10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Информатика, Педагогика

МҰҒАЛІМ МЕН СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІНІҢ ТРЕНИНГТІК КУРСТАРЫНЫҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Опубликовал Мұқаметжан Жақаев в 28 Август 2011 – 13:00Пікір жоқ
Бұл мақала 4734 рет оқылды, 14 рет бүгін

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ«Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚМЕКТЕПТІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ (SMS) ІС-ӘРЕКЕТКЕ ПЕДАГОГ
КАДРЛАРДЫ ДАЙЫНДАУ БОЙЫНША МҰҒАЛІМ МЕН СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІНІҢ ТРЕНИНГТІК КУРСТАРЫНЫҢ
 

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Алматы, 2011

Ұлттық ақпараттандыру орталығының
Ғылыми кеңесі ұсынған

Пікір айтушылар:
К.С. Мусин, Педагогика ғылымдарының докторы, профессор
С.Т. Мухамбетжанова, Педагогика ғылымдарының докторы, доцент

Мектепті басқару жүйесіндегі (SMS) іс-әрекетке педагог кадрларды дайындау бойынша Мұғалім мен Сынып жетекшісінің тренингтік курстарының оқу бағдарламасы – Алматы: «ҰАО» АҚ, 2011. – 11 с.

Мектепті басқару жүйесіндегі (SMS) іс-әрекетке педагог кадрларды дайындау бойынша тренингтік курстардың оқу бағдарламасы ҚР БжҒМ-нің мемлекеттік тапсырысы бойынша «Білім беру жүйесін әдіснамалық жасақтау» 008 бағдарламасы аясында дайындалынған.

Осы оқу бағдарламасы 72 сағат теориялық және практикалық сабақтарға есептелген e-learning электрондық оқыту жүйесін енгізу бойынша тренингтік курстардың оқу бағдарламасының құрамдас бөлігі болып саналады.

«Мектепті басқару жүйесіндегі (SMS-тегі) іс-әрекетті оқыту» бөлімі 18 сағатты қамтиды: олардың 2 сағаты – дәріс, 16 сағаты – практикалық сабақтар.

Оқу бағдарламасы жоғары кәсіптік білім беру жүйесіндегі педагог кадрларды дайындауға, білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыруға жауап беретін мамандарға бағытталған және мұғалімдер мен сынып жетекшілерін – электрондық оқыту жүйесін пайдаланушыларды оқыту үшін арналған.

ТҮСІНІКТЕМЕЛІК ЖАЗБА

Электрондық оқыту жүйесіндегі (e-learning) іс-әрекетке педагог қызметкерлерді оқыту формасы ретінде тренингтік

курстарды ұйымдастыру, жұмыс істейтін мұғалімдердің мамандығын арттыру аясында кәсіптік жетілдіру кезеңінде және

жоғары педогогтік кәсіптік білім беру жүйесіндегі кәсіптік дайындау кезеңінде, жұмыс істеудің ең қолайлы формасы болып саналады.
Мектепті басқару жүйесі (School Management System, бұдан әрі қарай – SMS) – бұл мектепті басқару процесін автоматтандыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық жасақтама.
Курстың мақсаты – электрондық оқыту жүйесі жағдайында мектепті басқару жүйесіндегі іс-әрекетке мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің дайындығын қамтамасыз ететін білімдер, біліктер мен машықтар жүйесін қалыптастыру.
Курстың мақсатына жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
– мектепті басқарудың дидактикалық, психологиялық-педагогикалық және әдістемелік негіздері мен мектепті басқару жүйесінің (SMS-тің) қызметтік мүмкіндіктерін ашу керек;
– өздерінің күнделікті кәсіптік іс-әрекетінде SMS-тің қызметін пайдалану мен қолдануға мұғалімдер мен сынып жетекшілерін үйрету керек.
Қойылған міндеттер мұғалімдердің SMS-тің практикалық қызметін меңгеруіне мүмкіндік беретін сабақтардың коммуникативтік тренингтік формасына сәйкес сабақтардың мазмұнын анықтады.
Осы оқу бағдарламасы 72 сағат теориялық және практикалық сабақтарға есептелген e-learning электрондық оқыту жүйесін енгізу бойынша тренингтік курстардың оқу бағдарламасының құрамдас бөлігі болып саналады. «Мектепті басқару жүйесіндегі (SMS-тегі) іс-әрекетті оқыту» бөлімі 18 сағатты қамтиды: олардың 2 сағаты – дәріс, 16 сағаты – практикалық сабақтар.
Мұғалімдер мен сынып жетекшілерін SMS-пен жұмыс істеу білімдерімен, біліктерімен және машықтарымен қаруландыру оларға педагогтар, оқушылар мен ата-аналар ұжымдарымен ынтымақтастық негізінде кәсіптік іс-әрекетті тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Тыңдаушыларды дайындау деңгейіне қойылатын талаптар

