімі:

Болашаққа сеніммен қарайды. 

Есімі:

Дене жаттығуларымен жүйелі түрде шұғылданады. 

Есімі:

Мамандық таңдауын анықтап алды. 

Есімі:

Табиғат аясына шығуды ұнатады. 

Есімі:

Шахмат ойнай алады. 

Есімі:

Спорттық секцияға қатысады 

Есімі:

Өз денсаулығының қамын ойлайды. 

Есімі:

Өз пікірін және өзін қорғай біледі. 

Есімі:

Бір рет болса да шетелде болған.

Берілген жаттығудың маңызды шарттарының бірі – ұяларға жазылған есімдер қайталанбауы керек. Уақыт өткен сайын сіз аудиторияның жұмысын тоқтатасыз жәнеоқушыларды тыныштандырып, өз орындарына отыруларын сұрайсыз. Парақты түгелдей толтырған оқушылардың орнынан тұруын өтінесіз (аудитория оларға қол шапалақтасын)

Берілген жұмыс аяқталған соң оқушылардан сұрайсыз:

-               тренингке дейін олар өздерін қалай сезінді?

-               Бір-бірімен қарым қатынас оларға қиын болды ма?

-               Қазір қандай сезімде отыр?

Мүмкіндігінше көбірек оқушылардан  сұрауға тырысыңыз және өз пікірін айтуға талаптанғаны үшін болса да мақтауды ұмытпаңыз. Бұл тренинг сізге оқушыларды бір-бірімен тезірек таныстыруға, ал топтағыларға бір-бірімен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді. Бұл тренинг аудиторияны қысылудан арылтады және қолайлы жұмыс жағдайын жасайды.

  1. 8. Тест: «Сіз темекі туралы не білесіз?»

Сұрақтарға «иә», «жоқ» деп жауап беріңіз.

  1. Шылым шегудің қауіпті зардаптарымен таныстыру – салауатты өмір салтын насихаттаудың маңызды құрамабөлігі болып табылады ма?
  2. Адам ашуланған кезінде шылым шегу көмектеседі деген рас па?
  3. Шылым шегу келтіретін зиянды дене жаттығуларымсен бәсеңсітуге бола ма?
  4. Шылым шегушінің жанындағы адамдар одан да аз зиян шекпейді деген рас па?
  5. Жасөспірімнің темекі тартуды бастауындағы басты себептердің бірі – «Ересек болғым келеді» деген дұрыс па?
  6. Күніне бір қорап темекі тартқанда, өкпеде бір литр шайыр шөгіп қалады деген рас па?
  7. Шылым шегудің организмдегі зат алмасуына әсер етеді деген дұрыс па?
  8. Темекі тартатындар оны тастағысы келмейді, өйткені олар темекіден ләззат аламыз дейді?
  9. Егер жасөспірімдер темекіні байқап көрсе, олардың нағыз құмарпаз темекішіл болу мүмкіндігі жоғары ма?
  10. Шылым шегу – кейбір қатерлі ісік ауруларының негізгі себептерінің бірі бола ала ма?

Тестің сұрақтарына жауаптар:

  1. Иә. Ең бастысы – алдын алу. Шылым шегудің зияны туралы көңілге қонымды дәлелдер, түсінікті ақпарат, салауатты өмір салтының құндылықтары.
  2. Иә. Никотинге үйрену өте аз. Ол мидың қызметіне әсер етеді.
  3. Жоқ. Дене жаттығулары шылым шегуден келетін зиянды бәсеңсітпейді. Никотинді зиянсыз ету бауырда, сондай-ақ өкпеде және бүйректе жүреді. Никотин және басқа зиянды заттар тартылған бір темекіден кейін 10-15 сағат өткен соң кіші дәретпен шығарылады.
  4. Иә. Шылым шегушінің қасындағы адамдар, әсіресе әйелдер мен балалар тіпті артығырақ зиян көреді (темекі түтіні улылығы бойынша автомобильдің пайдаланылған газынан 4,5 есе артық). Өкпенің рак ауруларынан басқа, оларда тыныс алу органдарының жедел және созылмалы аурулары, сонымен қатар жүрек-тамыр жүйесінің аурулары жиі кездеседі.
  5. Иә. Жасөспірімдердің шылым шегуді бастауының басты себептерінің бірі – үлкен болып көрінгісі келу, еліктеу.
  6. Иә. Күніне бір қорап темекі тартатын адамның өкпесінде бір литр шайыр шөгіп қалады.
  7. Иә. Никотинді жүйелі түрде аз мөлшерде қабылдау темекіге әуестікке, әдеттенуге әкеп соқтырады. Никотин адамның зат алмасу процессіне қосылады және қажеттілікке айналады.
  8. Иә. Шылым шегушілердің көбі тастағысы келеді, бірақ тастай алмайды.
  9. Иә. Өйткені «байқап көру» және құмарпаз  темекішіл болудың шекерасы өте нәзік.
  10. Иә. Темекі тарту – біршама қатерлі ісік ауруларының себептерінің бірі.

