Қазақ тілі 2-сынып. Сөз құрамын қайталау.
Жангалиева Конырша Амангелдиевна. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Атамекен ауылы М.Өтемісов атындағы мектептің I - санатты бастауыш сынып мұғалімі.
Сабақтың тақырыбы:
Мақсаты: Сөз және қосымша туралы білімдерін қайталау.
Пәндік нәтижие: алған білімдеріне сүйене отырып, түбір мен қосымша туралы білімдерін кеңейту.
Тұлғалық нәтиже: ұжымда жұмыс істей білу, бір- бірімен пікірлесу дағдыларын қалыптастыру.
Жүйелі – әрекеттік нәтижие: сөйлем ішінен қосымшалы сөзді таба білу, сөз құрамына талдай білу дағдыларын жетілдіру.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз.
Әдісі: сын тұрғысынан ойлау әдістері
Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Қызығушылықты ояту
«Атом, молекула » ойыны арқылы топқа бәліну.
1.«Ой қозғау» стратегиясы. Оқушылар тез арада сөз құрамына қатысты не білетіндерін жазып шығады. Алдымен әр оқушы жеке- жеке жазады, содан кейін топта бір- бірінің жазғандарын толықтырады.
1.Түбір сөз
2.Қосымша
3.Жұрнақ
4.Жапғау.
5.Туынды сөз
6. Түбір сөздің белгісі
7.Жұрнақтың белгісі
8.Жалғаудың белгісі |
Мағынаны тану.
1. «Күн шуағына жылын» ойыны.
гүл заңгер
тігінші ана
кітап жазушы
Берілген сәздердің ішінен тұбір сөзді тап.
Түбір сөздердің соңғы буынын алып тастап оқып көру. Кү, гү, кіта, ,ан- бұл буындардың мағынасы бола ма? Әрине жоқ. Бұдан қандай қорытынды шығаруға болады?
- Түбір сөзді одан әрі бөлуге болмайды. Өткен ережелерін естеріне түсіріп айтады.
2 «Суретке жан бітір» . Балық, кітап, жылқы, ас домбыра, дәрі, қобыз, ғарыштың суреттеріне жқрнақ жалғап туынды сөз жасау. Ережесін айту.
3,«Не қажет?» ойыны
1.Балалар серуен….. шық….
2. Олар орман…. .іші…… кел…..
3. Биік өскен ағаш…….. көр…. .
- Не байқадыңдар, не қажет болып тұр?
-Қосымшалар, яғни жалғаулар қажет. Жалғаулар сөзбен сөзді байланыстырып тұрады.
4.Қосымшалы сөз жасап көр.
1-топқа 2-топқа
шы дәрі
Оқу |
хана |
5,«Қай үйге кіремін?» ойыны.
Ойынның шарты: сөздерді құрамына қарай ажыратып, тиісті үйге кіргізіңдер.
Жұрнақ Жалғау
Аңшы, кәсіпкер, баспахана,қонаққа, өнерпаз,қысқы,балалар,шанамен,күйші.
Ойтолғау.
«Күшік», «үйшік» сөздеріне Венн диаграмасын толтыру.
Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз.
Үйшіктің иесі түбірі- күш жұрнағы-ік
|
Күшіктің ұясы түбірі- үй жұрнағы- шік |
Күшік туынды сөз Үйшік
Үйге тапсырма:Ережелер қайталау, сөз құрамына талдау жасау.
Ұқсас тақырыптар:
- 4-сынып. Сан есімнен өткенді қайталау.
- Өзін - өзі тану. “Адамгершілік құндылық”.
- Сабақтың тақырыбы: Тірек сөздер
- Қазақ тілі 3-сынып. Етістік.
- Оқу мен тәрбие егіз (ата-аналар арасындағы жарыс ойыны)
- Бастауыш-2. Байқатпайтын және қорғанатын реңдер.
- Әліппемен қоштасу-ана тілімен достасу (ертеңгілігі).
- Қазақ тілі. Сын есім
- Бастауыш. Дауыссыз дыбыстардың түрлері (аса көрнекті ашық сабақ).
- Қазақ тілі_Бастауыш 4-сынып. Уақыт. Сағат неше?