SMS мектепті басқару жүйесіндегі іс-әрекетке дайындау бойынша тренингтік курстың қорытындысында ұйымның директоры мен оның орынбасары:
− білім беруді ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты;
− қазіргі заманғы педагогтың АҚТ-біліктілігіне қойылатын талаптарды;
− e-learning электрондық оқыту жүйесінің мақсатын, міндеттері мен жұмыс істеу мүмкіндігін;
− SMS мектепті басқару жүйесінің мақсаты, міндеттері мен жұмыс істеу мүмкіндігін білуі тиіс.
 SMS арқылы оқушыларды есепке алуды, үлгерімді бақылауды;
 күнтізбелік-тақырыптық жоспарды, оқу-тәрбие жұмысының жоспарын және т.б. қалыптастыруды;
 кез келген оқушы бойынша ақпарат іздестіру жүргізуді және шығаруды;
 тексеретін ұйымдар үшін және ішкі пайдалану үшін беруге стандарттық және стандарттық емес есеп-қисапты динамикалық режімде қалыптастыруды;
 оқушылардың электрондық журналына, электрондық күнделігіне және электрондық портполиосына мәліметтерді енгізуді;
 мәліметтерді мәтіндік пен кестелік редакторға шығаруды және басып шығаруды;
 хабарландыруларды қалыптастыру мен оқуды, білім беру ұйымы аясында он-лайн мен офф-лайн мәтіндік хабарларын алмасуды, форумдардың тақырыбын тағайындауды, оқу-тәрбие процесін және т.б. ұйымдастыру мәселелері бойынша талқылау жүргізуді істей алатын болады.
 басқарушылық іс-әрекетті, іс-қағаздарын жүргізуді, құжатайналымды және оқуды жоспарлауды автоматтандыруға;
 SMS арқылы білімдік процесс субъектілерімен өзара әрекеттестікке дайын болатын болады.

Мектепті басқару жүйесіндегі (SMS) іс-әрекетке педагог кадрларды дайындау бойынша Мұғалім мен Сынып жетекшісінің тренингтік курстарының оқу-тақырыптық жоспары.

Сабақтардың тақырыбы Сағаттар саны
Дәрістер Практикалық сабақатар
1. Білім беруді ақпараттандыру саласындағы мемлекеттің стратегиялық саясаты 2
2. ҚР-ның жалпы білім беретін мектептеріндегі e-learning электрондық оқыту жүйесі 2 2
3. ҚР-ның қазіргі заманғы педагогының АҚТ-біліктілігіне қойылатын талаптар 2
4. SMS мектепті басқару жүйесіндегі іс-әрекетті оқыту, оның ішінде: 2 16
4.1. SMS мектепті басқару жүйесінің  мақсаты мен міндеттері 2
4.2. SMS жүйесіндегі пайдаланушыларды тіркеу, «Құжаттар» модулімен жұмыс істеу 2
4.3. «Жоспарлар»,  «Мектеп тарихы» модульдерімен жұмыс істеу 2
4.4. «Кесте» модулімен жұмыс істеу 2
4.5. «Электрондық журнал», «Оқушының электрондық күнделігі» модульдерімен жұмыс істеу 2
4.6. «Тәрбие жұмысы», «Сауалнама жүргізу» модульдерімен жұмыс істеу 2
4.7. «Тамақтану», «Кітапханаа», «Дәрігерлік бөлме» модульдерімен жұмыс істеу 2
4.8. «Статистика» модулімен жұмыс істеу 2
4.9. «Қатынас» модулімен жұмыс істеу 2
5. Сыныпты басқару жүйесіндегі (CRMS) іс-әрекетті оқыту 2 4
6. Оқытуды басқару жүйесіндегі (LMS) іс-әрекетті оқыту 2 10
7. Тестілеу жүйесіндегі (TMS) іс-әрекетті оқыту 2 10
8. «Пәндер бойынша электрондық әдістемелік жүйе» (ММС) жүйесіндегі іс-әрекетті оқыту 2 10
9. Қорытынды тестілеу 4
Қорытынды: 16 56
БАРЛЫҒЫ: 72

БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАЗМҰНЫ

1-тақырып. Білім беруді ақпараттандыру саласындағы мемлекеттің стратегиялық саясаты (2 сағ.)
Қоғамдық өмірдің барлық саласына ақпараттық қатынастық технологияларды (АҚТ-ды) кешенді енгізумен, ауқымды телеқатынастық желілер мен интеллектуальдық компьютерлік жүйелерді біріктірумен байланысты ақпараттық қоғамның жаңа әлеуметтік экономикалық шарттары. Ақпараттық қоғамның ЮНЕСКО бойынша білім беруінің жетекші қағидалары:
«барлығына білім беру», «ғұмыр бойы білім алу» − «Life Long Learning (LLL)». АҚТ-ды пайдалану негізінде білім берудің жаңа парадигмасының өзектілігі. Білім беруді ақпараттандырудың халықаралық тәжірибесі.
Педагогикалық жүйе ретінде білім беруді ақпараттандыру. Қазақстан республикасындағы нормативтік құқықтық жасақтама, ақпарқатынастық инфрақұрылым, білім беруді ақпараттандырудың бағдарламалық, контенттік және кадрлық жасақтамасы.
2011-2020-жылдарға Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.

2-тақырып. ҚР-ның жалпы білім беретін мектептеріндегі e-learning электрондық оқыту жүйесі (2 сағ.)

* 2011-2020 жылдарға Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі 8 бағыттарының бірі ретіндегі электрондық оқыту.

* Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы электрондық оқытудың (e-learning) мақсаты мен міндеттері.

*  Электрондық оқытудың нормативтік құқықтық жасақтамасы. Электрондық оқыту жүйесін пайдаланушыларды дайындау және біліктіліктерін арттыру.

* Технологиялық инфрақұрылымды дамыту, мұғалімдердің компьютерленген жұмыс орындарын дайындау, білім беру ұйымдарын одан әрі компьютерлендіру мен интернеттеу.

* Электрондық оқытудың контенттік жасақтамасы. Оқу процесін автоматтандыру.

* Электрондық оқыту жүйесінің педагогикалық архитектурасы: мектепті (SMS), сыныпты (CRMS), оқытуды (LMS), тестілеуді

* (TMS), психологиялық-педагогикалық мониторингті (MPcMS) басқару жүйелері және білімдердің пәндік салаларындағы электрондық әдістемелік жүйелері (MMS).

3-тақырып. ҚР-ның қазіргі заманғы педагогының АҚТ-біліктілігіне қойылатын талаптар (2 сағ.).

Білім беруді ақпараттандыру мен жаңартудың маңызды факторы ретінде білімдік процестегі АҚТ-ды жүйелі пайдалануға педагог кадрларды дайындау. Педагогтың ақпарқатынастық тұлғалығының моделі. Мектепті ақпараттандырудағы басшының рөлі.

АҚТ-біліктілігі – білімдер, біліктіліктер, іс-әрекеттік тәсілдер және кәсіптік қызметтегі АҚТ-ды пайдалануға құндылық қатынас ретінде ақпараттық қоғам азаматтарының біліктілігі.