Оқытушыға ұстанымдар: Тесттерді таратпас бұрын, оқушыларды тренингтің шартымен таныстырыңыз. Тестерді таратып бергеннен кейін, сұрақтармен танысуға 5 минут бересіз, сонан соң әр сұрақты дауыстап оқып, жауап бергісі келетіндердің қолдарын көтеруін өтінесіз. Ескерту, өз ойыңызды немесе жауабыңызды көрсетпеңіз.

Барлық сұраққа жауап алған соң, параққа жазылған жауаптарды таратып бересіз. Оқушыларға онымен танысуға уақыт беріңіз. Осы тренингті аяқтаған соң оқушылардан сұраңыз:

-            Тестпен жұмыс жасау кезінде оларға қызықты болды ма?

-            Өткізілген тренингтен кейін олар өздеріне темекі жөнінде жаңа бір нәрсе білді ме?

  1. 9. Тренинг: «Шылым шегу машинасы»

Жабдықтар: Сусыннан немесе кір жуғыш сұйықтан қалған мөлдір пластик бөтелке, мақта, фильтрсіз темекі, сіріңке.

Егер уақыт аз болса, аспапты ертерек дайындап қойыңыз. Бөтелкенің қақпағына темекінің диаметрі мөлшеріндей тесік жасаңыз.

Мақтадан жасалған шарикті қақпаққа бөтелкенің іш жағынан қойыңыз. Темекіні қақпақтың тесігінің сырт жағынан орнықтырып, бөтелкенің аузын жабасыз. Бөтелкені қысып оның ішіндегі ауаны сыртқа шығарыңыз. Темекіні тұтатып бөтелкеге ауаны ақырын бірқалыпты толтыруды және шығаруды бастайсыз ( тыныс алуды елестетесіз: ауаны ішке тарту және қайтадан дем шығару). Темекі жанып біткеннен кейін бөтелкенің ішіндегі мақтаның қандай болғанын көрсетіңіз.Оның түсі қара қоңырланып кетті және жағымсыз өткір исі бар.Оқушыларға мақтаны жапқан қара-қоңыр қабаттың темекі шайыры екендігін және темекі тартатын адамның өкпесінде осындай өзгерістер болатындығын айтып көрсету керек. Мақтаны бөтелкеден шығарып бөлмедегі өсімдіктердің жапырағына немесе сабағына үйкелеңіз. Ол өсімдікте қандай өзгеріс пайда болатынын қараңыз. Жапырақтың беті қарайып, тырыса бастайды – никотиннің әсері осындай.

Тренингті өткізгеннен кейін оқушылардан сұраңыз:

-Мақтадан жасалған шарик қандай?

-Бөтелкенің түрі қандай?

-Қалай ойлайсыз, шылым шегу өкпенің ішкі қабатына қандай әсер тигізеді?

Жасалған эксперименттің нәтижесінде оқушылар өкпе тканіне никотин мен темекі шайырының әсері, шылым шегудің физологиялық зардаптары туралы айқын түсінік алу керек. Сондай-ақ шайырлы заттар тыныс алу жолдарымен өтіп, организмнен толық шығарылмайды, өкпеде шөгіп қалады.

10. Тренинг: «Шылым шегу денсаулыққа қауіпті».

