Информатиктердің интернеттегі еркін бірлестігі (ИИЕБ). Мүше болу тәртібі.
30 Сентябрь 2013 – 12:36 | Комментариев 60

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Читать запись полностью »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Химия, Биология, География

Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту мүшелері. 8-сынып.Биология

Опубликовал в 5 Февраль 2014 – 16:54Нет комментариев
Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту мүшелері. 8-сынып.Биология

Атырау облысы Индер ауданы М.Мөңкеұлы атындағы орта мектебі. Нурланова Гулдана Нурлановна Химия-биология пәні мұғалімі.
Мақсаты:
Білімділік: Ас қорыту жүйесі құрылысының ерекшелігін және олардың   адам ағзасында орналасуын  көрсете түсіндіру.
Дамытушылық:     Оқушылардың мүшелер жүйесі туралы танымын  дамыту.
Тәрбиелік: Сабақта өзіндік ізденуге, оқулықпен жұмыс жасауға өз ойын қорытып, дәлелдеуге, өзіне және өзгелерге баға беруге , санитарлық гигиеналық дағдыға үйрету, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Міндеттері:
1) Оқушылардың танымдық қасиетін қалыптастыру.
2)Өз бетінше ізденуге тәрбиелеу.
3)Білім мен білік дағдысында да, өмірде қолдана білуге үйрету.
Сабақтың түрі: Мағынаны таныту
Қолданылатын технология: СТО технологиясы
Сабақтың  әдіс-тәсілі: топтастыру,  инсерт, суретпен жұмыс, ЖИКСО, семантикалық карта
Пәнаралық байланыс: химия, медицина
Сабақтың көрнекілігі:  слайдтар, интерактивті тақта, суреттер, бағалау бетшесі. Сабақтың толық нұсқасын, слайдтарымен бірге көшіріп алыңыз.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылардың сабаққа дайындығы мен қатысын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру

І. Қызығушылықты ояту  кезеңінде оқушыларға түрлі тапсырма беріледі.

1. Суретпен жұмыс    Адам    ағзасы үшін тамақтың ролі қандай ?
№2 тапсырма Бір айналым сөйлесу. Оқушыларды 2 топқа бөліп, топтарға тапсырма беру
м құрамы туралы әңгіме құрастыру
2-топ   Тағамдық заттардың қызметі

Сергіту сәті

Денсаулық елінде қандай тағамдар жейтінін таңдаңдар:

 

Пайдалы тағамдарды атағанда қолдарымызды көтереміз.

 

Пайдасыз тағамдарды атағанда қолымызды төмен түсірейік.

 

Балық,  Фанта,  Айран, Тұзды,  майлы,  Геркулес,  Қуырылған тағам

 

Сұйық май,  Майлы ет,  Сәбіз,  Торттар,  Пияз,  Шоколадтар

 

Орамжапырақ,  Алма, алмұрт

 

 

 

«Не артық»   логикалық тапсырма

 

 

 

ІІ.Жаңа сабақ түсіндіру Мағнаны тану

 

Ас қорыту мүшелері мен ас қорыту бездері қосылып ас қорыту жүйесін құрайды.

 

1. Топтастыру әдісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖИКСО әдісі (оқулықпен жұмыс)

 

 

 

1.1. Ауыз қуысы:  Ауыз қуысы: 2 бөлімнен

 

 

 

ауыз кіреберісі                              нағыз ауыз қуысы

 

Ерін мен ұртпен (сырт жағынан)Тістер мен қызыл иекпен (іш жағынан)

 

  тістерден басталып аран мен шектеледі

 

Ауыз қуысында 3 жұп сілекей бездері өзектері ашылады.

 

Тіл көлденеңжолақты бұлшықет ұлпасынан тұрады.

 

Бұлшықет талшықтары ұзына бойына, көлденең, тік бағытта жатады.

 

2. 2. Ас қорыту жолы:

 

1.Жұтқыншақ

 

Мойын омыртқаның алдыңғы жағында орналасқан.

 

Ұзындығы:11-13 см болатын бұлшық  етті мүше тыныс алу және ас қорыту жолдары     қиылысады. Екі бүйіріндегі тесіктер арқылы ортаңғы құлақ қуысымен байланысқан. Жұтқыншақтың ауыз қуысымен жалғасқан жерінде 6 бадамша бездер орналасқан.

 

3. 3. Өңеш:

 

Ұзындығы:25 см болатын ас қорыту мүшесі, 11 кеуде омыртқасында асқазанға ашылады.

 

4. 4. Қарын

 

Қарын- құрсақ қуысының жоғары бөлімінің сол жағында, көкеттің астында орналасқан асқорыту жолының кеңейген мүшесі.

 

Қарынның ішкі жағын астарлап жатқан қатпарлы сілемейлі қабықшасы оның көлемін үлкейтеді. Бұлшықет талшықтары үш түрлі бағытта орналасады.Ішкі қабаты қиғаш, ортаңғысы-сақина тәрізді, сыртқысы-ұзыннан орналасқан.Сілемейлі қабықшада көп бездер бар. Бездерден сөл бөлінеді.

 

Қарынның өңешпен ұлтабармен байланысқан жерінде сақина тәрізді бұлшықеттер болады. 