Курсты тыңдаушылардың АҚТ-біліктілігінің бастапқы деңгейін айқындау, олардың компьютермен, кеңсе бағдарламаларымен, кейстік және интернет-технологиялардағы оқу ақпаратының әр түрлі көздерімен жұмыс істеу біліктіліктері мен машықтарын, АҚТ негізінде білімдік процестің басқа субъектілерімен ауызша және жазбаша өзара әрекеттестігінің тәсілдерін игеруі.

Мектепті басқару жүйесіндегі (SMS-тегі) іс-әрекетті оқыту

4.1-тақырып. Мектепті басқару жүйесінің мақсаты мен міндеттері (2 сағ.)

Мектепті басқару жүйесінің (SMS) міндеттерімен және жұмыс істеуімен шолулық танысу – мектепті басқару жүйесін автоматтандыруға, білім беру ұйымдарындағы ағымдық бизнес процестерді ескеріп іс қағаздарын жүргізуді автоматтандыруға, есеп-қисапты қалыптастыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық жасақтама.

Пайдаланушылық интерфейсімен танысу. SMS-тің мына негізгі модульдеріне шолу жасау: Құжаттар, Мектеп тарихы, Жоспарлар, Кесте, Электрондық журнал, Электрондық күнделік, Тәрбие жұмысы, Сауалнама жүргізу, Статистика, Бухгалтерия, Кітапхана, Тамақтану, Дәрігерлік бөлме, Қатынас.

Мектепті басқару жүйесін негізгі пайдаланушылар: директор, оқу жұмысы бойынша мектеп директорының орынбасары, мұғалімдер, сынып жетекшілері, оқушылар, ата-аналар, кітапханашылар, дәрігер қызметкерлер, SMS басшылары. SMS-тегі пайдаланушылар құқығы мен рөлі. Бағдарламамен жұмысты орындау бойынша басшылыр мен атқарушылар арасындағы міндеттерді үлестіру.

4.2-тақырып. SMS жүйесіндегі пайдаланушыларды тіркеу, «Құжаттар» модулімен жұмыс істеу (2 сағ.)

Логин және құпия сөздің көмегімен SMS пайдаланушыларын тіркеу; пайдаланушының Порталға қауіпсіз кіруі; басшы тағайындаған SMS ақпаратын қарап шығу; SMS-ке есеп беру жазбасын енгізу; пайдаланушының SMS-тен шығуы.

Бағдарлаудың (каталогтар, хабарлар, ескертулер және пайдаланушының жұмыс істеу барысы бойынша көмек көрсету) ерекшеліктерімен танысу, пайдаланушының әдейі емес әдепсіз әрекеттерінен қорғау.

«Құжаттар» модулі мектептің іс-әрекетін нормативтік құқықтық қамтамасыз ету туралы пайдаланушыларға жедел хабарлауды қамтамасыз ететін құрал ретінде.
«Нормативтік құқықтық құжаттар», «Мектеп құжаты» бөлімдері.

«Нормативтік құқықтық құжаттар» бөлімімен жұмыс істеу, SMS-ке білім беруді дамытудың бағыттары мен болашағын анықтайтын нормативтік құқықтық құжаттарды, білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарын және т.б. енгізу. Жеке түсініктемелерді енгізу.

«Мектептің құжаттары» бөліміне әр түрлі форматтағы (*doc, *pdf, *jpg және б.) білім беру ұйымының нормативтік құжаттарын енгізу. Ортақ қатынас құру құжаттарын әзірлеу. Мектепті дамыту бағдарламасының үлгілерін, директордың бұйрықтарын, педагогикалық кеңестердің хаттамаларын, ата-аналар жиналысының хаттамаларын толтыру. Өндірістік қажеттілік кезінде құжаттардың инварианттық тізімдерін толықтыру тәсілдерімен танысу. Мәліметтерді тасымалдау, импорт/экспорт, модульден мәліметтерді басып шығару.

4.3-тақырып. «Жоспарлар», «Мектеп тарихы» модулдерімен жұмыс істеу (2 сағ.)