Оқушыларды 4 топқа бөлу. Топтар өздерінің лидерін таңдауға тиіс, ол өз тобының жауабын жазып отырады.

1-ші топқа тапсырма:

Қысқа мерзімді  шылым шегудің мүмкін болатын барлық теріс зардаптарын атап шығу.

2-ші топтың тапсырмасы:

Ұзақ мерзімді шылым шегудің мүмкін болатын барлық теріс зардаптарын атап шығу.

3-ші топтың тапсырмасы:

Қысқа мерзімді  шылым шегудің мүмкін болатын жағымды салдарын  атап шығу.

4-ші топтың тапсырмасы:

Ұзақ мерзімді шылым шегудің мүмкін болатын жағымды салдарын  атап шығу.

 

Шылым шегудің  қысқа мерзім ішіндегі теріс зардаптары:

-               қан тамырларының және ми тамырларының спазмы;

-               қан қысымының көтерілуі;

-               жүрек соғысының жиілеуі;

-               мұрын мен жұтқыншақтың шырышты қабығының темекі түтінінен тітіркенуі;

-               темекі түтінінен көздің шырышты қабығының тітіркенуі;

-               иісті газдың қанға еніп кетуі;

-               темекі шайырының өкпеде шөгіп қалуы;

-               ауаны улау, ластау.

Шылым шегудің ұзақ мерзімді зардаптары:

-               түрлі инфекцияларға кіру қақпасы болатын тістің, еріннің, тілдің, таңдайдың, көмейдің, тамақтың шырышты қабығының бүлінуі;

-               иіс сезудің, дәм сезудің нашарлауы;

-               бетке әжімнің ерте түсуі;

-               тістің сарғаюы, ауыздан жағымсыз иістің пайда болуы;

-               организмнің ауруға қарсыласуының төмендеуі;

-               темекішілдің созылмалы бронхиті;

-               өкпе эмфиземасы;

-               жүрек-қан тамыр аурулары;

-               асқазан-ішек жолдары аурулары;

-               ерін, ауыз қуысының, өкпе, өңеш, асқазан, көмей, қуық рагы (обасы);

-               Рейно ауруы (аяқ-қол гангренасы).

Шылым шегудің жағымды салдары теріс зардаптарына қарағанда анағұрлым аз болып шығады. Аталған «жағымды» жақтары шындығында олай емес.

Жауаптарды құрастыру жұмысына 10 минут бөлінеді. Аудиториямен жұмыс және жауаптарды талқылауға 10 минут бөлінеді.

Топтардағы жұмысты аяқтағаннан кейін әр топтың лидері қабырғаға немесе тақтаға жауаптары жазылған парақтарды іледі және команданың жауабын оқиды.

Оқушылармен зардаптардың әрқайсының (теріс және жағымды) шылым шегушінің ғана емес, оның айналасындағы адамдардың денсаулығына қалай әсер ететінін талқылау қажет.

Тренингті өткізгеннен кейін, оқушылардан келесі сұрақтарға жауап беруін сұраңыз:

-Шылым шегудің зардаптары шылым шегушінің және оның айналасындағы адамдарға қалай әсер етеді?

-Өзіңіз үшін жаңа бір нәрсе білдіңіз бе?

11. Рөлдік ойын: «Сіз өзіңізді қатерге тігесіз».

Оқушыларды олардың санына қарай 3-4 топқа бөлу. Тақтаға әрбір командаға арналған портреттер салынады. Команда өзіне капитан таңдап алады, команда мүшелері қойылатын сұрақтарға жауаптарын ұсынатын болады, егер команданың жауабы дайын болса, капитан қолын көтеуі керек. Аудиторияда тәртіп болу үшін, ойынның шарттары сақталуы тиіс. Мұғалім сұрақты оқып шығады. Егер команданың жауабы дайын болса, капитан қолын көтереді. Қай капитан қолын бірінші көтерсе, сол команда бірінші жауап береді. Егер жауап дұрыс болса, команда 10 ұпай алады. Егер дұрыс болмаса, мұғалім сұрақты қайталайды және жауап беру құқығы басқа командаға беріледі. Қате жауап үшін командаға «ақау» беріледі, команданың портретіне «темекіден сарғайған тіс» қосылып салынады. Егер команда 3 «темекіден сарғайған тіс» алса, ойыннан шығады. Дұрыс жауабы үшін ең көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.