 

 

 

5. 5.Аш ішек   

 

Аш ішек-қарын мен тоқ ішекті жалғастыратын  түтік пішінді бұлшықетті мүше.Ұзындығы  5,5-6 метрдей

 

Аш ішектің қарыннан басталған 25-30 см бөлімі ұлтабар деп аталады. Ұлтабарға бауырдан келетін өт қабының өзегі және ұйқыбездің де өзегі ашылады. Сілемейлі қабықшасында тұйық өскін түріндегі бүрлер өте көп. Ішкі бұлшықет талшықтары сақина тәрізді, сыртқысы ұзына бойына орналасқан.

 

 

 

Аш  ішек  /5-6 м/

 

Бүр – сіңіру

 

 

 

Май              лимфа

 

ақуыз, көмірсу —-    қанға

 

 

 

 

 6. 6.   Тоқ ішек

 

Аш ішектен екі еседей жуан 1,5-2 метр. Тоқ ішектің аш ішектен басталған жері бүйен деп аталады. Оң жақ мықын тұсында орналасқан. Бүйеннің төменгі шеті тұйық өскін соқырішек болады. Оны аппендикс латынша “қосалқы” деп атайды. Тоқ ішектің соңғы бөлімі тік ішек

 

 

 

Тоқ   ішек  /2-1,5м/

 

Н2О сіңіреді

 

 

 

Тік  ішек

 

                                           

 

 

 

 Тамақтану   гигиенасы :

 

 

 

25 %                         40 %                    15 %                        20 %

 

таңертең                      түс                       сәске                        кеш

 

 

 

Сауықтыру минуты.

 

Бір орында екі аяқтарыңды бірге қойыңдар. Қолдарыңды түсіріңдер, арқаларыңды түзеңдер. Жайлап қолдарыңды жоғары көтеріңдер, арқаларыңды бір- біріне біріктіріп, саусақтарыңды қысыңдар. Бүкіл денелеріңмен жоғары созылыңдар. Алдыға қарай созылғанда биік  алма ағаш елестетіңдер. Биік, әдемі алма ағашы күнге қарай тартылады, адам ағзасы ағаш сияқты күшпен толады (15- 20 секунд орындалады). Қолдарыңды түсіріп демалыңдар. 2 топтан оқушы шақырып, бірінші шыққан оқушыға алма беріп, екінші шыққан оқушыға қалам беріп

 

ІІІ. Ойтолғаныс

 

Тест тапсырмалары беріледі:

 

1. Адамның   ас қорыту жолының ұзындығы:

 

а/ 3-5м                        ә/ 8-10м                      б/ 15-18м              в/ 18-20м

 

2. Дәм сезу рецепторлары қайда орналасқан?

 

а/ жұмсақ таңдайда                                                         ә/ ұрттың сілемейлі қабығында

 

б/ тілде                                                                             в/ көмейде

 

3. Ас қорыту және тыныс жолдары қай жерде қиылысады?

 

а/ ауыз қуысында                                                            ә/ жұтқыншақта

 

б/ өңеште                                                                         в/ көмейде

 

4. Ас қорыту жолында асқазаннан кейін не орналасады?

 

а/ аш ішек                                                                        ә/ тоқ ішек

 

б/ ұлтабар                                                                       в/ бауыр

 

5. Тоқ ішектің бөлімдері:

 

а/  аш ішек, жиек ішек,  тік ішек                                 б/ соқырішек, жиек ішек, тік ішек

 

ә/ соқырішек, тік ішек, ұлтабар                                   в/ ұлтабар, тік ішек, аш ішек

 

6. Аш ішек бөлімдері:

 

а/ ұлтабар, тік ішек, аш ішек                                       б/ соқырішек, жиек ішек, тік ішек

 

ә/ ұлтабар, аш ішек, мықын ішек                                в/ соқырішек, тік ішек, ұлтабар

 

Жауаптары:    1 ә 2б 3ә 4б 5ә 6б

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№2 тапсырма.Семантикалық карта

 

Ас қорыту мүшелері

Бұлшықетті мүше

Бүрлер қай мүшеге тән

Ас ұсақталады

Аран

мен шекте

леді

Ауада тамақта өтеді

Лимфа  жүйесі

не жата

тын мүше

Ұлтбар

қай бөлімде орналасқан

Бадам

ша бездер орналасқан

Ауыз қуысы

Жұтқын

шақ

Өңеш

Қарын

Ас ішегі

Тоқ ішегі

 

 

 

 

 

№3 тапсырма.Сәйкесін тап: Ас қорыту жолы

 

1.Ауыз қуысы

 

2.Асқазан

 

3.Аш ішек  а) сілекей бездері

 

б) бауыр безі

 

в) ұйқы безі

 

Жауаптары:1-а, 2-ә, 3-б

 

 

 

 

 

 

 

№4 тапсырма.Инсерт әдісі

 

Білемін  V Қайшы - Жаңалық + Түсінбейтін ?

 

 

 

 

 

Кері байланыс

 

5.Бағалау бетшесі арқылы оқушылар бірін бірі бағалайды.

 

Үйге тапсырмасы мен бекіту сұрақтарына жауап берген оқушылар бағаланады.

 

6.Үйге тапсырма беру: $44. оқып-түсінік айту. «Асқорыту мүшелері» туралы мәнжазба дайындау

 

Ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында былай делінген: «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың  дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді темекі мен ішімдікті тұтынуды қойып, тазалық пен санитарлық  шараларды сақтандыруымызға бағытталған.»

 

Сондықтанда, құрметті оқушылар адам денсаулығына зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, ұзақ өмір сүрейік деп, бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.ас корыту

 

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Вы должны войти , чтобы оставить комментарий.