«Жоспарлар» модулі пайдаланушыларға берілген рөлге байланысты олардың ұзақ мерзімді немесе қысқа мерзімді жоспарлауды жүзеге асыруына мүмкіндік беретін аспап ретінде.

Оқу жоспарлары мен бағдарламаларының үлгілерін толтыру, күнтізбелік тақырыптық жоспарларды жүргізу; педагогикалық кеңестің, оқу әдістемелік бірлестіктің, пән комиссияларының, ғылыми-әдістемелік кеңестің, сынып жетекшілері кеңесінің, оқушылар кеңесінің (оқушылардың өзін өзі басқаруы) және басқадай құрылымдық бөлімшелердің жұмыс жоспарларын, біліктілікті арттыруды, педагог кадрларды дайындау мен қайта дайындау бойынша шаралар жоспарын, мектеп іші бақылау графигін бақылауды қалыптастыру. Құжаттамаға өзгерістер енгізу. Мәтіндік редакторға жылдық, айлық жоспарларды шығару, жоспарларды басып шығару.

Алдағы оқу жылында оқу-тәрбие жұмысы жоспарларының, оқушылармен сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс жоспарларының үлгілерін толтыру; ата-аналармен жұмыс, өзін-өзі басқару органдарымен өзара әрекеттестік. Мәтіндік редакторларға жылдық, айлық жоспарларды шығару, жоспарларды басып шығару.

Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлармен (КТЖ-мен) жұмыс. Басқа мұғалімдердің КТЖ-на қатынау және қарап шығу. Тоқсандық бойынша КТЖ-ды көшірмелеу. Бар жоспарға жаңа сыныпты үстемелеп қосу. Тек сол жүктеме бойынша сағаттарды жүргізетін сыныптар мен пәндердің ғана КТЖ–ын редакциялау. Мәліметтерді кестелік пен мәтіндік редакторларға (Excel және т.б.) жүктеу.

Мектептің циклограммасымен, басқа жоспарлық құжаттамаларымен жұмыс істеу.

«Мектеп тарихы» модулі мектептің жетістіктері, олимпиядаларға, спорттық және басқа шараларға қатысуы, жыл бойынша жетістіктерге сараптама жүргізуі, білім беретін басқа ұйымдардың арасындағы мектептің өсу динамикасы мен рейтингін
қадағалауы, мектептің виртуальдық мұражайының қалыптасуы, әр түрлі форматтағы (*doc, *pdf, *jpg және б.) материалдарды орналастыру туралы ақпаратты бейнелеуге мүмкіндік беретін аспабы ретінде. Модульден мәліметтерді басып шығару.

4.4-тақырып. «Кесте» модулімен жұмыс істеу (2 сағ.)

«Кесте» модулі сабақтардың кестесін, сабақтан тыс жұмыстардың (үйірмелердің, факультативтердің және т.б.) кестесін және қоңыраулардың кестесін дайындау аспабы ретінде.

Түрлері бойынша қарап шығу үшін кестелерді шығару; ауысым, пәндер, бөлмелер, мұғалімдер бойынша сыныптарды үлестіру; кестенің алуан түрін өзгерту; әр түрлі форматтағы кестелерді ұсыну.

4.5-тақырып. «Электрондық журнал», «Оқушының электрондық күнделігі» модульдерімен жұмыс істеу (2 сағ.)

«Электрондық журнал» модулі оқушылардың үлгерімі мен қатысуын есепке алудың аспабы ретінде, ата-аналармен үнемі өзара әрекеттесу, оқыту нәтижелері туралы оларды хабарландыру мүмкіндігі.

Электрондық журналдың интерфейсімен, оны толтырудың жүйесімен және ережелерімен танысу. Мұғалімнің өзі сабақтар жүргізетін пән/сыныптың беттерін редакциялауы. Сынып жетекшісінің барлық беттерді қарап шығуы.