Сұрақтар мен жауаптар:

Сұрақ: Балалар неліктен шылым шегуді бастайды?

Жауап: Өйткені «басқалардай болу», кең тараған жарнама науқаны, шылым шегетін отбасы мүшелерінің үлгісі әсер етеді.

Сұрақ: Егер адам  бір жылда күніне 1 қорап темекі тартса, оның өкпесінде қанша темекі шауыры шөгіп қалады?

Жауап: 1 литрдей.

Сұрақ: Темекі тарту қатты тәуелділік туғызады деген дұрыс па?

Жауап: Дұрыс. Темекі тарту психикалық, сондай-ақ табиғи тәуелділік туғызады. темекіге тәуелділік ұзақ мерзімді емдеуді қажет ететін негізгі себебі болып есептеледі.

Сұрақ: Адам үшін никотиннің қауіпті дозасы қандай? 5-10 мг, 15-30 мг, 35-70 мг, 50-100 мг?

Жауап: Адам үшін никотиннің қауіпті дозасы 50-100 мг немесе 2 тамшы. Күн сайын 20-25 сигарет тартқанда никотиннің осындай дозасы қанға түседі.

Сұрақ: Шылым шегетін адам әр апта сайын өмірінің бір күнін жоғалтады деген рас па?

Жауап: Рас. Шылым шегушілер әр апта сайын орташа алғанда өмірінің бір күннен артығын жоғалтады.

Сұрақ: Бес өлім оқиғасының біреуі шылым шегумен байланысты деген дұрыс па?

Жауап: Дұрыс. Мезгілсіз өлімнің бес жағдайда біреуі нақ шылым шегумен байланысты.

Сұрақ: «Ырықсыз шылым шегу» термині нені білдіреді?

Жауап: «Ырықсыз шылым шегу» дегеніміз – шылым шегетіндердің айналасындағы шекпейтін адамның темекі түтінін жұтуы. Шылым шегетін бір адамның кесірінен шылым шекпейтін адамдардың кем дегенде үшеуі зиян шегеді.

Сұрақ: Шылым шегудің зардаптары туралы неғұрлым көп адам білсе, олардың шылым шегуді бастау ықтималдығы соғұрлым аз деген дұрыс па?

Жауап: Дұрыс.

Сұрақ: Қандағы оттегі тепе-теңдігін, жүрек-тамыр жүйесінің және орталық нерв жүйесінің жұмысын бұзу үшін неше дана сигарет тарту керек?

Жауап: Жүрек соғысын жиілету, қан айналымын, ми тамырларында спазм тудыру және өкпедегі газ алмасуды бұзу үшін бір ғана сигарет жеткілікті.

 

Сұрақтарды әр оқушының қолына жеке-жеке үлестіріп бере аласыз немесе бүкіл аудиторияға дауыстап оқып беруге болады.

Өткізілген ойыннан кейін сұрақтар мен жауаптар тізбесін таратып беріңіз және оқушыларға дұрыс жауаптармен танысуға уақыт беріңіз. Тренинг аяқталғаннан кейін оқушыларға сұрақ беріңіз:

-Өзіңіз үшін қандай жаңа нәрсе білдіңіз?

-Оларды не таңырқатты?

-Оларды не мазалады?

  1. Тренинг: «Шылым шегуге жарнама»

Мұғалім оқушылардан өздері әкелген темекі өнімдерінің жарнамасының үлгілерін қабырғаға іліп қоюды өтінеді және тақтаға әрбір жарнамалық хабарландырудың оқушылар байқап атаған жағымжы жақтарын теріп жазады.

Мысалы: сүйкімді кейіпкер, шылым шегу тартымды болып көрінеді, ол адам риза пішінді немесе бай болып көрінеді, т.б. Сонан соң келесі сұрақтар талқыланады:

-     неліктен жарнама тек жағымды тұрғыдан көрсетіледі?

-     неліктен жарнама берушілер біздің жарнамалық модельдерге ұқсауымызды қалайды?