Электрондық журналды сабақ кестелерін дайындаудың және күнтізбелік тақырыптық жоспарлаудың модульдерімен үйлестіру; оқушыларды, сабақтардың тақырыбы мен өткізу датасын автоматтық жүктеу; сыныптарды жеке сабақтардың топтарына бөлуді есепке алу. Тоқсандық және қорытынды бағаларды есепке алу; оқушылардың қатысуышылығын, әрбір оқушының және сыныптың тұтастай тоқсан мен оқу жылындағы жіберген сабақтары мен күндерінің санын есепке алу.

Электрондық журналды жүргізу бойынша ескертулерді енгізу. Тестілеу менежментінің жүйесінен (TMS-тен) бағаларды электрондық журналға енгізу.

Үлгерім және қатысушылық бойынша жиынтық және дербес есеп-қисаптарды, пәндік есеп-қисаптарды қалыптастыру, есеп-қисапты Excel-ге шығару және т.б..
Оқушының электрондық күнделігіндегі дербес мәліметтерді өзгерту.

«Оқушының электрондық күнделігі» модулі оқушының қағаз күнделігінің аналогы ретінде.
Электрондық күнделіктің интерфейсі, сабақтар кестесін, алынған бағаларды, үй тапсырмаларын бейнелеу.
Алғашқы мәліметтерді электрондық сынып журналынан оқушының электрондық күнделігіне автоматтық енгізу.
Сынып жетекшісінің қосымша бағалары мен мақалаларын енгізу. Электрондық күнделікті редакциялау.

4.6-тақырып. «Тәрбие жұмысы», «Сауалнама жүргізу» модульдерімен жұмыс істеу (2 сағ.)

«Тәрбие жұмысы» модулінде сыныптық ұжымдардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру аспабы ретінде, тәрбие шаралары, сынып сағаттары дайындамалары бар қапшықтарды қалыптастыру, сынып сайтарына сілтемелермен, оқушылардың электрондық портфолиоларымен жұмыс істеу.

Оқушылардың электрондық портполиосына әр түрлі форматтағы материалдарды (грамоталардың, көтермелеулер туралы мәліметтердің көшірмелерін және т.б.) енгізу.

«Сауалнама жүргізу» модулі білім беру субъектілерінің сауалнамаларын жүргізуге мүмкіндік беретін аспап ретінде. Сауалнаманы қалыптастыру, нәтижелерді қарап шығу. Мәтіндік/кестелік редакторға есеп-қисаптарды шығару.

4.7-тақырып. «Тамақтану», «Кітапханаа», «Дәрігерлік бөлме» модульдерімен жұмыс істеу (2 сағ.)

«Тамақтану» модулі тамақтанатындар санының және тамақтану құнының есебін алу аспабы ретінде. Бір аптаға мәзірді баспаға шығару. Есеп-қисаптарды қалыптастыру және оларды кестелік/мәтіндік редакторларға шығару.

«Кітапхана» модулі дәстүрлі мектеп кітапханасымен жұмыс істеуді автоматтандыру аспабы ретінде. Мектептің кітапханалық қорының автоматтандырылған анықтамалық-библиографиялық каталогымен жұмыс істеу, кітаптарға тапсырыс беру және олардың қорын жасау. Есеп-қисаптарды қалыптастыру және оларды кестелік/мәтіндік редакторларға шығару.

«Дәрігерлік бөлме» модулі оқушылардың денсаулықтарының жай-күйі және әр түрлі спорттық-сауықтыру іс-әрекетінің түрлеріне тартылуы туралы мағлұматтарды қалыптастыруға мүмкіндік беретін аспап ретінде. Дәрігерлік қараудың нәтижелерін, оқушылардың физикалық дайындылықтарының көрсеткіштерін, диспансерлік және басқа алдын алу шараларын жоспарлауды бақылау. Мезгіл-мезгіл қарап шығу қажеттілігінің тағайындалуы бойынша факторы көрсетілген, периодты түрде дәрігерлік қарап шығуға жататын тұлғалардың тізімін қалыптастыру. Оқушының жеке ісі қағазындағы және оқушылардың электрондық күнделіктеріндегі мағлұматтарды өзгерту.

4.8-тақырып. «Статистика» (2 сағ.) модулімен жұмыс істеу

«Статистика» модулі мәліметтер базасын енгізудің және статистикалық есеп-қисаптарды қалыптастырудың аспабы ретінде.

«Оқушылар» және «Қызметкерлер» бөлімдері.

«Оқушылар» бөлімі. Мәліметтер базасын (оқушылардың жеке бас іс-қағаздары, ата-аналар немесе оларды алмастыратын тұлғалар туралы мәліметтер және т.б.) дайындау үшін SMS-тің мүмкіндіктері. Оқушылар туралы ақпаратты әзірлеудің дәйектілігі, оны қалыптастырудағы нақты пайдаланушылардың рөлі. Сыныптар, оқыту сатылары, оқыту тілі, ауысым бойынша оқушылар саны қималарында оқушылар контингенті, жалпыға бірдей оқуға оқушыларды тарту, үлгерімнің
жиынтық тізімі туралы есеп-қисаптарды қалыптастыру.

«Қызметкерлер» бөлімі. Қызметкерлер туралы ақпаратты әзірлеудің дәйектілігі, оны қалыптастырудағы нақты пайдаланушылардың рөлі. Педагог кадрлардың сандық және сапалық құрамының мәліметтер базасын жүргізу. Мұғалімдерді
мамандықтары, пәндері, жастары, өтілдері, санаттары және т.б. бойынша үлестіру.

Кез келген оқушы және ата-аналар бойынша ақпаратты іздестіру және шығару, формалары мен мазмұндары әр түрлі динамикалық режімдегі есеп-қисаптарды, оның ішінде стандарттық статикалық есеп-қисаптарды әзірлеу. Аттестаттау қаракетін (лицензия беру) жүргізу үшін қажетті құжаттарды және жоғарыда тұрған білім беруді басқару мекемелері үшін есеп-қисаптық материалдарды және т.б. дайындау.

4.9-тақырып. «Қатынас» (2 сағ.) модулімен жұмыс істеу

«Қатынас» модулі SMS аясында пайдаланушылардың өзара әрекеттестігінің аспабы ретінде. Модульдің бөлімдері:

«Хабарландырулар», «Блогтар», «Хабарлар», «Форум», «Чат».
Хабарландаруларды қалыптастыру. Хабарландыруға бір немесе бірнеше қосымшаларды (құжаттарды, веб-сілтемелерді) жапсыру мүмкіндігі. Көрсетілген мекен-жайлар бойынша хабарландыруларды электрондық поштамен жөнелту.

Пайдаланушыларға мәтіндік хабарларды жеткізу, алынған хабарға жауап. Жарлықтар мәртебесі үшін бақылау. Кестедегі өзгерістер, жиналыстар және т.б. туралы пайдаланушыларға хабарлау. Алда тұрған жоспарлы және жоспардан тыс
жиналыстар мен кездесулер және т.б. туралы оқушылардың ата-аналарына хабарлар жөнелту. Жеке пайдаланушы бойынша немесе бір мезгілде адамдар тобына хабарлар жөнелту. Пайдаланушылардың әр түрлі тобынан алынған хабарларды баптауға/тиым салуға мүмкіндік беретін опция.

Блогпен жұмыс істеу. Тақырыптарды тағайындау және түсініктемелерді орналастыру.

Арнайы тақырыптарға қарым-қатынас үшін арналған чат бөлімдерін әзірлеу. Шынайы уақыт режіміндегі хабарларды орналастыру. Чат бөліміне пайдаланушылардың қатынас құруын шектеу.

Форум тақырыптарын тағайындау. Түсініктемелерді орналастыру. Жабық талқылауларды әзірлеу.

Қорытынды тестілеу (4 сағ.)
e-learning электрондық оқыту жүйесіндегі тыңдаушылар іс-әрекеті білімдерін, біліктері мен машықтарын пост-тренингтік тестілеу. Курсты оқып білу нәтижелерінің рефлексиясы.

құжат көзі:  http://ripkso.kz/

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.