-     неліктен «жұлдыздар», «пірлер» (атақты адамдар) қатыстырылады?

-     темекі өнімдерінің жарнамасына тыйым салу керек пе? Керек болса қалай?

-     Олар темекі өнімдерінің жарнамасын шыншыл немесе жалған деп санай ма және белгілі жас шамасындағы контигент үшін азғырушы, қызықтырушы деп ойлай ма?

Қорытынды жасай келіп, оқушыларға мынаны ескертіңіз. Темекі өнімдерінің тартымдылығын көтеру мақсатымен өндірушілер келесі тәсілдерді қолданады:

-шылым шегуді есеюдің символы ретінде көрсетеді.

-шылым шегетін адамдарды ерекше және қызықты етіп көрсетеді.

ешқашан денсаулық туралы және адамдар үшін шылым шегудің зардаптары туралы еске салмайды.

  1. Рөлдік ойын: «Сен қабылдайтын шешім».

Оқушылардың көмегімен рөлдерге актерларды таңдап алу және шағын көріністі ойнап көрсету. Сонан соң аудиторияны 4 топқа бөлген жөн және топтың әрқайсысы көрініс соңынан өз нұсқасын көрсеткені дұрыс.

Көрініс (сцена)

Оқиғаның орны: Үй қабаттарының арасында тұрып қалған лифт.

Қатысушылар: Алмас және Дариға, олар жарты жылдай кездесіп жүр және жақында үйленбекші.

Алмас: Міне, тұрып қалдық. (Сигаретін тұтатады). Сірә, осында отырып қалармыз.

Дариға: Түк емес, қазір жөндеушілер келеді де, бізді шығарып алады. (Ол жөтеледі)

Алмас: Иә, біз сауық кеші нағыз кезген кезінде жетерміз.

Дариға: Сен шылым шекпей тұра аласың ба? Бұл біздің осында тұрғанымыздағы үшінші сигарет. Дем алу мүмкін емес.

Алмас: Кешір, сенікі дұрыс. Бірақ менің күйіп-пісіп тұрғаным соншалық, еріксіз сигаретке ұмтыламын.

Дариға: Күйіп-пісетін ештеңе жоқ. Сенің тіпті шылым шегуді тастайтын ойың бар ма?

Алмас: Айтпақшы, сен бүгін бірінші рет менің темекі тартқаныма наразы болып тұрсың.

Дариға: Тек өсіріп айтудың керегі жоқ.

Алмас: Мен асырып айтып тұрғаным жоқ. Мен оқиғаға нақты қараймын.

Дариға: Білсең, сенімен бірге мен де шылым шегіп тұрмын деуге болады.

Алмас: Жақсы. Мен лифттің ішінде шылым шекпеуге тырысамын. Және бұл тіпті өлердей емес, көңіліңді жайландырады, күту де сондайлық қиын болмайды. Байқап көргің келе ме? (Алмас сигаретін Дариғаға ұсынады).

Бұл көріністің соңын оқушылар өздері ойлап табулары, яғни шешім қабылдауы керек. Осындай рөлдік ойындардың үлгісінде оқушылар шешім қабылдауға қалай жетудің дағдыларын меңгере алады. Егер оларды шешім қабылдауға үйретсе, оларға бұл дағдыны пайдалану және шылым шегу немесе шекпеу сияқты күрделі сұраққа дұрыс жауап алу оңайырақ болады.

14. Жаттығу: «Кәнеки, есепте».

Оқушыларға бір қорап сигарет қанша тұратынын ойларына түсіруді ұсыныңыз. Егер сіз күніне бір қорап сигарет тартатын болсаңыз, қанша ақша жұмсайтыныңызды есептеңіз:

  1. Бір аптаның ішінде.
  2. Бір айдың ішінде.
  3. Бір жылда.
  4. Үш жылда.
  5. Бес жылда.

Оқушылардың әрқайсысы есептеп, осы ақшаға сигареттң орнына не сатып ала алар еді деген сұраққа жауап берсін.

  1. Рөлдік ойын: «Құрбы-құрдастардың ықпалы».

Оқушыларды екі командаға бөлу. Өз еркімен бір адамды таңдап алып, оған алдын-ала  нұсқау бергеннен кейін аудиториядан шыға тұруын сұраңыз.

Рөлдік ойын:

Оқиға дискотекада, оның достарымен қатысуымен болады. Ол аудиторияға кіргенде, шылым шегуді тастауды ойлап жүрген болса да, оның алдында шылым шегу немесе шекпеу проблемасы тұрады.

Компаниялардың біреуі – құмарпаз темекілшілдер, олар оның компаниядан ажырап кетпеуі үшін барлық күшін салады. Келісім шылым шекпейтіндер компаниясының міндеті – жолдастарын темекі тартпауға сендіруге тырысу.

Қатысушылардың бірі тақтаны «келісемін», «келіспеймін» деген екі бағанаға бөліп, команда мүшелері ұсынған дәлелдерді жазып отырады.

-Тізімнің қайсысы артығырақ болды?

-Қайсысы дәлелдірек?

-Неліктен?

Егер тренинг көңілсіз өтіп жатса, процесске өзіңіз белсенді араласуыңыз қажет. Өткізілген ойыннан кейін оқушылармен міндетті түрде талқылаңыз:

-Құрбы-құрдастарының ықпалы қандай?

-Неліктен бұл ықпалға қарсы тұруға дайын болу қажет?

-Мұндай ықпалға қалай қарсы тұруға болады?

 

Шылым шегуді тастаудың физологиялық салдары

Симптом (белгі) Себеп Қажет шаралар
Жөтелдің ұлғаюы Өкпеде тазарту процесі басталады,  кірпікшелер темекі шайырын және тыныс жолдарын қорғау үшін организмде пайда болған шырышты сыртқа шығара бастайды. Жөтел екі аптаға дейін созылады. Көбірек сұйықтық ішу (минералды су, түрлі сусындар, жеміс шырыны). Дәрігердің белгілеуі бойынша жөтелге қарсы таблетка.
Бас ауруы Никотиннің белгілі бір дозасына ағзаның әдеттенуі. Демалыс, күндізгі ұйқы, витаминдер қабылдау.
Бір нәрсеге көңіл бөлудің қиындығы. Никотиннің қажет мөлшерін ала алмағандықтан сіз стресс жағдайын бастан кешіресіз. Дене тәрбиесімен шұғылдану, организм жеткілікті мөлшерде оттегіні алу үшін тереңірек тыныстауға тырысу.
Тамақтың ауруы және құрғауы Тыныс жолдарының кілегей қабығын тітіркендірумен қатар, темекі оны жансыздандырады. Көбірек сұйықтық ішу, дәрігердің кеңесі бойынша  аэрозолдар қолдану.
Ашушаңдылық Организм талап етіп отырған никотиннен арылудың азапты процессі. Организмнен никотинді «шайып шығару» үшін көбірек сұйықтық ішу.
Іш қату. Никотин тамақтың ішек арқылы өту процессін тездетеді. Ішектің қызметі 10-14 күн ішінде қалпына келеді. Құрамында клетчатка көп тамақтың мөлшерін көбейту, жеміс, көкөністі көбірек пайдалану. Ол ішек қызметінің тезірек қалпына келуіне көмектеседі.
Шаршағыштық. Бұл ағзаның никотиннен оның қоздырғыштығы және ынталандырғыштығы тыйылуына байланысты. Таза ауада көбірек болу, ұзағырақ ұйықтау.

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

1 Алғы сөз 3 бет
2 Шылым шегу және оның организмге келтіретін зияны 4 бет
3 Дұрыс тамақтану 4 бет
4 Мен кіммін?» 5 бет
5 Менің үйім 6 бет
6 Қауіп-қатерді болдырмау үшін 6 бет
7 Достық 7 бет
8 Салауатты өмір салты түсінігі 8 бет
9 Қоғамдық гигиена. Еңбек және демалыс гигиенасы 11 бет
10 Балалар мен қыздардың жеке бас гигиенасы 12 бет
11 Өзін-өзі бағалау 12 бет
12 АҚВ/ЖҚТБ 16 бет
13 Жұқпалы аурулардың алдын алу 18 бет
14 Зиянды әдеттер 19 бет

 

 

Ұқсас тақырыптар:

    None Found

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.